Педагогтың оқыту әдістері мен технологияларын таңдауын зерттеу Дәріс 13 Жоспар
Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік
01
Педагогикалық технология туралы түсінік
05
Оқыту тәсілі және оның дидактикалық мағынасы
03
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
07
Оқыту әдістерінің жіктемесі
02
Педагогикалық технология жүйесі
06
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту.
04
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
08
Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі. Педагогикалық практкада мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады:
оқыту мақсаты
меңгеру
оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты
Оқыту әдісінің сипаты бойынша:
мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, олардың өзара байланысы. оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.
Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.
Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:
- оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына;
- осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;
- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;
- нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне;
- материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;
- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);
- оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына;
- мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Қазіргі кездегі дидактиканың көкейкесті мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұмыс әдісіне (жаттығулар, өздік жұмыс) т.б. бөлген.
Достарыңызбен бөлісу: |