Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



Дата12.07.2016
өлшемі336.53 Kb.
#193478

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті
Тарих, археология және этнология кафедрасы

«ХVІІІғ.- ХХ ғ. бас кезінде Ресей мен Қытай өз-ара қарым-қатынастар шеңберіндегі Қазақстан» пәні бойынша

050203 – Тарих, 050114 – Тарих мамандықтарының студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультеттің деканы

___________ Ақышев А.А.

20__ж. «___»____________


Құрастырушы т.ғ.к., доцент Батталов К.К

Тарих, археология және этнология кафедрасы

«ХVІІІғ.- ХХ ғ. бас кезінде Ресей мен Қытай өз-ара қарым-қатынастар шеңберіндегі Қазақстан» пәні бойынша

050203 – Тарих, 050114 – Тарих мамандықтарының студенттеріне арналған

пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі______________ Ерманов А.Ж. 2010 ж. «____» ________


Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Мошна Н.И. 20___ж. «_____»___________

1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараты

Батталов Қайрат Қанатович – т.ғ.к., доцент.

Қасқабасова Алтынгүл Абаевна – аға оқытушы, тарих магистрі.

Тарих, археология және этнология кафедрасы орналасқан орны Ломов көшесі, 64 431 аудитория, байланыс телефоны 67-36-77, ішкі – 13-26.



2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы: «ХVІІІғ.- ХХ ғ. бас кезінде Ресей мен Қытай өз-ара қарым-қатынастар шеңберіндегі Қазақстан»

Сағат саны: 135 сағат

Курс 5 семестрде оқылуы қажет.

Бақылау формасы: емтихан.

Сабақтарды өткізу орыны: Оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару департаменті бекіткен кесте негізінде.


3 Пәннің еңбек көлемі

Семестр

Несиелер көлемі

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша байланыс сағаттарының көлемі

Студенттердің өзіндік дайындвғындағы сағаттардың көлемі

Бақылау формасы

барлығы

Дәрістер

Тәжірибелік сағат

лабораториялыық

студиялық

жеке

барлығы

СРСП

5

3

135

30

15










90

45

емтихан


































Барлығы




135

30

15










90

45





4 Сабақтың мақсаты – XVIII – ХХ ғасырдың басындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық өзара байланыс контексіндегі Қазақстанның рөлі мен орнының маңызы туралы студенттерге жүйелі білімді қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

- XVIII – ХХ ғасырдың басындағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыстың тарихымен студенттерді таныстыру;

- XVIII – ХХ ғасырдың басындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық өзара байланыстың объектісі ретіндегі Қазақстан туралы жүйелі білім беру;

- Қазақстан аумағы арқылы орыс-қытай сауда-экономикалық байланыстары туралы білімді студенттерде қалыптастыру;

- 1860-1881 жылдардағы Орта Азиядағы орыс-қытай шекара арасындағы қазіргі кездегі ҚР шығыс шекарасының қалыптасуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.

Оқытылушылардың біліміне, қабілеттері мен дағдыларына талап қою.

Осы курсты зерделеу үшін оқытылушылар білуі қажет:

- дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихының басты тарихи кезеңдері;

- Қытай және Ресейдің ортағасырлық және жаңа тарихының ортақ сипаттамасы;

- тарихи үрдістің заңдылығы мен бірізділігі;

Осы курсты зерделеу үшін оқытылушылар жасай білу керек:

- пән бойынша жаңа материалдарды ойларына тоқи білу;

- өздігінше білімдерді игере білу;

-оқу-әдістемелік әдебиеттермен, тарихи деректермен жұмыс жасай білу;

- өзін қорытынды шығара білу және оларды аргументтей білу;

Осы курсты зерделеу үшін оқытылушылар дағдыға ие болуы керек:

- тарихи үрдіске жүйелі талдау жасай білу;

- жаңа концептуальдық қадамдардың позициясы арқылы өткендегі оқиғаларды бағамдай алу;

- ғылыми пікір-таласты жүргізе білу;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.

5 Курсты зерделеу нәтижесінде алынатын білім, қабілет және дағдылар.

Осы пәнді зерделеу нәтижесінде студенттерде төмендегідей түсініктер бола білуі қажет:

– Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси байланыстарды мен жүйелі қатынастардың тарихы туралы;

– XVIII – ХХ ғасырдың басындағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыстағы Қазақстанның рөлі мен орны.

білу керек:

- XVIII – ХХ ғасырдың басындағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыстың кезеңдері мен басты кезеңдерінің сипаттамасын;

- Орталық Азия, соның ішінде Қазақсатанға қатысты Ресей мен Қытайдың саясатының сипаттамасын;

- Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын Ресей-Қытай сауда-экономикалық байланыстарының тарихын;

- Орталық Азиядағы шекара арасын бөлудегі орыс-қытай арасындағы дипломатиялық келіссөздердің тарихын;

- орыс-қытай арасындағы өзара байланыстың сипаты мен тенденциясына ықпал еткен факторлар;

- орыс-қытай арасындағы өзара байланыстағы Қазақстанның рөлі мен орнын сипаттаған формалар;

Жасай білу керек:

- тарихи үрдістерге талдау жасай білу;

- тарихи үрдістерге талдау жасаудың нәтижесіне қорытындылар шығару.

Тәжірибелік қабілеттерді иелену:

– нақты бір тарихы зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қолдану;

– орыс-қытай арасындағы өзара қатынасының тарихы шеңберінде өздігінше және кәсіби түрде зерттеулер жүргізе білу.

6 Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін саясаттану пәнін зерделеу нәтижесінде игерілген дағды, білім, қабілеттер қажет.



7 Постреквизиттер

Пәнді зерделеу кезінде алынған білім, қабілет және дағды қандай да бір келесі пәндерді игеру үшін қажеттілігі жоқ.



8 Тақырыптық жоспар

Оқу түрі – күндізгі



8.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша сағаттардың көлемі

дәріс

тәжірибелік (сем)

лабораториялық

студиялық

жеке

СӨЖ

1

Курсқа кіріспе.

2

1










10

2

Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының алғы шарттары мен тарихы .


4

2










10

3

ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыс жүйесіндегі Қазақстан.

4

2










10

4

1850-1860 жылдардағы Орталық Азияда орыс-қытай байланыстарының орнауы.

4

2










10

5

Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлісудің басталуы.

4

2










10

6

Синьцзяндағы мұсылмандар көтерілісі және Ресей саясаты (1864-1871 гг.).

4

2










10

7

1871-1883 жылдардағы Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыс. Шекара арасын бөлудің аяқталуы.

4

2










20

8

ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен – ХХ ғасырдың басындағы Синьцзяндағы орыс-қытай сауда-экономикалық байланыстарының қалпына келе бастауы кезіндегі Қазақстан

4

2










10

БАРЛЫҒЫ:

30

15










90


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«ХVІІІғ.- ХХ ғ. бас кезінде Ресей мен Қытай өз-ара қарым-қатынастар шеңберіндегі Қазақстан» пәні тарихи пәндердің цикліне кіреді. Курстың мақсаты мен міндеттері студенттің 18-20-шы ғасырдың басындағы орыс-қытай саяси және экономикалық қатынастары, осы қатынастардағы Қазақстанның рөлі мен орыны туралы білім жиынтығын алуды қажет етеді.

Пәннің өзектілігі қазіргі Қытайдың өсіп келе жатқан беделі аясында қазіргі Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдайдың тарихы мен жағдайын сараптаудың қажеттілігінен де туындап отыр.

Пән 15 апта бойы оқытылады. Пәннің жалпы еңбек көлемі – 135 сағатты құрайды, оның 45 сағаты аудиториялық сабақтарға және 90 сағат студенттердің өзіндік жұмысына бөлінген.


10 Курстың компоненттері

Дәріс сабақтарының тақырыптары

Тема 1. Курсқа кіріспе.

Тема 2. Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының алғы шарттары мен тарихы.

Тема 3. ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыс жүйесіндегі Қазақстан.

Тема 4. 1850-1860 жылдардағы Орталық Азияда орыс-қытай байланыстарының орнауы.

Тема 5. Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлісудің басталуы.

Тема 6. Синьцзяндағы мұсылмандар көтерілісі және Ресей саясаты (1864-1871 гг.).

Тема 7. 1871-1883 жылдардағы Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыс. Шекара арасын бөлудің аяқталуы.



Тема 8. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен – ХХ ғасырдың басындағы Синьцзяндағы орыс-қытай сауда-экономикалық байланыстарының қалпына келе бастауы кезіндегі Қазақстан

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары


Тақырып 1. Курсқа кіріспе.

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері.

  2. Орыс-қытай өзара қатынастарының тарихнамасы.

  3. Орыс-қытай өзара қатынастарының кезеңдері.

Тақырып 2. Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының алғы шарттары мен тарихы .

        1. Ресейдің Сібірде иеленудің тарихы және Шығысқа қарай жылжуы. Петлиннің Қытайға саяхаты.

        2. Ресей мен Қытайдың дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатуы. Қытайдың оқшаулану саясаты Ресейге қарсы буферлік аймақтарды құрудың талпынысы.

        3. Қазақ-жоңғар өзара қатынасы кезіндегі Ресей мен Қытайдың ұстанымы.

        4. Ресей мен Қытайға қатысты Абылайдың жүргізген саясаты.

Тақырып 3. ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыс жүйесіндегі Қазақстан.

              1. Уәлидің өлімінен кейінгі Орта жүздегі билікке мұрагерлік етудің проблематикасы. Губайдулла және Қытай.

              2. Қазақ хандығының саяси қабілеттілігің жойылуы. 1822 және 1824 жылдардағы реформалар бойынша басқару институттарын енгізу.

              3. Шығыс Қазақстан қалалары арқылы сауда-экономикалық байланыстарды орнату. Орыстардың шекара бойындағы бекеттері арқылы сауда қатынастарын кеңейтудің талпыныстары. Путимцевтің саяхаты.

Тақырып 4. 1850-1860 жылдардағы Орталық Азияда орыс-қытай байланыстарының орнауы.

  1. Жетісудың Ресейге қосылуы және Қытайдың ұстанымы. Жетісудағы ресей бекіністер жүйесінің құрылуы.

  2. 1851 жылғы Құлжан келісім шарты.

  3. Іле аймағының Ресейге қосылуы және Қытай. Ресей мен Қоқан хандығы арасындағы өзара әрекеттестік.

Тақырып 5. Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлісудің басталуы.

  1. Пекин келісім шарты бойынша орыс-қытай шекара арасын бөлісудегі Қазақстан аумағы.

  2. Чугучакедегі келіссөздер: мотивтері, шекара арасын бөлудің проблемалары (1862 г.). Келіс сөздердің болмай қалуы.

  3. Шекарадағы 1863 жылғы орыс-қытай қақтығысы және шекара арасын бөлу бойынша келіс сөздердің қайта басталуы. 1864 жылғы Чугучак келісім шарты: қорытындысы мен нәтижелері.

Тақырып 6. Синьцзяндағы мұсылмандар көтерілісі және Ресей саясаты (1864-1871 гг.).

  1. Синьцзян мұсылмандарының көтерілістерінің басталуы: себептері, сипаттамасы және көтерілістің барысы.

  2. Синьцзяндағы мұсылман көтерілісі және Ресей ұстанымы. Батыс Қытай ісіне араласпау саясаты. Батыс Қытайды алу идеялары. Ресейдің цин үкіметіне, Қытай босқындарына қол үшін беруі.

  3. ХIХ ғасырдың 60-шы соңы және 70-ші жылдардың басындағы Кульджиді алу мәселесі бойынша үкімет пен түркістандық шекара әкімшілігі арасындағы пікір талас.

  4. 1871 жылы Іле аймағын орыс әскерлерінің оккупациялауы.

Тақырып 7. 1871-1883 жылдардағы Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыс. Шекара арасын бөлудің аяқталуы.

  1. ХIХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы орыс-қытай қатынастарындағы Кульджи мәселесі.

  2. Цин әскерлерінің Синьцзянға қанаушылық жорығы және Ресей ұстанымы. ХIХ ғасырдың 70-ші жылдарының екінші жартысы.

  3. Кульджиді қайтару бойынша орыс-қытай келіссөздері. 1879 жылғы Ливадий келіссөздері.

  4. 1881жылғы Петербург келіссөзі.

  5. Іле аймағын Қытайға беру және Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлудің аяқталуы.

Тақырып 8. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен – ХХ ғасырдың басындағы Синьцзяндағы орыс-қытай сауда-экономикалық байланыстарының қалпына келе бастауы кезіндегі Қазақстан.

  1. 1850-1860 жылдардағы орыс-қытай сауда-экономикалық қатынастары жүйесіндегі Қазақстан.

  2. Синьцзяндегі сауда жасау әрекеттерінің заңды негіздері.

  3. ХІХ – ғасырдың 90 – шы жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің Синьцзяндағы саяси және экономикалық ықпалының артуы.

  4. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан арқылы өтетін орыс-қытай сауда саттығы.


СӨЖ сипаттамасы.

Пәнді меңгеру барысында, тақырыптық жоспар мен бақылау іс шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес Сізге аудиториядан тыс келесі жұмыстарды атқаруға тура келеді:

- дәрістік материалға енбей қалған, бірақ оқу бағдарламасына сәйкес міндетті түрде қарастырылатын қосымша тақырыптар;

- дәріс конспектілері, оқулықтар мен оқу құралдары бойынша өткендерді қайта қарап шығу;

- тәжірибелік және семинар сабақтарына дайындалу;

- аралық және қорытынды бақылауға дайындалу

- глоссарилерді жазып алу және жаттау;

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу бойынша шамамен бір сабаққа 2,4 сағаттан үлестіріледі. Тәжірибелік сабақтарға дайындалу мен пән бойынша қосымша материалдарды қайталау үшін тапсырмалар, оларды орындау бойынша ресімдеу талаптары және әдістемелік нұсқаулықтар алдағы сабақта берілетін болады.

СӨЖ түрлерінің тізбегі (оқу түрі - күндізгі)




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

18

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

36

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды оқу




Сабаққа қатысу

27

4

Бақылау іс шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, тестілеу

9













90

Студенттерге өздігінше зерделеуге берілетін тақырыптардың тізімі Тақырып 1. Курсқа кіріспе.

Курс пәні. Зерделеудің теориялық-әдістемелік негізі. Орыс-қытай қатынасындағы кезеңдердің проблематикасы. Басқа тарих пәндерімен курстың байланысы. Политология және дипломатия тарихымен курстың байланысы.

Тақырып 2. Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының алғы шарттары мен тарихы .

Сібір және Қиыр Шығысты орыстармен иелену. Сібірді иеленудегі казактардың рөлі. Қытайдағы орыс елшілігі. Ресей мен Қытайдың дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатуы. Кяхтин сауда саттығының рөлі мен маңызы. Конфуциан философиясы және Цинь династиясы. Қазақ-жоңғар өзара қатынасы. Қазақ-жоңғар өзара қатынасы кезіндегі Ресей мен Қытайдың ұстанымы. Ресей және жоңғарлар Ертіс пен Жайық өзендерінің бойында әскери бекіністердің салынуы. Ұлы жұт кезеңі. Қазақ – қалмақ өзара өатынасы Қазақ – башқұрт өзара қатынасы. Қазақтардың Ресейдің бодандығына кіруінің шарттары мен факторлары. Әбілхайыр ханның саясаты. Жоңғариядағы саяси дағдарыстың факторлары мен себептері. Қытайға қарсы жоңғар бастаушыларына сұлтан Абылайдың қолдау көрсетуі: мотивтері және салдары. Қазақстан аумағына қытай әскерлерінің басып кіруі. Абылай және оның екі империя арасындағы саясаты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Қытайлықтардың Іле аймағын игерулері. Шығыс Түркістандағы Қытай үстемдігінің орнатылуы.



Тақырып 3. ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығындағы Ресей мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыс жүйесіндегі Қазақстан.

ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс. 1822-1824 жылдардағы реформалар. Қазақ хандығының саяси қабілеттілігің жойылуы. Қазақстан арқылы өтетін керуен саудасының сипаттамасы. Шығыс Қазақстан қалалары арқылы өтетін орыс-қытай сауда саттығындағы делдалдар ретіндегі бұхар саудагерлері Шығыс Қазақстан арқылы сауда –экономикалық байланыстарды кеңейту бойынша Батыс сібірдегі орыс акімшілігінің іс шаралары. Шығыс Қазақстан қалаларының орыс-қытай сауда-саттығындағы рөлі. Су жолдары арқылы сауда саттықтың жобалары. Ғылыми-зерттеу экспедициялары. Батыс Қытай арқылы орыс-қытай сауда саттығының мүмкіндіктерін кеңейтудің мүмкіншіліктерін зерттеу бойынша Батыс Сібір әкімшілігінің әрекеті.



Тақырып 4. 1850-1860 жылдардағы Орталық Азияда орыс-қытай байланыстарының орнауы.

Қырым соғысы және Ресей. Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияға әрі қарай жылжуы. Ұлы жұз тайпалары мен руларының Ресейге қосылуы. Опиум соғысы кезіндегі Қытай мен Ресей. Қытайдағы Орыс мүдделері. Жетісудың Ресейге қосылуы және Қытайдың ұстанымы. Жетісудағы ресей бекіністер жүйесінің құрылуы. 1851 жылғы Құлжан келісім шарты. Қырғыз рулары және Ресей. Іле аймағының Ресейге қосылуы және Қытай. Пішпекті алу. Ресей мен Қоқан хандығы арасындағы өзара әрекеттестік. Ресейдің оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Іле аймағына енуіне Қытайдың қарсылығы. Шекара арасын бөлу бойынша дайындық кезеңінің сипаттамасы.



Тақырып 5. Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлісудің басталуы.

Пекин келісім шарты бойынша орыс-қытай шекара арасын бөлісудегі Қазақстан аумағы. Шекараны анықтаудың үрдісі: мәселелері, Пекин келісім шартының қатысушыларының трактовкалары және олардың мүдделері. Чугучакедегі келіссөздер: мотивтері, шекара арасын бөлудің проблемалары (1862 г.). Орыс комиссарларының ұсыныстары. Тарихи бодандық туралы мәселе. Келіссөздердің болмай қалуы, себептері және қытай комиссарларының әрекеттері. Шекарадағы 1863 жылғы орыс-қытай қақтығысы және шекара арасын бөлу бойынша келіс сөздердің қайта басталуы. Зайсан шекара арасын бөлу объектісі ретінде. Синьцзяндегі мұсылман көтерілістерінің басталуы шекара арасын бөлуді жылдамдатудың факторы ретінде. 1864 жылғы Чугучак келісім шарты: қорытындысы мен нәтижелері. Чугучак келісім шарты бойынша Қазақстан аумағы.



Тақырып 6. Синьцзяндағы мұсылмандар көтерілісі және Ресей саясаты (1864-1871 гг.).

Синьцзяндағы мұсылман көтерілісі және Ресей ұстанымы. Сібір және Түркістан әкімшіліктерінің ұстанымдарының бір жерден шықпауы. Ресейдің цин үкіметіне, Қытай босқындарына қол үшін беруі. ХIХ ғасырдың 60-шы соңы және 70-ші жылдардың басындағы Кульджиді алу мәселесі бойынша үкімет пен түркістандық шекара әкімшілігі арасындағы пікір талас. Мұсылман факторы және Ресей. Аймақтағы Кульджи саясаты.



Тақырып 7. 1871-1883 жылдардағы Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай арасындағы өзара байланыс. Шекара арасын бөлудің аяқталуы.

Ресей және Қашқария. Англия және Қашқария. Орыс-қытай өзара қатынасының күрделенуі. ХIХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы орыс-қытай қатынастарындағы Кульджи мәселесі. Мұсылман көтерілістерінің аяқталуы және оның қорытындылары. Шығыс Түркістандағы қытай билігінің орнатылуы. Кульджиді қайтару бойынша орыс-қытай келіссөздері. Петербург келісім шарты бойынша ҚР қазіргі шығыс шекарасын қалыптастырудың аяқталуы. Іле аймағын Қытайға беру және Орталық Азиядағы орыс-қытай шекара арасын бөлудің аяқталуы.



Тақырып 8. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен – ХХ ғасырдың басындағы Синьцзяндағы орыс-қытай сауда-экономикалық байланыстарының қалпына келе бастауы кезіндегі Қазақстан.

Қазақтар және керуен саудасына олардың қатысуы. Сауданы кеңейту идеясы. Сібір әкімшілігінің Шығыс Қазақстан аумағы арқылы сауда жасасудың сипатының шарттары мен сипаттамасы және оған қол үшін беру. Синьцзяндегі сауда жасау әрекеттерінің заңды негіздері. Шығыс Қазақстан арқылы өтетін орыс –қытай сауда-саттығының өсуі. ХІХ – ғасырдың 90 – шы жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің Синьцзяндағы саяси және экономикалық ықпалының артуы. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан арқылы өтетін орыс-қытай сауда саттығы. Шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы кеден қызметін ұйымдастыру.

Бакалавриаттың 050203 – Тарих, 050114 – Тарих мамандықтарында күндізгі оқу түрімен оқитын студенттер үшін «ХVІІІғ.- ХХ ғ. бас кезінде Ресей мен Қытай өз-ара қарым-қатынастар шеңберіндегі Қазақстан» пәні бойынша

СӨЖ тапсырмаларын орындау, тапсыру және сабақта жұмыс істеудің



БАҚЫЛАУ ІС ШАРАЛАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ


1 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1 сабақтағы максимальды балл

1

2

3

4

5

6

7

8

барлығы

Максимальды балл

22

26

26

26

100

Қатысу және дәріске дайындық

СӨЖ түрі/есеп беру түрі




ДҮТ 1

ДҮТ 2

ДҮТ 3

ДҮТ 4

32

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

4

8

8

8

8

Қатысу және тәжірибелік сабаққа қатысу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі




ТҮТ 1

ТҮТ 2

ТҮТ 3

ТҮТ 4

45

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

6

9

12

12

12

Қатысу және лаборат. жұмыстарға қатысу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі



















Бақылау түрі
















Макс.балл
















Ресімдеу және лаборат. жұмыстарды қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі































Бақылау түрі




























Макс.балл




























Материалды өздігінше зерделеу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ӨЖ ҮТ

ӨЖ ҮТ1

ӨЖ ҮТ1

ӨЖ ҮТ2

ӨЖ ҮТ2

ӨЖ ҮТ3

ӨЖ ҮТ3

ӨЖ ҮТ4

ӨЖ ҮТ4

23

Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

3

2



 3

3



3

3



Пән тақырыптары бойынша білімдерді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі































Бақылау түрі




 

 
















 

Макс.балл




 

 
















 

2 рейтинг (2 семестр)

Апталар

1 сабақтағы максимальды балл

9

10

11

12

13

14

15




Всего

Максимальный балл

28

28

29

15

100

Қатысу және дәріске дайындық

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

 

ДҮТ 5

ДҮТ 6

ДҮТ 7

ДҮТ 8

28

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

4

8

8

8

4

Қатысу және тәжірибелік сабаққа қатысу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі




ТҮТ 5

ТҮТ6

ТҮТ 7

ТҮТ 8

42

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

6

12

12

12

6

Қатысу және лаборат. жұмыстарға қатысу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі



















Бақылау түрі
















Макс.балл
















Ресімдеу және лаборат. жұмыстарды қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі































Бақылау түрі




























Макс.балл




























Материалды өздігінше зерделеу

СӨЖ түрі/есеп беру түрі

ӨЖ ҮТ

ӨЖ ҮТ5

ӨЖ ҮТ5

ӨЖ ҮТ6

ӨЖ ҮТ6

ӨЖ ҮТ7

ӨЖ ҮТ 7

ӨЖ ҮТ8




30

Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл

5

4

4

4

4

4

5

5




Пән тақырыптары бойынша білімдерді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру түрі































Бақылау түрі

 

 

 
















 

Макс.балл

 

 

 
















 


Курс саясаты

Академиялық тәртіп саясаты мен этика С.Торайғыров атындағы ПМУ ішкі тәртібіне сәйкес келеді

Оқытушы мен студент бір біріне құрметпен қарау керек.

Егерде Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысаңыз, барлық сабақтарға дайын болатын болсаңыз және сабақта белсенді қатысаңыз, барлық тапсырмаларды дер кезінде және сапалы орындасаңыз, онда Сіз бақылау іс шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максимальды балды жинай аласыз.



Бақылау іс шараларыныі кестесін қандай түрде болсын бұзатын болса, сабақта отыру тәртібін және сабақтарға кешігетін болса, балдарды жоғалтатын болады.

Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысу дегенді, дайын екендігін және талқылауарға белсенді екендігін және топта жұмыс істеге дайын дегенді білдіреді.

Тәжірибелік сабақтарға сіздің дайындығыңыз сұраулар арқылы, үйтапсырмаларын тексеру, топтағы жұмыс арқылы тексеріледі. Сабақтарға ескертусіз және кешігіп келусіз қатысқан үшін Сіз 1 балл аласыз. Егерде Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда қатысқаңыз ғана есептеледі. Сабаққа дайындық оны өткізгеннен кейін бағаланады.

Тәртіпті бұзғаны және сабақтың қандайтүріне болмасын кешігіп келсеңіз балл 1 ден 0,5 түсірілуі мүмкін. Сабақтан шығарып жіберу кезінде қатысқаны және дайындығы үшін берілетін балл 0 теңестірілі мүмкін.

Семестрде пәннің тарауларына сәйкес өткен материалдар бойынша білімді бақылаудың аралық екі түрі тестілеу түрінде өткізіледі.

Егерде сабақта немесе бақылау іс шарасында орынды себептермен болмасаңыз, онда Сізге оны жеке жоспар бойынша тапсыруға және оқытушымен белгіленген уақытта.

Жұмыстың қорытындысы бойынша семестрде екі рет қорытынды балл шығарылады (рейтинг). 50 төмен балл жинау қанағатсыздық бағасына сай келеді.

Егерде Сіз аралық бақылауға қатыспасаңыз, онда сіздің рейтингіңіз анықталмайды, яғни ол 0 тең.

Емтиханға кіру үшін 1-2 рейтингтердің қорытындысы бойынша он нәтижелі бағаларға ие болу керек. Емтихан кабинетте емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі, емтихан комбинациялық түрде тапсырылады (жазбаша+ауысша).

Егерде Сіз емтиханда қанағатсыздық бағасын алатын болсаңыз (50 балдан кем), онда Сіздің қорытынды рейтингіңіз пән бойынша анықталмайды, ал ведомостқа «қанағатсыздық» деген баға енгізіледі.



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Моисеев В.А. Россия и Китай в Центральной Азии (вторая половина ХІХ в. – 1917 г.). - Барнаул: «АзБука», 2003. – 346б.

  2. Мясников В.С. Договорными статьями утвердили: Дипломатическая история русско-китайской границы XVII-XX вв. - М.: РИО Мособлупр-полиграфиздата, 1996. - 482с.

  3. Касымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана. - А: Ғылым, 1990. – 184с.

  4. Галиев В.В. Казахстан в системе росийско-китайских торгово-экономических отношении в Синьцзяне (конец XIX - начало XX вв.). А: Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова МОН РК, 2003. – 188с.

  5. Воскресенский А.Д. Дипломатическая история русско-китайского Санкт-Петербургского договора 1881 года. М.: «Памятники исторической мысли», 1995. - 441с.

  6. Ж.К. Касымбаев. Казахстан – Китай: караванная торговля в ХІХ – начале ХХ веков. – Алматы: Өлке, 1996. – 206с.

  7. Кожирова С.Б. Российско-китайская торговля в Центральной Азии (Вторая половина ХІХ- начало ХХ вв.). - Астана: ЕГУ им. Л.Н.Гумилева, 2000. - 138с.

  8. Русско-китайские договорно-правовые акты (1689-1916). Сборник. Под общей редакцией Мясникова В.С. - М: «Памятники исторической мысли», 2004. – 694б.

  9. Сутеева А.К. Политика России в Илийском крае в 1871-1881 гг. Диссертация, подготовленная для соискания степени кандидата исторических наук. А.: 1987, 188с.

  10. Мұхаметханұлы Н. Қазақ-қытай қарым-қатынастарының даму тарихы (ХVІІІ-ХХ ғғ. арасы). А.: 1995, 184б.

  11. Хафизова К. Ш. Китайская дипломатия в Центральной Азии, ХIV-ХIХ вв. Алматы: «Ғылым», 1995. - 286с.

  12. Россия и международные отношения в Центральной Азии: (Региональный аспект): Сб. научных статей / Под ред. В.А.Моисеева. - Барнаул: Изд-во Алт.гос.ун-та,2001.-196с.

  13. История Казахстана с древнейших времен до наших дней : в 5 т./гл. ред. М. К. Козыбаев.-Алматы:Атамура. Т. 3:Казахстан в новое время.-2000.-766 с.

Қосымша:

  1. Струве П.Б. Торговая политика России: Лекции, читанные на экономическом отделении Санкт-Петербургского политехнического института. 2-е изд. СПб.: изд. И. Трофимова, 1913. - 238с.

  2. Дацишен В.Г. Сибирский чай. Из истории чайной торговли в России // ЭКО. – 2002. - №4. – с. 161-172.

  3. Непомнин О.Е. Социально-экономическая история Китая. 1894-1914 гг. М.: Наука, 1980. - 367с.

  4. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII - первой половине ХІХ века. - М: «Наука», 1979. – 311с.

  5. Силин Е.П. Кяхта в XVIII веке: Истории русско-китайской торговли. Иркутск: Областное изд-во, 1974. - 204с.

  6. Единархова Н.Е. Кяхтинская торговля и ее влияние на экономическое развитие России, Монголии и Китая. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук. М, 1979, 23с.

  7. Чимитдоржиев Ш.Б. Россия и Монголия. - М.: Наука, 1987. - 235с.

  8. Хохлов А.Н. Кяхта и кяхтинская торговля (20-е гг. XVHJ в. - середина XIX в.) // Бурятия XVII - начало XX в.: Экономика и социально-культурные процессы. Новосибирск: 1989, с. 15-50.

  9. Хохлов А.Н. Кяхтинская торговля и ее место в политике России и Китая (20-е годы XVIII в. - 50-е годы XIX в.) // Документы опровергают. Против фальсификации истории русско-китайских отношений. - М.: 1982, с. 83-145;

  10. Кузнецов В.С Экономическая политика циньского правительства в Синьцзяне в первой половине ХIХ в. Диссертация, подготовленная для соискания степени кандидата исторических наук. А: 1961, 251с.

  11. Мамедова Э.М. Из истории взаимоотношении народов Туркестанского края и Синьцзяна (со второй половины ХIХ в. до 1917 г.). Диссертация, подготовленная для соискания степени кандидата исторических наук. Ташкент: 1963, 305с.

  12. Алдабекова Н.А. О русско-китайской торговле в Синьцзяне с конца XVIII - до 40-х годов XIX в. // Восемнадцатая научная конференция «Общество к государство в Китае». М., 1987. Ч.2.

  13. Алдабекова Н.А. Русско-китайская торговля в Синьцзяне в середине XIX в. // Известия АН Каз. ССР. Серия общественных наук. А.-А., 1989. No.3. с. 54-59.

  14. Алдабекова Н.А. Русско-китайская торговля в Синьцзяне в 40-х годах XIX в. // Девятнадцатая научная конференция «Общество и государство в Китае». М., 1988. Ч.2.

  15. Касымбаев Ж.К. Торговля России с империей Цин через города Восточного Казахстана (с первых десятилетии до середины XIX в.) // Шестнадцатая научная конференция «Общество и государство в Китае». М., 1985. Ч.2.

  16. Касымбаев Ж.К. «Торговля России с цинским Китаем через города Восточного Казахстана (30-70-е годы XIX в.)». Семнадцатая научная конференция «Общество и государство в Китае». М., 1986. Ч.2.

  17. Касымбаев Ж.К. «О торговле России с Цинской империей через города Восточного Казахстана в 80-90-е гг. XIX в.» Двенадцатая научная конференция «Общество и государство в Китае». Тезисы и доклады. М., 1981.Ч.2.

  18. Касымбаев Ж.К. «Семипалатинский таможенный округ в системе торговли России с империей Цин в 90-е годы XIX в.» Восемнадцатая научная конференция «Общество и государство в Китае». Тезисы докладов. M., 1987. Ч.2.

  19. Актуальные проблемы Центральной Азии и Китая: история и современность: сборник научных статей памяти Б. П. Гуревича / [отв. ред. В. А. Моисеев].-Барнаул:Азбука,2006.-469 с.

  20. Бичурин, Н. Я. (Иакинф). Средняя Азия и Восточный Туркестан/ Н. Я. Бичурин ( Иакинф).-Алматы:Санат,1997.-352 с.

  21. Валиханов, Ч. Ч. Собрание сочинений: в 5 т./Ч. Ч. Валиханов; [отв. ред. А.Х. Маргулан].-Алма-Ата:Наука. Т. 4.-1968.-783 с.

  22. Вамбери Армений. Путешествие по Средней Азии / М-во образования и науки РК; ПГУ им. С Торайгырова; Армений Вамбери; гл. ред. Е.М. Арын.- Павлодар: ЭКО,2006.-313 с.

  23. Казахская диаспора: проблемы этнического выживания/Составитель и научный ред. К. Л.Есмагамбетов; Пер. с англ. Б. Сужиков.-Алматы: Атамура,1997.-220с.

  24. Михайловский А. Л. Синьцзян - Уйгурский автономный район Китая: информационно-справочный материал / А.Л. Михайловский. - Алма-Ата: Знание, 1988.-19с.

  25. Сладковский М.И. Китай и Англия.-М.:Наука,1980.-351с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет