Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 2 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#134323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Теориялық мәлімет
«Термин» сөзі латын тілінен аударғанда, шек, шекара деген мағынаны білдіреді. Қоғам өміріндегі өзара қарым – қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрқашан өте жоғары бағалаумен бірге ондағы өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Қоғамдық құбылыстың бірі ретінде де тіл сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналады. Сонда тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да, қоғам дамуының белестері арқылы тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік алып отырамыз. Сөйтіп, қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.

Қоғам дамуы арқылы тіл де дамитны белгілі. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық саласына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріс, өзгеріске онша көне бермейтіні бар. Ал оның кейбір қатпарлары жаңалыққа иін беріп, жаңа мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге ыңғайлы болды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірі оның терминдік жүйесінің сарапталуы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі орта түрде дамыды десек, осылай дегізетін де терминологиялық лексика. Себебі қоғам дамуы әлеуметтік өміріне алуан – алуан жаңалық әкеледі. Ондай өзгерістер дүмпулер ең алдымен елдің сауатын ашып, білімін жетілдіреді, қоғам мүшелерінің өрісін биіктетіп, қоғамдық ой сана мен дүниетанымды кеңейте түседі. Сауаты ашылып, көзқарасы көрегендене бастаған жұртшылық біртіндеп ғылымды игеркге бет түзеп, техниканың құлағын ұстай басатйды.

Мәдениет пен өнерге құштарлық күшейіп, жаппай білім мен жарақтану кезеңі басталады.

4.Бақылау сұрақтары:


  1. «Термин» сөзінің анықтамасы

  2. Термин мен қоғам

  3. терминнің өзіне тән белгілері

  4. Терминнің қалыптасуында қоғамдағы өзгерістердің ықпалы

  5. Терминологиялық лексика

  6. Терминнің жасалу жолы



5. Тапсырмалары:

1. Алғашқы газеттердің тілі

2. Терминологияның зерттелу жайы

3. Сөздердің мағыналық түрлері

4. Жазу туралы түсінік

5. Алфавит түрлері

6.Терминологиялық сөздіктер

7. Сөздіктің мәні



Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:


1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5. М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.



  1. Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

  2. Ғ.Мұсабаев. Современный казахском язык, А., 1974.

  3. І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

  4. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, А., 1972.

  5. Э. Севортян. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, М., 1974

  6. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, М., 1974

  7. Көне түркі сөздігі, А., 1969

  8. Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз екі сөз, А., 1989

  9. Ә.Әбдірахманов. Этимология және топономика, А., 1976

  10. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, А., 1992

  11. Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы, А., 1992

Көмекші:


1.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, А., 1962.

2.А.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі, А., 1976.

3.Д.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.


  1. Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1969.

  2. Ә.Ермаков. Сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы, А., 1967

  3. С.Исаев. Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1991


5 – сабақ. 3-апта.
1. Қазақ фразеологизміндегі синонимдер мен варианттылықтың ерекшелігі

2. Сабақ түрі:Конспект.

3. Конспект сұрақтары:

  1. Сөз түрлері

2. Синонимнің ерекшелігі

3. Синонимдіктің белгілері

4. Синонимдер – сөз байлығы

5. Сөз варианттары

6. Варианттылықтың шарттары

7. Араб – парсы тілінен енген сөздер

8. Синоним-сөз байлығы

9. Синонимдік қатарлар

10.Әңгімелесу

Теориялық мәлімет
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама – қарсы тұрған лексика – семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз табын білдірсе, синонимдер керісінше ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері түрліше болып келеді. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздердің сан мөлшері түрліше болып келеді. Қазақ тілінде омонимдік қатарларға еген сөздің саны негізінде 4-5 аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздің саны кейде қырықтан да асып жығылады.

Синонимдер мынандай белгілеріне қарай топтастырылады:

1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.

2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет

3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиісті

Бұл үш белгі – сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен бірге бір сөз табынан болған синонимдер біріңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады.

Тілдегі синонимдер мағыналық жағынан болсын, тұлғалық жағынан да әрқайсысының өзіндік дербестігі бар жеке – жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әр түрлі варианттарымен шатыстыруға болмайды.

Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары дейміз: риза – разы – ырза, дәнеме – дәнеңе, ештеме – ештеңе, әжім –ажым, әжуа – ажуа, үлгіру – үлгеру, суару – суғару, түгелдеу – түгендеу т.б. Осы тәріздес фонетикалық варианттар бір сөздің дыбысьық жағынан түрленуі деп есептеледі. Бұл сияқты түрлену сөздің лексикалық мағынасын өзгертуге пәлендей себеп бола алмады. Сондықтан да бұлар әр басқа сөз емес, неше вариант болса да, бір сөз ретінде танылады. Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады:

1. Сөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық боуы қажет

2. Лексика – семантикалық жалпылығы сақталу керек

3. Дыбыстық өзгешелігі лексика – семантикалық өзгеріс тудырмауға тиіс

Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі не одан да көп вариантта айтылады да, жүре – жүре сол варианттардың әрқайсысы әр түрлі мағына ашып, бір – бірінен бөлініп, өз алдына сөз болып кетеді: әл – хал, қисап – есеп, қарекет - әрекет, ғылым –ілім т.б.

4.Бақылау сұрақтары:


  1. Сөз түрлері

2. Синонимнің ерекшелігі

3. Синонимдіктің белгілері

4. Синонимдер – сөз байлығы

5. Сөз варианттары

6. Варианттылықтың шарттары

7. Араб – парсы тілінен енген сөздер


5.Тапсырмалары:

1.Сөздің мағыналық топтарына ажырату, прозалық шығармалардан синонимдерді табу, «Абай жолы» романындағы синонимдерді табу, «Аққан жұлдыз» романындағы синонимдерді табу.



Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5. М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.

7Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

8.І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

9.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, А., 1972.

10.Э. Севортян. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, М., 1974

11.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, М., 1974



Көмекші:

1.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, А., 1962.

2.А.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі, А., 1976.

3.Д.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.

4.Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1969.
6 – сабақ.
1. Тұрақты тіркестер құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздер

2.Сабақ түрі:Әңгімелесу.

3.Әңгімелесудің сұрақтары:

Фразеологизмдер туралы түсінік

2. Фразеологимдердің түрлері

3. Фразеологиялық синонимдер

4. Тұрақты тіркес бірліктері

5. Фразеология және мақал – мәтелдер

6. Көнерген сөздер

7.Тұрақты тіркестің түрлері

8.Идиома

9.Еркін теркес



Теориялық мәлімет
Фразеологизмдердің өзіндік бір белгісі мағына тұтастығы. Фразеологизм бітімінің бәрінде де белгілі бір мешікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица ретінде көрінеді: кір жуып, кіндік кескен жер (туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (састырды), инемен құдық қазғандай (бейнеті көп), шаш етектен (мол), аттың жалы, қолында (асығыста) дегендердің бәрі де құрылсы жағынан түрлі – түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лекикалық мағынаны білдіреді.

Тұрақты сөз тіркестерінің құрамында кейде көне сөздер де кездеседі. Тұрақты сөз тіркестерінің өзі де талай ғасырлардың жемісі болғандықтан онда көнерген сөздердің болуы табиғи заңдылық болып есептеледі

.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Фразеологизмдер туралы түсінік

2. Фразеологимдердің түрлері

3. Фразеологиялық синонимдер

4. Тұрақты тіркес бірліктері

5. Фразеология және мақал – мәтелдер

6. Көнерген сөздер

3апсырмалары:


  1. Тұрақты тіркес туралы түсінік

2. Көнерген сөздердің табиғаты

3. Көнерген сөздері бар тұрақты тіркестерді талдау

4. Тестке жауап беру (20 -30)

5. Сұрақ – жауап



Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5. М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.

7Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

8.І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

9.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, А., 1972.

10.Э. Севортян. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, М., 1974

11.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, М., 1974



Көмекші:

1.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, А., 1962.

2.А.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі, А., 1976.

3.Д.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.

4.Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1969.

7– сабақ. 4-апта

1. Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер

2.Сабақ түрі:Сұрақ-жауап

3.Сұрақтар:


  1. Тарихи романға түсінік

  2. Тарихи романдардың көркемдігі

  3. Синоним туралы түсінік

  4. Синонимдік қатар

  5. Доминант сөздер

  6. Доминант сөздердің қызметі

  7. Синонимдер – тіл байлығы

  8. Басқа тілден еген сөздер

  9. Сөздің мағыналық түрлері

Теориялық мәлімет
Қай тілде болмасын, синонимдердің көптігі тіл байлығының бір белгісі болып есептеледі. Синоним болып жұмсалатын сөздердің мағынасы бір – біріне жақын, жуық болып келеді. Синонимдер тарихи романдарда да елеулі орын алады. Тарихи романдарда тілдің қаймағы бұзылмаған кезеңдерінің оқиғалары суреттелетін болғандықтан, онда кірме сөздер аса көп болмайды. Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп айтайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. І. Есенберлин, Ә. Әлімжанов, Ә.Кекілбаев т.б. тарихи романдарында синонимдік қатарлар (синонимдер) молынан кездеседі. Олардың тарихи шығармаларда қолданылу ерекшелігін анықтау – келешектің міндеті.

Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап ғана ажыратуға болады. Әр синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезеңде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізінде синонимдік қатарға топтастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағындырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас – тамақ- дәм – тағам – ауқат дегендер адам баласының жейтін қоректік затты білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір – бірінен ажырамайтын өзгешеліктерін саралау екінші кезеңдегі істелетін жұмыс.


4.Бақылау сұрақтары:

  1. Тарихи романға түсінік

  2. Тарихи романдардың көркемдігі

  3. Синоним туралы түсінік

  4. Синонимдік қатар

  5. Доминант сөздер

  6. Доминант сөздердің қызметі

  7. Синонимдер – тіл байлығы

  8. Басқа тілден еген сөздер

  9. Сөздің мағыналық түрлері



5.Тапсырмалары:

  1. Синонимдер туралы ғылыми еңбектерге шолу

  2. Синонимдік сөздіктің құрылысы

  3. Көркем шығармадан терілген синонимдерге талдау

  4. Рефератты талдау

  5. Синонимдік қатарға түсінік беру


Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5. М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.

7.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

8.І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

9.Ә.Әбдірахманов. Этимология және топономика, А., 1976



Көмекші:

1.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, А., 1962.

2.А.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі, А., 1976.

3.Д.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.

4.Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1969.

5.Ә.Ермаков. Сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы, А., 1967

6.С.Исаев. Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1999
8 – сабақ.4-апта
1. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы фразеологизмдерді қолдану ерекшеліктері.

2. Сабақ түрі:Сұрақ-жауап.

3.Сұрақтар:


  1. Фразеологизм туралы түсінік

  2. Фразеологизмның шарттары

  3. Фразеологизм түрлері

  4. М. Әуезовке тән сөз қолданыс

  5. «Абай жолында» табиғатпен байланысты фразеологизмдер

  6. Фразеологизм туралы түсінік

  7. Фразеологизмның шарттары

  8. Фразеологизм түрлері

  9. М. Әуезовке тән сөз қолданыс

  10. «Абай жолында» табиғатпен байланысты фразеологизмдер

Теориялық мәлімет
Қазақ тілінде фразеологизмдер жан – жақты зерттеліп біткен деп айта алмаймыз. Соңғы жылдарға дейін фразеологияны жеке пән ретінде арнай зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 30-40 жылда түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептеуір зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді. Мұнда академик І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қоыслған елеулі үлес деп қарауға болады (Рахматуллаев Ш., Некоторые вопросы узбекской фразеологий. Т., 1966, Бабаев К., Туркмен дилинде идиомалар, Ашх., 1952, Ахатов Г. Х.. Фразеологические выражения в татарскомязыке, КД, Казань, 1954, Юсупова Р. Устойчивые глагольные сочетания в турецком языке, М., 1975 т.б.).

М. Әуезовтің «Абай жолындағы» фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері туралы Е. Бектұрғановтың кандидаттық диссертациясын атап айтуға болады. Автордың көрсетуінше, бұл шығармада фразеологизмдердің мол екндігі айтылады: «Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет», «Көзге қамшы тигендей» т.б.

Ұлы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы көптеген сөйлемдердің өзі фразеологизмдерге айналып кеткендей. Фразеологизмдерді ұтымды пайдпалану жазушының сөз қолдану шеберлігіне байланысты екендігін ескерсек, М. әузов бұл жағынан әлемге үлгі болатын тұлға екен дау тудырмайды. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов тілдік материалдарды өз шығармасында шебер қолдана білгендігін бүкіл әлем мойындайды. Оның ішінде фразеологизмдердің орны ерекше екендігін тек «Абай жолы» эпопеясы ғана емес, басқа шығармаларынан да байқауға болады.

4.Тапсырмалары:


  1. Фразеология туралы түсінік?

  2. Фразеологияның түрлері

  3. Еркін фразеология

  4. Тұрақты тіркес

  5. М.Әуезов ендірген фразеологизмдер

  6. Идиомалық фразеологизмдер

  7. Фразелогизмдердің зерттелу жайы

  8. Тұрақты тіркестардің түрлері

  9. Көнерген сөздер араласқан фразеологизмдер


Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5.М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.

7.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

8. Ғ.Мұсабаев. Современный казахском язык, А., 1974.

9.І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

10.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, А., 1972.

11.Э. Севортян. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, М., 1974

12.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, М., 1974

13.Көне түркі сөздігі, А., 1969

14.Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз екі сөз, А., 1989

15.Ә.Әбдірахманов. Этимология және топономика, А., 1976

16.А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, А., 1992

17.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы, А., 1992


Көмекші:

1.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, А., 1962.

2.А.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі, А., 1976.

3.Д.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1974.

4.Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі, А., 1969.

5.Ә.Ермаков. Сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы, А., 1967

6.С.Исаев. Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, А., 1991

9 – сабақ. 5-апта
1. Тұрмыстық лексикаға байланысты араб тілінен енген сөздер.

2. Сабақ түрі:Конспект

3. Конспект сұрақтары

Теориялық мәлімет
Лексикалық баю жолдарының бірі өзінде жоқ сөздерді басқа тілдерден алу болып есептеледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда лекика саласы өзгеруге бейім келеді. Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырдың алғашқы кезеңінен басталды. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық жағынан да, қазақ тілінде игерілуі жағынан да әр түрлі дәрежеде.

Араб – парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенмен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп, жаңа жасауға ұйтқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады: аса, абырой, ар, дүние, аспан, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос т.б. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған. Мәселен, ас (аш) деген сөз парсы тілінен ауысқанымен, өте ерте заманнан бері тілімізде өмір сүріп келе жатқандығын дәлелдейтін мынадай толып жатқан мақал – мәтелдер бар: ас – адамның – арқауы; ас жүрген жерде дерт жүрмейді; ас иесімен тәті; таспен ұрғанды аспен ұр; тас – тасты жібіткен ас; ерді қорласаң – састрар, асты қорласаң – құстырар т.б. Ас сөзінің жаңа сөз тудыруға қабілеттілігін лексика – синтаксистік сөз тудыру жолымен жасалған: ас бұршақ, ас жаулық, ас қазан, ас болу, ас беру, ас ішу т.б. күрделі сөздер дәлелдейді. Бұл сөздің жалпыхалықтық мәні мен түсініктілігі күнделікті қарым – қатынастағы қолданысынан, жиі айтылуынан айқын көрінеді.

Бақыт, бақ деген сөздер араб тілінде бір ғана тұлғада (бахт) айтылса, біздің тілімізге келіп, екі түрлі мәндес сөз болып, қалыптасқан. Бұл сөздің де қазақ тіліне ертеден кіріп, сіңіскендігін көптеген мақал – мәтелдерден көруге болады. Мысалы: мақал – сөздің атасы, татулық – табылмас бақыт; ар жігіт бақттық қонғанын білмейді, ұшқанын біледі; бақыт кілті – еңбекте т.б. Бақыт деген сөз көп замандар бойына халыққа әбден танылып, ең өажетті сөзге айналды. Соның нәтижесінде бұл сөз мақал – мәтелдер жасауға тірек болып қойған жоқ, бірсыпыра туынды сөздер мен күрделі сөздер жасауға да ұйытқы болып келеді: бақыт деген сөзден бақытты, бақытсыз, бақыттылық, бақытсыздық тәрізді жеке сөздермен қатар бақыт қону, бақыт жану, бақыт құсы, бақыт кілті, бақ құмар, бақ талас, басынан бағы таю, бақ құмар, бақ талас, басынан бағы таю, бақ таластыру, бағын байлау, бағынан көру, бағын сынау, бақпен асу сияқты күрделі сөздер мен фразалық тіркестерде туып қалыптасқан.

1.Бақылау сұрақтары:


  1. Лексика туралы түсінік

  2. Лексиканың баю жолдары

  3. Араб тілінен енген сөздер

  4. парсы тілінен енген сөздер

  5. Туынды сөз жасйтын араб сөздері

  6. Парсы тілінен енген туынды сөз жасайтын сөздер

  7. Араб тілінен енген сөздер арқылы жасалған күрделі сөздер


5.Тапсырмалары:

Сөздің мағыналық топтарына ажырату, прозалық шығармалардан синонимдерді табу, «Абай жолы» романындағы синонимдерді табу, «Аққан жұлдыз» романындағы синонимдерді табу


Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1975.

2.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1975

3.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі, А., 1992.

4.М.Қараев. Қазақ тілі, А., 1993.

5.М.Серғалиев, Ш.Бектұров. Қазақ тілі, А., 1991.

6.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, А., 1984.

7.Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967.

8. Ғ.Мұсабаев. Современный казахском язык, А., 1974.

9.І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977

10.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы, А., 1972.

11.Э. Севортян. Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі, М., 1974

12.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, М., 1974

13.Көне түркі сөздігі, А., 1969

14.Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз екі сөз, А., 1989

15.Ә.Әбдірахманов. Этимология және топономика, А., 1976

16.А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, А., 1992

17.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы, А., 1992




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет