Педагогика пәнінен студенттердің Өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет1/2
Дата26.09.2022
өлшемі21.9 Kb.
#461349
түріНұсқаулар
  1   2
СӨЖ нұсқаулық 2022-23


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ КАФЕДРАСЫ


«ПЕДАГОГИКА» ПӘНІНЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН (СӨЖ) ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Кредит саны – 5


Алматы, 2022



Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің өзіндік жұмыстары «Педагогика» пәнінен алған білімдерін, игерген іскерліктерін, меңгерген дағдыларын жетілдіруге игі ықпалын тигізеді. Өзіндік жұмыстарды орындау барысында студенттер лекция, практикалық сабақтарда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерге шолу жасап, оларды конспектілей отырып, білімдерін толықтырады.


Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаттары:
- Студенттердің теория жүзіндегі алған білімдеріне сүйене отырып, өз беттерімен білім қорларымен қарулануға икемділіктерін дамыту;
- Ғылыми материалдардың жалпы мазмұнынан негізгісін бөліп ала білуге баулу,
- Өз беттерімен іздене отырып, ғылыми еңбектерге аннотация жасай білуге үйрету;
- Өткен материалдар негізінде тестік тапсырмаларды құрастыра білу, және өзгелердің құрастырған тапсырмаларын шеше білуге бейімделу, т.б.
- Әрбір тақырып бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмалар негізінде сөзжұмбақтар, ребустар құра білуге баулу.
-Өзіндік жұмыстар бойынша өткізілетін сабақтарда студенттер дайындаған рефераттарының мазмұнын өзгелер үшін түсінікті жеткізе білуге, интеллектуалды, әлеуметтік-педагогикалық, эмоцияны басқара білуге, жағымды қарым-қатынасты орнатуға үйренеді. СӨЖ дәрісханада алған білімін кеңейтуге, бекітуге, тереңдетуге, қойылған проблемаларды шешу үшін шығармашылықты дамытуға, студенттің дара білімінің көрінуіне, студенттің практикалық дағдыларды ситуациялық міндеттерді шешуде қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Әрбір тақырып бойынша ұсынылған тапсырмаларды орындауда олардың соңынан ұсынылған әдебиеттер басшылыққа алынуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет