Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1


Дәріс №11 Тақырып Нарықтың фармацевтикалық түсінігі Мақсаты



бет13/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Дәріс №11 Тақырып Нарықтың фармацевтикалық түсінігі
Мақсаты:
Студенттерді нарықтың негізгі түрлерімен,нарық көлемімен және нарықтық потенциалмен таныстыру.
Дәріс жоспары
1.Нарықтың фармацевтикалық түсінігі
2.Нарықтың негізгі түрлері
3.Тұтынушылық нарық.


Дәріс тезистері:
Экономикалық әдебиеттер бойынша нарық дегеніміз қоғам дамуының объективті заңдылықтарына сәйкес жасалатын потенциалды алмасу процесінің аясы. Нарықтың қалыптасуы мен дамуы еңбекті қоғамдық бөлісуге, алмасу кезінде өндірушілер мен тұтынушылар арасында тәуелсіз әрекеттер жасауға тәуелді болады .
Алайда, маркетинг теориясында нарықтың мұндай абстрактілі анықтамасы қолданылмайды. Нарық нақты болу куерек және белгілі бір сипаттаушы параметрлері (мекен- жайы, өлшем көлемі) болу керек. Яғни ,нарық дегеніміз географиялық мекен – жайы, немесе сұранысты туғызатын қажеттіліктері бойынша біріктірілген тұтынушылар тобы.
Нарықтың негізгі түрлері.Белгілі бір тауарғак деген сұранысты анықтайтын қажеттіліктерге тәуелді нарықтың 5 түрін анықтауға болады:
тұтынушылық нарық
өндірушілер нарығы
делдалдық нарық
мемлекеттік мекемелер нарығы
халықаралық нарық

Тұтынушылық нарық (халық тұтынатын тауарлар нарығы) – жеке тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді тұтынатын жеке тұлғалар.
Өндірушілер нарығы (тағайындалуы өндірістік тауарлар нарығы) өндіріс кезінде қолдануға арналған тауарлар мен қызметтерді тұтынатын ұйымдар мен қәсіпорындар.
Делдал нарығы – белгілі бір табыс табу мақсатында тауарлар мен қызметтерді тұтынатын кәсіпорындар, ұйымдар және физикалық тұлғалар.
Мемлекеттік мекемелер нарығы - өз қызметтерін орындау мақсатында тауарлар мен қызметтерді тұтынатын мемлекеттік ұйымдар.
Халықаралық нарық – берілгенмемлекеттің шекарасынан тыс аймақта орналасқан; тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың барлық тобы, жеке физикалық тұлғалар, өндірушілер, мемлекеттік мекемелер және т. б.
Географиялық мекен- жайы бойынша біріктірілген тұтынушылар бойынша нарықты:
әлемдік нарық – бүкіл әлемнің елдері кіреді
аймақтық нарық – осы мемлекеттің куллі территориясын қамтиды
жергілікті нарық- елдің бір немесе бірнеше аудандарға кіреді.
Нарықта зерттеудің негізгі міндеті – оның көлемін анықтау.Нарықтың көлемі – берілген нарықта бір жыл бойына өткізілетін тауар көлемі.
Халықтың тұтынылатын тауарлар нарығының көлемін анықтау тұрғындардың ағымдық табысының деңгейін, жинақы қорлары, ағымдық бағалар деңгейін және т. б. тұтынушылық сұранысқа әсер ететін факторларды талдау керек.
Тағайындалуы өндірістік тауарлар нарығын анықтаған кезде халық щаруашылығы салаларының дамуының негізгі тенденцияларын және сәйкес инвестициялық жобалардың жүзеге асу мүмкіндігін анықтау қажет.
Нарықтық потенциал. Нарық көлемін қарастыратын кезде, міндетті түрде, нарықтық потенциалды да анықтау керек.
Нарықтық потенциал
Нарық көлемі
Ұйымның нарықтық позициялары.
Сатушы мен сатып алушының нарығы.
Тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы нарықтың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Сатушы нарығы. Сатушы нарығы кезінде барлық шарттарды сатушы анықтайдй. Бұл жағдай сұраныс ұсынысқа қарағанда басым болған кезде орын алады. Сату шынарығы кезінде сатушы маркетингті жүзеге асыру үшін қаражат жұмсамайды, оның тауарын онсыз да сатып алады.
Сатып алушы нарығы. Бұл кезде барлық шарттарды сатып алушы анықтайды. Бұл кезде сатушы өз тауарын өткізу үшін қосымша күш қаражат жұмсайды,маркетингті стимулдаушы факторларды кең қолданады.

Маркетингтің қызметі:
-сатып алушылардың сұраныстары мен қажетіліктерін толық анықтау
- тұтынушыға қажетті өнімдерді жасау, дайындау, қажетті орама мен қызметтерді түрін қолданып нарыққа шығару
- тұтынушы қабылдайтын, ал сатушыға белгілі бір пайда түсуін қамтамасыз ететін бағаны анықтау.
- тұтынушыға ыңғайлы уақыт пен мекен- жайға тауарды қажетті көлемінде жеткізу
-Тауарды жарнамалау, жеке сатылым, сауданы стимулдау, пікір мен ұйым туралыжағымды пікірді қалыптастыру арқылы тауардың өтімділігін қамтамасыз ету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет