Педагогикалық жағдаят №450
Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп жатыр. Сәл уақыттан соң сынып оқушылары мұғалімді тыңдамай шулап кетті. Осы жағдайда мұғалім не істеу керек?
1. Көңіл аудармау керек.
2. Ескерту жасап, сабақты жалғастыру керек.
3. Оқушыларды тәртіпке шақыру керек.
4. Шулаған оқушыларды сыныптан шығарып жіберу керек.
5. Оқушыларды сабаққа қызықтыру керек.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №451
Физика сабағына оқушылар ешқандай дайындықсыз келді. Мұғалім өзін қалай ұстау керек?
Директордың орынбасарына бару керек.
Оқушылардың барлығына екілік деген баға қою керек.
Өткен тақырып бойынша бақылау жұмысын алу керек.
Оқушылардың дайындалмай келген себебін анықтау керек.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №452
Өзіңізді сынып жетекші ретінде елестетіңіз. Сіздің оқушыларыңыз соңғы сабаққа қатыспай, қиноға кетіп қалды және осындай қылықтарымен сабақты бұзды. Келесі күні сыныпқа келіп осы әрекеттің ұйымдастырушысы кім екенін сұрайсыз, бірақ жауап жоқ. Сіздің әрекетіңіз:
1. Оқу ісінің меңгерушісіне шағымданасыз.
2. Оларды ұялтып, мұндай жағдайдың қайталанбауына шақырасыз.
3. Ата-аналарын шақырасыз.
4. Балалар неге мұндай әрекетке барғанын анықтауға тырысасыз.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №453
Көбінесе балалар үлкен адамдарды мұғалім, тәлімгер ретінде қабылдайды. Бірақ сізді дос ретінде қабылдағанын қалайсыз ба? Бұл үшін қандай әрекетке көшесіз.
1.Өзіңізді үлкен дос ретінде көрсетесіз.
2. Педагог балаларға дос болуға тиісті емес.
3. Олардың қажеттілігін қанағаттандыруға тырысамын.
4. Жағдайға байланысты мұғалім де, тәлімгер де, дос та боламын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |