ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ КАФЕДРАСЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ» ПӘНІ
Мамандықтар:
Алматы, 2022
« ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ» ПӘНІНЕН СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДЫҢ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1- тақырып. Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым.
Мақсаты: Педагогика ғылымының жүйесі және жоғары мектеп педагогикасының кәсіби маман дайындаудағы орнын, педагогика туралы теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан негіздеу.
Қарастырылатын мәселелер:
Педагогикалық ғылымдардың адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнын негіздеу.
Педагогикалық ғылымдардың негізгі категорияларының маңызды сипаттамасын ашып көрсету.
Педагогиканың саласы ретінде жоғары мектеп педагогикасының өзіндік ерекшелігін бөліп көрсету.
Бұл ғылымның нысаны мен пәніне, оның негізгі міндеттеріне сипаттама беру.
Жоғары мектеп педагогикасы бойынша ғылыми әдебиеттердің библиографиялық тізімін құрастыру.
Сабақ түрі – пресс-конференция (талқылау, ауызша шағын хабарлама, презентация, конспектіні тексеру)
Әдістемелік нұсқау: әрбір магистрант әр сұрақ бойынша ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, қысқаша сөйлейді. ( 3-4 минут). Сөз соңында барлығы ортақ бір пікірге келіп, сұрақтар бойынша жалпы сабақ бойынша тұжырым жасап, ұсыныстар жасайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана: //Егеменді Қазақстан, Ақорда, 2007.07.27.
ҚР жоғары білім берудің даму стратегиясы –Алматы, 1998
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 26 тамыз, 1994
ҚР педагогикалық білім беру тұжырымдамасы - Алматы, 2003
Достарыңызбен бөлісу: |