Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет7/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Тарихнама ғылымының әдістері. Тарихнама ғылымының өзіне тән әдістері бар. Ғылымның тарихын зерттеуде, концепциялар мен әр та­­рих­­шы­ның ой–пікірін анықтау үшін көптеген әдіс–тәсілдерді пай­да­ла­нуға тура келеді. Солардың кейбіріне тоқтала кетелік:

Салыстырмалы–тарихи әдісті көбіне әртүрлі концепциялардың ортақ белгілері мен айырмашылықтарын, бірінен бірі нені алды немесе оның басқа­ларға ұқсастығы жоқтығын анықтау үшін пайдаланады.
Проблемалы–хронологиялық әдісті пайдалана отырып ғылым тари­хындағы үлкен проблемаларды бөлшектеп зерттеу, әрбір проблема­ның хроно­логиялық ретпен қарастырылуын анықтайды.
Тарих ғылымының тарихын уақыт бойынша бөлшектеп зерттегенде ғана жақсы нәтиже алуға болады. Әр заманда ғалымдардың зерттеу әдіс­тері, дерек­терге деген көзқарасы, өзекті тақырыптары болған. Мұны тек ке­зең­деу әдісін пайдалана отырып шешу мүмкіндігі бар.
Ретроспективті әдіс ғылымның бүгінгі өскелең шағында өткенге көз жү­гірту. Өткен заман авторларының еңбектеріне ғылымның бүгінгі нәтиже­лерін пайдалана отырып оның дұрыс–бұрыстығын анықтау, сөй­тіп өт­кен заман авто­ры­ның ғылыми нәтижесіне баға беру.
Перспективті–талдау әдісі тарих ғылымының өткені мен бүгінгі же­тіс­­тік­терін талдай отыра оның келешегін анықтау. Бұл әдіс негіз­гі­лер­­дін бірі бо­лып есептеледі, өйткені ғылымдағы тың проблемаларды кө­те­ре­ді, жас ғалым­дар­ға жөн сілтейді.


5. Тарихнамалық дерек. Тарихнамалық дерек дегеніміз тарихшы­ның ғылы­ми еңбектері, және сол ғылыми шығарма пайда болу процесіндегі бар­лық құжаттар жатады. Орыс тарихшысы А.М. Сахаров тарих­на­ма­лық фактіге белгі­лі бір тарихшының өзіне тән концепциясын жатқызды. Ал концепция ол ғалым­ның бірнеше еңбегінде көрініс табуы мүмкін. Соны­мен тарихи дерекке мына төмен­дегілер жатады: монография, мақала, конференцияларда жасал­ған баян­дама, тезистер, рецензия, пікір, ғылыми–зерттеу мекемелерінің іс–қағаздары, съез­дің, дөңгелек үстел­дің, семинар хаттамалары, стенограм­ма­лары. Яғни ғалымның концеп­ция­­сының қалыпта­суы­­на әсер еткен оның лабо­ра­ториясындағы құжат­тардың барлығы тарих­намалық дерекке жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет