Педагогика және психология



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.10.2024
өлшемі176.82 Kb.
#504460
  1   2   3   4   5
вестник 2023 1 вып-152-159



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы, №1 (71), наурыз, 2023 
Педагогика және психология 
151 
ҒТАМР 14.33.07 
PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ТҮСІНІГІ 
Т.М. ШАМШАДИН 
[0000-0002-7355-2266]
, С.А. ЖҰБАНАЗАРОВ* 
[0000-0002-0782-7719] 
Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Ақтөбе, Қазақстан 
*e-mail: szhubanazar@icloud.com  
Аңдатпа. Білім беруде оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында заманауи 
қуатты ақпарат ағынына бағдарлануға мүмкіндік беретін көптеген басқа да қасиеттерді, дағдыларды талап 
етеді. Бүгінгі таңда оқушылар барлық оқу пәндері бойынша күрделі, жиі түсініксіз материалдың үлкен көлемін 
меңгеруі керек. Бұл оқушылардың қазіргі экономикалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік бермейді. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, алған 
білімдерін практикада қолдануға, іскерлік дағдыларды қалыптастыруға, метапәндік байланыстарды құруға 
мүмкіндік береді. Олар қажетті білімді алуы және оны түсінуі, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану 
дағдыларын қалыптастыруы керек. Әлемнің көптеген елдерінің экономикасының жаһандануының күшеюіне 
байланысты қазіргі әлемдік экономикалық нарықта лайықты бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесі 
өзекті болып отыр. Мақаладағы ұсыныстар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың қажетті 
құрамдас бөлігі ретінде берілген. 
Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, PISA, халықаралық бағдарлама, бағалау, зерттеу. 
Кіріспе 
Заманауи қоғам өмірінің айырықша ерекшелігі – идеялар мен технологиялардың адам 
өміріне тез еніп келе жатқан өзгермелілігімен бейнеленеді. Мұндай өзгерістер кез-келген 
салаларда барлық дерлік аспектілеріне әсер етеді. Оның ішінде, білім беру жүйесі 
постиндустриалды қоғамға енуден бастап адамдарды өмірдің және кәсіби қызметтің жаңа 
жағдайларына дер кезінде дайындау мәселесін туындатты. Қазірде жас маманнан өз 
мамандығы бойынша академиялық білімді ғана емес, сонымен қатар қазіргі қуатты ақпарат 
ағынында бағдарлауға мүмкіндік беретін басқа да көптеген қасиеттерді, қабілеттерді, 
дағдыларды талап етеді [1].
Бүгінгі таңда оқушылар барлық оқу пәндері бойынша күрделі материалдың үлкен 
көлемін меңгеруі керек. Бұл материалды толық меңгерудің өзі әлемнің көптеген елдерінің 
экономикасының жаһандануына байланысты күшейген заманауи экономикалық нарықтағы 
бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік бермейді. Заманауи білім беру оқушыларға тек теориялық 
білімді меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін практикада қолдануға, іскерліктер мен 
дағдыларды қалыптастыруға, метапәндік байланыстарды құруға мүмкіндік береді. Білім 


Вестник Актюбинского регионального университета им. К. Жубанова, №1 (71), март, 2023 
Педагогика и психология 
152 
берудегі мета-пәндік көзқарас әртүрлі ғылыми пәндердің және соның нәтижесінде оқу 
пәндерінің бір-бірінен бөлінуі мен оқшаулануы мәселелерін шешу үшін жасалады. Олар 
қажетті білімді алуы және оны түсінуі, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану 
дағдыларын қалыптастыруы керек. Қазіргі уақытта бұл кешенді құзыретті анықтау үшін 
«функционалдық сауаттылық» термині қолданылады. 
«Функционалдық сауаттылық» терминін 1957 жылы ЮНЕСКО енгізді, ол «күнделікті 
өмірде қолдануға және күнделікті мәселелерді қанағаттандыруға арналған оқу және жазу 
дағдыларының жиынтығы» деп түсінілді. 
Қазіргі уақытта заманауи білім беруде «Міндетті жалпы білім алған 15 жастағы 
оқушылар қазіргі қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін, яғни адам өмірінің әртүрлі 
салаларындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін белсенділік, қарым-қатынас және 
әлеуметтік қатынастарда қажетті білім мен дағдыларға ие бола ма?» деген өзекті сұрақ 
туындайды. 
Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы қазіргі заманның қажеттілігімен, 
объективті талаптарымен белгіленген. Еліміздегі 15 жастағы оқушылардың функционалдық 
сауаттылығы саласындағы халықаралық зерттеу бағдарламасына (PISA) қатысу туралы 
шешім қабылдауда Үкімет пен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 
келесі мақсаттарды басшылыққа алады: 
- жалпы орта білім беретін мектептерін дамытудың нұсқауларын анықтау үшін 
зерттеудің маңыздылығын түсіну;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселесінің маңыздылығын сезіну және 
олардың мектепте алған білімдері мен дағдыларын өмірлік тәжірибеде пайдалануға 
дайындығын ұсыну [2].
Қазақстандық халықаралық зерттеуге қатысушылар жергілікті мектептердегі оқу 
үрдісінің ерекшеліктеріне және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қалыптасқан 
тәжірибесіне байланысты нәтижелерге қол жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет