11. Оқытушы талабы, оқыту саясаты
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1.Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. А.: 2009.
2.Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А.: 2009
3.Әміров Р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. 114-6. Тіл мәдениеті және баспсөз. А.: 2010
4.Былинский К.И. Язык газеты. МГУ. М.: 2010.
5.Вьюник В.А., Тишунин В.Н. Информация как газетный жанр. М.: 2010
Қосымша:
6. Жүбанов Қ. Қазақ тілі женіндегі зерттеулер. А. : 1966.
7 Жүмалиев Қ. Стиль - енер ерекшелігі. А.: 1966.
8 Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасынын негіздері. А.:1991.
9 Исаев С. Қазақтың мерзімді баспсөз тілінің дамуы. А.: 1983.
10. Исаев С. Мерзімді баспасөзде үшырасатын стильдік кателер туралы. 122 6.: Тіл мәдениеті және баспасөз. А.: 1972.
11. Кохтев, Розенталь. Язык, стиль рекламных жанров.
12 Қабдолов 3. Сөз енері. А.: 1992.
13 Қазыбаев К. Тақырыпты тауып қой //Журналист және өмір. А.. 1967., 177 -б.
14 Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Сөз туралы сөз. А.: 1983.
15 Қожакеев Т. Газеттің тілі мен стилі // Журналист және өмір. А.: 1967. 213 6.
16 Момынова Б. Газет тілінің лексикасы.
17 Пустовойт П.Г. Слово, стиль, образ. М: 1968.
18 Розенталь Э.Д. Стилистика газетных жанров. М.: 1981.
19 Серғалиев М. Коркем әдебиет стилі. А.: 1995.
20 Солганик Г.Я. О языке газеты. МГУ.: 1968.
21 Соколов А.И. Теория стиля. М.: 1968.
22 Сыздық Р. Соз қүдіреті. А.: 1997.
23 Тұрарбеков 3. Мерзімді баспасөздегі аударма. А.: 1967. 253 б.
24 Авторлық коллектив "Телевизионная журналистика", Москва, МГУ, 1994.
25 Барманкулов М. "Деньги или Власть?"- А., Санат, 1997.
26 Вертов Д. "Статьи, дневники, замыслиң.-М..:Искусство, 1976.
27 Тұрсынов Қ. Когілдір экран қүпиялары. - А.,Қазақ университеті, 1998. Беттері: 18-24, 74-90.
28 Қабдолов 3. Сөз өнері. - А., Қазақ университеті, 1992.
29 Омашев Н. Қазак радиожурналистикасы. - Алматы, 1993.
30 Әбжанов Қ. Телевизиялык фильмдер. - Алматы, Қазақ университеті, 2003.
31 Зарва М. Произношение в радио и телевизионной речи.- М, 1976.
32 Болғанбайұлы Ә. Жауапсыздық па, әлде сауатсыздық па? "Қазақ әдебиеті" газеті, 28 қазан, 1994.
33 Болғанбаев Ә. Тілің қандай, журналист? "Қазақ әдебиеті" газеті, 3 шілде, 1984.
34 Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.: 1971.
35 Беркімбаев Т. "Бояушы, бояушы дегенге...ң "Қазақ әдебиеті" газеті, 13 қаңтар, 1998.
36 Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер. А.: 1971.
37 Золя Э. /аударған Е. Букетов/. Реклама құрмалдығы. "Астана ақшамы" газеті. 12 қазан, 1999.
38 Қаратаев С. Сізге қосылмауға рүқсат етіңіз, профессор!.. "Жас Алаш" газеті, 15 мамыр, 1997.
39 Қыдырбекүлы Б. "Сөз туралы сөз". "Қазақ әдебиеті" газеті, 2 ақпан, 1990.
40. Мәмбет С. Түсініксіз жарнамадан түс көргендей боласың. "Егемен
Қазақстан" газеті. 2 сәуір, 1996.
41 Мырзабеков С. Емлеге де ем керек. "Ана тілі" газеті. 7 маусым, 1990.
42. Нүржекеұлы Б. Жаңа жазуға көшу - барынды жоғалту. "Егемен
Қазақстан" газеті. 5 желтоқсан, 2000.
Бақылау шараларының бақылау кестесі
Бұқаралық коммуникация құралдарының тілі мен стилі
1 рейтинг
|
Балдар
дың барлығы
|
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
Балдардың максималды саны
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
30
|
100
|
Сабаққа қатысу, дайындалу және топпен жұмыс
|
дәріс
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
8
|
Студиялық
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
24
|
Студиялық тапсырмаларды дұрыс орындау
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
24
|
СӨЖ орындау және қорғау
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
24
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
РК 20
|
20
|
2 рейтинг
|
Балдар
дың барлығы
|
Апта
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
|
Балдардың максималды саны
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
40
|
|
100
|
Сабаққа қатысу, дайындалу және топпен жұмыс
|
дәріс
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
7
|
Студиялық
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
|
21
|
Студиялық тапсырмаларды дұрыс орындау
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
|
21
|
СӨЖ орындау және қорғау
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
|
21
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
РК 30
|
|
30
|
Кафедра мәжілісінде бекітілді. «__» ____________ 200__ж.
№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі Алдабергенов Қ.М.
«Бұқаралық коммуникация құралдарының тілі мен стилі» курсының саясаты
Оқу процесінде студенттердің қатысымын білдіреді, яғни:
- сабақтарға қатысу;
- талқылау кезінде және топпен жұмыс кезінде белсенді болу;
- өз курстастарыңның оқуына ықпал ету.
Сабаққа кешікпей келулеріңізді өтінеміз. Сабақ кезінде кез-келген тәртіп бұзушылық аудиориядан шығарып тастауға дейін жазаланады. Сабақты босатулар міндетті түрде қосымша өтелуі тиіс. Қосымша өткен тақырыптар бойынша сабақтар жазбаша түрде, сондай-ақ ауызша ьапсырылады. Сіздердің оқу процесінде қатысқандарын балдық-рейтінтік жүйеге сәйкес бағаланады:
- себепсіз сабақ босатқаны үшін 0 балл қойылады,
- оқу процесінде болғаны және қатысқаны үшін жеке балдар қойылады, олар апталық рейтингте қосылады,
- егер студент сабақта бола отырып, оқу процесіне белсенді қатыспаса, онда оған тек келгені үшін балл қойылады - әрбір сабақ үшін 1 балл (дәріс, студиялық)
- студиялық сабақтарда белсенділік танытқаны үшін (сабаққа дайындық және топпен жұмыс) – 1 балдан қосымша (студиялық сабақтың қорытыныды балы 2)
- СӨЖ дұрыс орындағаны үшін 1 балдан
- Семестр барысында ауызша және тест түрінде аралық бақылау өтеді, аралық бақылаудың максималды балы: 1 рейтинг-20 балл, 2 рейтинг-30 балл
- әрбір апталық рейтинг және аралық бақылау балдары қосылады және
студенттің жалпы қорытынды рейтингін құрайды, барынша – 100 балл.
Сіздердің дайындықтарын сұрау-сауалдармен тексерілетін болады. Тапсырмалар берілген мерзімде уақытында орындауы тиіс.
Сіздердің өздік жұмыс (СӨЖ) шеңберіндегі тапсырмаларға назар аударуларыңызды сұраймын, олар балмен бағаланбағанымен, ауызша тексерілетін болады, бұл тапсырмаларды орындау сіздерге курсты меңгеруге, кәсіби дағдыларды игеруге, кәсіби дүниетанымды кеңетуге көмектесуі керек. Егер сіз белгілі бір себептермен бақылау шараларына қатыса алмасаңыз, сіздің оны келесі сабақтың басында өтуге мүмкіндігіңіз бар, әйтпесе, «0» балл аласыз. 1 семестрдің соңында емтихан. Емтиханда қорытынды бағалар қорытынды рейтинг формудасы бойынша аралық және ағымдағы үлгерім балдарын есептке ала отырып қойлады.
3. Пәннің мазмұны
3.2. Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып Ұлттық журналистиканың бастау көзі
Ұлттық журналистиканыңілкі белгісі ежелгі түрік руына алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерден көрініс тапқан. Қазақ журналистикасының көшбасылары. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың публицистикалық шығармаларының маңыздылығы. Қазақ публицистикасының алғашқы үлгілері қатарына Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері, екіншіден, Ы.Алтынсариннің «Қазақ газеті» деп аталған газеті мен кезінде «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері және этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Құнанбайұлының еңбек, білім, тәлім-тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері жатады.
2 тақырып «Тәржіман газеті»
«Тәржіман газеті» 1883 жылғы көкек айының 10 күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз – Ресей патшалығына қараған түрік тілдес ұлт пен ұлыстардың арасында тұңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды. Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті» және т.б. басылымдардың өзіндік ерекшеліктері. ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы – қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуына орыстың жаңашылдық-демократиялық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі зор. Сондай-ақ, Ресей империясының шет аймақтағы қазақ елін толық отарлауды жүзеге асыру үшін әскери-әкімшілік басқару жүйесіне жұмсалатын қыруар қаржы мемлекет қазынасына оңай соқпады, осыған орай, қазақ елінің сана-зердесін сөзбен игеруді мақсат етіп, ана тіліндегі идеологиялық құрал «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерін шығаруға мүдделі болды. Алайда, бұл газеттердің қарсы әсері қалың бұқараның қоғамдық-саяси, мәдени-рухани санасының тез өсуіне ағартушылық қызмет етті. Қазақ зиялылары бұл мерзімді баспасөз құралдарын өз мүддесі тұрғысынан шығармашылық шеберлікпен ұтымды пайдаланып, ұлттық сананың оянуына, азаттық жолындағы күрес майданына әлеуметті белсенді әрекет етуге ұмтылдырды.
3 тақырып Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ публицистикасының көш басшылары.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы – қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақ жеріндегі революциялық толқулар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз. Алғашқы үндеу хаттар, листовкалар. «Қырғыз», «Серке», «Орал», «Дала» газеттері, «Торғай» газеті («Тургайская газета») 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. «Қырғыз» («Қазақ») газеті (1907 жыл). Оны шығарушылар және авторлар құрамы. «Серке» (1907 жыл) газеті. «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрген (Орал( (1907 жыл) газеті. Саяси бағыты. Ондағы қазақ еңбекшілері атынан жарияланған «Ашық хат».
4 тақырып Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті
«Түркістан уалаяты газетінің » (1870-1882 жж) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар. «Дала уалаятының газетінің» (1888-1902) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар. Қазақ тіліндегі алғашқы биресми газет-журналдар. «Қазақстан» газеті, «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, өолжазба «Садақ» журналы.
«Қазақстан» газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Бұйрин, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, С.Меңдешовтың қызметтері.
«Айқап» журналының (1911-1915 жылдар) тарихи маңызы. Журнал редакторы Мұхамеджан Сералин, жауапты хатшысы С.Торайғыров және Ә.Ғалымов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сынды авторларының көтерген мәселелерінің тарихи маңызы.
«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың редакторлық, журналистік қызметтері. Газет авторларының белсенділігі. Газет көтерген сан-салалы мәселелер.
Қолжазба «Садақ» журналындағы Б.Майлин мен Ж.Тілепбергеновтың редакторлық, публицистік қызметтері. «Садақтың» шығарушылары. «Садақтың» идеялық-саяси мазмұны мен бағыты. «Садақ» журналы төңірегіндегі қабырға газеттерінің шығарылуы.
5 тақырып «Фикир» («Пікір») газеті (1905-1907ж). 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі
«Фикир» («Пікір») газеті 1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрді. Мерзімді баспасөздің редакторы әрі шығарушысы татар халқының аяулы перзенті Кәміл Муттығұлұлы Тухватуллин болды. «Торғай» газеті («Тургайская газеті») 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. Қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары. «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Алаш» газеттері мен «Абай» журналы.
«Сарыарқа» газеті (1917-1919 жылдар) – қазақтың ұлттық, қоғамдық-саяси ойлау жүйесіне тың серпіліс, жаңа леп әкелген басылым. «Сарыарқа» газеті – қазақ баспасөз тарихында бағзыдан жетіп, үзіліп қалған мемлекеттік, елдік билік үрдістерді жаңа дәуірге сәйкес үйлестіріп, сабақтастырған, ұлттық автономия құруды кең насихаттаған, сол арқылы дербес саяси субъектіге айналуға үлес қосқан және Алашорда өкіметінің органы болды. Газет редакторлығын әр кезде Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, И.Әлімбековтар атқарды. Газет тілшілері Ж.Аймауытов, М.Тұрғанбаев, Б.Сәрсенов, М.Әуезов, Ә.Ермековтардың көтерген мәселелері, жазған тақырыптары өткір әрі әралуан болды.
«Бірлік туы» газетінің ұстанған идеялық нысанасы. Ондағы М.Шоқаевтың рөлі. С.Қожановтың қызметі. Газеттің тоқтауына себеп болған ішкі-сыртқы, қоғамдық-саяси ахуал.
«Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. Қ.Кемеңгеровтың редакторлық, публицистік қызметі. Газет бетінде жарияланған материалдар.
«Алаш» газетінің (1916-1917 жылдар) саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы. «Алаш» газетін шығарушылар және басылымның өмір сүруін қамтамасыз еткен қаржылық көзі. Газетке жазып тұрған Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Қ.Жұбанов, Ж.Тілепбергенов, Н. Құлжанова, Б.Кулеев, Т.Жомартбаев жарияланымдарының тарихи мәні мен маңызы.
«Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журналының редакция алқасы. Авторлар құрамы. Онда жарияланған материалдар.
6 тақырып 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты
«Қазақстан газеті» (1911-1913жж). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Қазақтың ой ойлаған оқығандарын топтастырып, ұлттың мұң-зарын ортаға салып, қоғамдық пікірдің дамуына желкен болған тұңғыш «Айқап» журналының (1911-1915) тарихи маңызы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ баспасөзі. «Тіршілік», «Қазақ мұңы», «Жетісу ісші халық мұхтірі», «Дұрыстың жолы», «Ұшқын» және т.б. басылымдар.
«Тіршілік» газеті (1917-1918 жылдар). Саяси бағыты. С.Сейфулиннің мақалалары. Газет көтерген проблемалар мен мәселелер. «Тіршілік» газетінің авторлары.
«Қазақ мұңы» газеті (1918 жыл, сәуір-шілде). Газеттің идеялық бағыт-бағдары. Н.Төреқұловтың редакторлық қызметі.
Қазақстанның Жетісу өңіріндегі қазақ және басқа да ұлттар тіліндегі баспасөз. Жетісу облыстық ұлт істері бөлімінің органы – «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы» (1918 жыл, маусым-желтоқсан), «Мұхтір» (1918 ж) газеттері. «Хабаршы» газетінің жалғасы – Жетісу облыстық атқару комитетінің органы «Көмек» (1919 ж., қаңтар - мамыр), «Ұшқын» (1920 ж., қаңтар - желтоқсан).
«Дұрыстың жолы» газетінің идеялық бағыты. Халықтар арасындағы достық мәселесінің жазылуы.
7 тақырып ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі кітаптар
Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петербург, Мәскеу, ташкент қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың басылуы. Қоғамдық-саяси әдеби кітаптардың көбеуі. Өнеркәсіпті индустрияландыру және ауылшаруашылығын ұйымдастыру жылдарындағы баспасөз. Өлкелік, губерниялық, жастар мен әйелдерге арналған басылымдар мен «Жұмысшы» және «Ауыл тілі» газеттері.
Қазақ мерзімді баспасөзінің одан әрі жүйеленуі. Губерниялық, округтік жаңа гагеттердің шығарылуы. Баспасөздің төменгі буыны. Аудандық, саяси бөлімдік, колхоз-совхоздық газеттер газеттер жүйесінің дамуы. Жастар мен балалар баспасөзінің қалыптасуы. Республикалық газеттердің аттарының өзгерілуі.
«Жұмысшы» газеті (1928-1930 жж.). шығарушылары, тұрақты бөлімдері, жазушылары. «Жұмысшы» газетінің қазақ кедей шаруалары және қазақ кедейлері қатарынан қазақ жұмысшылары тобын тәрбиелеп өсірудегі рөлі. «Жұмысшы» газеті және қазақ жұмысшылары арасынан төменгі буында техникалық кадрлар дайындап өсіру проблемасының жазылуы. «Жұмысшы» газетіне белсене атсалысқан публицистер.
«Ауыл тілі» (1926-1929 жж.) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері. «Ауыл тілі» газетінің тәрбие мектебінде өскен публицистер.
8 тақырып «Қазақ» газеті. Қолжазба «Садақ» журналы
«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік – шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенұлының редакторлық публицистік қызметтері. Алғашқы бесжылдықтар мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспасөз. Аудандық, облыстық, республикалық басылымдар мен қазақ тіліндегі майдандық газеттер.
1933 – 1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда республикалық салалық газет-журналдардың одан әрі қалыптасуы. Қазақстанда теміржол, құрылыс, тау-кен, баспа ісі жайындағы мерзімді баспасөздің ұлғаюы.
Отан соғысының басталуына байланысты мерзімді баспасөз алдына қойған талаптар. Қазақстанда мерзімді баспасөз жүйелерінің ықшамдалып қайта құрылуы. Қазақ журналистерінің майданға аттануы. Соғыс майдандарында, құрамаларында, армияларында қазақ әскери бөлімдерінің құрылуы және ұлт тілінде майдандық газеттердің шығарылуы. Қазақстанда Отан соғысы жылдарында шығарылған облыстық, аудандық газеттер. Майдандық баспасөз. «Отан үшін», «Отанды қорғау», «Майдан правдасы», «Отан үшін ұрысқа» және т.б. газеттер. Қазақ ақын, жазушыларының жауынгерлік тақырыпқа жазған көркем публицистикалық шығармалары.
9 тақырып Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918ж). «Сарыарқа» газеті
«Сарыарқа» (1917-1919) газетінің жарық көруіне қоғамдық-саяси қажеттіліктің алғышарттары.
Халық шығармашылығын қалпына келтіру жылдарындағы баспасөз. 1946 – 1960 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары. Жалпы жағдайы. Соғыс кезінде уақытша тоқтаған республикалық, облыстық баспасөздердің қайта шығарылуы. Аудандық газеттер жүйесінің дамытылуы. Тілшілер қозғалысының жаңа кезеңдері. 1949 – 1960 жылдары әдебиетке, ғылым мен творчестволық қызметке араласқан қазақ интеллигенциясының арасында «ұлтшыл» деп нақақтан кінә тағылып, жазалануы, оның баспасөз беттерінен көрініс табуы.
10 тақырып «Жас азамат» газеті. «Алаш» газеті
«Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. «Алаш» газетінің (1916-1917) саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы. Тың көтеру жылдарындағы баспасөз. Қазақстанды астықты өлкеге айналдыру жылдарындағы баспасөз, өлкелік газеттер.
Қазақ мерзімді баспасөзі ауыл шаруашылығының, өндірістік-техникалық базасын нығайтуын, кадрлар проблемасын шешу мәселесін жазуы. Бұл мәселе төңірегінде көтерілген басты проблемалар. Тың игеруге қазіргі көзқарас. «Правда», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде тың көтеруге байланысты 1954 – 1960 жылдары жарияланған материалдар.
11 тақырып «Ұран» газеті. «Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журнал
«Ұран» газетінің шығарушылары мн редакторлары. «Абай» журналының редакция алқасы. Коммунистік өрлеу немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз. Қоғамдық-саяси, әдеби-педагогикалық, ғылыми-көпшілік және сатиралық басылымдар.
СОКП ХХІ-ХХVІІІ съездері аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзінің өсіп-өркендеу және тоқырау процестері. Мерзімді баспасөздің идеялық сапасы. Қазақ мерзімді баспасөзінің жанрлары мен стильдік, тілдік ерекшеліктері. Қазақ баспасөзі тарихындағы жасанды түрде тиым салған тақырыптар мен жеке тұлғалардың қоғамдық ойдың даму сабақтастығына тигізген тежеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |