Луи де Габриель Амбруаз Бональд(1754–1840),француз философы. Христиан дінін белсенді қорғаушы.Оның негізгі жұмыстарының бірі «Теория политической и религиозной власти в гражданском обществе, основанная на разуме и истории» (1796) болды. Бональдтың пікірі бойынша, адам ақиқаттың түбіне жете алмайды, Адамның ақыл–ойы, қоғам, мемлекет барлығы да құдайдың ісі. Құдай мен адамның арасындағы байланыс Христос пен шіркеу арқылы ғана болады. Мемлекет тек қана теократиялық негізде бола алады. Революцияға, оның идеологтарын сынайды. Вольтер мен Руссо өздерінің шығармалары арқылы Францияның ғасырлар бойы қалыптасқан абсолютизімнің шаңырағын шайқалтты деп кінәлайды. Демократия қоғамның ең төменгі сатысының көрінісі. Өйткені ол құдайдың тәртібіне қарсы. Сонымен Бональд көзқарсы жағынан идеалист, монархист, бүкіл прогресске қарсы топтың өкілі.
Француз романтизімінің алғашқы өкілдерінің бірі атақты дипломат, жазушы, публицист Франсуа Рене де Шатобриан (1768 – 1848). Ауқатты дворян отбасында дүниеге келген. Заманында жақсы білім алған. Жас кезінде Солтүстік Американы аралаған. Еліне қайта оралған сәтте Француз революциясының куәгері болды. Бірден роялшылардың қарулы күштерінің қатарына кірді.
1792–1800 жылдары Англияда эмиграцияда болды. Сонда жатып ол өзінің көпшілікке танымал болған шығармаларын жазды. 1797 жылы ол «Исторический, политический и моральный опыт о древних и новых революциях», 1802 жылы «Гений христианства» және 1809 жылы «Мученики» романын 1801 жылы «Атала, или Любовь двух дикарей в пустыне», 1802 жылы «Рене, или Следствия страстей» повесін жазды. Оның барлық шығармалары діни сарында. Христиан дінін ол әлем діндерінің ішіндегі ең жоғарғы деңгейде тұрғандығын дәлелдейді. Бұл дінді ұстанғандардың талғамы биік, өнер мен поэтикаға жақын, адамгершілігі жоғары деп жазады. Тіпті адамзаттың жер өңдеумен айналасуынан бастап ірі ғимараттар тұрғызуына дейінгі шаруалардың істелуі діннің арқасында дейді ол.
Тағы да бір консервативті жазушы граф Ф.Д. Монзолье (1755–1838), реставрация жылдарында граф Буленвильенің орта ғасырлардағы Францияның қоғамдық–саяси құрылымдық идеяларын насихаттады, негізгі трактаттарының бірі «О французской монархии от ее основания до наших дней» (1814–1821) деп аталады. ХІІ ғасырдан бастап, Монзольенің ойынша, үшінші тап – құлдардың ұрпақтары, еріктілер мен крепостнойлар мемлекетті құлатуға тырысқан, және соңында француз революциясы өскен қоғамдық тәртіпті құлдыратты. Наполеон әскерінің кіруінен Францияның құлдырауы, Монзольенің ойынша, франктерге тән жаңа жаулап алу, мұнда қайта Францияны жаңғыртып, қайта дворяндық құрылымды өмірге әкелу.
1820 жылдары Францияда жаңа ғылыми ашулар, романтикалық бағыттағы тарихшылардың жаңа ұрпақтары еді, олар саяси көзқарас бойынша либералдар болды. Солардың ішіндегі атақтылары Огюстен Тьерри, Франсуа Гизо, Франсуа Минье, Адольф Тьер болды. Оларды либералды–ағартушылық бағыттарынан, прогрессивті мінездемеде адам тарихының дамуынан танымал болды. Франция үшін өкілдік басқаруды талап етті, яғни олардың ойынша бірінші орынға буржуазиялық конституциялық монархияның болуына және ортағасырлардағы тарихқа буржуазияның пайда болуымен генезисін, сонымен қатар оларды қызықтыратын саяси мекемелер болды.
Реставрация кезінде либералды тарихшылардың басты құндылықтары, тарихи ойлаудың дамуы қоғамдық топтаудың концепциясы және тарихтағы таптық күрестің рөлі еді. Бұл тарихшылар Француз революциясының мағынасына көп назар аударды. Оларды сонымен қатар, осы мемлекеттегі сияқты революциядан кейін, ХVІІ ғасырлардағы конституциялық монархияның қалыптасып келе жатқан Англия тарихы да қызықтырды.
Реставрация тұсында тарих мектебінің негізін қалаушы Огюстен Тьерри (1795–1856). Толық аты –Жак Николя́ Огюсте́н Тьерри́ болды. Анри Сен–Симонның жақын адамдарының бірі, оның хатшылық қызметін атқарған. Оның ең сүйікті оқушысымын деп есептеген, ол ақыры утопизм идеясынан жерініп одан бас тартады. 1817–1821 жылдары жазған еңбектерінде социализм идеяларының әсері көрініп тұратын. Оның негізгі еңбегінің бірі «Англияны нормандар жаулауының тарихы» (1825) және «Франция тарихы туралы хаттар» (1827).
«Тап күресі» немесе «сословия күресі» теориясының негізін қалаушы. Маркс бұл идеяны шын ниетімен қабылдап, оны «тап күресінің атасы» деп атады. Тьерри тап күресі тарихи дамудың мәні деп есептеді. Буржуазия, пролетариат және шаруалар өздерінен жоғары тұрған екі тапқа қарсы күш біріктіруі қажет деп есептейді.
Ол орта ғасырдағы Галлиядағы жергілікті кельттердің франк басқыншыларымен күресін де осы теория тұрғысынан қарастырады. Жакерия шаруалар соғысы мен ХІІ–ХІҮ ғасырлардағы қала көтерілістері оның ойынша революциялық–демократиалық сипатта болған. Ат төбеліндей феодалдарға қарсы француз корльдерінің қала магистраттарымен одағын прогрессивті құбылыс деп есептейді. Міне осы одақтың әлсіреуі ақырында революцияға әкеліп соқты. Ғалымның тілі жеңіл, жатық, өз шығармаларының стиліне көркемдік жағына қатты көңіл аударған. Деректерді пайдаланғанда олардың шынайылығына ерекше тоқталады.
Атақты тарихшылардың бірі Франсуа Гизо (1787–1874). Жасында оның отбасы Женеваға қоныс аударады. Осы жерде ол жақсы білім алды. 1805 жылы Парижге қайта оралып, оқуын жалғастырды. Мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерге жеткен адам. 1832 жылы білім министрі қызметіне, 1847 жылы шетел істері министрі тағайындалады. Франсуа Гизо көзқарасы жағынан либерал–консерватор болды. Ол тап күресі теорисын қолдады, оны әрі қарай дамытты.
Оның басты еңбектерінің бірі «Опыты по истории Франции» (1823), «История цивилизации в Европе» (1828), «История цивилизации во Франции» (1829–1830). 1823 жылы 26 және 31 томдық Англия және Франция революциясы туралы екі сериялы заманхат басып шығарады. Ең бірінші, өркениеттің басты негізі, европейлік, қоғам жағындағы даму, және адмдардың рухани байлығы деп есептеген.
Қоғамдық өмірде Гизо таптар арасындағы күрестің мәнін көрді, кластардың пайда болуына соғыстардың ықпалы, бірақ тұтас алғанда кластық күрестің басты негізі мүлік теңсіздігінің әсерінен деп есептеген. Сонымен бірге, Гизо қоғам тарихын саяси принцип арасындағы күрес десе, мысалы, абсолюттік монархиямен бірге саяси бостандыққа ұмтылысы деп қарастырады. Гизо сонымен қатар, осы төрт таптық бөлініс бір емес, тіпті ХІІ ғасырдағы коммуналды революция кездің өзінде Гизоның айтуы бойынша, байларға өшпенділік деген.
Оның ойынша, қалыптасқан таптар үшінші таптың негізгі рухының түрі. Бұл адамдар, ерекше ойлау қабілеттерімен қатар мінездерімен, капитал құра алған, ол әлеуметтік шарықтауға әкеп соқтырды. Үшінші тап өзінің тарихи маңыздылығын конституциялық монархиялық тәртіптің қалыптасуы, және соның негізінде бостандық дәстүрі негізіне берік болды. Осы тәртіптің құрылуына Гизоға еуропалық өркениеттің дамуын ала отырып, қайта құруын қарастырды.
Гизо ағылшын революциясының тарихымен көп айналысты, және арнайы еңбегінде өзінің қорытындыларын шығарды. Оның дәлелдеуінше, Англия революциясы, ерекшеліктеріне қарамастан, француздардікіне ұқсас, ал діни және саяси күрес әлеуметтік мағынаны алған және онда класстар арасындағы күресті, билікті жасырып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |