Пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/14
Дата30.04.2024
өлшемі67.37 Kb.
#500179
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Силлабус ҚТЖ ЦТ 2


ПӘН СИЛЛАБУСЫ


1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Қазақстанның жаңа тарихы
Кредит саны – 5.
Курс, семестр, оқу жылы:2 курс, 4 семестр
2023/2024 оқу жылы.
Институт Тарих және құқық институты,
Кафедраакадемик Т.С. Садықов атындағы Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі:Ермұқанов Е.Н.,т.ғ.к.,доцент
Байланыс телефоны:87073702066 ;e-mai:ermukan_erkin@mail.ru
2.Бақылау түрі: жазбаша дәстүрлі.
Курстың саясаты:Жеңілдететін жағдайларда (ауру, төтенше жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) сындарлы сұрақтар, диалог, талқылауларға қатысу, жаттығулар мен кері байланыс құпталады, назарға алынады және бағаланады:

  • Әр сабаққа алдын ала, көрсетілген кесте бойынша, тақырыпқа сәйкес дайындалу керек.

  • Сабаққа кешікпеу және міндетті түрде қатысу;

  • Үй тапсырмасы пән кестесінде берілген;

  • Өзіндік жұмыстарды көрсетілген мерзімінде орындау және тапсыру.



Жиынтық бағалау: Сіздіңқорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,3 + емтихан 0,4
3. Курстың академиялық презентациясы:курс барысында студенттерді тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге үйрету. «Қазақстанның жаңа тарихы» пәнін оқытудың мақсаты:студенттерді тарих ғылымы мен білімі саласында Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша проблемалық білімін, мәселелері мен жетістіктерін қоғамда, білім салаларында, ғылыми зерттеулерде пайдалана білуді үйрету, пәннің ғылыми әдістерін меңгерту.Сонымен қатар, тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсетуде, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын жаңа көзқарас тұрғысынан ашу арқылы студенттерді патриоттық, ұлтжандылық және отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталады.Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
-Адамзаттың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде тану;
-Студенттердің өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарасын, тарихи үдерістердің көпөлшемділігі мен қарама-қайшылығы туралы диалектикалық түсінігін қалыптастыру;
- Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы ақпарат көздерінен алынған ақпаратты жан-жақты, сыни тұрғыдан талдай білу, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылықпен түсіну қабілетін дамыту;
-Білім алушылардың «Адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі пікірлері мен құндылық бағдарларын қалыптастырып, оларды гуманизм, демократия, отансүйгіштік, өзара түсіністік, бейбітшілік пен халықтар арасындағы ынтымақтастық мұраттарына сай тәрбиелеу;
-Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген қызығушылығы пен құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет