Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
«Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» пәні бойынша
5В030100, 050301 Құқықтану мамандықтарының күндізгі және сырттай бөлімі студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық факультетінің деканы
_______________ А. А. Акишев
«____»_______________2012 ж.
Құрастырушы: с.ғ.к., доцент ________ Бегимтаев А.И.
Құқықтану кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі пәнінен
050301 - «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Бағдарлама «____»____________ 20__ ж.
бекітілген жұмыс бағдарлдамасы негізінде құрастырылған
Құқықтану кафедрасының отырысында мақұлданған Хаттама №____
«___» ________ 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі_______________ Г. Б. Ахмеджанова «___»________2012 ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Хаттама № ___ «____»_________2012 ж.
ОӘК төрағасы ________________ Ш.К. Сулейменова 2012 ж. «__»_____
© Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Оқытушылар жөнінде мәлімет
Бегимтаев А.И. – Құқықтану кафедрасының с.ғ.к., доцент (дәріс, тәжірибе, СӨЖ).
Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-77, қосымша 1168.
2 Пән бойынша ақпарат
Пән 8 семестрде 3 апталық мерзімде оқытылады.
Пәннің жалпы жүктемесі 135 сағатты құрайды. Соның ішінде 18 сағаты аудиториялық сабақтарға (12 сағаты дәріс сабақтарына ижәне 6 сағаты – тәжірибелік сабақтарға), 117 сағаты – студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген.
Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кред.
саны
|
Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша байланыс сағаттарының көлемі
|
Студенттің өздік жұмысына бөлінген сағаттар саны
|
Бақылау нысаны
|
барлығы
|
дәріс
|
тәж
|
зерт
|
студ
|
жеке
|
барлығы
|
ОСӨЖ
|
8
|
3
|
18
|
12
|
6
|
-
|
-
|
-
|
117
|
9
|
емтихан
|
Барлығы
|
|
135
|
|
4 Пәннің мақсаты мен міндеттері
4.1 «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» пәнінің мақсаты :
Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы қоғамдық қатынастардың тұрақтылығымен, тұлғалардың мүдделерінің қорғалуымен байланысты, қоғам мен мемлекет барлық құқық қорғау органдары, әсіресе ішкі істер органдары қызметінің тиімді дамуын талап етіп отыр.
Ішкі істер органдарына жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындауда әкімшілік-құқықтық құралдармен жүзеге асырылатын әкімшілік қызмет маңызды рөл атқарады.Бұл қызмет тікелей тұлғалардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға, құқықбұзушылықтармен күресуге бағытталған.Оның тиімді дамуынан құқықтық тәртіптің жағдайы байланысты.
«Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының пәні басқа да пәндер сияқты, оның шеңберінде қарастырылатын сұрақтар мен мәселелермен анықталады.Осындай жалпы белгілеумен оның пәні анықталады.
Оның ішіне ең алдымен құқық қорғау қызметін атқаратын мемлекеттік органдар, олардың ішінде басты орынды, әрине, ішкі істер органдарының құрылу тәртібі, оның құрылымы, өзара байланысы мен бағыныстылығы, басты функциялар, әкімшілік қызметтің бағыттары мен міндеттері, бір-бірімен және мемлекеттік механизммен байланысы жатады.
Пәнді оқу мақсаты ішкі істер органдары әкімшілік қызметінің міндеттері мен маңызды бағыттары, ұйымдастырылу негіздерін, мемлекеттің басқа органдармен байланысын оқу болып табылады.
Пәннің міндеттері
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған функциялары бар сот, прокуратура органдары, алдын ала тергеу, әділет, адвокатура және өзге ұйымдары туралы заңгер-студенттерге нақты дерек беру.
5 Берілген тақырыпты меңгеріп алғаннан кейін студенттер міндетті:
түсінік болуы қажет:
-
Ішкі істер органдары әкімшілік қызметінің мазмұны мен түсінігін сипаттаумен байланысты кейбір жалпы сұрақтар туралы;
-
Біздің мемлекетке құқықтық сипатты беруге бағытталған ойларды жүзеге асыруда сотәділдігі мен соттың басқа да қызметтерінің рөлі туралы;
-
Бұл қызметті орындауға бағытталған мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың шеңбері туралы;
-
Ішкі істер органдарының құрылымы, бір-бірімен және басқа органдарымен байланысы негізіндегі идеялар туралы;
-
Ішкі істер органдары әкімшілік қызметінің мазмұны мен нысаны туралы.
білуі қажет:
-
Ішкі істер органдары әкімшілік қызметінің функциясы мен ұйымдастырылуының заңдылығын;
-
Әкімшілік жауапкершілікті тиісінше әрекеттерге қолданудың негізгі ережелерін.
дағдылану:
-
Ішкі істер органдары әкімшілік қызметінің негізін бағалауды, сипаттауды;
-
Құқық қорғау органдарының жүйесінде, құрылымында дағдылану, бұл органдардың әкімшілік қызметінде нормативтік актілерді қолдануды білу.
6 Пререквизиттер
Берілген пәнді меңгеру үшін келесі пәндер бойынша алынған білім, біліктілік және тәжірибе қажет:
- мемлекет және құқық теориясы;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы;
- мамандыққа кіріспе;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.
7 Постреквизиттер
ҚР қылмыстық құқығы
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы
ҚР салық құқығы
ҚР қаржы құқығы
ҚР кеден құқығы
8 Тақырыптық жоспар
«Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» пәнінің тақырыптық жоспары Жалпы орта білім базасындағы сырттай 050301 Құқықтану
№
|
Тақырыптыңаталуы
|
Сабақтардың түрлері бойынша
сағаттар саны
|
дәріс
|
тәж.
|
СӨЖ
|
1
|
Құқық қорғау қызметінің түсінігі, оның белгілері. Құқық қорғау органдары туралы заңнама.
|
1
|
0,5
|
8
|
2
|
Сотәділдігі түсінігі және оның айрықша белгілері. Сотәділдігінің қағидалары.Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
|
1
|
0,5
|
8
|
3
|
«ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының мазмұны
|
1
|
0,5
|
8
|
4
|
Ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы
|
1
|
0,5
|
8
|
5
|
Полицияның құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы
|
1
|
0,5
|
8
|
6
|
Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің нысаны мен мазмұны
|
1
|
0,5
|
8
|
7
|
Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің әдістері
|
1
|
0,5
|
8
|
8
|
Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолдануы
|
1
|
0,5
|
8
|
9
|
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі бақылау мен қадағалау
|
1
|
0,5
|
8
|
10
|
Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік-юрисдикциялық қызметі
|
0,5
|
0,5
|
8
|
11
|
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету
|
0,5
|
0,5
|
8
|
12
|
Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі
|
0,5
|
0,5
|
8
|
13
|
Қоғамдық тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке, кәсіпкерлік қызметке нұқсан келтіретін әкімшілік құқықбұзушылықтарды ішкі істер органдарымен болдыртпау мен ескерту
|
0,5
|
|
7
|
14
|
Ішкі істер органдары қызметі мен аппаратының әкімшілік қызметінің салалық түрлері
|
0,5
|
|
7
|
15
|
Ерекше жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету
|
0,5
|
|
7
|
ВСЕГО
|
12
|
6
|
117
|
135
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б)
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер
10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының тізімі және мазмұны
-
тақырып. Құқық қорғау қызметінің түсінігі, оның белгілері. Құқық қорғау органдары туралы заңнама
Құқық қорғау қызметінің түсінігі. Сот және құқық қорғау органдарының түсінігі және жалпы сипаттамасы, олардың мемлекет механизімінде алатын орны.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің міндеттері. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің белгілері.
Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары (функциялары) және оны жүзеге асыратын органдардың жалпы сипаттамасы.Прокуратура органдары.Прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының әділет органдары және кеңселері.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті. Қазақстан Республикасының салық және кеден қызметтерінің органдары.
Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді саралау және жалпы сипаттамасы.
Құқық қорғау органдары қызметтерінің құқықтық актілерін олардың мазмұндары бойынша саралау (жалпы сипаттамасы; сот билігі, соттардағы сотәділдігі; сот және әділет органдардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; прокурорлық қадағалау және прокуратура органдары; құқықтық көмек және оның ұйымдастырылуы бойынша).
Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді олардың құқықтық мағына бойынша саралау .
-
тақырып. Сотәділдігі түсінігі және оның айрықша белгілері. Сотәділдігінің қағидалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сотәділдігі түсінігі. Сотәділдігінің міндеттері. Сотәділдігінің белгілері және оның айрықша қасиеті.
Сотәділдігі қағидалары – мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде оның маңызды жақтарын көрсететін жағдай.
Сотәділдігінің түсінігі, мағынасы және жүйесі. Сотәділдігінің демократиялық қағидасының түсінігі. Сотәділдігін тек соттың жүзеге асыруы.
Сот билігінің түсінігі, функциялары, белгілері. Сот жүйесі түсінігі. Сот жүйесін қамтамасыз ететін қағидалар. Сот сатыларының жүйесі.
ҚР Жоғары соты – сот билігінің жоғарғы органы. Қазақстан Республикасының Жоғары сотының органдары. Жоғары соттың пленумы, оның құзыреті және функциялары. Жоғары соттың президиумы, оның құзыреті және функциялары. Жоғары Сот кеңесі, оның құзыреті және функциялары.
Областық және оған теңестірілген соттар. Аудандық (қалалық) сот –сот жүйесінің басты тармағы. Аудандық соттың құрамы және оның құзыреті.
Әскери соттар. Әскери соттардың ҚР сот жүйесіндегі орны. Әскери соттардың жүйесі.
3-тақырып. «ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының мазмұны
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің түсінігі, белгілері, және мазмұны. Әкімшілік қызметтің ішкі істер органдары қызметтерінің басқа түрлерінен айырмашылығы.
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің түрлері.
«Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының пәні, тапсырмалары және жүйесі.
Берілген пәннің басқа жалпы кәсіби құқықтық және арнайы пәндермен ара қатынасы.
4-тақырып. Ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы
Ішкі істер органдарының жүйесі. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі (ҚР ІІМ). Қазақстан Республикасының ІІМ орталық аппараттың құрылымы.
Қазақстан Республикасының ІІМ-нің бөлімшелерінің және ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасының субъектілері бойынша ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
Аудан, қала бойынша ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
5-тақырып. Полицияның құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы
Полицияның әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Полиция түсінігі. Полицияның міндеттері. Полиция қызметінің қағидалары.Полиция қызметін құқықтық реттеу. Полиция қызметінің негізгі бағыттары. Полицияның қылмыстық процессуалды қызметі. Полицияның міндеттері және құқықтары.
Қазақстан Республикасындағы полицияның ұйымдастырылуы. Полицияның ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын негізгі факторлар. Полицияның криминалды және қоғамдық санаттарға бөлінуі.Көлік полициясы. Полицияны басқаруда ішкі істер органдары басшыларының қызметінің негізгі бағыттары.
Полиция аппаратының, қызметінің және бөлімшелерінің жүйесі және түрлері.
Криминалды полицияның іздестіру функциясы. Полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің бағыттары. Полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің бөлімшелерінің түрлері. Учаскелік инспектор – полициядағы ең негізгі тұлғалардың бірі. Полицияның патрульді-бекет қызметі.
6-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің нысаны мен мазмұны
Полицияның әкімшілік қызметінің мазмұны мен түрлері.Полиция функциялары. Ішкі ұйымдастырылған әкімшілік полициясы.Полицияның сыртқы әкімшілік функциялары.Полицияның жалпы, арнайы және қамтамасыз ету функциялары.
Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің түрлері. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің түсінігі мен түрлері. Басқару қызметінің құқықтық қасиеттері бойынша түрлерін саралау.
Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметі нысанының сипаттамасы.Құқықтық нысаны. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің құқықтық емес нысандары.
7-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің әдістері
Полицияның әкімшілік қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері. Полицияның әкімшілік қызметінің әдістерін саралау.Әкімшілік қадағалау, тура әкімшілік мәжбүрлеу шарасын қолдану, полиция тарапынан көмек, полициялық рұқсатты беру, мемлекеттік тіркеу, лицензиялау.
Сендіру түсінігі мен түрлері полицияның әкімшілік қызметінде қолданылуы.Сендіру әдісінің мақсаттары.Сендіру нысандары.
Полициямен қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен оны саралау.Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілер.Әкімшілік мәжбүрлеу шарасын қолдану негіздері.
Полициямен қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану себептері.
Полициямен қолданылатын әкімшілік бұлтартпау шаралары. Әкімшілік бұлтартпау шараларының жалпы (қарапайым) және арнайы (ерекше) түрлері.
Полициямен қолданылатын әкімшілік-процессуалды шаралар. Іс бойынша өндірісте міндетті тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ететін шаралар. Айғақтарды алуға бағытталған шаралар.Іс бойынша шығарылған шешімді орындауды қамтамасыз ететін шаралар.
8-тақырып. Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолдануы
Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолданудың құқықтық негіздері. Күш көрсетудің түсінігі және оны қолдану.
Полиция қызметкерлерінің табельдік қаруды және арнайы құралдарды сақтау және өзімен бірге алып жүру құқығы. Полиция қызметкерлерінің спорттық және аңшылық қаруларды иелену, сақтау және өзімен бірге алып жүру құқығы.
Полиция қызметкерлерінің қызметтік бабымен және жедел-іздестіру қызметін орындауда табельдік оқ қаруын өзімен бірге алып жүру тәртібі.
Арнайы құралдарды қолдану негіздері.Полиция қызметкерлерімен көлік құралдарын тоқтату негіздері.
Полиция қызметкерлерімен оқ қаруын қолдану негізі мен түсінігі.Оқ қаруын қолдануға тыйым салу.
Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолданудың тәртібі.
Полиция қызметкерлерінің күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын құқықтық емес жағдайларда қолданғаны үшін жауапкершілік.
9-тақырып. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі бақылау мен қадағалау
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі «бақылау» мен «қадағалау» түсінігі және олардың ара қатынасы. Ішкі істер органдарымен жүргізілетін бақылау және өзге де қадағалау шараларын реттейтін заңдар.
Қадағалау ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің әдісі ретінде. Полицияның әкімшілік қадағалаудың түсінігі, түрлері мен әдістері.
Полицияның жалпы қадағалау құзыреті және оның қадағалау саласы.Әкімшілік қадағалаудың әдістері.
Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға қатысты ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалаудың институты.
Ішкі істер органдарының объектілерді және азаматтарды тіркеу құзыреті, лицензиялық-рұқсат беруші қызметі. Объектілерді және азаматтарды тіркеу олардың жеке (негізгі) бір қызметі түрі ретінде. Объектілерді және азаматтарды, фактілерді және оқиғаларды тіркеу полиция қызметінің көмекші қызметі. Лицензиялық-рұқсат беруші қызмет. Оның шаралары.
10-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік-юрисдикциялық қызметі
Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің түсінігі және оның ерекшелігі. Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің мазмұны. Оны жүзеге асыру нысаны.Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің белгілері.
Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндіріс түрлері: қарапайым, қысқартылған және ерекше өндірістер.
Ішкі істер органдары – әкімшілік юрисдикцияның субъекілері.
Ішкі істер органдары лауазымды тұлғаларымен қаралатын нақты әкімшілік құқықбұзушылықтардың ведомстволық бағыныстылығы.
Ішкі істер органдарындағы қаралатын әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің жалпы сипаттамасы. Ведомстволық бағыныстылық және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндіріс. Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің мақсаты. Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің міндеттері.Заңдылық, жариялылық, объективтілік, кінәсіздік презумпциясы, заң алдында теңдік, ашықтық, жедел іздестіру қағидалары.
Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің қатысушылары. Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндіріс басталған тұлғаларға қатысты олардың құқықтары мен міндеттері. Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндіріс саласында ІІО қызметкерлерінің құзыреті.
Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары.
Ішкі істер органдарындағы әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің ұйымдастырылуы.
11-тақырып. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету
Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылық және тәртіптің түсінігі. Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылықтың ұғымы. Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету негізі. Заңдылық объектісі. Заңдылық және қызметтік тәртіп.
Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету. Полиция қызметін бақылау түрлері және міндеттері.Атқарушы және өкілдік билік органдары тарапынан бақылаудың ұйымдастырушылық нысаны.
Полиция қызметін қоғамдық бақылау.
Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылық және тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыратын ішкі ведомстволық ұйымның негізі.
Ішкі істер органдарының жоғары тұрған органдарының төменгі тұрған органдарға қатысты бақылау түрлері.
Полиция қызметіндегі заңдылықтың сақталуы бойынша прокурорлық қадағалау.Прокурорлық қадағалаудың бағыты.
Ішкі істер органдарының (полиция) қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігі. ІІО қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі. Материалдық жауапкершілік.
Ішкі істер органдарындағы азаматтардың үндеулерін қарау және азаматтарды қабылдау тәрітібінің ұйымдастырылуы.
12-тақырып. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі
Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің ұйымдастырылу негізі және мазмұны. Полицияның патрульдік-бекет қызметі. Полицияның патрульдік-бекет қызметінің құқықтық жағдайы, тактикалық негіздері мен ұйымдастырушылық құрылымы. Полицияның патрульдік-бекет қызметінің негізгі элементтері мен оларды жүзеге асыру талаптары.
Полицияның конвойн-күзеттік қызметі. Ішкі істер органдарының сезіктілер мен айыпталушыларды ұстайтын уақытша қамау изоляторы қызметін ұйымдастыруы және құқықтық реттеуі. Полицияның конвойн қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Полицияның учаскелік инспекторлар қызметі. Ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындауда учаскелік инспекторлардың құқықтық жағдайы және рөлі. Учаскелік инспекторлардың қызметін ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру үшін қойылатын жаңа талаптар.Полиция учаскелік инспекторларының негізгі функциялары және оларды жүзеге асыруды дамыту.
13-тақырып. Қоғамдық тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке, кәсіпкерлік қызметке нұқсан келтіретін әкімшілік құқықбұзушылықтарды ішкі істер органдарымен болдыртпау мен ескерту
Полиция қызметкерінің және өзге де уәкілетті тұлғаның заңды талаптарына қасақана көнбеу, бұқаралық іс-шаралар туралы заңнаманы бұзушылық, ұсақ бұзақылықты ескерту және болдыртпау.
Алкоголизм мен маскүнемдікпен байланысты құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
Нашақорлықты ескерту және болдыртпау.
Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау қызметі.
14-тақырып.Ішкі істер органдары қызметі мен аппаратының әкімшілік қызметінің салалық түрлері
Лицензиялық-рұқсат берушілік жүйесін жүзеге асыру. Лицензиялық-рұқсат берушілік жүйесінің түсінігі мен міндеттері. Лицензиялық-рұқсат берушілік жүйесін жүзеге асыруда ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық қызметі. Лицензиялық-рұқсат берушілік жүйесінің объектілерін бақылауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың болу ережесін бақылауды қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасы территориясы арқылы кіру, шығу, болу және транзиттік өту ережелері. Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың Қазақстан Республикасы территориясы арқылы кіру, шығу, болу және транзиттік өту ережелерін сақтауы бойынша полицияның бақылауы.
Азаматтардың Қазақстаннан кету құқығын қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының паспорттық-визалық аппараты қызметінің ұйымдастырылуы.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік көлік инспекцияның құқықтық жағдайы, міндеттері, құзыреті және ұйымдастырылған құрылымы. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік көлік инспекция қызметінің негізгі бағыттары.
Көліктегі ішкі істер органдарының қызметі. Көліктегі ішкі істер органдарының қызметі мен жүйесі.Темір жол көлік объектілерінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғау тактикасы. Әуе көлік объектілерінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғау тактикасы. Су көлік объектілерінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғау тактикасы.
Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау қызметі. Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау қызметі, міндеттері және жүйесі. Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау объектілерін қорғауды ұймдастыру.
15-тақырып. Ерекше жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету
Жаппай іс-шараларды өткізу барысында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету.
Апатты, эпидемиялық, эпизоотиялық және техногенді жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету.
Ішкі істер органдары қызметіндегі қоғамдық тәртіпті топтық бұзу және жаппай тәртіпсіздік орын алған жағдайда ескертулер мен оларды тоқтату.
Төтенше жағдай режимі және ішкі істер органдарының оны қамтамасыз етудегі функциясы.
Азаматтардың дін ұстану құқығын жүзеге асырғанда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау.Дін ұстану және діни ұйымдардың еркіндігі туралы заңнама.Азаматтардың дін ұстану еркіндігі және ар-ожда еркіндігі құқығын жүзеге асырғанда ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тактикасы және ұйымдастырылуы.
10.2 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тізімі мен мазмұны
1-тақырып. Құқық қорғау қызметінің түсінігі, оның белгілері. Құқық қорғау органдары туралы заңнама
№1 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Құқық қорғау қызметінің түсінігі.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің міндеттері. 3.Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің белгілері.
4.Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары (функциялары) және оны жүзеге асыратын органдардың жалпы сипаттамасы.
5. Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді саралау және жалпы сипаттамасы.
6.Құқық қорғау органдары қызметтерінің құқықтық актілерін олардың мазмұндары бойынша саралау .
7.Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді олардың құқықтық мағына бойынша саралау.
2-тақырып. Сотәділдігі түсінігі және оның айрықша белгілері. Сотәділдігінің қағидалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
№2 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Сотәділдігі түсінігі. Сотәділдігінің міндеттері.
2.Сотәділдігінің белгілері және оның айрықша қасиеті.
3.Сотәділдігі қағидалары – мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде оның маңызды жақтарын көрсететін жағдай.
4.Сотәділдігінің демократиялық қағидасының түсінігі.
5.Сотәділдігінің түсінігі, мағынасы және жүйесі.
6. Сот жүйесінің түсінігі. Сот жүйесін қамтамасыз ететін белгілер. Сот сатыларының жүйесі.
7. ҚР Жоғары соты – сот билігінің жоғарғы органы. Жоғары соттың пленумы, оның құзыреті және функциялары.
8.Жоғары соттың президиумы, оның құзыреті және функциялары. Жоғары Сот кеңесі, оның құзыреті және функциялары.
3-тақырып. «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының мазмұны
№3 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің түсінігі, белгілері, және мазмұны.
2. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің түрлері.
3. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің қағидалары
4. «ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» курсының пәні, тапсырмалары және жүйесі.
4-тақырып. Ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы.
№4 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Ішкі істер органдарының жүйесі.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі (ҚР ІІМ). Қазақстан Республикасының ІІМ орталық аппараттың құрылымы.
3. Қазақстан Республикасының ІІМ-нің бөлімшелерінің және ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
4.Қазақстан Республикасының субъектілері бойынша ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
5. Аудан, қала бойынша ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
5-тақырып. Полицияның құқықтық жағдайы және ұйымдастырушылық құрылымы.
№5 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Полицияның әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Полиция түсінігі. Полицияның міндеттері. Полиция қызметінің қағидалары.
2. Полиция қызметінің негізгі бағыттары.
3.Полицияның ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын негізгі факторлар.
4.Полиция аппаратының, қызметінің және бөлімшелерінің жүйесі және түрлері.
5. Криминалды полицияның іздестіру функциясы.
6.Полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің бағыттары. Полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің бөлімшелерінің түрлері.
7 Учаскелік инспектор – полициядағы ең негізгі тұлғалардың бірі. 8.Полицияның патрульді-бекет қызметі.
6-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің нысаны мен мазмұны.
№6 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Полицияның әкімшілік қызметінің мазмұны мен түрлері.
2.Полиция функциялары. Ішкі ұйымдастырылған әкімшілік полициясы.Полицияның сыртқы әкімшілік функциялары.Полицияның жалпы, арнайы және қамтамасыз ету функциялары.
3.Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің түрлері. 4. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің түсінігі мен түрлері. Басқару қызметінің құқықтық қасиеттері бойынша түрлерін саралау.
5.Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметі нысанының сипаттамасы.
7-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік қызметінің әдістері
№7 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Полицияның әкімшілік қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері. Полицияның әкімшілік қызметінің әдістерін саралау.
2.Әкімшілік қадағалау, тура әкімшілік мәжбүрлеу шарасын қолдану, полиция тарапынан көмек, полициялық рұқсатты беру, мемлекеттік тіркеу, лицензиялау.
3.Сендіру түсінігі мен түрлері полицияның әкімшілік қызметінде қолданылуы.Сендіру әдісінің мақсаттары.Сендіру нысандары.
4.Полициямен қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен оны саралау.
5.Полициямен қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану себептері.
6.Полициямен қолданылатын әкімшілік бұлтартпау шаралары.
8-тақырып. Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолдануы.
№8 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолданудың құқықтық негіздері.
2. Полиция қызметкерлерінің табельдік қаруды және арнайы құралдарды сақтау және өзімен бірге алып жүру құқығы.
3.Полиция қызметкерлерінің спорттық және аңшылық қаруларды иелену, сақтау және өзімен бірге алып жүру құқығы.
4.Арнайы құралдарды қолдану негіздері.Полиция қызметкерлерімен көлік құралдарын тоқтату негіздері.
5. Полиция қызметкерлерімен оқ қаруын қолдану негізі мен түсінігі.
6. Полицияның күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын қолданудың тәртібі.
7. Полиция қызметкерлерінің күш көрсету, арнайы құралдарды және от қаруларын құқықтық емес жағдайларда қолданғаны үшін жауапкершілік.
9-тақырып. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі бақылау мен қадағалау.
№9 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі «бақылау» мен «қадағалау» түсінігі және олардың ара қатынасы.
2. Қадағалау ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің әдісі ретінде. 3.Полицияның әкімшілік қадағалаудың түсінігі, түрлері мен әдістері.
4. Полицияның жалпы қадағалау құзыреті және оның қадағалау саласы.
5.Әкімшілік қадағалаудың әдістері.
6.Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға қатысты ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалаудың институты.
7.Ішкі істер органдарының объектілерді және азаматтарды тіркеу құзыреті, лицензиялық-рұқсат беруші қызметі.
10-тақырып. Ішкі істер органдарының (полицияның) әкімшілік-юрисдикциялық қызметі
№10 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің түсінігі және оның ерекшелігі. Әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің мазмұны.
2.Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндіріс түрлері: қарапайым, қысқартылған және ерекше өндірістер.
3.Ішкі істер органдары лауазымды тұлғаларымен қаралатын нақты әкімшілік құқықбұзушылықтардың ведомстволық бағыныстылығы.
4. Ішкі істер органдарындағы қаралатын әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің жалпы сипаттамасы.
5.Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің қатысушылары. 6.Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары.
7.Ішкі істер органдарындағы әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістің ұйымдастырылуы.
11-тақырып. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету.
№11 семинарлық сабақ
Жоспар:
1. Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылық және тәртіптің түсінігі.
2. Ішкі істер органдарының (полиция) әкімшілік қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету әдістері.
3.Полиция қызметін қоғамдық бақылау.
4.Полиция қызметіндегі заңдылықтың сақталуы бойынша прокурорлық қадағалау.Прокурорлық қадағалаудың бағыты.
5.Ішкі істер органдарының (полиция) қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілігі.
6.ІІО қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі. Материалдық жауапкершілік.
7.Ішкі істер органдарындағы азаматтардың үндеулерін қарау және азаматтарды қабылдау тәрітібінің ұйымдастырылуы.
12-тақырып. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі
№12 семинарлық сабақ
Жоспар:
1. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің ұйымдастырылу негізі және мазмұны.
2.Полицияның патрульдік-бекет қызметі.
3.Полицияның конвойн-күзеттік қызметі.
4.Полицияның учаскелік инспекторлар қызметі.
5.Полиция учаскелік инспекторларының негізгі функциялары және оларды жүзеге асыруды дамыту.
13-тақырып. Қоғамдық тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке, кәсіпкерлік қызметке нұқсан келтіретін әкімшілік құқықбұзушылықтарды ішкі істер органдарымен болдыртпау мен ескерту.
№13 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Полиция қызметкерінің және өзге де уәкілетті тұлғаның заңды талаптарына қасақана көнбеу, бұқаралық іс-шаралар туралы заңнаманы бұзушылық, ұсақ бұзақылықты ескерту және болдыртпау.
2.Алкоголизм мен маскүнемдікпен байланысты құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
3.Нашақорлықты ескерту және болдыртпау.
4. Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
5.Кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқықбұзушылықтарды ескерту және болдыртпау.
6. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау қызметі .
14-тақырып.Ішкі істер органдары қызметі мен аппаратының әкімшілік қызметінің салалық түрлері.
№14 семинарлық сабақ
Жоспар:
1. Лицензиялық-рұқсат берушілік жүйесін жүзеге асыру
2. Қазақстан Республикасында шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың болу ережесін бақылауды қамтамасыз ету.
3.Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік көлік инспекцияның құқықтық жағдайы, міндеттері, құзыреті және ұйымдастырылған құрылымы.
4.Көліктегі ішкі істер органдарының қызметі.
5.Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау қызметі.
6. Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау қызметі, міндеттері және жүйесі. Ішкі істер органдары қарауындағы сыртқы ведомстволық қорғау объектілерін қорғауды ұймдастыру.
15-тақырып. Ерекше жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету
№15 семинарлық сабақ
Жоспар:
1.Жаппай іс-шараларды өткізу барысында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету.
2.Апатты, эпидемиялық, эпизоотиялық және техногенді жағдайларда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету.
3.Ішкі істер органдары қызметіндегі қоғамдық тәртіпті топтық бұзу және жаппай тәртіпсіздік орын алған жағдайда ескертулер мен оларды тоқтату.
4.Төтенше жағдай режимі және ішкі істер органдарының оны қамтамасыз етудегі функциясы.
5.Азаматтардың дін ұстану құқығын жүзеге асырғанда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау.
10.3 Студенттердің өзіндік жұмыстардың мазмұны
Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру нысаны
|
Бақылау түрі
|
Сағаттағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
Дәріс конспектісі
|
Сабаққа қатысу
|
15
|
2
|
Тәжірибе сабақтарына дайындық
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15
|
3
|
Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі
|
Конспект
|
Конспектілерді тексеру
|
35
|
4
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау
|
Конспект
|
С/т қорғау
|
27
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
1 МБ, 2 МБ
|
25
|
Барлығы: 117
|
11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1 Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдалы туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2707 (2010.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
-
Журсимбаев С. К. Правоохранительные органы Республики Казахстан : Учебник / Журсимбаев С. К. - Алматы : NURPRESS, 2010. - 397 с
-
Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы Республики Казахстан. Учебно-методическое пособие. Изд. 2-е. - Алматы: Данекер, 2008.
-
Административная деятельность органов внутренних дел. Часть Общая: Учебник. - М.: ЦОКР МВД России, 2009. - 264 с.
-
Сборник нормативно-правовых актов «Правоохранительные органы РК». - Алматы: Издательство « Норма- К»., 2008 г.
Қосымша:
-
Закон Республики Казахстан от 15 июля 1996 года № 29-1 О безопасности дорожного движения (по состоянию на 16 ноября 2009 года)
-
Кодекс Республики Казахстан от 30.01.2001 № 155-II Об административных правонарушениях
-
Правовое регулирование деятельности органов внутренних дел: Сб. норм. правовых актов: В 3 т. М., 2001.
-
Положение о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел.
-
Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы.-Алматы: Издательство "Онер", 2007 г.
12 Курс саясаты
Егер де сіз барлық сабақтарға кешігусіз келсеңіз, барлық сабақтарға дайын болсаңыз және сабақтарға белсенді қатыссаңыз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген жоғарғы балды жинақтайсыз.
Бақылау шараларының кестесін, жүріс тұрыс ережелерін кез келген түрде бұзушылықтар мен сабаққа кешігіп келу жағдайлары орын алса, студенттер жауапкершілікке тартылады.
Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз барлық сабақтарға қатысу, сабақтарда талданып жатқан оқу сұрақтарына (дәріс, тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтары) белсенді түрде қатысу және әрдайым дайын болу дегенді білдіреді.
Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақ қою, орындалған үй жұмысын орындау және топтың жұмысына қатысу арқылы тексеріледі. Егер де Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда Сіз 0 балл аласыз. Сабақ өтіп кеткен соң оған дайындалу бағалануға жатпайды.
СӨЖ мерзімінде орындамау (сабаққа дайындалудан басқа) балдарды төмендетуге әкеліп соғады:
-
аптаға кешігу жағдайында 1/3 баллға;
-
аптадан артық кешіккен жағдайда 2 есеге.
Тәртіпті бұзу және сабаққа кешігіп келу балдардың жалпы суммасын 2 балға төмендетуге әкеліп соғады. Сабақтан шығарып жіберу үшін сіз 3 баллдан айырыласыз.
Әр семестрде пәннің өткен тақырыптары бойынша жазбаша бақылау жұмысы түріндегі екі межелік бақылау қарастырылған.
Егер де сіз сабақты немесе бақылау шарасын дәлелді себептермен босатсаңыз, онда оқытушы белгілеген жеке уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Пән бойынша межелік бақылауға АҮ баллдары бар студенттер жіберіледі.
АҮ және МБ қорытындылары бойынша келесідей формуламен есептелетін, студенттің пән бойынша рейтинг анықталады:
М1(2) = АҮ1(2) * 0,7 + МБ1(2) * 0,3
Егер де студент МБ өтпесе немесе МБ бойынша 50 ден кем балл алса, онда рейтинг анықталмайды. Мұндай жағдайда декан МБ жеке тапсыру мерзімдерін бекітеді.
Жіберу рейтингінің бағасы семестр үшін ЖМ = (М1+М2)/2.
Оқу материалын зерделеу емтихан тапсырумен аяқталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингін жинақтаған (50баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.
Емтихан жазбаша тұрде екі кезеңде өткізіледі 1) тестілік тапсырмаларды орындау (30 тапсырма); 2) билеттер бойынша. Емтихан билеттері екі теориялық сұрақтан және бір ситуациялық есептен тұрады. Емтихандарда немесе тәжірибелік сабақтарда жазбаша жұмыстарды орындау кезінде көшіру аудиториядан шығарумен және пән бойынша ағымдағы баллдардың (АҮ) жалпы суммасынан «10» баллдың алып тасталуымен жазаланады.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушыда рейтинг бойынша, сондай ақ, қорытынды бақылау бойынша да оң баға болған жағдайда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелді себептерсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңдестіріледі.
Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Егер де сіз емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз (50баллдан кем) баға алсаңыз, онда сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал, емтихандық тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы енгізіледі.
Академиялық қарызының болуы жағдайында студенттер пәнді ақылы негізде қайта оқиды.
Сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |