Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан көшірме №3
Күн тәртібінде:
Педагогтерге біліктілік санатын беру туралы
Тыңдалды:
Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия мұғалімі Муржукпаева Жадыра Аманқызы, педагогикалық өтілі 8 жыл, 6 ай, педагог-сарапшы,біліктілік санатын растау.
2010-2014 жылдары ҚарМУ-нің «Химия-6B011200» мамандығы бойынша білім алып, 2018-2020 жылдары ҚарМУ-нің «Химия-6M011200» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 23.08.2018 жылғы №560 бұйрығына сәйкес педагог-сарапшы санаты берілді.
2016 -2018 жылдар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығында әзірлемеші және сарапшысы болған. Сабақ барысында түрлі заманауи технологияларды мен дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, химия пәнінен олимпиадалар, ғылыми жобалар мен түрлі сайыстарға қатысуларына ат салысуда. Оқушылары облыстық. республикалық және халықаралық кезеңдерінің жеңімпаздары. Жыл сайын өтетін ҰБТ-ге мектеп түлектерін дайындап, жоғары пәндік нәтижелерді көрсететін мұғалімдердің бірі. Мұғалімдердің арасында біліктілігін, тәжірибесін арттыру мақсатында түрлі конференцияларға қатысуда белсенділік танытады. Интернет желісіндегі түрлі платформаларда видео сабақтары жүктелген. Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. 2019-2022 жылдары бала күтіміне байланысты демалыста болған. ҚарМУ-дің химия факультетіндегі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжетаева С.O. жетекшілігімен бірлесе отырып, 9 cынып оқушысы Маман Аружанның ғылыми жобасы әзірленіп, 2023 жылдың наурыз айында сайыстарға өтінімдер берілген.
2022-2023 оқу жылында оқушылар жетістігі:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша химия пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі, Маман Аружан III орын, 9 сынып, 2023 жыл.
7-8 сыныптар арасында жасөспірімдер олимпиадасының (юниор) облыстық кезеңіне қатысушы, Тілектес Ақжарқын,7 cынып, 2022 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |