Пәнаралық байланыс арқылы химия пәні мұғалімі басқа пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқытудың оқу тәрбиелік міндетін аша түседі



Дата24.09.2024
өлшемі15.77 Kb.
#503950
түріДиплом
Диана пыкыр


Абай атындағы ҚазҰПУ- нің «6В01512- Химия-биология» мамандығының 4 курс күндізгі бөлімінің студенті Сайдахматова Диана Дилмуратовнаның орындаған «Пәнаралық байланыста (химия, биология) оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша жазған диплом жұмысына
СЫН ПІКІР
Пәнаралық байланыс арқылы химия пәні мұғалімі басқа пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқытудың оқу – тәрбиелік міндетін аша түседі. Пәнаралық байланыс – қазіргі заман талабына сай жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің маңызды саласы болып табылады. Бұл байланыс жаратылыстану пәндері мен қоғамдық - гуманитарлық пәндер арасындағы байланыстарды және оқушыларды сабаққа деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталады.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар білім алатын пәндердегі пәнаралық байланыстың қалыптасуы оқытудың тиімді технологиясын жобалаумен тығыз байланысты екені белгілі. Сол себепті, бұл үрдіс тиімді оқытудың проблемалық (мәселелік) принципіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру, мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі қазіргі кезде білім беру саласындағы пәнаралық байланыс маңызды мәселелер деп саналады.
Химияны биологиямен байланыстыра оқытқанда, сабақта өтілген материалдарды толықтырып, оқушылардың білімінің тереңдеуіне, әр саладағы білім қорларын жүйелі түрде игеруге көмектеседі және оқушылардың ой -өрісін кеңейтіп, диалектикалық – материалистік көзқарасын қалыптастырады.
Зерттеу жұмысында жалпы білім беретін мектептерде химия мен биология пәндерін оқыту жұмысында атқарылып жатқан істерге талдау жасай отырып, қазіргі химия мен биология пәндерін оқыту үрдісіндегі қайшылықтар негізінде байланыстыра отырып оқыту арқылы жеттілдірудің жолын іздестірудің керектігін байқады. Аталған қайшылықтар шешімін тапқан кезде оқушылардан химия мен биология пәндерінен алған білімдері негізінде байланыстыру арқылы мемлекеттік стандарт талаптарына сай белсенді оқу принципінің және бәсекеге қабілетті, өздігінен ойлап, тұжырым жасай алатын, өзгермелі өмір жағдайларында дұрыс шешім қабылдайтын маманның қалыптасуына жол ашады.
Оқыту үрдісін «оқушыларға терең білім беру» парадигмасынан «нақты өмірде нәтижелі іс-әрекеттер жасай алатын, меңгерген білімін тиісті жерде қолдана білетін жастарды дайындау» парадигмасына өту талаптарына сай, ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылып, дұрыс жолға қойылады. Зерттеу жұмысының құрылымы мен мазмұны ғылыми зерттеудің негізгі міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, пәнаралық байланыс мақсаты дидактикалық, психологиялық, әдіснамалық, физиологиялық талаптардан туындайды. Бұл өз кезегінде сабақтың тиімділігі мен пәрменділігінің артуына, дидактикалық принциптердің жүзеге асуына, оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына септігін тигізеді.
Сайдахматова Диана Дилмуратовна 6В01512-Химия-биология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алуға лайық деген қорытынды жасай отырып, жұмыстың қазіргі қоғам сұранысына сай екендігін ескере келе «Өте жақсы» - деген бағаға лайық деп есептеймін.
Сын пікір жазған,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті,химия кафедрасының
қауым. профессорының м.а., п.ғ.к. Куанышева Ж.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет