Зейнолла Самашев – (1947) қазақтың белгілі ғалымы, архолог, тарих ғылымдарының докторы, екінщі «алтын адамды» тапқан. 1970 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1970–1980 жылдары ұстаздық қызметте болған. 1980 жылдан осы күнге дейін Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында ғылыммен щұғылданады.
Ғалымның зерттеу тақырыбы – Қазақстанның ерте және орта ғасырларындағы монументальды өнері және тарихы. 10-нан астам монография мен 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 1998 жылы 25-шілде мен 6-қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Берел қорымында қазақ-француз біріккен археологиялық қазба жұмыстары басқарды. Ежелгі Берелдіктердің ғажайып мәдениетін зерттеу – төл тарихымыз үшін маңыздылығы күн санап арта түсуде.
З. Самашевтің басшылығымен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарайшық қаласының ортағасырлық ірі қолөнер, сауда орталықтарының бірі екендігін дәлелдеді. Тарихи-археологялық ескерткіштердің бірі – «петроглифтер» (тастағы жазу). Жартас суреттері, бір жағынан, адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, яғни «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Қазақстанда 150-ден астам жартас суреттерінің жиынтық орындары белгілі болып отырғанын З. Самашевтің ғылыми еңбектерінен білеміз.
Дәл бүгінгі таңда тарих саласы ғана емес, толайым ғылым түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Бұл – қоғамдағы құбылыстарды қайта зерделеу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер қатарына көтеріліп жатқанда, жаңа тарихи пайымдарды қалыптастырудағы әлеуметтік-саяси модельдердің түпкілікті ауысуы екендігі белгілі.
Ғылыми ізденістерді жаңа жолға салған қазіргі тарих ғылымы сапалы сипатқа ие болды. Тарихты зерттеуде еркін шығармашылық ізденіс, сондай-ақ, этногенез, мемлекеттілік, көшпенділертану, дінтану, халықаралық қатынастар мен жалпы тарихи мұралардың мәселелеріне қатысты қызығушылық күшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |