Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған «Шығыс әдебиеті»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы _______ Ж.Т.Сарбалаев « » 2013 жыл
|
|
|
|
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығыныңстуденттеріне арналған
«Шығыс әдебиеті»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. « » № Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________Жүсіпов Н.Қ. 2013 ж. « »
(қолы) (аты-жөні)
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. « » № Хаттама
ОӘК төрағасы ___________Ксембаева С.К. 2013 ж. « »
(қолы) (аты-жөні)
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Шығыс әдебиеті»
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 2
Семестр: 4
Аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СОӨЖ – 22,5
Соның ішінде СӨЖ – 90
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 3 семестр
Пререквизиттер
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиттер
-
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Шығыс әдебиеті»
«Шығыс әдебиеті» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, шығыс ақындары шығармаларын талдау арқылы оларға шығыс әдебиетінің көркемдік-эстетикалық мәнін игерту.
Пәнді оқыту мақсаты:
Шығыс әдебиетінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.
Пәннің міндеттері:
- Шығыс әдебиетінің барлық жанрын саралау;
- поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу;
4 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
- шығыс өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін талдау;
- поэмаларының образдар жүйесін талдай білу бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№ р/с
|
Тақырып атауы
|
Сабақ түрлері бойынша дәрісханалық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
Практикалық
(семинар)
|
Барлығы
|
оның ішінде СОӨЖ
|
1
|
1-тақырып. Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.
|
3
|
3
|
10
|
2
|
2
|
Р.Тагор шығармашылығы.
|
3
|
1
|
10
|
2
|
3
|
Фирдоуси шығармашылығы. «Шахнаме» дастанының көркемдік ерекшелігі.
|
3
|
2
|
10
|
2
|
4
|
Омар Хайям шығармашылығындағы ой еркіндігі.
|
4
|
2
|
10
|
2
|
5
|
Муслихаддин Сағди
|
5
|
2
|
10
|
2
|
6
|
Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясының дарынды лиригі.
|
2
|
1
|
10
|
2
|
7
|
Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі.
|
2
|
1
|
10
|
2
|
8
|
Бабырдың әдеби мұрасы. «Бабыр-нама» дастанының әдеби-көркемдік сипаты.
|
2
|
1
|
10
|
2
|
9
|
Әбілхасан Рудаки
|
2
|
10
|
2,5
|
10
|
Насыр Хұсырау
|
2
|
1
|
|
2
|
11
|
Жәлаладдин Руми
|
2
|
1
|
|
2
|
|
Барлығы:135 (3 кредит)
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.
Жоспар:
1.Көне арабтардың сөз өнері. Араб әдебиеті туралы мәлімет, түсінік беру. Исламның дүниеге келуі және Құран. Мұхаммед (с.а.с.) – жаңа діннің негізін салушы. Құранның жасалу тарихы.
2. «Мың бір түн» ертегісінің жазылу тарихы, жанрлық ерекшеліктері, тілі мен стилін зерттеу, поэтикасы мен жариялану жайы.
Татардың көрнекті ғалымы Х.Миннегулов “Мың бір түнді” әрі жазба әдебиет, әрі ауыз әдебиеті ретінде қарастырады. Оның пікірінше бұл екі дәстүрдің байланысы кітаптың өзіндік ерекшелігі болып табылады [3, 73-б]. Біздің ойымызша, бұл – өте құнды пікір. Өйткені, “Мың бір түн” ертегілерін саралай келе, оның поэтикасында болсын, құрылымы мен жазылу стилінде болсын жазба әдебиетке тән ерекшеліктердің анық байқалатынына көз жеткізуге болады. Мың бір түнді” араб тілінен орыс тіліне алғаш аударушы М.А.Салье француз арабтанушысы Сильвестр де Сасидің “Мың бір түннің” парсылық тегіне мүлде қарсы пікірде болғандығын айтады. Ол “Мың бір түнді” мұсылмандық рухпен, араб әдет-ғұрыптарымен суарылғанын, болған оқиғалардың Бағдат, Дамаск, Мысыр сияқты араб жерлерінде өткенін баяндай отырып, оның тілі мен стилі қарапайым, кейінгі дәуірлердегі Сирия диалектісіне жақындығын, “Хезар әфсанадан” тек рамкасы мен сыртқы безендірілуін ғана алғандығын және оны сириялық бір адамның жазғандығын айтады.
2-тақырып Тагор шығармалары
Жоспар:
1. Әңгімелері
2. «Күйреу» романы
Үнді әдебиеті. Р. Тагор шығармашылығы. «Күйреу» романының көркемдік ерекшелігі туралы. Тагордың «Күйреу» романында бұрынғы ескі салт-дәстүрдің күйрегені туралы айтылады. Қыз бен жігіт үйленер алдында бір-бірін көрмейді. Романдағы Ромеш пен Хемнолини осындай кедергілерді жеңіп шығып, бақыттарына жетеді. Ромешке шатасып қосылған Камола өз күйеуін табады. С.Шаймерденов үнді жазушысы Тагордың «Күйреу» романын аударғанда былай депті: «Мен өзім оқыған классикалық әдебиетте әйел жанын дәл осы Тагорша терең түсініп, нәзік те, шебер суреттей білген жазушыны білмеймін» ,- дейді.
3-тақырып Фирдоуси
Жоспар:
1. «Шах-наме» дастаны
Әбілқасым Фирдауси (940-1020) — шығыс ақыны. “Шаһнама” дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:
-
мифологиялық аңыздар,
-
батырлық жырлар,
-
тарихи шежірелер.
Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Жүсіп Баласағұни “Құтадғу білік” дастанында (1069) “Шаһнаманың” түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы “Шаһнамамен” ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып шаһ Ғаббас” дастаны т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шаһнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударды. “Шаһнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады (“Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов, Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.[1]
4-тақырып Омар Хайям
Жоспар:
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. Өлеңдері
Омар Хайям өмірі мен шығармашылығы, оның әдеби мұрасына шолу, зерттеу.Рубайлары. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.
Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зерттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген.
5-тақырып Муслихаддин Сағди
Жоспар:
1. «Жәннат» дастаны
Сағди өмірі мен шығармашылығы. Оның ХІІІ-ХІҮ ғғ. Парсы тілді поэзиядағы философиялық-дидактикалық бағыттағы поэмаларының табиғаты.Он баптан тұратын «Жәннат» дастаны.Ондағы әділдік, қайырымдылық, ғашықтық, кішіпейілділік, таупық ету, қанағат, тәлім-тәрбие,шүкіршілік, тәубе мәселелері. Сағди Муслихаддин, яғни Муслихаддин Әбу Мұхаммед Абдоллах ибн-Мушрифаддин әйгілі Шираз шаһарында (1203-1210 ж.ш) құба төбел дәулеті ғана бар діндардың отбасында дүниеге келген. Сағдидың ақындық өнер мен ғылым жолына түсуіне әкесінің ықпалы мол болған.Бірақ Сағди он үш жасында әкеден айрылып, өмір талқысына ерте түседі. Шыңғысханның жорығына байланысты Сағди Отанын тастап, Бағдадқа келеді. Онда“Низамия”медресесіне түсіп, кейін“Мустансирияға”ауысып, соны оқып шығады. Аталмыш оқу орнында ислам дінінің негізі, құран және оған түсініктеме, медицина, филология, математика, тарих, зоология, логика, поэзия, тағы басқа пәндерді оқытатын. Сағди Бағдадтан құран мен хадистен, әсіресе араб поэзиясынан терең мағлұмат алып шықты. 30-жылдарда Меккеге барып, хажы атанады. 20 жылдай дәруіш болып, бүкіл мұсылман шығысын (Үндістанды, Хаджазды, Орта Азия мен Шығыс Түркістанды, Солтүстік Африканы) кезеді. Иерусалим құрамында крест тағушыларға қарсы соғыста тұтқынға түседі, кездейсоқ Алепоның саудагері оны сатып алып, өзінің қиқар мінезді қызына үйлендіреді. Одан Сағди қашып, Шамға келіп орнығады. 1257 жылы туған еліне оралып“Жәннат”дастанын жазды. Оны бітірісімен, 1258 жылы“Гүлстан”атты шығармасын жариялады. Екі шығармасын да ақын Шираздың билеушісі Әбу Бәкір ибн Сағдиге арнап, сыйға тартты.
6- тақырып Хафиз
Жоспар:
1. Өлеңдері
Хафиз өмірі мен шығармашылығы. Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясындағыдарынды лирик.Оның ғазалдары, рубайлары, таржибандтары, сақинамаданы.
Хафиз 1325-26 жылдары Ширазда дүниеге келіп, сол жерде 1389 жылы қайтыс болады. Оның балалық шағы өте ауыр болады. Жастай жетім қалып, көп қиындық көреді. Құранды толық жатқа білген. Шахнабат атты қызға ғашық болып өмір сүрген.Құранды жатқа оқығандықтан Хафиз атанады. Ғазалдары әлем әдебиетінің қорына,батыс әдебиетіне аударылып, үлкен құрметке бөленеді. Гете Хафизді қатты бағалап, оны өзін рухтандыратын күш-қуатты бауырым деп есептеп, атын әлемге жайғызған жанның бірі болады. Біздің заманда Хафизді жоғары бағалаған – Садриддин Айни .
7-тақырып Жәми
Жоспар:
1. Өмірбаяны
2. Өлеңдері
Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі. «Жеті дастан» даналық кітабының философиялық тұжырымдары.Оның поэзиясындағы ғашықнама, қасіретнама, рубайлар, фарды, мұрабба,ғибратнама үлгілері.Хорасанда 1414 жылы туған. Гератта 1492 жылы қайтыс болады. Ақын, философ, музыка зерттеушісі, филолог. Самарқант пен Герат қалаларында оқыған. Жүзден астам еңбек жазған, үш бірдей ғазалдар жинағы, жеті атақты дастан, философия, тіл саласында үлкен еңбектер жасаған. Науаиге ұстаз, пікірлес бауыр болған. Құранды жатқа біліп, оның Орта Азиядағы насихатшысы болған.
8-тақырып Бабыр
Жоспар:
1. Өмірбаяны
2. «Бабыр-наме»
Бабырдың әдеби мұрасы туралы түсінік. «Бабыр-наме» туындысының әлемдік маңызы. Ондағы оқиғалардың Үндістан, Кабул, Ферғана жерлерінде өтетіндігі. Тарихи тұлғалар. Захиредден Мұхамед Бабыр «Бабыр» есімінің парсы тілінен мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»[1]) –моғол және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы.[2]
1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уалаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы–Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері – бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар – бөле болып келеді.
Маураннахр
1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Қабылды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді.
Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.
Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған байланысты Самарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі өзбектер ханы–Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы Шайбаниге беріп қояды.
9-тақырып Рудаки
Жоспар:
1. Шығармалары
Әбілхасан Рудакидің қасидалары, ғазалдары, рубайлары,қыталары,егіз жолды өлеңдері, лирикасы. Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы–941, сонда) – тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы – адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты (1958, 1965, 1973)
10-тақырып Насыр Хосрау
Жоспар:
1. Өмірбаяны
Насыр Хосраудың ұялту мен мадақтау, мейірімділік пен жақсылық жайлы өлеңдері; қасидалары, фрагменттері, афоризмдері. Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази [1004, Кубадиян қыстағы, Балхы маңы – 1072(1088), Бадахшан] – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер. Жасынан сарай маңында қызмет етіп, философияны, математиканы оқыған. Ақындығымен көзге түскен, қасида, махаббат лирикаларын жазған. 1046 – 52 жылы қасына кіші інісін, қызметшісін алып, Египетке саяхат жасап, нәтижесінде “Сапарнама” кітабын жазып шықты. Оның әйгілі сапары Меккеден бастау алып, Иран, Араб, Африка елдерін қамтыды. Тілі жеңіл, мазмұны жинақы прозалық туынды “Сирия, Траполис және Бейрут”, “Мысыр қаласын суреттеу”, т.б. тараулардан тұрады. Саяхатшы қиын кедергілерден алғырлығы, шешендігі арқасында құтылып отырған. Саяхаттан оралған соң сарай маңындағылармен сыйыспай, туған жері Балхтан қуылып, өмірінің соңғы кезеңін Бадахшан (Памир) өңіріндегі Юмган қыстағында өткізген. Ол діни-философия трактаттарында (“Зад әл-Мусафирин”, “Хан әл-ихван”, “Ваджхи дин”), 12 мың бәйіттен тұратын “Ровшанайинаме” (“Білім туралы кітап”) поэмасында өзінің діни көзқарасын жан-жақты тұжырымдады. Ал қасида мен махаббат лирикаларында адалдық, достық, ғашықтықты жырлап, ақындық шеберлігін танытты, дидактика жанрын дамытуға зор үлес қосты. Әдебиеттер: Бертельс Е.Э., Насир-и Хосрав и исмаилизм, М., 1959; его же, Избр. тр., М., 1960; Күмісбаев Ө., Терең тамырлар, А., 1995.
11-тақырып Жәлаладдин Руми
Жоспар:
1. Шығармалары
Жәлаладдин Румидің мысалдары: «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайында арыз айтқан қария хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «нан сатушы мен дүкенге май төгіп алған тотықұс туралы», т.б. Жалаладдин Руми – ұстаз, ақын. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде ұлы ақынның сегіз жүз жылдығы тойланады. Осыған байланысты 2007 жыл Моулави Руми жылы деп жарияланды.
Моулави, Моулана деген атты Жалаладдин Румиге оның шәкірттері берген. Арабшадан аударғанда «моулави» менің ұстазым, «моулана» біздің ұстазымыз деген мағынаға ие. Моулави Руми ақындықтан бұрын ұстаз ретінде танымал. Кәдімгі ел ішінде, жиын-той, жамағат арасында уағыз айтып, жөн көрсетіп, жол сілтеп отыратын ел ағасы, ғұлама.
Ақынның әкесі Баһоаддин Валед те сондай ірі ұстаздың бірі еді. Моңғол шапқыншылығы тұсында өмір сүрген Моулавидің әкесі туған жері Бәлхтан кетуге ұйғарған. Бәлхтан шыққан жолда Нишапур қаласында Моулави Фаридаддин Аттарды кездестіреді. Аттар сонда жас Жалаладдинге өзінің «Асрарнама» кітабын сыйлап, батасын береді. Бәлхтан шы¬ғып, қажылық сапарын өтеген Баһоаддин Валед біраз уақыт Сирия жерінде тұрып, кейіннен Конияға келіп тұрақтап қалады.
Моулави Орта жастан асқан шағында Шәмс Тәбризимен жолығады, бұл оның өміріне де, шығармашылығына да ерекше із қалдырды. Тәбриздік Шәмсуддин Мұхаммад Ибн Әли Ибн Малекдод Моулавидің өмірін толығымен өзгерте алған жан. Жалаладдин Руми Шәмс Тәбризиді өзіне ұстаз тұтады.
Моулавидің өлеңдеріне қарағанда, Шәмс Тәбризи көрген түсті де біліп, оның себебі неден екенін айтып беретін сұңғыла болған екен.
Тәбриздік Шәмс – адам жанын зерттеуші, емдеуші, кез келген дертке дауа тапқан жан. Көпшілікке сөйлеген сөздері әдетте түсініксіздеу көрінетін Шәмс – Моулави үшін кемелдікке жеткен толық адамның нағыз өзі, идеал болды. Шәмсті Моулавидің өзіне ұстаз тұтқанын шәкірттері түсіне алмайды. Оларға өз ұстаздарының басқаны ұстаз тұтуы, ол аз болса, өзі белгісіз адамның алдында қызмет етіп жорғалап жүргенін көру ауыр тиеді. Көре алмаушылық пен күндеуге шыдамаған Шәмс бір рет кетіп қалады. Моулави шарқ ұрып іздеу салады. Димашық – Дамаскіде жүрген жерінен тауып алып, жалынғандай болып қайтарып алады.
Екінші кездесу де ұзаққа созылмайды. Өзі кетпейінше Моулавиге басқалардың тарапынан тыныштық болмайтынын сезген Шәмс бір түнде ешкімге айтпастан тағы да кетіп қалады. Бұл жолы Моулави қанша іздесе де оны таба алмайды. Бір деректер бойынша, Шәмсті кетуге мәжбүрлеген ақынның шәкірттері болса керек. Ал тағы да бір деректерде Моулавидің кенже ұлының Шәмстің түбіне жеткені айтылады. Қалай болғанда да, Моулави Шәмсті кездестірген соң, рухани түлеуге ұшырағаны анық. Моулави Шәмсті кездестірмей тұрғанда да өлең жазатын болған.
7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып Көне арабтардың сөз өнері. Исламның дүниеге келуі және Құран.«Мың бір түн» ертегілері. Стилі мен тілі.
Жоспар:
1. «Мың бір түн» ертегілері
Тапсырмалар:
1. «Өгіз бен есек», «Қызғаншақ туралы хикая», «Үш алма туралы хикая», «Қасқыр мен түлкі бикеш» ертегілерін талдау
2-тақырып Тагор
Жоспар:
1. «Күйреу» романы
Тапсырмалар:
1.Р.Тагордың әңгімелерін оқу . «Күйреу» романына идеялық-көркемдік талдау жасау. Камола, Ромеш, Нолинакха, Хемнолини бейнелеріне талдау жасау.
3 – тақырып Фирдоуси
Жоспар:
1. «Шах-наме» дастаны
Тапсырмалар:
1. Ә. Фирдоуси шығармашылығына шолу. 2. «Шахнаме» дастанының кейіпкерлеріне талдау жасау. Дастанның көркемдігіне талдау жасау.
4-тақырып Омар Хаям
Жоспар:
1. Рубайлары
Тапсырмалар:
Омар Һаямның философиялық, адамның мінез-құлқы туралы өлеңдеріне идеялық-көркемдік талдау жасау.
5-тақырып Сағди Муслихаддин
Жоспар:
1. «Жәннат» дастаны
Тапсырмалар:
Сағди өмірі мен шығармашылығы.Он баптан тұратын «Жәннат» дастаны.Ондағы әділдік, қайырымдылық, ғашықтық, кішіпейілділік, таупық ету, қанағат, тәлім-тәрбие,шүкіршілік, тәубе мәселелері.
6- тақырып Хафиз
Жоспар:
1. Өлеңдері
Тапсырмалар:
Хафиз өмірі мен шығармашылығы. Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясындағыдарынды лирик.Оның ғазалдары, рубайлары, таржибандтары, сақинамаданы.
7-тақырып Ә. Жәми
Жоспар:
1. Өлеңдері
Тапсырмалар:
Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі. «Жеті дастан» даналық кітабының философиялық тұжырымдары.Оның поэзиясындағы ғашықнама, қасіретнама, рубайлар, фарды, мұрабба,ғибратнама үлгілері.
8-тақырып Бабыр
Жоспар:
1. «Бабыр-наме»
Тапсырмалар:
Бабырдың әдеби мұрасы туралы түсінік. «Бабыр-наме» туындысының әлемдік маңызы. Ондағы оқиғалардың Үндістан, Кабул, Ферғана жерлерінде өтетіндігі. Тарихи тұлғалар.
9-тақырып Әбілхасан Рудаки
Жоспар:
1. Өлеңдері
Тапсырмалар:
Әбілхасан Рудакидің қасидалары, ғазалдары, рубайлары,қыталары,егіз жолды өлеңдері, лирикасы
10-тақырып Насыр Хосрау
Жоспар:
1. Өлеңдері
Тапсырмалар:
Насыр Хосраудың ұялту мен мадақтау, мейірімділік пен жақсылық жайлы өлеңдері; қасидалары, фрагменттері, афоризмдері.
11-тақырып
Жоспар:
1. Өлеңдері
Тапсырмалар:
Жәлаладдин Румидің мысалдары: «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайында арыз айтқан қария хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «нан сатушы мен дүкенге май төгіп алған тотықұс туралы», т.б.
8 СӨЖ тапсырмалары
Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. «Тоты-наме» жинағын оқу
2. А.Қыраубаеваның «Шығыс және қазақ әдебиеті байланысы» туралы зерттеуін оқу»
3. Омар Хаям рубайлары туралы зерттеулер
9 Реферат тақырыптары.
1. «Шах-наменің» көркемдігі
2. «Шах-наменің» зерттелуі
3. «Тотынаме» мен «Мың бір түн» ұқсастығы
4. «Мың бір түннің» тәрбиелік мәні
10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңестер
|
12.35
|
|
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
12.30
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңестер
|
|
|
15.50
|
|
|
|
4.
|
Реферат бойынша кеңестер
|
|
|
|
16.55
|
|
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
15.50
|
|
|
|
11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы
|
Қолданылатын әдебиет
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Бақылауды тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
«Тоты-наме» жинағын оқу
|
|
3 апта
|
Реферат-ты қорғау
|
3- апта
|
2
|
Тезис
|
А.Қыраубаеваның «Шығыс және қазақ әдебиеті байланысы» туралы зерттеуін оқу»
|
|
2 апта
|
Тезисті конспектілеп, қорғау
|
4- апта
|
3
|
Конспект
(күрделі түрі)
|
Омар Хаям рубайлары туралы зерттеулер
|
|
|
Күрделі конспект жазу
|
5-7 апта
|
4
|
Межелік бақылау
|
1,2 Модуль
|
|
|
Тест
|
8- апта
|
5
|
Эссе
|
«Шах-наменің» көркемдігі
|
|
2 апта
|
Эссе жазып, қорғау
|
7-9 апта
|
6
|
Баяндама,
Сөж тақырыптары
|
«Мың бір түннің» тәрбиелік мәні
|
|
7 апта
|
Қорғау
|
8-14-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
3,4 Модуль
|
|
|
коллоквиум
|
15- апта
|
12 Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.
Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.
Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
-
сабақты босату (себепсіз);
-
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
-
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі
-
Иран-тәжік поэзиясы.Астана, 2005
Қосымша әдебиет:
-
Р. Бердібаев. Гүлстанның бұлбұлдары. А., 1970
-
.Гончаров Л.Н. Р. Тагор – гуманист и просветитель. Сов. Педагогика. М., 1987
-
Винокуров Е. Философская лирика Тагора. М., 1976
-
Н. Ғабдуллин. Уақыт сыры. А., 1962
-
Ежелгі дәуір әдебиеті. (хрестоматия). А., 1991
-
Ә. Жәми. Өлеңдері мен дастандары. А., 1969
-
М. Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990
-
Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991
-
Краткая литературная энциклопедия. 2-том. 1966
-
Мүшайра. А., 1972
-
Низами. Ләйлі-Мәжнүн. А., 1954
-
Ә. Науаи. Таңдамалы шығармалары. А., 1998
-
Сөз зергері. А., 1966
-
Ә. Рудаки. Таңдамалы шығармалары. А., 1968
-
КСРО халықтары әдебиеті. А., 1976
-
М. Сағди. Жәннәт. А., 1984
-
Ө. Күмісбаев. Екі перне. А., 1991
-
Ш. Сәтпаева. Қазақ әдебиеті және Шығыс. А., 1992
-
Шығыс жұлдыздары. А., 1973
-
Ә. Фирдоуси. Кей Хосрау. А., 1972
-
Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.
-
Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.
-
«Авеста» ауд. Қ. Жұмалиев. «Мәдениет жнее тұрмыс». 1989. №4
-
Әлем халықтары әдебиеті. Энциклопедия. 2-том. 1971
-
Бердібаев Б. Кәусар бұлақ. А., 1989
-
Газетдинова Л.А. Поэзия ар-Рейхани. Вест. Ленинг. унив. 1985. 42-76
-
Жәмішев Ә. Хафиз ғазалдары. ауд. А., 1990
-
Н. Курганцев. «Шығыс лирикалары». 1-том, 7-том. А., 1984
-
Корпиенко В. Наследия и поиски нового. / о литературе арабских Ә. Қоңыратбаев. «Көне мәдениет жазбалары», А., 1991
-
Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аудармашы: Халифа Алтай. өңдеуші Дәлелхан Жаналтай. Міләди 1991 жылында басылды. Медине, Мұнаура Сауд Аравия. 1989
-
Мұхаммед Бабыр. «Бабыр-наме» ауд. Б. Қонабеков, А., «Жалын», «Мың бір түн» аудар. Қ. Әбдіқадыров. 4-том, А., 1954
-
стран. Иност. Лит. 1987-2, 215-2216
-
Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы. А., 1996
-
Хасенов Ә. Әбу Ғали ибн-Сина. А., 1983
-
Ысқақов Б. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. А., 1964
-
Ысқақов Б. Сөнбес жұлдыздар. А., 1989
Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақы- лау түрлері
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практика
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖ
|
Бар-лығы
|
3
|
135
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
22,5
|
емтихан
|
Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «__» __________
(қолы) (аты-жөні)
Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/33
|
5В020500 - «Қазақ филологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
«Абайтану» пәні
Оқу нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестр бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі
|
кре-дит-тер
|
академиялық сағат
|
кре
дит
тер
|
Аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
|
СӨЖ
(ак. сағат)
|
Бар-лығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ-а
|
КЖ-с
|
бар-
лығы
|
дәр
|
тәж
|
зерт
|
бар
лығы
|
ОСӨЖ
|
ЖОБ база-сындағы күндізгі
|
3
|
135
|
45
|
90
|
5
|
-
|
-
|
-
|
5
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
90
|
22,5
|
Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «____» 2013 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |