1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
3
|
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
4
|
Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
5
|
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
6
|
Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
7
|
Девиация және әлеуметтік бақылау
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
8
|
Білім беру әлеуметтануы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
9
|
Саясат әлеуметтануы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
10
|
Экономикалық әлеуметтану
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
11
|
Отбасы әлеуметтануы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
12
|
Мәдениет әлеуметтануы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
13
|
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
14
|
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
15
|
Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
|
1
|
1
|
-
|
4
|
1
|
|
Барлығы: 90 (2 кредит)
|
15
|
15
|
-
|
60
|
15
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
№1 тақырып Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Жоспары
1. Әлеуметтанудың объктісі мен пәні.
2. Әлеуметтану ғылымының құрылымы және атқаратын қызметтері
3. Әлеуметтанудың әдістемесі
Мазмұны
Басқа ғылымдар сияқты әлеуметтану да өзіндік зерттеу объектісі мен пәніне ие: әлеуметтанудың объектісі – қоғам, пәні – қоғам өміріндегі әлеуметтік қатынастар.
Әлеуметтану өзіндік құрылымы мен әдістемесіне ие. Әлеуметтану пәнінің құрылымы күрделі – біріншіден оның үш деңгейлік құрылымын – жалпы әлеуметтанулық теория, орта деңгей теориялары және нақты әлеуметтанулық теорияны бөлуге болады. Сондай-ақ, әлеуметтану макро- және микроәлеуметтанулық деңгейге бөлінеді.
Әлеуметтану білімінде оның өзі туралы бағыт, яғни оның құрылымы туралы – метатеория және қоғам туралы теорияларды бөлуге болады. Әлеуметтанудың негізгі функциялары – теориялық-танымдық, тәжірибелік, әдістемелік, басқару және болжамдық
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.
№2 тақырып Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Жоспары
1. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер
2. Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы
3. Эмпирикалық және фундаменталдық әлеуметтану: мектептер мен бағыттар
Мазмұны
Әлеуметтанудың пайда болуын мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 1) әлеуметтанудың алдын-ала тарихы, мұнда адам мен қоғам туралы көзқарастар әлеуметтік философия шеңберінде дамыды; 2) әлеуметтанудың өз бетінше өзіндік пәні мен ғылыми әдісі бар ғылым ретінде пайда болуы кезеңі немесе әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең; 3) қазіргі кезең, мұнда әлеуметтану жеке ғылым ретінде мойындалды және әлеуметтік құбылыстардың табиғатын түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі ғылыми концепциялар жасалды.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы болып Огюст Конт (1798-1857) табылады. Ол ғылымға «социология» терминін енгізді. Оның ізбасарлары болып Г.Спенсер, М.Вебер, Э.Дюркгейм табылады.
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Адольф-Кетле (франко-бельгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флориан Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.
эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды. Әлеуметтанулық теорияны американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. дамытты.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.
№3 тақырып Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Жоспары
1. «Қоғам» ұғымы. Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсіл
2. Қоғамның типологиялары
3. Ғаламдану және постиндустриалдық қоғам
Мазмұны
Қоғам адамдардың жиынтығы. Оның негізгі ерекшелігі – әлеуметтік қатынастардың болуы. Қоғамды зерттеуде 3 негізгі тәсіл бар – «қақтығыстық тұрғыдан», «мәдени-символдық тұрғыдан» және «жүйелік тұрғыдан». Әлеуметтануда ең көп таралғаны – жүйелік талдау тәсілі. Мұнда қоғам біртұтас жүйе ретінде қарастырылады.
Қоғамның типологиялары да көп – қазіргі және дәстүрлі қоғамдар, ашық және жабық қоғамдар, К:Маркстың формациялық теориясы, Д.Беллдың постиндустриалдық қоғам теориясы, т.б.
ғаламдану ұғымын американдық экономист Т.Левитт енгізген.
Әдебиеттер:
1 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
№4 тақырып Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Жоспары
1. Әлеуметтік институт адамдардың біріккен әрекетінің тұрақты формасы ретінде
2.Әлеуметтік институттардың типологиясы
3. «Әлеуметтік процесс» ұғымы
Мазмұны
Қоғам – бұл макросоциологиялық ұғым. Себебі ол шағын жүйелерден тұрады. Сол жүйелердің бірі әлеуметтік институттар. Латын тілінен аударғанда "құрылғы" деген мағынаны береді. Әлеуметтік институт дегеніміз әлеуметтік өмірдің бір тұтас салаларын басқаратын символдар, сенімдер, құндылықтар, нормалар, рөлдер мен статустардың тұрақты және интеграцияланған жиынтығы. Әлеуметтік институттар қоғамның тұрақтылығын сақтайды және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Әлеуметтік институт туралы сипаттаманы Торстейн Веблен 1899 жылы шыққан "теория празного класса" атты еңбегінде береді.
Негізгі әлеуметтік институттар: экономика, саясат, білім (ғылым мен мәдениетті қоса отырып), отбасы, дін. Әлеуметтік процесс – кез келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі.
Әдебиеттер:
1 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
№5 тақырып Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация
Жоспары
1. Стратификация теориясының негізгі ұғымдары
2. Стратификация жүйесінің типтері
3. Әлеуметтік мобилділік: ұғымдары мен түрлері
Мазмұны
Қоғамның әлеуметтік құрылымы көптеген элементтерден тұратын оның іштей құрылысын білдіреді. Әлеуметтік стратификация қоғамның әлеуметтік қабаттарға немесе жіктерге бөлінуін білдіреді. Қоғам үш негізгі қабатқа бөлінеді – жоғарғы, орта және төменгі қабаттар.
Қазіргі қоғамдардың жіктелуі әртүрлі. Әлеуметтік мобильділік адамдардың қоғамдағы жылжуларын білдіреді.
Адамдардың қозғалыстары территориялық немесе мәнсаптық болуы мүмкін. Бұл терминді ғылымға енгізген П.Сорокин.
Әдебиеттер:
1 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
2 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
3 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
№6 тақырып Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары
Жоспары
1. Тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық теориялары
2. Тұлғаның әлеуметтанулық теориялары
3. Тұлға құрылымы
Мазмұны
Тұлғаны көптеген ғылымдар зерттейді – философия, психология, әлеуметтану, құқықтану, медицина, т.б. Сондықтан оның көптеген теориялары бар. Тұлға ежелгі Қытай, Үнді, антикалық грек ойшылдарынан бастап зерттелген. Әлеуметтануда тұлғаны зерттеуге зор үлесті әлеуметтік-психологиялық ғалымдар қосты.
Тұлғаны зерттеудегі әлеуметтанулық теорияларға символдық интеракционизм, психоаналитикалық теория, айырбас теориясы және бірқатар заманауи теориялар, мысалы, этнометодология, әлеуметтік драматургия теориясы, т.б. жатады.
Тұлғаның құрылымы мәселесін З.Фрейд қарастырған, сондай-ақ, ресейлік ғалымдар Платонов, Сержантов, т.б. зерттеген.
Әдебиеттер:
1 Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
№7 тақырып Девиация және әлеуметтік бақылау
Жоспары
1. Девиантты мінез-құлық ұғымы, анықтамалары
2. «Делинквентті мінез-құлық», «әлеуметтік патология» ұғымдары. Жағымды ауытқу мінез-құлқы
3. девиантты мінез-құлық теориялары
Мазмұны
Девиантты мiнез-құлық (лат. deviatio – ауытқу) әлеуметтануының негiзiн қалаушы Эмиль Дюркгейм болып есептеледi. девиантты мiнез-құлық дегенiмiз қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сәйкес келмейтiн әрекеттер.
Делинквентті мінез-құлық – ресми белгiленген нормалардан ауытқу. Әлеуметтiк патология деп қоғам үшiн едәуiр қауiптi әлеуметтiк ауытқуларды атайды, мысалы, қылмыс, нашақорлық, өзiн-өзi өлтiру, алкоголизм және т.б..
Әлеуметтануда ауытқу мінез-құлқын зерттеудің кем дегенде үш теориялық-методологиялық көзқарасын айтуға болады – 1) әлеуметтiк құрылымдық әдiс; 2) девиантты мiнез-құлықты зерттеудегi мәдениеттанулық көзқарас; 3) девиантты мiнез-құлықты зерттеудегi тұлғалық көзқарас.
Әдебиеттер:
1 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: оқулық. Алматы : Заң әдебиетi, 2005
4 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
№8 тақырып Білім беру әлеуметтануы
Жоспары
1. Білім беру әлеуметтануының қалыптасу тарихы
2. Білім әлеуметтік жүйе ретінде
Мазмұны
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы – білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.
Білім беру саласын Э.Дюркгейм, Г.Спенсер алғаш рет қарастырып өткен. Білім күрделі құрылымды әлеуметтік институт.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
4 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012
№9 тақырып Саясат әлеуметтануы
Жоспары
1. Саясат әлеуметтануының пәні, заңдылықтары және қалыптасуы
2. Саясат әлеуметтануының негізгі категориялары
3. Саяси әлеуметтену және саяси мәдениет
Мазмұны
Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады – саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б.
Саясат әлеуметтануы - әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болынып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды.
Саяси мәдениет – адамның саясатты қабылдауының деңгейі. Ол саяси әлеуметтену нәтижесінде қалыптасады. Саяси мәдениет саяси сананы қалыптастырады.
Әдебиеттер:
1 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
4 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
№10 тақырып Экономикалық әлеуметтану
Жоспары
1. Экономикалық әлеуметтанудың ерекшелігі мен статусы
2. Экономикалық әлеуметтанудың сипаттамалары мен функциялары
3. Экономикалық әлеуметтану пәніндегі экономикалық және әлеуметтіктің өзара қарым-қатынасы
Мазмұны
Экономикалық әлеуметтану қоғамның экономика саласындағы, яғни өндіру, айырбастау және бөлу салаларындағы әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтанудың арнайы теориясы.
Экономикалық әлеуметтану қоғамдық өмірдің екі негізгі саласының өзара әрекетін зерттеуге бағытталған: экономикалық және әлеуметтік салалардағы қатынастарды, өндірістік саладағы жұмыскердің мінез-құлқын, өндірістің тиімділігін арттырудың әлеуметтік субъектілерінің ролін, сондай-ақ, экономикалық мәдениет пен мінез-құлықты зерттейді
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
№ 11 тақырып Отбасы әлеуметтануы
Жоспары
1. Отбасы әлеуметтануы әлеуметтік білім саласы ретінде
2. Отбасын зерттеу тарихы
3. Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
Мазмұны
Отбасы – бұл ортақ өмір сүру орнымен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндіріспен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасы қоғамның бөлігі. Оны тұрмыстың ортақтығына және баланы тәрбиелеуге жауапкершілікке байланысты қандас туысқандыққа, некеге немесе баланы асырап алуға негізделген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады.
Некенің түріне байланысты отбасын эндогамдық, экзогамдық, моногамдық, полигамдық, құрамына байланысты нуклеарлық, кеңейтілген, билік түріне байланысты патриархалды, матриархалды, эгалитарлы деп бөлуге болады. Неке – бұл отбасы мен әлеуметтік бақылауды қалыптастырудың дәстүрлік құралы, жыныстар арасындағы қатынастардың бір түрі.
Әдебиеттер:
1 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
2 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
3 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
№12 тақырып Мәдениет әлеуметтануы
Жоспары
1. Мәдениет әлеуметтік өзгерістердің факторы ретінде
2. Экономика, саясат, әлеуметтік қатынастар және мәдениет
Мазмұны
Әлеуметтану қоғамды оның жан-жағының бірлігі негізінде қарастырады. Мәдениетті әлеуметтанушы рухани және материалдық құндылықтар ретінде емес, адамдардың үлкен топтарының өмір сүруі ерекшелігі ретінде қарастырады, мәдениеттің қоғам қызметі мен дамуындағы ролін зерттейді.
Бұл іс-әрекет идеяларды, мәдени нормалар мен құндылықтарды, мінез-құлық ережелерін және т.б. құру, меңгеру, сақтау және таратумен байланысты
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
№13 тақырып Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Жоспары
1. Ақпарат, оның түрлері, таратылуы және тиімділігі
2. Коммуникация қоғам мүшелерінің қатынасы ретінде
Мазмұны
Коммуникация – бұл қоғамдағы субъектілердің ақпараттық өзара қарым-қатынас процесі. Бұл процестің мазмұны болып ақпаратты тұлғааралық деңгейден ғаламдық деңгейге дейін өндіру, алмасу, кодтау және декодтау, пайдалану және қолдану табылады
Қазіргі кезде құндылықтардың қалыптасуы және тұлғаның әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және құқықтық салаларда әлеуметтенуінде БАҚ алатын орны үлкен. Қоғамдық пікір қоғамдық сананың, әлеуметтік таптар мен топтардың мүдделерінің, көңіл-күйлері мен сезімдерін нақты бейнелейді
Әдебиеттер:
1 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
3 Шыңғысова Н. Журналистика социологиясы : оқу құралы. Алматы : Қазақ университеті, 2010
№14 тақырып Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
Жоспары
1. Әлеуметтанулық зерттеулер ұғымы: кезеңдері, түрлері, негізгі әдістері
2. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы: ұғымы, бөлімдері
3. Әлеуметтанулық зерттеудегі таңдау әдісі
Мазмұны
Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеулер – тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған зерттелетін құбылыс немесе үрдіс туралы сенімді мәліметтер алуды мақсат ететін логикалық ретке келтірілген методологиялық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың жүйесі.
Эмпирикалық зерттеулердің бірнеше түрлері бар: әлеуметтік мәселені талдау тереңдігіне және оқиғаларды қамту ауқымына байланысты барлау, суреттеу және талдау зерттеулері; мәліметтерді жинаудың қолданылатын әдістеріне қарай сұрау, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент; құбылыстың статикасы немесе динамикасы зерттелуіне байланысты – нүктелік және қайталанбалы; зерттеу объектісін қамту деңгейіне байланысты – жаппай және іріктемелі зерттеулер; жүргізілетін орынына байланысты – далалық және лабораториялық болып бөлінеді.
Қолданбалы зерттеудің бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады: зерттеудің проблемасын тұжырымдау; зерттеу объектісі және пәнін анықтау; зерттеудің мақсат міндеттерін тұжырымдау; негізгі түсініктердің интерпретациясы және операционализациясы; гипотезаларды анықтау; іріктелген жиынтықтың санын есептеу.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012
№15 тақырып Ақпараттарды өңдеу әдістері және олардың нәтижелерін талдау
Жоспары
1. Ақпаратты талдау мен жалпы қорытынды жасау
2. Алған мәлеметтерді өңдеу, талдау және бейнелеу
Мазмұны
Социологиялық зерттеудің эмпирикалық мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру және болжам. Бақылаудың бірліктерін топтастыру – әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Типтендіру деген әлеуметтік объектінің тұрақты қатынастарын іздеу. Әлеуметтік ақпаратты топтастыру – сәйкес немесе қарсы келетін белгілері бойынша классификациялау және тәртіпке келтіру. Социологиялық зерттеулердің қорытындылары есеп ретінде жазылады. Есепте қойылған мақсат-міндеттер бойынша мәліметтер және қосымшалар беріледі.
әлеуметтанулық зерттеудің талдау мен жалпы қорытынды жасау бөлімінде эмпирикалық ақпаратты өңдеудің тәсілдері (қолмен немесе машинамен), ақпаратты өңдеуге дайындау бойынша жұмыстың мазмұны (анкеталардың толтырылуы сапасын тексеру, ашық сұрақтарға жауаптарды қолмен кодтау, анкеталарды түзету, логикалық қарама-қайшылықтарды тексеру, т.б.), дайындық жұмыстарының көлемі және оны орындауға кететін шығындар көрсетіледі.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
7 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тәжірибе сабақ №1
Жоспары:
1. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтанудың атқаратын рөлі
3. Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың дамуы
4. ХIХ-ХХ ғғ. Қазақ ойшылдарының қоғам дамуына деген әлеуметтік көзқарастары
5. Қазіргі әлеуметтанулық теориялар (феноменология, этнометодология, әлеуметтік драматургия)
Мақсаты:
Студенттерді әлеуметтану пәнінің негіздерімен, дамуы мен қалыптасуы тарихымен таныстыру. Әлеуметтану пәнінің құрылымы, басқа пәндермен байланысы туралы мәлімет беру.
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен функцияларын, макро және микро деңгейін, заңдары мен категорияларын, басқа әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдармен байланысын, әлеуметтанудың қалыптасуы алғышарттары мен дамуындағы ерекшеліктерді, әлеуметтік ойшылдар мен әлеуметтанушы ғалымдардың көзқарастарын білуі керек.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Ежелгі заманның әлеуметтік ойшылдарын атаңыз – ...
Тапсырма 2 Орта ғасырлардағы батыс және шығыс ойшылдары, олардың негізгі идеялары қандай?
Тапсырма 3 Ағарту заманының негізгі идеялары және олардың әлеуметтанудың қалыптасуына тигізген әсері
Тапсырма 4 О.Конт, Г.Спенсер, М.Вебер, Э.Дюркгеймнің негізгі әлеуметтанулық идеялары, олардың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Тапсырма 5 Әлеуметтанудың қазіргі замндағы даму тенденциялары, ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012
Тәжірибе сабақ №2
Жоспары:
1. қоғамдық прогресс ұғымы
2. Қарама-қайшылықтар қоғамдық прогрестің өлшемі ретінде
3. Қоғамның құрылымы туралы түсінік
4. Әлеуметтік топтар, олардың түрлері, әлеуметтік-демографиялық топтар
5. Қоғамның әлеуметтік-территориялық құрылымы
Мақсаты:
Студенттердің қоғам туралы білімдерін қалыптастыру, қоғамның жалпы сипаттамалары мен құрамдас бөліктері туралы, олардың атқаратын қызметтері туралы мәлімет беру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі ерекшеліктерін, атқаратын қызметтерін, құрылымын, ауыл және қала қоғамдарының ерекшеліктерін, қоғамдағы ірі әлеуметтік топтар мен қауымдар туралы, ірі демографиялық топтар, олардың әлеуметтік ерекшеліктерін бейнелеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Постиндустриалдық қоғамның негізгі сипаттамаларын атаңыз
Тапсырма 2 Қазақстан қоғамын қандай типологияға жатқызуға болады? Неге?
Тапсырма 2 Дамыған және дамушы елдердің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.
Тәжірибе сабақ №3
Жоспары:
1. «Әлеуметтік институт» ұғымы, негізгі әлеуметтік институттар
2. Әлеуметтік институттардың функциялары мен дисфункциялары
3. Әлеуметтік үрдістер, олардың түрлері
4. Көші-қон әлеуметтік үрдіс ретінде
5. Қазақстандағы урбанизация үрдістерінің негізгі сипаттамалары
Мақсаты:
Студенттерге қоғамның құрылымының негізгі элементтерімен таныстыру. Әлеуметтік үрдістер мен институттар туралы мәлімет беру.
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Қоғамның негізгі әлеуметтік институттары, олардың атқаратын қызметтері, қызметтерінің бұзылуы, негізгі әлеуметтік үрдістер, олардың бағыттылығы, ерекшеліктері мен даму тенденциялары туралы білімдерді игеру.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Әлеуметтік институттардың қызмет етуінің қазіргі замандағы ерекшеліктері қандай?
Тапсырма 2 Қазіргі әлеуметтік үрдістердің негізгі сипаттамаларын атаңыз
Тапсырма 3 Әлеуметтік үрдістердің қандай классификацияларын білесіз?
Әдебиеттер:
1 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
Тәжірибе сабақ №4
Жоспары:
1. Әлеуметтік теңсіздіктің себептері
2. Қазіргі заманғы Батыс елдердің стратификациялық құрылымы
3. Қазақстанның стратификациялық жүйесі
4. Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы
5. Кедейлік және онымен күресу жолдары
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі категориялары, эилементтері туралы түсінікке ие болу. стратификация және мобильділік ұғымдарын және олардың Қазақстандағы көріністеріне талдау жүргізу
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Қазіргі қоғамның құрылымы мен ерекшеліктерін, әлеуметтік стратификация мен мобильділік ұғымдары және олардың түрлері, кедейлік, онымен күресу жолдары, орта тап ерекшеліктері.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 П.Сорокиннің стратификация теориясы мен К.Маркстың формациялар теориясына салыстырмалы талдау жасаңыз
Тапсырма 2 Нақты бір адамның әлеуметтік статусын көрсететін 4 критерий бойынша (білім, табыс, престиж, билік) әлеуметтік топқа және қабатқа жатқызылуын анықтаңыз
Әдебиеттер:
1 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
2 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
3 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
Тәжірибе сабақ №5
Жоспары:
1. Әлеуметтік статус пен әлеуметтік рөл ұғымдары
2. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы
3. Тұлғаның бірінші және екінші ретті әлеуметтенуі
4. Қайта әлеуметтену және әлеуметтенудің жойылуы
5. Тұлғаның әлеуметтенуіндегі ресми және бейресми әлеуметтік институттардың рөлі
Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік ерекшеліктерін, оны зерттеу тәсілдерін меңгеру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: Тұлғаның статусы мен ролін, құрылымы мен әлеуметтенуін, типтерін, құндылықтық бағдарлары мен белсенділігі мәселелерін, еркіндігі мен теңдігі ұғымдарын, қажеттіліктері мен мотивтерін
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Өздеріңіздің статустық жиынтықтарыңызды – туа біткен және қол жеткізілген статустарыңызды атаңыз
Тапсырма 2 Тұлғаны қарастырудағы әртүрлі ғылыми (философиялық, психологиялық, құқықтық, әлеуметтанулық, т.б.) теориялардың ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер:
1 Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
Тәжірибе сабақ №6
Жоспары:
1. Девиантты мінез-құлықтың негізгі түрлері – нашақорлық, қылмыс, алкоголизм
2. Әлеуметтік бақылау әдістері. Бақылаудың ресми және бейресми түрлері
3. Әлеуметтік норма ұғымы
4. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері, олармен күресу жолдары
Мақсаты: девиантты мінез-құлықтың негізгі ұғымдары мен анықтамасын, оның даму тарихын меңгеру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: Девиантты мінез-құлық теорияларын, әлеуметтік нормалар, олардың ерекшеліктерін, әлеуметтік бақылау әдістерін, девиантты мінез-құлықтың заманауи тенденцияларын, олармен күресу жолдарын.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Жағымды девиация ұғымын анықтаңыз, оның түрлері қандай?
Тапсырма 2 Әлеуметтік бақылаудың тиімді және тиімді емес тәсілдерін талдаңыз
Тапсырма 3 Әртүрлі елдердегі әлеуметтік нормалардың ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
Әдебиеттер:
1 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: оқулық. Алматы : Заң әдебиетi, 2005
4 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
Тәжірибе сабақ №7
Жоспары:
1. Білім берудің деңгейлері мен салалық құрылымы
2. Білімнің атқаратын қызметтері
3. Әртүрлі елдердің білім жүйелері, білім саласындағы интеграция
4. Білім әлеуметтік статустың факторы ретінде: білім, мансап және табыс ұғымдарының арақатынасы
5. Қазіргі замандағы жаңа білім беру сатылары
Мақсаты:
Білім беру жүйесін әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеудің ерекшеліктері, қажеттілігі туралы ұғымдарды қалыптастыру, білімді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Білім беру жүйелері, білімнің сатылары мен деңгейлері, білім саласындағы реформалар, білім беру саласындағы үрдістер мен тенденциялар, білім әлеуметтік статусты қалыптастыру факторы ретінде
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Қазақстандық білім саласындағы қазіргі замандағы өзгерістерді атаңыз
Тапсырма 2 Білім саласының басқа әлеуметтік институттармен арақатынасы қандай? Мысалы, экономика, дін, мәдениет, т.б.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
4 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012
Тәжірибе сабақ №8
Жоспары:
1. саяси қатынастар және мүдделер
2. Саяси процестер мен институттар
3. Қоғамның саяси жүйесі және саяси сананың қалыптасуы
4. Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдері
5. Қысым топтары, олардың әлеуметтік мәні
Мақсаты: қоғамның саяси өмірі туралы түсінік қалыптастыру. Саяси өмірдің құрамдас бөліктері, саясаттың салалық түрлері, саяси саладағы реформалар, олардың қоғамға әсері туралы мәлімет беру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: қоғам мен саясаттың арақатынасын, саяси саланың заңдылықтарын, әлеуметтік-саяси топтардың ерекшеліктерін, саяси билік, саяси күрес, көшбасшылық мәселелерін
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Сіздің ойыңызша, саясаткердің ең маңызды қасиеттері мен қабілеттері қандай болуы керек? Саясаткердің сырт бейнесі қандай болуы керек?
Тапсырма 2 Саяси элитаға кімдер жатады? Қазақстандық қай саясаткердің саяси ұстанымы сізге ұнайды? Неліктен?
Әдебиеттер:
1 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
4 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
Тәжірибе сабақ №9
Жоспары:
1. Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары
2. Экономикалық процестерді әлеуметтік талдау
3. Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері
4. адамның еңбекке қатынасы, еңбек мобильділігі, еңбек рыногы,
5. жұмыссыздық
Мақсаты: қоғамның экономикалық жүйесі, экономикалық қатынастар және олардың қоғам өміріндегі атқаратын рөлі туралы білімдерді қалыптастыру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:
Экономикалық жүйе, экономикалық сана, экономикалық мәдениет, экономикалық мінез-құлық, экономиканы реттеудің әлеуметтік-экономикалық механизмдері, мотивация, еңбек, оның ұйымдастырылуы, еңбек мобильділігі, еңбек рыногы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелері.
Тапсырма 1 Экономикалық әлеуметтану, экономикалық теория, әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, менеджмент әлеуметтануы және менеджменттің арақатынасы қандай?
Тапсырма 2 Қоғамның келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін сипаттаңыз: «өмір деңгейі», «өмір сүру минимумы», «өмір сапасы»
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
Тәжірибе сабақ №10
Жоспары:
1. Отбасының құрылымы және отбасылық жүріс-тұрыстың түрлері
2. некенің түрлері, мотивтері және ажырасу
3. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы
4. Отбасылық саясат жәнен әлеуметтік қолдау
5. Өмір сүру жағдайының анықтамасы және оның көрсеткіштері
Мақсаты: отбасы және неке туралы, олардың даму тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктері, отбасының өмір сүру жағдайлары, оны қорғауды әлеуметтану тұрғысынан зерттеу ерекшелігін меңгеру.
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: отбасы және неке ұғымдарының арақатынасын, отбасылық-некелік қатынастарды талдау әдiстерiн, отбасы және неке институттарының қазiргi даму тенденцияларын.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Отбасын құруды ынталандырудың қандай жолдары тиімді?
Тапсырма 2 Отбасына әлеуметтік көмек көрсету қызметіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді атаңыз
Әдебиеттер:
1 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
2 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
3 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
Тәжірибе сабақ №11
Жоспары:
1. мәдениеттің негізгі элементтері
2. Мәдениеттің түрлері
3. Бұқаралық мәдениет және ғаламдану
4. Мәдени қақтығыстар ұғымы, ерекшеліктері
Мақсаты: мәдениетті әлеуметтік институт ретінде талдау, мәдениеттің әлеуметтік қызметтерін, олардың әрекет етуін бейнелеу, мәдениеттердің әртүрлілігін және қоғамның дамуындағы олардың ролін қарастыру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: мәдениет ұғымы, түрлері, элементтері, универсалийлерді, қоғам мен мәдениет арақатынасын, экономика мен мәдениеттің байланысын, саясат пен мәдениеттің арақатынастарын, қазіргі мәдени үрдістерді
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктері қандай?
Тапсырма 2 Ғаламдану жағдайындағы этноцентризм және мультикультурализм идеяларының арақатынасы қандай?
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
Тәжірибе сабақ №12
Жоспары:
1. Бұқаралық коммуникация құралдары: сипаттамалары мен ерекшеліктері
2. Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік-мәдени рөлі
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеу ерекшеліктері
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұқаралық мәдениетті қалыптастырудағы ролі
5. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі замандағы даму ерекшеліктері: ақпараттық технологиялардың дамуы
Мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды қалыптастырудағы ерекше ролін, олардың заманауи ерекшеліктерін, әлеуметтік коммуникация құралы ретіндегі артықшылығы туралы мәлімет беру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: бұқаралық ақпарат құралдары: анықтамасы мен ерекшеліктері, олардың коммуникация құралы ретіндегі ролі, атқаратын қызметтері, бұқаралық коммуникацияның қоғам дамуындағы қажеттілігі мен ролі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Ақпаратты таратудың тиімді жолдары қандай?
Тапсырма 2 Ақпарат құралдары 4 билік ретінде, олардың әлеуметтік-мәдени және коммуникациялық ролі қандай?
Әдебиеттер:
1 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
3 Шыңғысова Н. Журналистика социологиясы : оқу құралы. Алматы : Қазақ университеті, 2010
Тәжірибе сабақ №13
Жоспары:
1. Әлеуметтанулық зерттеулердің сандық және сапалық әдістері: мүмкіндіктері, қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері
2. Әлеуметтанулық зерттеулердегі сұрау әдісі
3. Әлеуметтанулық зерттеулердің бақылау және эксперимент әдістерінің ерекшеліктері
4. Әлеуметтанулық зерттеулердегі құжаттар, оларды талдау әдістері
5. Социометрия әдісі: ерекшеліктері мен қолданылуы
Мақсаты: әлеуметтанудағы қоғамдық өмір ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі, техникасы мен процедураларын, қоғамдық өмірді зерттеуде қолданылатын әдістерді, зерттеуді ұйымдастыру, жоспарлауды игеру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: әлеуметтанулық зерттеулердің түрлерін, жүргізілу кезеңдерін, әдістерін, әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің процедурасы мен техникасын
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 әлеуметтанулық зерттеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз
Тапсырма 2 Әлеуметтанулық зерттеу әдістерін ішінара және басқа ғылымдардың қандай әдістерімен үйлестіре қолдануға болады?
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.
Тәжірибе сабақ №14
Жоспары:
1. Алынған мәлеметтердің репрезентативтілігі (шынайылығы) мәселесі
2. Зерттеу жұмысының этикалық принциптері, зерттеушінің тұлғасы
3. Экономикалық процестерді әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеудің ерекшеліктері
4. Саяси процестерді зерттеудегі әлеуметтанулық әдістерді қолдану
5. Әлеуметтік-мәдени процестерді зерттеудің ерекшеліктері
Мақсаты: әлеуметтанулық зерттеулерді қорытындылау, талдау және өңдеудің, есепті бейнелеудің ерекшеліктерін меңгеру
Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек: әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелерін өңдеу, жалпылау, талдау және қорытынды шығару әдістері мен жолдарын, оларды безендіруді
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Зерттеу нәтижелерін бейнелеудегі ең басты көрсеткіштер қандай?
Тапсырма 2 Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижесін бейнелейтін құжат – еспептің құрылымы қандай болуы керек?
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Тақырып 1 Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтанудың қазіргі ғылымдар жүйесіндегі орны қандай?
2) Әлеуметтану ғылымының маңызы неде?
2. Әртүрлі авторлардың әлеуметтану ғылымын анықтаудағы көзқарастарын салыстырыңыз – ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
3. Келесі ұғымдардың анықтамаларын беріңіз: әлеуметтану, әлеуметтік, объект, пән, әлеуметтік қауымдастық, макроәлеуметтану, микроәлеуметтану, метатеория, функция, жүйе.
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, өзара әрекет механизмдері, әлеуметтік қауымдастықтардың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде
2) Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысын анықтаңыз: әлеуметтану және философия, әлеуметтану және психология, әлеуметтану және саясаттану, әлеуметтану және педагогика, әлеуметтану және экономика, әлеуметтану және тарих
Тақырып 2 Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтанудың даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атаңыз
2) Әлеуметтанудың дамуына үлес қосқан ғалымдардың теорияларындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер қандай?
2. Әртүрлі авторлардың әлеуметтану ғылымын анықтаудағы көзқарастарын салыстырыңыз
3. Төмендегі кестені толтырыңыз:
Қоғамның түрі
|
Көлемі
|
Негізгі құндылықтары
|
Теңсіздік
дәрежесі
|
Басқару аппараты
|
Жеке топ
|
|
|
|
|
Рулық қауымдастық
|
|
|
|
|
Көсемдік
|
|
|
|
|
Аграрлық қоғам
|
|
|
|
|
Индустриалды қоғам
|
|
|
|
|
Постиндустриалдық қоғам
|
|
|
|
|
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) В. Паретоның циклдық өзгерістер теориясы.
2) П. Сорокин әлеуметтанулық теориясы.
3) Әлеуметтанудағы құрылымдық функционалдық теория (Т.Парсонс, Р.Мертон).
4) М.Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың казіргі заманғы дамуындағы «веберлік ренессанс».
5) Қазақстандағы әлеуметтанулық ойды институционализациясы. Н.Аитовтың, В.Черныктың, М.Аженовтың, К.Биекеновтың, К.Габдуллинаның, М.Тажинның, С.Сейдумановтың, М.Садырованың және т.б. еңбектеріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік процестерді әлеуметтанулық талдау
Тақырып 3 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Қоғамның әлеуметтік механизм ретіндегі дамуының және қызмет атқаруының ерекшеліктері қандай?
2) Қазіргі қоғамның даму тенденциялары қандай?
2. Қоғамды зерттеудің әртүрлі теорияларына (К.Маркстың формациялық теориясы, У.Ростоу мен Р.Аронның индустриалдық қоғам теориясы, Д.Беллдың постиндустриялық қоғам теориясы) талдау жасаңыз
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара әрекет, әлеуметтік қатынас және әлеуметтік сапа ұғымдары.
2) «Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «мәдениет» ұғымдарының қоғамды категориялық талдаудағы ролі.
3) Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.
Тақырып 4 Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтік институттардың қоғам өмірін реттеудегі маңызы қандай?
2) Әлеуметтік институттардың дисфункциялары қандай мәселелерге әкелуі мүмкін?
3) Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік үрдістер және олардың бағыттылығы қандай?
3. Келесі терминдердің анықтамасын беріңіздер: урбанизация, миграция, институт, дисфункция
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтік институттар туралы қазіргі заманғы батыстық теориялар
2) Әлеуметтік институттардың ресми және бейресми құрылымдары
3) Экономикалық, саяси, білім беру, т.б. әлеуметтік институттары: ерекшеліктері, қызметтері
4) Негізгі әлеуметтік процестер, олардың заманауи даму тенденциялары
Тақырып 5 Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) «Әлеуметтік құрылым» және «әлеуметтік стратификация» ұғымдарының арақатынасын көрсетіңіз
2) Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мобильділіктің негізгі факторлары қандай?
2. Келесі тұжырымдамаларды толықтырыңыз:
1) Әлеуметтік қабат неғұрлым биік болса, соғұрлым ...
2) Игіліктер неғұрлым құнды болса, соғұрлым ...
3) Игіліктерге жеткісі келетіндер саны көп болса, соғұрлым ...
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.
2) Жоғарғы таптың құрылымы, әлеуметтік-экономикалық және саяси бөліктері.
3) Қоғамды модернизациялау жағдайындағы орта таптың атқаратын ролі мен маңызы.
4) Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму болашағы
Тақырып 6 Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Тұлғаның қалыптасуына отбасының және басқа да әлеуметтік институттардың (білім, мәдениет, дін, БАҚ, т.б.) ықпалы қандай?
2. «Адам табиғаты туралы сіздің ойыңыз» атты тақырыпқа эссе жазыңыз
3. Келесі ұғымдардың анықтамаларын көрсетіңіз: десоциализация, ресоциализация, статус, рөл, индивид, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтену, әлеуметтенудің агенттері, әлеуметтенудің институттары, идентификация
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Тұлғаның рухани әлемінің құрылымы.
2) Тұлғаның құндылықтық бағдарлары мен белсенділігі мәселелері.
3) Тұлғаның еркіндігі мен теңдігі.
4) Тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері
Тақырып 7 Девиация және әлеуметтік бақылау
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Ауытқу мінез-құлқының деңгейлері қандай? Олардың ерекшеліктері неде?
2) Тұлғаның ауытқу мінез-құлқының тарихи түрлері қандай?
2. Келесі ұғымдардың анықтамаларын көрсетіңіз: девиация, делинквентті мінез-құлық, әлеуметтік патология, қоғамға қарсы әрекеттер
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) әлеуметтік норма ұғымы, оның тарихи өзгерістері
2) Микро және макроорта, оның адамдардың девианттық әрекетіне ықпалы
3) Әлеуметтік бақылаудың мәні, әдістері
4) Девиантты мінез-құлықтың алдын алу жолдары
Тақырып 8 Білім беру әлеуметтануы
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Үздіксіз білім алу ұғымы және ерекшеліктері
2) ҚР Білім беру туралы Заңының негіздерімен танысу
2. Ғылым, дін, мәдениет, білім ұғымдарына сәйкес анықтамаларды таңдаңыз
1 Ғалымдар дамытқан білімдерді ең тиімді тәсілмен келесі буынға беру. Бұл мақсатта мектептер мен университеттер құрылады, оқытудың әдістемесі мен бағдарламалары жасалады, мұғалімдер біліктілігі арттырылады.
2 Ғылыми емес, ал нақтырақ айтқанда шығармашылықтық құндылықтарды жасау, оларды кітапханаларда, мұражайларда сақтап, көрмелерге қою.
3 Адам өмірінің мәні моральдың негізгі формаларымен анықталады
4 Техникалық және гуманитарлық салаларда жаңа білімдерге ие болу, яғни авангардты технологияларды ғарыш кемелерінің жобасын жасау, ежелгі мәтіндердің мазмұнын ашу.
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Білім берудің әлеуметтік өзгерістерге әсері
2) Білім беру әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде
3) Білім беру болашаққа жол салу; білім беру мәртебе үшін күрес ретінде
4) Білім саласындағы реформалар, олардың қоғамдық дамуға тигізетін әсері
Тақырып 9 Саяси әлеуметтану
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Саясат пен әлеуметтік саланың арақатынасы қандай?
2) Саяси белсенділік, саяси сана, саяси мәдениеттің деңгейлері және әлеуметтік маңызы қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау.
2) Топтар және саяси процесс.
3) Қоғамның экономикалық дамуы мен оның саяси құрылымының арасындағы өзара байланысы
2. Келесі ұғымдардың анықтамаларын жазыңыз: билік, харизма, саяси партия, тоталитарлық мемлекет, авторитарлық мемлекет, демократиялық мемлекет, саяси әлеуметтену, саяси құрылыс, элита
Тақырып 10 Экономикалық әлеуметтану
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Экономикалық әлеуметтену үрдісі және экономикалық мәдениеттің қалыптасуы
2) Экономикалық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы қандай?
3) Экономика саласындағы құқық бұзушылықтар және оларды реттеу жолдары қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Экономикалық әлеуметтанудың әдістемелік, эмпирикалық және қолданбалы міндеттері
2) Экономикалық білімнің құрылымы
3) Қоғамның экономикасы
4) Экономикалық жүйе және оның түрлері
Тақырып 11 Отбасы әлеуметтануы
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Некенің мотивтері және ажырасу себептері қандай?
2) Отбасының өмірлік циклының кезеңдері қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Отбасы бірлігі ұғымы
2) Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері
3) Әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі отбасы әлеуметтануының орны
4) ХХ ғ. отбасының дамуы: туу көрсеткішінің төмендеуі, нуклеарлық отбасының қалыптасуы, ажырасу санының және тіркелмеген некенің көбеюі
Тақырып 12 Мәдениет әлеуметтануы
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Мәдениеттің қоғамдық даму факторы ретіндегі ролі қандай?
2) Қазіргі Батыс және Шығыс мәдениеттерінің арақатынасы қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Мәдениетті этноорталық және мәдени-релятивістік көзбен қарастыру.
2) Өзгермелі материалдық және рухани мәдениет арасындағы қарама-қайшылықтар
3) Мәдениеттің үстемдігін әлеуметтанулық зерттеу
Тақырып 13 Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Бұқаралық коммуникацияның қандай ерекшеліктері бар?
2) БАҚ бұқаралық коммуникацияның элементі ретіндегі маңызы қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) «Коммуникация», «қатынас», «бұқаралық ақпарат құралдары», «бұқаралық мәдениет», «тіл», «өзара түсінік», «диалог», «ой», «құндылықтар ұстанымы» ұғымдарының ерекшеліктері
2) БАҚ зерттеудегі классикалық және жаңа әлеуметтанушылық әдістер мен техникалар: контент-талдау және дискурс талдау
Тақырып 14 Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?
2) Әлеуметтік зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің қолдану ерекшеліктері, оларды үйлестіру мақсаттары қандай?
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері
2) Формальды сұхбат, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бақылау, эксперимент, құжаттарды талдау әдістері
3) Таңдау әдісі және оның негізгі түсініктері (жалпы және таңдамалы жиынтық, репрезентативтілік және т.б.)
Тақырып 15 Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Ақпаратты өңдеудің процедурасы, техникасы, әдістемесі ұғымдарының арақатынасы қандай?
2) Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері бойынша есеп беру қадамдарына сипаттама беріңіз
2. Бір немесе бірнеше әлеуметтанулық зерттеу әдісін пайдалана отырып, әлеуметтанулық зерттеудің барлық кезеңдерін қамти отырып (бағдарлама жасау, сұрау парағын жасау, сұрау немесе социометрия немесе бақылау жүргізу, құжаттарды талдау, олардың нәтижелерін өңдеу мен қортытынды есеп беру) топтастарыңыз ішінде өзіңіз таңдаған өзекті тақырыпқа зерттеу жүргізудің мысалын көрсетіңіз
Оқу бағдарламасының ең күрделі сұрақтары
1. сұрақтарды зерделеу:
1) Алған мәліметтерді ғылыми суреттеу және ғылыми есепті қорытындылармен, кеңестермен, ұсыныстармен толықтыру
2) Алынған мәлеметтердің дәлдігі мәселелері
3) Зерттеу жұмысының этикалық принциптері
4) Жүргізілген зерттеудің құпиялығы
10 СМӨЖ кеңестері кестесі (СМӨЖ – СӨЖ-ның 25% құрайды)
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Дәрістер бойынша кеңес беру
|
15.50 – 16.40
|
|
|
|
14.45 – 15.35
|
|
2
|
Тәжірибе сабақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
14.45 – 15.35
|
12.35 – 13.25
|
|
|
3
|
СӨЖ бойынша кеңес беру
|
|
14.45 – 15.35
|
|
|
15.50 – 16.40
|
|
4
|
Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру
|
|
|
15.50 – 16.40
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |