Педагогика тарихы


Білім берудің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануы



бет106/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Білім берудің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануы


Этнопедагогика мәселелері. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыру үрдістері кеңінен енгізіле бастады. Білім беру ісінде әсіресе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан этностық мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен таныстырудың маңыздылығына назар аударылды.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Соның бірі – жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесі болды. Бұл Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде: “Ұттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған қажетті жағдайлар жасау”,- деп атап көрсетілді. Ғасырлар тоғысында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттейтін педагогика ғылымының келелі саласы – этнопедагогика дами бастады. Этнопедагогика әлеуметтану және білім беру салаларын зерттеудегі негізгі бағыт болып табылады. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында этнологиялық және психологиялық-педагогикалық ғылымдардың тоғысындағы пәнаралық бағыт ретінде қалыптасты. Этнопедагогикада этностық дәстүрлі мәдениет, тұрмыс, отбасылық-туыстық қарым-қатынастар тұлғаның қалыптасуы үшін маңыздылығы тұрғысынан қарастырылып, педагогикалық жалпы принциптерінің қатарына қосылды.
1995-2005 жылдар аралығында қазақ этнопедагогикасы саласында 60-тан астам зерттеу еңбектері орындалды, оның 10-ы іргелі зерттеулер, 50-і қолданбалы зерттеулер болып отыр.
Ұлттық негізде білім беруде этнопедагогика ғылымының негізгі міндеттері төмендегі тұрғыда пайымдалады:

  • жас ұрпақты ұлттың алдында тұрған ерекше проблемаларды шешуге дайындау;

  • өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген рухани құндылықтарына ұмтылуға тәрбиелеу, түп тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты ата-баба салты мен дәстүрлі, әдет-ғұрпымен қайта табыстыру;

  • білім беру мекемелерінде тәрбиені ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогика идеяларына негіздеу;

  • ұлттың білім беру жүйесінің даму тұжырымдамасын жасауда ұлттық жалпы санын, орналасу аудандарын, мұғалімдермен, оқулықпен, оқу-әдістемелік, техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейін, материалдық жағдайын ескеру;

  • ұлттың болашағы мен сапасы және ұлт өкілінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді екенін есте ұстау.

Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Білім Академиясының толық мүшесі Г.Н.Волковтың ғылыми көргенділігі мен ғылыми батылдығының, табындылығының арқасында Этнопедагогика ғылым мәртебесіне ие болып, “этнопедагогика” ұғымы ғылыми категория ретінде ғылымға енді. Содан бері 30 жылдан астам уақыт арасында этнопедагогика көлемді зерттелуде. Бұл ғылымның дамуына әлемнің қай елінен болса да, шын мәніндегі ұлтжанды ғалымдар үлесін қосуда. Бүгінгі күні этнопедагогика маңызды ғылыми білімдер жүйесін құрайтын дербес ғылым саласына жиналып отыр.
Г.Н.Волковтың жүйелеуі бойынша, қәзіргі таңда іргелі зерттеулер арқылы этнопедагогиканың мына салалары айқындалды: этнопедагогика әдіснамасы (К.Ж.Қожақметова), біз бұл салаға Г.Н.Волковтың Ю.А.Рудьтың, В.Л.Христовтың, С.Қ.Қалиевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, С.А.Ұзақбаеваның, Г.И.Батуринаның зерттеулерін де қосамыз; тарихи этнопедагогика (Т.Н.Петрова), Қазақстанда осы бағытта: Қ.Б.Жарықбаев, Т.Н.Әлсатов; аймақтық педагогика Ш.М–Х.Арсалиев, А.Л.Бугаева, М.Н.Егоров, А.Б.Панькин, О.Д.Мукаева, Ә.Ашайұлы; талдау этнопедагогикасы (Г.Н.Волков); мектепке дейінгі этнопедагогика (Н.С.Александрова); ойын педагогикасы (В.М.Григорьев); афористикалық этнопедагогика (З.Б.Цаллагова); отбасы этнопедагогикасы; (Э.М.Сокольникова); этнопедагогикалық антропология (Л.К.Рахлевская); этнопедагогикалық білім (М.Т.Харитоко, С. Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Асанов, Қ.Болеев, Н.Кошеров, т.б.); этноәлеуметтік педогогика (А.А.Триторьева, - Шадрина, Д.Е. Иванов); салыстырмалы этнопедогогика (В.А.Иванов, Л.И.Федорова, Б.А. Жетпісбаева, А.Б.Қалиева, Г.К.Тлеужанова, О.Я.Сүлейменова, т.б.): субэтникалық педагогика (А.М.Леонов),. Қазақстанда аталған жүйеден тыс жақсы дамып келе жатқан этномәдени білім беру саласын ерекше атауға болады, ол саланың көшбасшысы – Ж.Ж.Наурызбай: полимәдени білім беру саласы дамуда (Г.Көшербаева, Л.Сексенбаева және т.б.).
Бұл талдау этнопедагогикалық білім қоры қалыптасуының айғағы іспеттес. Дегенмен, әдіснамалық тұрғыдан талдайтын болсақ, аталған білім қорында әдіснамалық зерттеулердің үлес салмағының әлі де болса қажетті деңгейге көтепріле алмай келетінін байқадық.
Оның себебін зерттейтін, алдымен зерттеушілердің әдіснамалық даярлығының жеткілікті еместігіне көз жеткізгендігімізді айтпай кетуге болмайды. Яғни, бұл қорытынды зерттеушілердің әдіснамалық деңгейін көтеру қажеттілігін айқындап отыр. әрине, бұл мәселе өте күрделі мәселелердің бірі болғандықтан, біз бұны мына логика бойынша қарастырғанды жөн көріп отырмыз.

  1. Этнопедагогика әдіснамасының мәні, оның құрылымы.

  2. Этнопедагогика әдіснамасының бүгінгі таңдағы нақты даму жағдайы: жетістіктері мен кемшіліктері.

  3. Этнопедагогика әдіснамасының даму болашағы.

Соңғы жылдары ғалымдар арасында әдіснамасының мәні туралы пікірталастар мерзімді баспа бетінде қызу жүріп жатыр. Әдіснаманы ғалымдардың бір тобы ілім ретінде қарастырса, енді біреулері – оны зерттеу әдістерінің жиынтығы деп біледі. Ал В.В.Краевский сынды ірі ғалымдар, әдіснаманы тек білім жүйесі ғана емес, іс-әрекет ретінде қарастырады және осы пікірді қолдаушы ғалымдар саны басым.
Педагогика әдіснамасы (сондай-ақ, этнопедагогика әдіснамасы да), әрекет пен білім жүйесі ретінде қарастырылып, үш түрлі әрекетке бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет