Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет19/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Түркі жазуларының мазмұны. Тарих ғылымындағы соңғы факті­лер­­­­­­ге жүгінсек сына жазуды біздің заманымызға дейінгі қазақ жерін ме­кен­деген сақ тайпалары да пайдаланған секілді. Бұған дерек немесе дәлел жоқ. Гипо­те­за ретінде қабылдауларыңызды өтінеміз. Ал енді біз­дің заманымыздың ІІІ–Ү ғасырлар аралығында руналық жазудың ғұн жә­не шығыс вариантары болған. Жетісу мен моңғол жеріндегі түркілер ҮІ–ҮІІ ғасырларда көне түркі жазу өнерін одан әрі дамытқан. Ал енді ғұн вариан­ты негізінде бұлғыр, хазар, қаңғар және қыпшақ жазулары қалыптасқан.
Көне түркілер жазу үшін ағаш тақтайшаларды пайдаланған. Бұл жө­нін­де XIII ғасырдың екінші жартсында жазылған «Кодекс куманикус» ат­ты кітапта кездесетін «біті–біті бітідім, бес агачка бітідім», «Узун агач басында улу бі­ті бітідім» деген мақалдар дәлел. Бұл жерде «біті­дім» деп тұрғаны жаз­дым» (Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғарғы оқу орын­да­ры филология факультет­те­рі сту­дент­теріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. Құрастырған және өмір­­баяндық деректерді жазған А. Қы­рау­баев. Алматы. Ана тілі 1991, 177 бет.) дегені. Жазу өнерін түркі жұр­тында кең тарғандығын басқа да мақал–мәтел­дерден, жұмбақ–аңыз­дар­дан көреміз.
Қорыта айтқанда, жазу өнері көне заманнан бастау алып, бірде өрбіп, бір­­де сөніп, бірде өсіп, бірде өшіп біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Отар­­­­шыл­дық дәуірінде жазу–сызуы болмаған, екінші дәрежелі халық­тың сан­атына қосылып, кеудені түзу ұстап, еңсеміз биік болмағандығы қан­дай өкі­­нішті.
Көне түркілердің терең мағыналы рухани әлемі болғандығының ке­ле­сі бір дәлелі–оның көркем әдебиеті. Әлбетте, кез келген халықтың мә­дениетінің не­гізін қалайтыны - ауыз әдебиеті. Оны халық жасайды. Ол кө­бінесе, мақал–мәтел, ертегі–аңыз, жұмбақ ретінде қалыптасады да ха­лық жадында сақтала­ды. Уа­қ­ыт өте авторлары ұмытылып, халық әде­бие­ті нұсқасы статусына ие болып қалады.
Көптеген деректерде, әсіресе қытай көне жазбаларында, ауыз әде­бие­ті әсіресе оның поэтикалық жанры түркілерге дейін қалыптасқан еді. Қа­зақ әде­биетінің көне дәуірін зерттеуші профессор Немет Келім­бе­тов тіпті сақ за­ма­нында дастан айту өнерінің болғандығын айтады. Әри­не жалаң сөз – дәлел емес. Дегенмен, олардан кейінгі заманда өмір сүр­ген ақындар мен ғалымдар көне түркілерде тамыры тереңге кеткен ауыз әдебиетінің бар екендігін жазып кеткен. Мысалы, көне түркілердің «Өтукен», «Ергене Көң» деген қасиетті жер­лері туралы аңызды кез­дес­ті­реміз.
Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жазбаларын ғылымда алғаш рет 1965 жылы орыс ғалымы Т. Стеблева тарихи дастан ретінде бағалайды. Қа­зақ ғалым Х. Сүйнішалиев осы ойды ары қарай дамыта отырып жыр­дың қазаққа жақындығын, қазіргі қазақ өлеңдерінде сақталған дәс­түр­лер­мен са­бақ­тасып жатқандығын дәлелдейді.
Поэзия жанрында жазылған бұл шығармалар, әлбетте, өте бағалы та­ри­хи дерек. Мұнда айтылған фактілерді ой елегінен өткізіп, археология­лық және де басқа деректермен салыстыра отырып, көне түркі қоғамын ре­­­конс­трукция жасау үшін пайдалануға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет