Пән бойынша оқыту бағдарламасының беттік парағы



Дата10.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#126626


Пән бойынша оқыту бағдарламасының беттік парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Металлургия кафедрасы

050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған


«Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы»




ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН


ММЖжКФ деканы

___________Т.Т. Тоқтағанов

(қолы)

20__ж. «____»___________


Құрастырушы: доцент ______________ Н.С. Сембаев

(қолы)


Металлургия кафедрасы

050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған


«Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20___ж. «____» ________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» ________ № ___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков

(қолы)
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесiмен мақұлданды 20___ж. «___»________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)


1 Оқытушы туралы мағлұмат және байланысу ақпараттары
Сембаев Нұрболат Сакенұлы

Доцент


Металлургия кафедрасы Б-1 корпуста орналасқан (Павлодар қ., ак. Шокин к. 139 үй), 234 аудиториясы, жұмыс тел. 67-36-23 қос. 217. ұялы тел. 8 701 529 45 47
2 Пән туралы мәліметтер
2 курс (4 семестр – емтихан).
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

зертх.

тәжір.

барлығы

СОӨЖ

4

3

45

30

15

-

60

30

емтихан


4 Пәнді оқыту мақсаты

«Материалтану. Конструкциялық материалдардың технологиясы» пәнінің мақсаты материалдардың құрамының, құрамының және қасиетерінің арасындағы байланысты, сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау тәртібін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып қалыптарға құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру.


Пәнді оқытудың міндеті

«Материалтану. Конструкциялық материалдардың технологиясы» пәні басқа техникалық пәндермен бірге білімгерлерді жалпы инженерлік технологиялық дайындықтар өткізіп өндірісте және ғылыми жұмыстарға қажетті біліммен қамтамассыз етеді. Машиалар мен жабдықтарды жобалау мен жасауда және пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру кезінде 050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының бакалавры күнделікті жұмысында конструкциялық материалдарды дұрыс таңдап алып әр түрлі әдістермен өңдеу үшін осы пәннің білімін пайдаланады.


5 Пәнді оқып-игеру нәтижесінде студенттің біліміне, икемділікке және дағды- машықтарына қойылатын талаптар

білуі қажет:

  • конструкциялық материалдар мен оларды жіктеуді;

  • машина жасау бұйымдарын дайындауда құю өндірісінің мәнің;

  • металдарды қысыммен өңдеу арқылы дайындамаларды алу түрлерін;

  • пісірудің жалпы сипаттамасы мен тәсілдерін;

  • машина бөлшектеріне материалды дұрыс тағайындауды менгеру қажет.

істей білуге тиісті:

  • машина бөлшектері мен құрал-саймандардың жоғары сенімділігі мен ұзақ уақытқа қамтамасыз ету үшін эксплуатациялық жағдайда материалдарды дұрыс тандауды және керекті қасиетерді алу мақсатымен оларға термиялық, термомеханикалық және химия-термиялық өңдеуді тағайындауды;

– металбұйымдарда болатын ақаулар жайлы, металл мен қорытпаларды негізгі механикалық сынаудан өткізу әдістерін істей білуге тиісті.
Тәжірибелік машықтарды меңгеру:

  • дайындамадан бұйым алу технологиясын меңгеруді және іс жүзінде қолдануды;

  • машина бөлшектеріне материалды дұрыс тағайындауды менгеру.


6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін химия пәнінің атомдар құрылысы, химиялық элементтер кестесі, фазалар ережесі, металдар коррозиясы, физика пәнінде оқылатын термодинамика, молекулалық физика, диффузия заңдары, қатты денелер және материалдар кедергісі болып саналады.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: технологиялық машиналардың сенімділігі, металургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары, илемдеу өндірісінің технологиясы, металдарды қысыммен өңдеу.


8 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/н


Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖО

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Кіріспе. Материалдар қасиеттері. Қара және түсті металдар өндірісі

1







5

5

2

Құю әдістерімен дайындамалар алу

2




2

5

5

3

Металдарды қысыммен өңдеп дайындамалар алу

2




2

5

5

4

Пісіру өндірісі. Ұнтақ металлургиясы әдістерімен бұйымдар алу

2




2

5

5

5

Металдарды кесіп өңдеу негіздері

2







5

5

6

Металдар мен қорытпалардың құрылуы және қасиеттерін бағалау әдістері. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері

4





2


3


3


7

Қорытпалардың теориясы

4




2

3

3

8

Термиялық өңдеу негіздері. Химика-термиялық өңдеу

4




2

3

3

9

Темір мен оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-сайман болаттары

4




2

3

3


10

Түсті металдар мен қорытпалар

3




1

3

3

11

Металл емес материалдар. Композиттік материалдар

2







5

5

Барлығы 135

30


15

45

45




9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні – материалдардың негізгі қасиеттерін, материалдардың құрамының, құрамының және қасиетерінің арасындағы байланысты, материалдарды қысыммен өңдеудің әртүрлі тәсілдерімен бұйым алу түрлерін, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып қалыптарға құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясын үйрену бойынша негізгі мәліметтерден тұратын профилдеуші пән.
10 Курс компоненттері

Пән тақырыптарының мазмұны


Кіріспе

«Материалтану мен конструкциялық материалдардың технологиясы» курсының зерттеу пәні. Курстың мақсаты мен тапсырмалары. Қазіргі кездегі конструкциялық және құрал-саймандық материал. Машиналар бөлшектері мен бұйымдар алудың прогрессивті технологиялық әдістері. Материалдардың құрылу негіздері, олардың қасиеттерінің қалыптасуы және қолдану салаларының тағайындалуы.



Тақырып 1. Материалдар қасиеттері. Қара және түсті металдар өндірісі

Курстың мақсаты мен тапсырмалары. Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтарды құру кезіндегі материалдар рөлі. Материалдың конструкциялық беріктігі. Конструкциялық материалдар жіктелімі. Дайындамалар мен машина бөлшектерін алу үрдісінің негізгі кезеңдері.

Металлургия негіздері. Металдар мен қорытпалар өндірісіне арналған материалдар. Шойын, болат түсті металдар мен қорытпалар өндірісі.

Тақырып 2. Құю әдістерімен дайындамалар алу

Машина жасау бұйымдары дайындауда құю өндірісінің мәні. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттері. Құю қорытпаларын дайындау тәсілдері классификациясы. Бір реттік құм-балшық қалыптарында құймалар дайындау. Құймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршықты қалыптарға, балқитын үлгілері бойынша, кокильге, қысыммен, орталықтан тепкіш құю.



Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеп дайындамалар алу (МҚӨ)

МҚӨ физика-механикалық негіздірі. МҚӨ негізгі түрлері классификациясы. Илемдеу. Илем өндірісінің өнімі. Шыңдау және штамптау. Негізгі операциялар мен қолданылатын құрал-жабдықтар. Ыстық көлемдік штамптау. Суық көлемдік штамптаумен бөлшектер дайындау. Сығымдау және созу. Өндіріс технологиясы, құрал-жабдықтары, бұйымдар қасиеттері мен олардың тағайындалуы



Тақырып 4. Пісіру өндірісі. Ұнтақ металлургиясы әдістерімен бұйымдар алу

Пісірудің жалпы сипаттамасы және тәсілдері классификациясы. Доғалы пісіру. Қорғаныс газдары ортасы мен флюспен пісіру. Түйістіріп пісіру. Пісірудің арнайы түрлері: суық, әсіре дыбыстық, қопарылыспен.

Ұнтақ металлургиясы негіздері. Металл ұнтақтары өндірісі тәсілдері. Металл ұнтақтарынан бұйымдар дайындаудың технологиялық үрдісі. Металлокерамикалық материалдар және олардан жасалған бұйымдар.

Тақырып 5. Металдарды кесіп өңдеу негіздері

Дайындамаларды токарлық және фрезер станоктарында өңдеу. Беттерді бөлшектеп өңдеу әдістері: Үйкелеумен, супер фиништеу, хонингтеу, шевенгтеу. Металдарды өңдеудің электрофизикалық және электрохимиялық әдістері.



Тақырып 6. Металдар мен қорытпалардың құрылуы және қасиеттерін бағалау әдістері. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері

Материалдардың қазіргі кезеңдегі көлік пен технологияның инновациялык-өнеркәсіптік дамуындағы pөлі. Teмір негізіндегі қорытпалар және оны алмастыра латын материалдар. Металдардың құрылуы. Кристалдық торлар типтері. Реалдық кристалдар құрылуы. Кристалдық құрылу ақаулары және олардың кристалдық құрылу қасиеттеріне әсері. Материалдар қасиеттерін талдау әдістері.

Балқу және кристалдану үрдістері. Фазалық түрленудің термодинамикалық негіздері. Аморфты материалдар. Металл құймаларының құрылуы. Дәнекше шамасы, кристалдар пішіндері. Модификациялау үрдістері.

Кернеу мен деформация. Серпімді және пластикалық деформация. Металдардың теориялық және тәжірибелік беріктігі. Деформациялық беріктендіру. Металдардың қирауы. Материалдардың механикалық қасиеттері. Механикалық сынақтар әдістері.



Тақырып 7. Қорытпалар теориясы

Қорытпалар теориясынан негізгі мәліметтер. Қорытпа, компонент және фаза жөніндегі түсініктер. Механикалық қоспалар. Қатты ерітінділер. Химиялық қоспалар. Қорытпалардың кристалдануы. Қорытпалардың фазалық құрамы. Қос қорытпалардың күй диаграммасы. Фазалар ережесі мен кесінділер ережесінің қолданылуы.

«Темір-цементит» және «темір-графит» күй диаграммалары. Фазалық құрамы, құрылым құрастырушысы, олардың қасиеттері. «Темір–цементит» күйі диаграммасын талдау. Диаграмманың іс жүзінде пайдалану.

Тақырып 8. Термиялық өңдеу негіздері. Химика-термиялық өңдеу

Термиялық өңдеу үрдістерінің жалпы сипаттамасы. Болатты қыздыру кезіндегі түрлендірулер. Перлитті, бейнитті және мартенситті түрлендірулер.

Болатты термиялық өңдеудің негізгі түрлері. Қыздыру температурасын таңдау. Болаттардың шыңдалуы мен шынықтырылуы.

Металдарды қыздыру әдістері. Толық, изотермиялық, диффузиялық және қайтакристалданулық жұмсарту. Бидайшықтық перлитке жұмсарту. Қалпына келтіру.

Болатты шынықтыру әдістері. Пайдаланатын құрал – жабдықтар және технологиялық режимдері. Болатты шынықтыру қалыңдығы. Шынықтыру кезіндегі пайда болатын ақаулар.

Болатты босандату түрлері – жоғары, орташа және төменгі температураларда босату. Құрылымдарының ауысулары. Босатудың технологиясы. Шынықтырылған болатты ескірту және суықпен өңдеу.

Болаттың термиялық – механикалық өңдеу. Термиялық өңдеудің болаттың құрылымы мен қасиеттеріне әсері.

Қоспаланған болаттардың термиялық өңдеудің ерекшеліктері. Шойындардың термиялық өңдеу. Бөлшектер мен құралдардың пішіндерінің термиялық өңдеулеріне әсері. Болаттың беткі қабатының шынықтыру әдісітері. Жиілігі жоғары тоқпен шынықтыру.

Металдар мен қорытпаларды химика-термиялық өңдеу негізгі. Бұйымдарды цементтеу, азоттау, нитроцементациялау, оксидтеу, жабынды қабаттармен қанықтырып жалату. Диффузиялық металдандыру жөніндегі түсінік. Пайдаланылатын құрал – жабдықтар және технологиялық режімдер.

Тақырып 9. Темір және оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-сайман болаттар

Болаттар мен шойындардың жіктелімі және таңбалануы. Металдар мен қорытпаларды стандарттау.

Әдеттегі сапалы көміртекті болаттар, сапалы болаттар. Көміртекпен тұрақты қоспалардың болаттың қасиетеріне әсері. Қоспаланған болаттар. Қоспаланатын элементердің болаттын қасиетіне әсері. Қоспаланған болаттардың топтары және МЕСТ бойынша таңбалануы. Қасиеттері.

Арнайы болаттар мен қорытпалар. Құрал-жабдықтар жасайтын болаттар. Кескіш құралдарға арналған қоспаланған болаттар. Суық және ыстық кезде деформациялау үшін пайдаланатын құралдар жасайтын қалыптық болаттар.

Тотықпайтын болаттар. Қыздырылған кездегі берік және төзімді болаттар. Тозуға төзімді қорытпалар. Шойындар. Құрылымы мен қасиеттеріне байланысты сұр шойынның түрлері. Шойынның графитенуі. Шойынды қосапалау. Беріктігі жоғары шойындар. Шойындарды МЕСТ бойынша таңбалау және пайдалану.

Тақырып 10. Түсті металдар мен қорытпалар

Алюминий және оның қорытпалары. Деформацияланатын және құйылатын алюминилі қоытпалары. Антифрикционды қорытпалар. Баббиттер мен қорытпалар. Құрамы, құрылымы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері.

Мыс және оның қорытпалары. Құрамы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері. Магний, цинк, қалайы және олардың қорытпалары. Түсті металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу. Қасиеттері.

Тақырып 11. Металл емес материалдар. Композиттік материалдар

Пластикалық массалар, резеңке материалдары. Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Жалпы сипаттамасы, құрамы, құрылуы, қасиеттері, маркалануы. Қолдану салалары.

Жалпы сипаттамасы. Композиттік материалдарды құру принциптері. Композиттік материалдар түрлері. Композиттердің металл, керамикалық және полимер матрицамен қасиеттері. Қолдану салалары.


Зертханалық сабақтардың тізімі мен мазмұны



Тақырып 2. Құю әдістерімен дайындамалар алу

Зертханалық жұмыс № 1. Қалып жасау және қалыпқа металл құйып құйма жасау.



Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеп дайындамалар алу (МҚӨ)

Зертханалық жұмыс № 2. Соғып өңдеу үрдісін зерттеу.



Тақырып 4. Пісіру өндірісі

Зертханалық жұмыс № 3. Қорғағыш газдар қолданып жүргізілетін жартылай автомат арқылы пісіру.



Тақырып 6. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері

Зертханалық жұмыс № 4. Құйманың кристалдану үрдісін зерттеу.



Тақырып 7. Қорытпалар теориясы

Зертханалық жұмыс № 5. Темір-цементит күй диаграммасын талдау.



Тақырып 8. Термиялық өңдеу негіздері. Химия-термиялық өңдеу

Зертханалық жұмыс № 6. Көміртекті болатты шынықтыру және босаңдату.



Тақырып 9. Темір және оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-сайман болаттары

Зертханалық жұмыс № 7. Шойынның құрылымы мен қасиеті.



Тақырып 10. Түсті металдар мен қорытпалар

Зертханалық жұмыс № 8. Мыс және оның қорытпалары.




СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру

түрі


Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15

2

Зертханалық жұмыстарға дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру)

Есеп беру



ЗЖ жіберілу және қорғау

20


3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Коспект


Ауызша сұрау

30


4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат

СТ қорғау

20

5

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2, тестілеу және ауызша сұрақ

5

Барлығы

90


Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі
Тақырып 1. Қара және түсті металдар өндірісі

Шойынды өндіру. Домна пешінің құрылысы. Болатты өндіру. Болатты өндіру әдістерінің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Болатты оттегі конверторында, мартен пешінде және электр пештерінде өндіру технологиясы.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 104 – 120 бет, [2], 20 – 51 бет.

Тақырып 2. Құю әдістерімен дайындамалар алу

Құймаларды жасау әдістері. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттері. Құю қорытпаларын дайындау тәсілдері классификациясы. Құймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршықты қалыптарға, балқитын үлгілері бойынша, кокильге, қысыммен, орталықтан тепкіш құю.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 243 – 254 бет. [4], 120 – 181 бет.

Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеп дайындамалар алу

Илемдеу. Илем өндірісінің өнімі. Шыңдау және штамптау. Ыстық көлемдік штамптау. Суық көлемдік штамптаумен бөлшектер дайындау. Ашық және жабық қалыптармен қалыптау. Сығымдау және созу. Өндіріс технологиясы, құрал-жабдықтары, бұйымдар қасиеттері мен олардың тағайындалуы

Ұсынылатын әдебиет: [4], 53 – 118 стр.

Тақырып 4. Пісіру өндірісінің технологиясы

Газбен, доғамен, электрдоғамен балқытып пісіру. Флюстің астында автоматпен пісіру. Электрошлакпен пісіру. Қысыммен пісіру әдістері. Электротүйістіріп пісіру: түйістіріп, нүктелеп, жапсарлап, конденсаторлық. Қысыммен пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар. Пісірудің жаңа әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 182 – 250 бет.

Тақырып 5. Металдарды кесіп өңдеу негіздері

Дайындамаларды токарлық және фрезер станоктарында өңдеу. Беттерді бөлшектеп өңдеу әдістері: Үйкелеумен, супер фиништеу, хонингтеу, шевенгтеу. Металдарды өңдеудің электрофизикалық және электрофимиялық әдістері.



Тақырып 6. Металл емес материалдар

Пластикалық массалар, резеңке материалдары. Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Жалпы сипаттамасы, құрамы, құрылуы, қасиеттері, маркалануы. Қолдану салалары.

Толықтырғыш. Пластификаторлар. Бояулар. Полимерлеу үрдісінің мәні.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 182 – 240 бет.


Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар



1 рейтинг (4 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

22

26

26

26

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

16

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу зертханалық сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.түрі

 

1 зертҮТ

2 зертҮТ

3 зертҮТ

4 зертҮТ

16

Бақылау түрі

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 




 

Е

 




 

Е

40

Бақылау түрі

 

 

1ЗҚ

 

2ЗҚ

 

3ЗҚ

 

4ЗҚ

Макс.балл

10

 

10

 

10

 

10

 

10

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 

1 ӨМ

ҮТ


2 ӨМ

ҮТ


3 ӨМ

ҮТ


4 ӨМҮТ

5 ӨМ

ҮТ


6 ӨМ

ҮТ


7 ӨМҮТ

28

Бақылау түрі

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл




 

4

4

4



4

4



2 рейтинг (4 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

26

26

26

22

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

16

Бақылау түрі

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу зертханалық сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

5 зертҮТ

6 зертҮТ

7 зертҮТ

8 зертҮТ

16

Бақылау түрі

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

4

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

 







Е

 

Е

 




40

Бақылау түрі

 

 

5ЗҚ




6ЗҚ

 

7ЗҚ

 8ЗҚ




Макс.балл

 10

 

10




10

 

10

 10




Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп. түрі

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМ

ҮТ


10 ӨМ

ҮТ


11 ӨМ

ҮТ


12 ӨМҮТ

13 ӨМ

ҮТ


14 ӨМ

ҮТ





28

Бақылау түрі

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл



4

4

4

4

4

4

4




Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1зертҮТ –№1зертханалық жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – есеп, 1ЗҚ – №1зертханалық жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы.
Қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ
Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.


Бақылаудың қорытындысының түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

Емтихан

Емтихан (ҮСЖР)

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)

0,6

Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең

ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,7 + МБ1(2) ·0,3
Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).

Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.

Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.

Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг “Оқушылардың оқу жетістіктері” және “Рейтингтік ведомость” журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.




Балл ретіндегі қорытынды баға (И)

Баллдардың сандық (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Б)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ-талды

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ. жоқ


11 Курс саясаты
Кредиттік технология бойынша оқыту барлық курстар үшін және С. Торайғыров атындағы ПМУ –да барлық пәндер бойынша студенттің білімі рейтингті бақылаумен бақылау қолданылады. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына енгізілген пән рейтингі 100 балдық шкаламен бағаланады.

«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» курсы студентке ғылыми әдебиеттер мен, сонымен бірге оқулықтармен, мерзімді журналдармен, интернетпен жұмыс жасау арқылы машықтануға мүмкіндік береді.

Оқытушының берген тақырыбын студент оны ОСӨЖ сабақтарында, зертханалық жұмысты өткізгенде, зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша есепті қорғағанда нақтылай түседі.

Өздік жұмыс, теориялық курсқа кірмеген немесе қысқаша түрде қарастырылған, дәрістік тақырыптарға қатысты сұрақтарды теориялық түрде зерттеу және оларды ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетіп оқу болып табылады.

Өздік жұмысы келесі түрде бағаланады: әр тақырыпты теориялық тұрғыдан қарастырылған сұрақтар конспект жасаумен аяқталады, конспект оқытушыға көрсетіліп бағаланады..

Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмысы, дәрістік сабақтардың тақырыптарын терең зерттеп, оларды бекітуге бағытталған. Студенттер сабаққа дайындықпен келіп, ұсынылған әдебиеттер мен аталмыш сабаққа қажетті материалдарды қолдануы керек. Сабақты босатқан жағдайда студент уақытында тапсырмаған материалды келесі аптасында тапсыра алады. Уақытында тапсырылымаған материал оқу семестрінің 4 апта аралығында қабылданады және 50%-дан (жартысын аласыз) төмен бағаланады..

Бірінші және екінші межелік бақылау оқытылған тақырыптар бойынша ауызша сұрау түрінде, билеттер немесе тесттер бойынша 100 балдық жүйемен бағаланады.

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) ағымдағы үлгерім (АҮ) балдарын жинаған студент қана жіберіледі.

– Егер студент межелік бақылаудан өтпеген болса, немесе МБ 50 балдан төмен бал жинаған болса, онда ол студенттің рейтингі анықталмайды. Мұндай жағдайда деканат МБ тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.

4 – семестр аяғында емтихан қабылданады.

Емтихан үш сұрақтан туратын билет бойынша немесе 50 сұрақтан тұратын нұсқаға салынған тесттер бойынша алынады. Емтихан 100 балдық жүие бойынша бағаланады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы “қанағаттанарлықсыз” деп есептелінеді.

Мен сіздерден сабаққа кешікпеулеріңізді сұраймын, оқытушыдан кейін аудиторияға кіруге болмайды, сабаққа қалғаны үшін студент сабаққа жіберілмейді, өйткені ол оқу сабағының үрдісін бұзады. Сонымен бірге тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан қуылады және 0 бал қойылады.

Емтиханды көшіруге жол берілмейді. Бақылау шарасында көшіргені үшін студент аудиториядан шығарылады және оған 0 бал қойылады.

Егер сіз себепті жағдайлармен бақылау шараларын өткізу кезінде қатыспаған болсаңыз, онда оқытушы тағайындаған уақытта қосымша өтуіңізге мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБ деканның рұқсатымен өткізіледі), кері жағдайда сіз «0» балл аласыз.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Сүлеймен Е.Б. Материалтану. Оқулық. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы 2006. – 261 б.

2. Cыздыков О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық – Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1993 ж. – 290 б.

3. Оськин В.А., Евсиков В.В. Материаловедение. Технология конструкционных материалов. Учебники и учебное пособие для студентов высш. учеб. заведений / Книга.1. – М. : Колос, 2008. – 447 с.

4. Дальский А.М., Арутюнова А.И., Барсукова Т.М. Технология конструкционных материалов: Учебник для машиностроительных специальностей вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп.- М.: Машиностроения, 1985. - 448с.

5. Материаловедение и технология металлов: Учебник для студентов машинострои- тельных спец. вузов / Г.П. Фетисов, М.Г. Карпман, В.М. Матюнин и др. – 5-е изд., стер. – М.: Высш. шк,. 2007. – 862 с.; ил.

6. Сүлеймен Е.Б., Сүйіндіков М.М. Металтану: – Металлургиялық және машинажасау мамандықтарындағы студенттерді оқытуға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2001. – 34 б.

7. Сүйіндіков М.М. Конструкциялық материалдар технологиясы: – Лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2000. – 100 б.

8. Казаков Н.Ф., Осокин А.М., Шишкова А.П. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. - М.: Металлургия, 1975. – 687с.

9. Гуляев А.П. Металловедение, уебник, 6-е издание, перерап. и доп.-М.: Металлургия, 1986, 541 с.

10. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.И. Материаловедение: Учебник для втузов. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : Машиностроение, 1990. – 528 с.

11. Арзамасова Б.Н. Материаловедение: Учебник для втузов/Под общей ред. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Машиностроение, 1986. – 384 с.

12. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф., Третьяков А.В. Технология металлов: Учебник для вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Металлургия, 1987.- 902 с.

13. Солонцев Ю.П., Пряхин Е.И. Материаловедение: Учебник для вузов. Изд. 3-е перераб. и доп. – Санкт-Петербург: Химиздат, 2004. – 736 с.

14. Вернер А.К., Курбатова И.А., Парфеновская О.А. Технология кострукционных материалов: Краткий курс лекций , 3-е изд. – М. : МГИУ, 2008. – 140 с.



Қосымша

15. Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа, 1990.- 447с.

16. Жадан В.Т., Гринберг Б.Г., Никонов В.Я. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. -2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 1970. - 704с.

17. Архипов В.В., Абиндрев А.А., Касенков М.А. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учебник для механических специальностей вузов.- 3-ие изд., перераб, и испр. - М.: Высшая школа, 1970. - 520с.

18. Сүлейменов Е.Б., Сүлейменов Т.Ж. Материалтану сөз тізбегінің

орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993. – 19 б.

19. Сүлеймен Е.Б. Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі. –

Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2005. – 35 б.



20. Травин О.В., Травина Н.Т. Материаловедение: Учебник для вузов. – М. : Металлургия, 1989. – 384 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет