«Педагогиканың жалпы негіздері» тест тапсырмасы
1. Педагогика ғылымының зерттеу пәні:
A) Жеке тұлғаның даму процесі.
B) Білім беру жүйесі.
C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.
D) Педагог тұлғасы.
+E) Педагогикалық процесс
2. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:
A) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.
+B) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
C) Дамыту, қалыптастыру.
D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.
E) Оқу, сабақ беру.
3. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Әлеуметтік педагогика.
+C)Педагогика тарихы.
D) Коррекциялық педагогика.
E) Жалпы педагогика.
4. Жалпы педагогика бөлімдері:
A) Педагогикалық психология, таным теориясы.
+B)Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.
C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.
D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы.
E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
5. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:
A) Валеология.
B) Салыстырмалы педагогика.
+C)Олигофренопедагогика.
D) Әлеуметтік педагогика.
E) Этнопедагогика.
6. Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:
+A)Салыстырмалы педагогика.
B) Этнопедагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Логопедия.
E) Мектеп педагогикасы.
7. Педагогика ғылымының пайда болу себебі:
A) Ғылыми-техникалық прогресс.
+B) Адамды өмірге дайындау қажеттілігі.
C) Тәрбие маңызының артуы.
D) Тәрбие мақсатының өзгеруі.
E) Барлық жауаптар дүрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |