ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Теңіз, мұхит сулары құрамында орташа алғанда 35 г/кг еріген зат болатын табиғи ерітінді. Бұл көрсеткіш тұздылық деп аталады. А, промиллемен өрнектеледі.Судың температурасы да, басқа газдардың да суда



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі480.5 Kb.
#127559
1   2   3   4

Теңіз, мұхит сулары құрамында орташа алғанда 35 г/кг еріген зат болатын табиғи ерітінді. Бұл көрсеткіш тұздылық деп аталады. А, промиллемен өрнектеледі.Судың температурасы да, басқа газдардың да суда ерігіштігі төмендейді.


Топырақ- континеттер беттеріндегі биосфераның күрделі компонентті топырақ жабыны.

Топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докучаев (1846-1903) топырақ: а) грунт, б) климат, в) өсімдіктер мен жануарлар, г) елдің тарихи жасы, д) рельев жағдайы сияқты фаткрлардың тіршілік іс әрекетінің нәтижесінде түзілген жеке табиғи – тарихи құрылым деп анықтама берді. Топырақтарда биорганикалық заттардың ыдырау процесі жүріп отырады. Ондағы органикалық заттарды екіге бөлуге болады, олар: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің ыдырамаған не жартылау ыдыраған қалдықтары және топырақтың қарашірігі.

Өсімдік қоректі жануарлар қорек ретінде қабылдаған өсімдіктеріндегі жинақталған энергияны сіңіреді. Олар тіршілік процесі нәтижесінде энергияның біраз бөлігін тыныс алу процесі жұмсайды. Бұдан әрі энергия жыртқыштардың қоректенуі кезінде келесі қоректік сатылады одан ары қарай жұмсалады. Осылай, жасыл өсімдіктерде жинақталған энергия қоры қоректік байланыстардың күрделі тармақтары арқылы әрбір трофикалық сатыда зат алмасу мен тыныс алу процесі нәтижесінде біртіндеп жұмсала береді. Ең соңында, редуценттер- сарофагтар мен бактериялар өлі жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының энергиясын пайдаланады. Осы кезенде энергия қорының ең көп мөлшері жұмсалады. Бұл кезде органикалық массаның айырылуы екі бағытта жүреді. 1) көмірсулардың минералданып, СО2, NH3 суға дейін ыдырауы; 2) топырақта микроорганизмдер әсерінен қарашірік түзілуі.

  Қоршаған табиғи ортаны қорғау бағытында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Оның себебі- эколог мамандары дайындау.



Биогеохимиялық айналымдарды бейнелеудің әртүрлі әдістері бар. Бейнелеу әдісі нақтылы элементтің биогеохимиялық циклының ерекшеліктеріне қарай таңдап алынады. Оттегінің айналымын талқылаған кезде экологтар әдетте оттегінің органикалық заттардың құрамына химиялық тұрғыдан енуімен байланысты. Жолдары және судың қозғалысы мен сабақтас жолдарды ажыратады.

Судың айналымы: яғни гидрологиялық цикл жер шары көлемінде жақсы меңгерілген және де тірі организмдер мен байланысы жоқ энергия арқылы қозғалысқа келтіріледі. Дара организмдер буландыру және зор шығару арқылы суды тез жоғалтады; особь өмірінің ішінде организмдегі су жүздеген рет ауысуы мүмкін. Сонымен қатар,судың алмасуындағы организмдердің үлесі өте шамалы-булану мен транспирацияның жалпы көлемі жылына 59*1018 г мөлшерінде бағаланады, соған байланысты судың биогеохимиялық циклін көрсеткенде алмасу қоры емес , сақтау қорына көбірек көңіл аударылады. Кез – келген экожүйе әртүрлі материалдар әртүрлі уақытқа бөгеле алатын блоктар тізбегі түрінде елестетуге болады . Минералдық заттардың экожүйедегі айналымына әдетте үш активті блок – тірі организмдер өлі органикалық детрит игерілуі оңай бейорганикалық заттар қатынасады. Екі қосымша блок: аралық буындар арқылы игерлетін бейорганикалық заттар және шөгіндіге түсетін органикалық заттар – биогендік элементтер айналымы мен жалпы циклдің кейбір шеткері аймақтарында ғана жалғасады, бірақ бұл блоктар мен қалған экожүйесінің арасындағы зат алмасуы активті блоктар арасындағы алмасуға қарағанда болу жүреді. Биосферадағы биогендік элементтердің айналымын қамтамасыз ететін ассимиляция және ыдырау процестері организмдердің энергияны сіңіруі мен және босатуы мен тығыз байланысты. Демек биогендік элементтер қауымдастық арқылы өтетін энергия ағымымен қатарласа жылжиды.

Энергиялық қауымдастықтағы түр өзгерістері мен, әсіресе көміртегінің айналымы тығыз байланысты, себебі фотосинтез процессінде ассимляцияланған энергияның басым бөлігі құрамында көміртегі бар органикалық қосындыларда сақталады. Энергия бөліп шығара отырып жүретін процестер нәтижесінде, солардың ішіндегі ең бастысы болып табылатын тыныс алу нәтижеде көміртегі көмірқышқыл газы түрінде босап шығады.

Бақылау сұрақтары:

1. Биосферадағы зат айналымының ерекшелігі неде. Жер ғаламшарында тірі ағзалар қандай қызмет атқарады. Атомдардың биогендік миграциясы дегеіміз не.

2.Ұсақ ағзалар зат айналымында қандай рөл атқарады. Биосферада күн энергиясы қандай өзгерістерге ұшырайды.

3. Тірі ағзалардың Жер ғаламшарындағы зат айналымының кестесін жасандар.

4. Биосферадағы судың айналымына мысал келтіріндер.

Әдебиет: [1-5].


Зертханалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

Зертханалық жұмыс №1 Биогеоценоздардағы заттар мен энергияның алмасуы

Сабақтың міндеттері:

  1. Табиғатта болатын заттар мен энерияның алмасу заңдылықтарымен, яғни геологиялық айналымның ерекшеліктерімен таныстыру арқылы студентерде дұрыс дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру

2. Әрбір биогеоценоздің тұрақтылығын заттар мен энергияның алмасу маңызын түсіндіру

3. Биомасса, бірінші және екінші реттік өнім, бастапқы жалпы өнім, таза бастапқы өнім, биологиялық өнімділік деген ұғымдар туралы түсініктерін қалыптастыру



Әдебиет: [1-5].

Зертханалық жұмыс №2 Табиғи және агробірлестіктерге сипаттама

Сабақтың міндеттері:

  1. Табиғи және агробірлестіктердің айырмашылығын түсіндіру

  2. Адам баласының табиғи бірлестіктерді өзгерту себептері

  3. Агробірлестіктердің негізгі сипаты мен белгілері

  4. Адамның табиғаттағы іс-әрекеттеріне талдау жасау

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №3 Биосферадағы биогеографиялық аймақтар және олардың өнімділігі

Сабақтың міндеттері:

  1. Жер ғаламшарындағы табиғи бірлестіктердің қалыптасу тарихымен таныстыру арқылы, әрбір құрлықтың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары туралы дұрыс дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыру

  2. Жер шарының құрылықтарындағы 6 биогеографиялық аймақтардың табиғи бірлестіктерінің ерекшеліктерімен таныстыру

  3. Жер бетіндегі органикалық дүние эволюциясының заңдылықтарын биогеографиялық аймақтардағы табиғи бірлестіктер арқылы ашып көрсету

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №4 Биосфера және Жер ғаламшары биомассасының қасиеттері

Сабақтың міндеттері:

  1. Жер ғаламшарындағы тіршіліктің жоғары биосфералық деңгейінің заңдылықтары мен оның құрамына жататын литосфера, гидросфера, атмосфера қабықтарындағы тіршіліктің таралу шекараларымке таныстыру арқылы дұрыс дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру

  2. Биосфера туралы В.И. Вернадский ілімінің негізгі қасиеттерін (құрылымын, құрамын және т.б.) түсіндіру

  3. Экология ғылымының негізгі мақсаты- биосферадағы тепе- теңдікті сақтау, оның бұзылу себептерін болжау және алдын алу. Осы курстық жұмыста биосферадағы

5. Биосферадағы тірі организмдердің биомассасының таралу заңдылықтары туралы ғылым деректерге талдау жасап, биосферадағы олардың рөлін нақтылы мысалдармен айтып беру.

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №5 Құрлық беті мен дүниежүзілік мұхит биомассасы

Сабақтың міндеттері:

  1. Құрылық бетінде тірі организмдердің биомассасының таралуына әсер ететін факторлармен және оның таралу заңдылықтарымен таныстыру

  2. Топырақ құрамындағы тірі организмдер биомассасының таралу ерекшелігімен таныстыра отырып, топырақтың пайда болуындағы тірі организмдер мен бастпқы тау жыныстарының рөлін ашып көрсету

  3. Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер биомассасының таралу заңдылықтарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

  4. Адамның іс-әрекеттерінің биосферадағы биомассағы тигізетін әсер ашып көрсету

Әдебиет: [1-5].
Зертханалық жұмыс №6 Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі Сабақтың міндеттері:

  1. Геологиялық және биологиялық айналымдардың өзара байланыстылығына көз жеткізу

  2. Биогеохимиялық айналымның сызбанұсқасын жасау

  3. Табиғаттағы әртүрлі элементтердің айналымын сипаттау

  4. Табиғаттағы азоттың айналымын түсіндіріп беріндер.

Әдебиет: [1-5].
Студенттің өздік жұмысының мазмұны
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1 Тақырып Тұщы суқоймасының және таулы алқаптағы шыршалы орманның биогеоценоздары

Орман биогеоценозын қорғаудың қандай маңызы бар. Орманның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жөнінде хабарлама даярландар.



Әдебиет: [1-5].

2 Тақырып Биогеоценоздардағы өзгерістер

Шөл, шөлейтті биогеоценоздың ерекшелігі жөнінде хабарлама дайындандар



Әдебиет: [1-5].

3 Тақырып Адам қолымен жасалған биогеоценоздар

Жасанды биогеоценоздың ерекшелігі жөнінде хабарлама дайындандар



Әдебиет: [1-5].

4 Тақырып Биосфера, оның құрылысы мен қызметері

Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсері жайында мысалдарға сүйеніп, хабардама жасандар. В.И. Вернедскийдің өмір жолы және ғылымдағы еңбектері жайлы хабарлама жазыңдар.



Әдебиет: [1-5].

5 Тақырып Құрлық беті мен дүниежүзілік мұхит биомассасы

Топырақтың табиғыттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы хабарлама дайындандар. Дала, шөл және шөлейтті аймағындағы биомассаны салыстырып, ондағы қоректік тізбекке мысал келтіріндер



Әдебиет: [1-5].

6 Тақырып Биосферадағы зат айналамы және энергияның өзгеруі

Биосферадағы заттар айналымы бойынша шағын хабарлама дайындандар.



Әдебиет: [1-5].
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі


Бақылау түрі

Сағатқа шаққан

дағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері


ДС қатысу

15

2

жірибелік сабақтарға дайындалу

Конспект

СЖ қатысу

15

3

Семинар сабақтарды қорғау

Ауызша жауап беру

Сабаққа қатысу

8

4

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Есеп беру

ЗЖ жіберілу

15

5

Аудиториялық сабақтың мазмұна кірмеген материалды меңгеру

Конспект


Сабаққа қатысу

25

6

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ

Тестілеу


12

Барлығы:

90


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет