1. Қосөзен, Иран және Египет жерінде тарихи білімнің қалыптасуы.
Б.з.д. 539 жылы парсылар Месопатамияны жаулап алған соң, бірқатар вавилон жазбалары пайда болды. Оларда Кир патшасының мемлекет тұрғындарын Вавилон патшасы Нобонидтың езгісінен құтқарып алғаны жөнінде айтылды. Вавилон хроникасында Кир қала тұрғындарына бейбітшілікті сыйға тартып, храмдар мен Вавилон халқын өз қамқорлығына алғандығын айтады. Мазмұны жағынан осы жазбаға ұқсас, вавилон абыздары құрастырған «Цилиндр Кира» атты жазба бар. Бірақ, көрсетілген жазбалар патшаның тапсырысы бойынша үгіт–насихаттық сипатта вавилондық абыздардың қолымен жазылғандықтан, сыни көзқарасты талап етеді.
Қазіргі кезеңде бізге белгілі 200–ге жақын ежелгі парсы жазбаларының ішінен, тек біреуі ғана тарихи дерек ретінде сипатталады. Ол шамамен б.з.д. 519 ж. ежелгі парсы, элам, аккад тілдерінде құрастырылған, І Дарий патшаның әйгілі Бехистун жазбасы. ХХ ғасырдың 30–40–ыншы жылдарында ағылшын ғалымы Г. К. Роулинсон дешифровкасын жасаған. Биіктігі 105 метр шатқалдағы жазудың ені 22, ал енді биіктігі 7 метр. Тасқа қашалып сынылап жазылған мәтін Даридің Ахурамазда құдайының алдында тұрған барельефінен басталады. Жазудың төрт бағанасы үш тілде, ал бесіншісі тек көне парсы тілінде жазылған. Соңғы бағанасы шамасы кейінгі кезде қосылған болуы керек.
Дерек тілдерге аударылып, Ахеменид державасының барлық өлкелеріне жіберілген болатын. Оған дәлел ретінде, ХХ ғасырдың басында Египеттің оңтүстігінде жатқан Элефантин аралында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде, осы жазбаның арамей тіліндегі нұсқасы бар папирустар табылды. 1899 жылы Вавилон қаласындағы патша сарайының ескі орнында тасқа жазылған аккадтық нұсқасы табылды.
Тарихи деректе б.з.д. 522–521 жылдары Парсы патшасы бірінші Дарийдың өзі жаулап алған елдердегі көтерілістер мен бүліктерді аяусыз басқандығы жөнінде айтылады. Дерек үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде Дарийдің жеке басына байланысты мол мәліметтер бар. Одан әрі парсылар жүргізген шайқастар, олардың дәлме дәл орыны, уақыты, қолға түскен тұтқынның саны көрсетілді. Соған қарағанда, әрбір шайқастан кейін оның есебі жазылып отырған. Жазбаның тарихи бөлімі Мысырға қарсы болған Камбиз жорығы жөнінде мәліметтерден басталып, 521 жылы Дарийдың көтерілген вавилондықтардың көсемі Арахты жеңуімен аяқталады.
Бұл деректе сол заманда қазақ даласын мекендеген тайпалар жөнінде де деректер бар. Сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20–30–жолында былай делінген: «Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда–сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден–бір жазбаша құжат. Онда тиграхауда – сақтарының жері басталатын бір үлкен өзеннің бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.
Бехустин жазбалары сыни көзқарасты талап етеді. Мақтаншақ патшаның өзінің әскери өнерін мадақтап жазған құжат сол кездегі тарихи шындықты ашпайтындығы белгілі.
Зороастризмнің киелі "Авеста" кітабы алғашқы тарихи шығармалардың бірі. Ахурамазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді). Ол Каспий теңізінің шығыс–солтүстігін қоныстаған арий тайпасының Спитама руынан шыққан тарихи тұлға. Зерттеушлердің айтуына қарағанда біздің эрамызға дейін IX ғасырда өмір сүрген. Табиғи дарынының арқасында отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады.
Басында Айға, Күнге, отқа, суғатабынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қонысаударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді.
Деректің қазақ жерін мекендеген ру–тайпалардың тарихын, мәдениетінтанып білуде маңызызор. Онда көшпелі тайпалар "турлар" деген жиынтық атаумен беріледі. Сонымен қатар"Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалартуралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер арасындағы шым–шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспиймен Арал, Еділмен Кама өңірлерінде өрбиді. Көшпелі тайпалар доңғалақты арбаларды пайдаланған. Олардың қарулары – садақпен жебе, найза, айбалта, кәсібі – малөсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы – етпен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қойәкелетіндігі баяндалған. Авестадағы құнды деректер археологиялық материалдармен де расталып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |