Педагогика


Орында бірлік ассоциациясы



Pdf көрінісі
бет29/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Педагогика

Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты суреттесек,
сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да суреттемей
қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ босағасында тұрған
кебежені суреттесек, соның жаныңда тұрған қазан, ошақ,
шелек, астау ѳздері ана кебежеге еріп келіп суреттеледі.
Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті болады.
Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралдарына қарағанда
кѳзді кѳп жұмсайды. Балаға не нәрсе үйретсең де, кѳрсетіп
(
наглядно) үйрету керек екендігі осыдан. Балаға берілетін
кітаптың ірі харіппен басылуы және осыдан. Орында бірлік
ассоциациясы балаға, әсіресе жағрафия оқығанда кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы
екінші жер кѳз алдына елестей қалады.
75


Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки бірінің
артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, басқалары да
соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір атқа құрық
салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кеткендігі, біраз барып
тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз ѳздері келіп суреттеледі.
Уақытта бірлік ассоциациясы балаға әсіресе тарих оқығанда
кѳп кѳмек кѳрсетеді. Бір нәрселерді, мысалы, ѳлең жаттағанда
да біз осы уақытта бірлік ассоциациясымен пайдаланамыз.
Яғни белгілі бір сѳздерді бірінің артынан бірін айтуға біздің
кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған болады. Егер жаттаған
ѳлеңді суылдатып айтып отырғанда тоқтай қалсақ, біз қазір
жаңылып қаламыз.
Осы уақытта бірлік ассоциациясына ұқсас, себеп
ассоциациясы бар, яғни екі кѳрініс іле-шала бірінің артынан
бірі келеді. Соңғы кѳріністің болуына әуелгі кѳрініс себеп
болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады. Бірақ барлық бірінің
артынан іле-шала бірі болатын екі кѳріністің әуелгісі соңғының
болуына себеп деуге болмайды. Бұлай болу әншейін тура
келіп қалудан, қазақ айтқандай, мергеннің басуына құланның
қасынуы тура келгеннен яки басқа бір себептен болуға мүмкін.
Мысалы, қонақ келген күні қой егіз тапса, қонақтың
құттылығынан емес. Қой егіз қозыны қонақ келген соң
кѳтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын кѳтерген. Қойдың
егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп қалды.
Бірінің артынан бірі болатын екі кѳріністің біреуі біреуіне
ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор қатаға түсіреді.
Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан туған.
Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл болудан сақтау
керек.
76


Б
Т Ұ Қ Ы М Д А С Т Ы Қ
А С С О Ц И А Ц И Я С Ы
із бір нәрсені суреттесек, соған тұқымдас, ұқсас екінші
нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да, ана нәрсеге ѳзі
еріп суреттеледі. Тұқымдастық ассоциациясы дегеніміз осы.
Тұқымдастық 
ассоциациясы 
екі 
түрлі: 
1) 
ұқсастық
ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет