Педагог. Жоо оқытушысы
БСШ бойынша
біліктілік деңгейі
|
8 ( 8.1; 8.2-деңгейше)
|
БА бойынша
біліктілік деңгейі
|
4
|
Кәсіби білім деңгейі
|
PhD докторантурасы, доктор PhD ғылыми дәрежесі , кәсібі бойынша PhD доктор тәжірибесі, ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе жоғары кәсіптік білімі және мамандығы бойынша практикалық
тәжірибесі немесе басқару жұмыстың тәжірибесі
|
Еңбек қызметі
|
1) оқыту
|
2) тәрбиелеу
|
3) әдістемелік
|
4) зерттеушілік
|
5) әлеуметтік-коммуникативтік
|
1 –еңбек қызметі Оқытушылық: оқу ақпаратын
таратады, өз бетімен оқуға үйретеді
|
8.1
Іскерлік пен дағдылар:
жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде жоо-да сабақтардың барлық түрлерін өткізеді;
зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық технологияларды қолданып жоо-да барлық сабақ түрлерін өткізеді.
|
Білім:
пәнаралық білімді интеграциялау әдіснамасы (жоғары мектептің дидактикасы мен арнайы сала);
арнайы салада зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық технологияларды интеграциялау әдісі;
көпмәдениетті және көптілді ортада әлеуметтік әрекеттесудің теориясы мен тәжірибесі.
|