Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Тарих кафедрасы
050203-Тарих мамандық студенттеріне арналған
«Шет елдер тарихы бойынша деректер»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ТжҚ факультеттің деканы
___________ Ақышев А.А.
(қолы)
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: ___________ т.ғ.к., доцент Молдакимова А.С.
Тарих кафедрасы
050203-Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған Шет елдер тарихы бойынша деректер» пәні бойынша
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі____________ Мамытова С.Н. 2012 ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Батталов Қ.Қ. 20___ж. «_____»___________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Молдакимова Әлия Сәрсенбайқызы – тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.
Кафедра №431 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1326
2 Пән туралы мәліметтер
«Шет елдер тарихы бойынша деректер» пәні гуманитарлық таным методологиясының дамуымен тығыз байланысты. Тарихшы үшін зерттеудің негізгі объектісі тарихи дерек болып табылады.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
барлы-ғы
|
Дәріс
|
практи-ка
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖМ
|
7
|
2
|
90
|
15
|
15
|
-
|
-
|
-
|
60
|
30
|
Емт.
|
Бар-лығы
|
2
|
90
|
15
|
15
|
|
|
|
60
|
30
|
|
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәннің мақсаты – Пәнді оқытудың мақсаты жалпы ғылыми әдістер негізінде деректерге талдау жасау. «Шет елдер тарихы бойынша деректер» курсы деректердің теориясы мен методологиясы тарихи деректердің сақталған және олармен жұмыс істеу әдістері саласындағы тарихи білімнің қазіргі даму деңгейіне сай білім беру.
Пәннің міндеті:
-
шет елдердегі деректану ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін студентерге көрсете білу;
-
деректанудың қазіргі әдіснамалық мәселелердің мазмұның ашып көрсету;
-
тарихи дерек деген құбылыстың мазмұның зерттеу;
-
деректанудағы жалпыметодологиялық принциптердің спецификалық мазмұның көрсету;
-
түрлі деректермен жұмыс icтей білуге дағдылану.
Студент білу керек:
- шет елдер тарихы деректерінің деректік мәліметтеріне сыни талдауды қалыптастыру.
- тарихтың деректерінің сыныпталу принциптерін білу;
Студент істей алу керек:
- оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыта білу;
- білімділік-ізденушілік дағды қалыптастыру.
5. Пререквизиттер:
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстанның ортағасырлар тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Ежелгі дүние тарихы, ортағасырлар тарихы, шетелдердің жаңа және казіргі заман тарихы.
6 пәннің мазмұны
№ р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны
|
дәріс-тер
|
практи-калық (сем)
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Деректанудың мақсаты мен міндеті. Деректік зерттеу түрлері.
|
1
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Ежелгі деректер.
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
8
|
3
|
Ортағасырлық деректер
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
8
|
4
|
Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
|
2
|
4
|
-
|
-
|
-
|
10
|
5
|
Жаңа замандағы араб елдері тарихының деректері
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
8
|
6
| Жаңа замандағы Азия тарихының деректері |
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
8
|
7
|
Қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
10
|
8
|
Қазіргі замандағы Азия мен Африка елдері тарихының деректері.
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
8
|
БАРЛЫҒЫ :
|
15
|
15
|
-
|
-
|
-
|
60
|
7 курстың қысқаша сипаттамасы
Деректанулық талдау жасай білу, деректерді түрлер мен типтерге айыра білу кәсіби тарихшыны басқа да тарихпен айналысатын бұқарадан ерекшейді. Ғылыми зерттеулер деректер санымен олардың сапалық дәрежесімен айқындалады.
8 КУрс КОМПОНЕНТТЕРІ
ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1 тақырып. Kipicпe.
Деректанудың мақсаты мен міндеті. Деректанудың түрлері мен типтері. Әртүрлі тарихи кезеңдерге тән деректер. Аймақтық деректердің ерекшеліктері. Деректанулық талдаудың негізгі белгілері. Жазба деректердің маңыздылығы.
2 тақырып. Ежелгі деректер.
«Илиада» мен «Одиссея» ежелгі тарих бойынша деректер ретінде. Гомердің «Тарихы» дүниежүзілік тарих жазуындағы ең бipiнші тәжірибе ретінде. Конфуцийдің нақылдары ежелгі Қытай тарихына байланысты дерек ретінде.
3 тақырып. Орта ғасырлық деректер.
Ерте ортағасырлық деректер. Ауызша тарих тарихи дерек ретінде. «Алпамыс», «Манас» және орыс батырлар жырлары. Эддалар. Ерте орта ғасырлык жазба деректер. Баяндаушы деректер «Тарихтар», Лев Дьяконны «Тарихы», Прокопий Кесарийскийдің шығармалары. Батыс Европа бойынша деректер: капитуларийлер, грамоталар, хартиялар, картулярийлер, полиптикалар. Жылнамалар. Жылнамалардың шығу тарихы. Жылнамалардың шығу тарихындағы субъектілік пен объектілік. Жылнамаларды зерттеу методикасы. «Бағзы заман жылнамасы». Дамыған ортағасырлық деректер. Қарапайым құқық жазулары (ордонанттар, патенттер және жеке актілер). «Эпарх кітабы», «Тарих қаласының кәсібі». Киев Русі тарихының деректері. «Русская правда» баспасы. Ерте феодализм деректері. 1447 жылғы Заңдар жинағы. 1550 жылғы Заңдар жинағы. 1640 жылғы Шіркеулік жинақ. Шығыс тарихының деректануы. Араб графиялық деректері. Монғол империясы кезеңіндегі деректер. Селжұқ құжаттары.
4 тақырып. Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
Деректер жене тарихи таным. Өткеннің ерекшелігі таным объектісі ретінде. Тарихи танымның ретроспективті және реконструктивті мәні.
Өткен тарих туралы мәлімет түрлері. Тарихи дерек және тарихи факт. Тарихи дерек әлеуметтік мәлімет таратушы.
Тарихи деректi анықтау. Тарихи танымның түрлі теорияларындағы тарихи дерек туралы ұғым. Бейнелеу теориясындағы тарихи деректі анықтау. Деректегі объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі. Тарихи деректің мәлімет туралы ілімде бейнеленуі. Тарихи мәліметтердің дамуының негізғі ұстанымдары. Жазып алынған мәліметтердің қоғамда көбеюі. Тарихи деректің эволюциясы: факторлар, оны аныктауыштар. Тарихи деректерді жіктеудің проблемасы. Деректердің түрлері: заттық, жазбаша, бейнелеу және фоникалық. Жаппай деректер туралы ұғым.
Деректер әдістемесі мен тарих әдістемесінің өзара қатынасы. Деректерді тарихи сынау туралы ілімді өңдеу мен жинақтау. Тарихи тұжырымдама және деректерді зерттеу әдістерінің өзара әрекеті, құжаттарды қолдану. Тарихи танымның түрлі теориясы көзқарасы бойынша деректемелік талдаудың негізгі принциптері. Материалистік диалектикадағы историзм мен объективтілік принципі: эволюциялық үрдістің деректерге деген тарихи сынның өзгеруіне әcepi. Деректемедегі таным субъектісінің мәселесі.
Деректеме пәні мен міндеттері. Тарихи ғылымның дамуының түрлі кезеңдерінде шетелдердің жаңа тарихы деректері пәні мен міндеттерін анықтау. Деректер жене тарихи зерттеулер. Деректану-деректер туралы ғылым. Дерек тарихи құбылыс ретінде. Деректерді зерттеу әдістері. Деректерді зерттеу турлері.
Деректерді зерттеу жумысының нeгiзгi сатылары. Деректерді іздеу және табу. Деректемелерді талдау міндеттері ескерткіштің сыртқы келбетің анықтау оның түпнұсқасын белгілеу, мәтінді оқу, уакытьн, орнын, авторларын, шығу тегін, мәтіннің баяндалуын анықтау; оның шынайылығын, толықтығын, өкілеттігін мәліметтің ғылыми маңызын белгілеу. Белгілі деректерді талдауды жетілдіру.
Статистикалық материалдар. «Статистика» терминінің мәні. Уильям Петти (1623-1687) – статистиканың негізін қалаушы. XVIII ғасырдағы неміс университеттеріндегі мемлекеттің көрнекті жерлерін сипаттау статистиканың мектебі. Жаппай бақылау. Саяси статистика. Тарихи танымдағы статистикалық деректер мен статистикалық әдістердің ролі.
Мемлекеттік заңдардың aктiлepi. Заң-құқық дерегі. Ұлы француз революциясы кезіндегі буржуазиялық заңдар. Негізгі (Конституциялық) және кәдімгi заңдар. АҚШ-ң Конституциясы. Латын Америкасындағы азаттық соғыстар нәтижесіндегі негізгі заңдарды жасау тәжірибесі XVIII-XІX ғғ. Батыс Европада баспасөз беттерінде заң актілерін жариялау.
Кодификация заңды жүйелеу түpi. Наполеонның Азаматтык Кодексі (1804), Сауда (1807), Қылмыстық-процессуалды (1808), Қылмыстық (1810) Кодекстер.
Парламенттік құжаттар. Жаңа заманда парламент жұйесінің пайда болуы. Парламентаризм эволюциясы. Англия-парламенттік жұйенің отаны. XIX ғасырдағы Англиядағы сайлау реформалары (1832,1867,1884). ХІХ ғасырдағы парламенттік құрылыс негіздерін бекемдеу (Италия, Австро-Венгрия, Германия, Франция, Испания). Адамдардың жалпы сайлау құқы. Заң санкциясы. Заңды жариялау. Парламент құжаттарын жариялай бастау. Парламент дебаттарына деректемелік талдау жасау.
5 тақырып. Жаңа замандағы араб елдері тарихының деректері
Тарихи хроникалар, сипаттамалар, өмірбаяндық жинақтар. Ибн Халиканның (XVII ғ.) өмірбаян жинағы. Аль Бакридің «Гүлденген бақ» еңбегі. XVII ғасырдағы Египет тарихының дерегі. Абд ар-Рахман аль-Жабарти хроникасы XVIII ғ. соңғы ширегі - XIX ғ. бірінші ширегіндегі Египеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихының дерегі. Хусейн ибн Ганамидің «Неджда тарихы». Аравиядағы ваххабит козғалысының дерегі. Осман ибн Санад «Бағдад тарихы». Аль-Акики еңбегі (XIX ғ. ортасы). Ливан тарихының дерегі.
Саяхатшылардың жазбалары. Покок, Вольней, Нибур, Буркхардт, Палгрэв, Филби, Доутидің саяхаттары. Араб елдеріне жасалған француз экспедцициялары. Бонапарттың Египетке жасаған экспедициясының мақсаты мен міндеттері.
6 тақырып. Жаңа замандағы Азия елдері тарихының деректері.
Жаңа замандағы Ауғанстан тарихының деректері. XVII ғ. ауған жазба деректері және ондағы "Раушани" халық қозғалысының бейнеленуі. Ауғанстан тарихы бойынша үнділік және ирандық деректер. Батыс Еуропа саяхатшыларының кітаптары. Орыс деректеріндегі ауғандар жөніндегі алғашқы мәліметтер. Персейге жасалған князь Козловскийдің елшілігі. Бухараға жіберілген Василий Даудовтың құжаттары.
XVIII ғасырдағгы Ауған жылнама мектебінің дамуы. Хусайни және Мухаммед Хайят-ханның шығармалары. XIX ғасырдағы ауғандык естелік әдебиеті. Әмip Абдуррахманның «өмірбаяны». Құжаттық материалдар.
Орыс саяхатшылары мен дилломаттарының жазбалары, баспасөз материалдары.
Жаңа замандағы құжаттық деректерді зерттеу. Ауған және ағылшын авторларының құжаттық материалдары (Керим Бухари, Г.Роулинсон). Ауғанстанға жасалған Британ отаршыл экспансиясы тарихы бойынша деректер.
Жаңа замандағы Қытай тарихының деректері. Цин империясы тарихының деректері. XVIII ғасырдағы Қытайдағы шетел миссионерлiepi қызметі тарихының деректері. XVII-XVIII ғғ. Орыс-қытай қатынасының материалдары. Стратегия туралы кітаптар, тайпиндердің әскери уставтары тайпин мемлекетінің дерегі ретінде. Тайпин заңдарының ерекшеліктері. Сунь Ят Сен еңбектері -Қытай тарихының дерегі. Қытай әдебиеті - қытай халкының тарихи – мәдени өмірінің дерегі.
7 тақырып. Қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
Статистика материалдары. Қазіргі замандағы статистиканың маңызы. Мемлекеттік статистика қызметінің орталықтануы Кандада статистика бюросы. БҰҰ статистикалық ұйымдары. ЭЕМ статистикада колдану. Арнайы және арнайы емес, кездейсоқ және жүйелер статистикалар.
Мемлекеттік заң актілері. Адам құқы туралы заң. 1949 ж. соғыста жапа шеккендерді қорғау туралы Женева Конвенциясы. Еуропаньң көптеген елдерінде Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі конституциялық қайта құрулар. Парламенттік құжаттар. Парламенттік комиссиялар мен комитеттер. Заңдың процесс. Парламент құжаттарын шығаратын арнайы мекемелердің ашылуы. Парламент құжатына тарихи талдау. Парламент мушелерінің саяси өмірбаяны. Өмірбаяндық анықтамалар. Стенографиялық жазбалар.
Әкімшілік актілердің құжаттары. Мемлекеттің әкімшілік қызметінің кеңеюі. Мемлекеттік шенеуіктер штаты. Әкімшілік ұйымдарының құжаттарының құрамы, оларды сақтау және жариялау. Әкімшілік ұйымдар құжаттарына деректік талдау. Мемлекеттік басқарманың ic-қағаздар құжаттары. Іс-қағаздық мәндегі жарияланбаған құжаттар.
Саяси партиялардың құжаттары. Әр елдегі саяси жүйенің epeкшелігi. Екі партиялық жүйе (АҚШ, Англия, Канада, Жаңа Зеландия, Австрия). Коммунисттік партиялардың пайда болуы.
Бұқаралық қоғамдық ұйымдар. Жастар Коммунистік Интернационалы. Жас мамандар одағы. Либералды және демократиялы жастардың халықаралық одағы. Германиядағы қызыл майдандастар одағы. Партиялар мен жаппай ұйымдар құжаттарының құрамы. Партиялық - саяси құжаттардың негізгі басылымдары. Партиялық - саяси құжаттарға деректік талдау.
8 тақырып. Азия және Африка елдері қазіргі заман тарихының деректері.
Kaзipгi замандағы Үндістан тарихының актілері. Ағылшын-үнді өкіметтерінің құжаттары. Үнді ұлттық Конгpeci мен Мұсылман Лигасы кызметі туралы материалдар. 1947 жылдан бастап тәуелсіз Үндістан деректерінің негізгi түрлері. Өкімет пен өкіметтік комиссиялардьң құжаттары, саяси партиялардың бағдарламалық құжаттары. Индира Гандидің еңбектері мен сөздері. Үндістанның мерзімді баспасөзі.
Қaзipгi заманғы Түркия тарихының деректері. Түркияның алғашқы буржуазилық Конституциясы (1924). Коммунистік интернационал. Атқару Комитетінің құжаттары. Мустафа Кемал, Түрғыт Өзал, Сулейман Демирел еңбектері мен сөздері.
Қытайдың қазіргі заманғы тарихының деректері. Қытай интеллегенциясының сол қанатының жетекшісі Ли Дачжаоның сөздері.
Тәжірибе сабақтарының тізімі
1 тақырып. Kipicпe.
-
Жазба деректермен жұмыс істеу әдістері.
-
Деректану қосалқы тарихи пән ретінде.
-
Терминология.
-
Шетелдер тарихының деректері пәні мен міндеттері. Деректер тарихи құбылыс ретінде.
-
Деректік зерттеу түрлері.
2 тақырып. Ежелгі деректер -
Юлий Цезарьдің «Хаттары» Британия, Франция, Германия және Италияның ежелгі тарих бойынша деректер ретінде.
-
Конфуцийдің нақылдары ежелгі Қытай тарихына байланысты дерек ретінде.
3 тақырып Ерте және дамыған орта ғасырлық деректер.
-
Ауызша тарих тарихи дерек ретінде. Батырлық эпос тарих дерек ретінде.
-
Ауызша тарих тағы субъектілік пен объектілік.
-
Евразия халшыктарының байырлық эпоспен байланысты орта ғасырлык батырлар жырындағы антикалык дәстүрлер «Алпамыс», «Манас» және орыс батырлар жырлары. Эддалар.
-
Дамыған кезең, дамыған феодализм деректер құрылымының күрделенуі.
-
Батыс Еуропалық деректер. Қарапайым құқық жазулары (ордононттар, артықшылықтар, патенттер.
-
Жеке актілер (сенім қағаздар, грамоталар т.б.). Шаруашылық тарихы бойынша деректер жене заңдар.
-
«Эпарх кітабы», «Тарих қаласының кәciбi».
4 тақырып. Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
-
Жаңа замандағы әкімшілік ұйымдары құжаттарының құрамы, оларды сақтау және жариялау. Кіретін және шығатын құжаттар.
-
Баяндау жазбалары. Аттестаттар, патенттер, дипломдар. Полицей құжаттары революциялық қозғалыс тарихының негізгі құжаты. Әкімшілік ұйымы құжаттарына деректемелік талдау.
-
Сот - тергеу материалдары. Жаңа замандағы Батыс Европа Соты. Ұлы Француз революциясы жариялаған сот принципі: 1789 ж. адам жене азамат құқы Декларациясы. Сот-тергеу материалы құралы күрделі дерек. Сот-тергеу материалдарына деректік талдау.
-
Ресми дипломатиялық құжаттар. Жаңа замандағы дипломатия түсінігі және диплдоматиялық қызметті ұйымдастыру. Дипломатиялық құжаттың құрамы. Жаңа замандағы дипломатиялық құжаттарды жариялау. Құпия келісімдер.
-
Мұрағат дипломатиялық құжаттарын шығару. Еуропа кабинеттерінің үлкен саясаты. 1871-1914, «Француз дипломатиялық құжаттары. 1871-1914» АҚШ-ғы ресми дипломатиялық құжаттардың ашық болуы. Дипломатиялық құжаттарды деректік талдау.
-
Саяси партиялар мен жаппай қоғамдық ұйымдардың құжаттары. Жаппай қоғамдық ұйымдар. XVIII ғ. Ағылшың тред-юниондары. ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі жаппай жұмысшы ұйымдарының дамуы.
-
Кәсіподактар. ХVІІІ ғасырдағы Америка мен Франциядағы әйелдер тендігі үшін күрес. Жұмысшы Жастар ұйымдары. Партиялық саяси құжаттарды сақтау, жариялау тәртібі және негізгі басылымдар.
5 тақырып. Жаңа замандағы Азия-Африка елдері тарихының деректері
-
Жаңа замандағы араб елдері тарихын зерттеудегі дерек - саяхатшылардың жазбалары. Жазбаларға сын түрғысынан қараудың қажеттігі.
-
Покок, Вольней, Нибур, Буркхардт, Палгрэв, Филби, Доутидің саяхаттары. Саяхаттың мақсаты мен міндеттері.
-
XVIII-XIX ғғ. Орыс көпестері, мәдениет қайраткерлері, ғалымдардың араб елдерінде болуы.
6 тақырып. Жаңа замандағы Азия елдері тарихының деректері. -
Жаңа замандағы Үндістан тарихының деректері. Ағылшын-Ундістан өкіметінің ресми материалдары мен құжаттары, ресми хат жазу, естеліктер.
-
XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі саяси партиялардың ресми материалдары мен құжаттары. Мемлекеттік және саяси қайраткерлердің сөздері және хаттары. Мұрағат материалдары. Статикалық анықтамалар.
-
Жаңа замандағы Жапония тарихының деректері. Токугава кезіндегі Жапон жылнамаларының жинақтары. «Фудоки» провинциясының географиялық-этнографиялық, сүреттемелері және маңызы. «Токугава-дзикк» жылнамалары.
-
Токугава заңдары. Князь әулеттерінің құжаттары. Кукебеккер хаттары - Симабардағы шаруалар көтерілісінің дерегі. Хаяси Радзан.
-
Шетел жылнамасындағы Жапония тарихы. Мэйдзи қайта құрулары. Муцухито императоры мәлімдемесіндегі (1868 ж. 6 сәyip) бағдарлама.
-
Бостандық және халық құқы жолындағы қозғалыстың деректері: газеттер, петициялар. 1889 ж. Жапония Конституциясы. 1875 жылғы орыс-жапон Keлісімi, 1905 ж. Портсмут бітімі материалдары.
-
«Халық тәрбиесі туралы императорлық рескрипт» (1890 ж.) - Жапон ағартуының дерегі. Жапон әдебиеті - Жапон тарихының дерегі.
7 тақырып. Қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
-
Сот - тергеу материалдары. Англия мен АКШ присяжнойлары. Присяжной сотының француз үлгісі. Батысты тәртібіне қарсы күрескерлер icтepi бойынша сот істерінің үкімдері мен материалдары.
-
Нюрнбергте халықаралық әскери трибуналдың бекітілуі. Қиыр Шығыс бойынша халықаралық трибунал. Жұмысшылар демократиялық, антифашистік қозғалыс ұйымдары мен қайраткерлеріне қарсы процестердің материалдары. Сот процестердің материалдарына деретік талдау.
-
Ресми дипломатиялық құжаттар. Халықаралық ұйымдардағы - ұлттар Лигасындағы, БҰҰ-ғы дипломатиялық өкілеттіктер. Дипломатиялық құжаттар құрамы. Тұрақты дипломатиялық өкілеттік институттары.
-
Ішкі ведомстволық көшірме. Сыртқы саясат құпиясын жариялау. Ресей мұрағатындағы сыртқы icтep министрлігінің құпия құжаттары. КСРО-ның сыртқы саясатының құжаттары. Мюнхен тарихынан жаңа құжаттар. Герман саясатының құжаттары. Британ сыртқы саясаты туралы құжаттар. Оларға деректік талдау жасау. 1. Қытайдың қaзipгi заманғы тарихының деректері. Қытай жетекшілерінің еңбектері мен сөздері – тарихи деректерінде. Қытай интеллигенциясы сол қанатының жетекшісі Ли Дачжаоның сөздері.
2. ҚКП съездерінің материалдары. Гоминьдан өкіметінің американ – қытай шартының материалдары (1946). Профинтерн материалдардың бағдарламалық құжатары, саяси қайраткерлердің сөздері.
3. Қaзipгi заманғы Жапония тарихының деректері. Баспасөз Жапонияның қоғамдық – саяси өмірінің дерегі. Салыстырмалы - экономика мектебінің материалдары.
4. Саяси партиялардың бағдарламалық құжаттары, саяси қайраткерлердің сөздері, мемуарлық әдебиеттер.
3.4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
|
СӨЖ түрлері
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат саны
|
1
|
Дәрістік сабақтарға дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
12
|
2
|
Практикалық сабаққа дайындалу, үйге берген тапсырмаларды орындау.
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
24
|
3
|
Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалдарын оқу
|
конспект
|
Ауызша жауап
|
18
|
4
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
АБ-1, АБ-2
|
6
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі
1 тақырып. Орта ғасырлық деректер.
Ерте феодализм деректері. 1447 жылғы Заңдар жинағы. 1550 жылғы Заңдар жинағы. Орыс қоғамының әлеуметтік құрылымы. Баскыштаушылық бағалауы. Заңдар жинағының негізгі айырмашылығы. 1640 жылғы Шіркеулік жинақ. Орыс қоғамының әлеуметтік құрылымы. Басқыштаушылық бағалауы. 1640 жылғы Шіркеулік жинактардың Заңдар жинағы мен Орыс шындылығынан негізгі айырмашылығы. Шығыс тарихының деректануы. Араб графиялык деректері. Монғол империясы кезеңіндегі деректер. Парсы грузин құжаттары. Селжұқ құжаттары. Осман империясының құжаттары. Дерек ретінде Закавказия жене Орта Азия елдерінің поэзиялары, Мұсылмандық сфрагистика.
Ұсынылатын әдебиет: [4] 45-67б., [10] 4-90б., [16] 34-45б., [17] 24-67б.
2 тақырып. Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.
Мерзімді баспасез. XVII ғасырдағы Еуропадағы Қолжазба газеттері. Цензура тәртібі. XVIII ғасырдағы АҚШ-ғы баспасөз. Франциядағы революциялық бағыттағы газеттер. Газет жанрлары. Иллюстрациялық мәндегі материалдар. Оқырманға газеттің әсер ету құралдары. Газет кампаниялары. Херстов газеттері. Баспасөз материалдарына деректік талдау жасау. Памфлеттік публицистика. Публицистика тарихтағы памфлет. Т.Пейннің памфлеті (1776 ж.) Демократиялық памфлеттік публицистика. Түп нұсқадағы басылымдар және памфлеттерді қайта шығару. Американ және Француз: революциялары кезіндегі памфлеттер. Памфлеттерді деректік талдау. Листовкалар, прокламациялар, саяси афишалар. Листовкалардың жанрлық ерекшелігі және оның түрлері. Листовкалардың мақсаты король ІV Фридрих Вильгельмнің үндеуі. Жарнама листовкалар. Қайта басылып шыққан листовкалар, прокламациялар, афишалар. Г.В. Плехановқа қол қойған чектографиялык прокламациялар. Листовкаларға деректік талдау жасау. Естелік деректер. (естеліктер мен күнделіктер). В.Г.Белинский «Жалпы тарихқа жетекшілік». Естеліктердің жанрлары. Жарияланған және жарияланбаған қалған естеліктер. Күнделіктер. Естеліктер мен күнделіктерге деректік талдау жасау. Эпистолярлық материалдар (жеке жат жазу). Хат жазудың дерек ретіндегі маңызы. Ж.Ж.Руссоның «Жаңа Элонза» атты хаты. Монтескье «Парсы хаттары». Вольтердің хаттары. А.И. Герцен «Франция мен Италиядан хаттар». Хат жазысу мен жеке мұрағаттар. Президент мұрағатын сынау. Эпистолярлық құжаттарды деректік талдау. Көркем шығармашылық туындылары. Өнер бейнелеу түpi ретінде және шындықты тану әдісі. Тарихи дерек ретінде өнер туындыларының маңызы мен ерекшелігі. Жак Луи Давид – неоклассикалық мектептің негізін қалаушы. Көркем әдебиет жаңа заман тарихының дерегі. Сықақ, плакат. Көркем әдебиет шығармаларына деректік талдау.
Ұсынылатын әдебиет: [1]4-78б., [6] 14-51б.
3 тақырып. Жаңа замандағы Азия-Африка елдері тарихының деректері
Араб елдеріне жасалған француз экспедициялары. Бонопарттьң Египетке жасаған экспедициясының мақсаты мен міндеттері. Француз ғылыми экспедициясының еңбектері - Египет пен Сирия тарихының деректері. Экспедиция құрамы. «Египетті суреттеу». Фактілік материалдарды құрастыру құрылысы, тақырыбы, құндылығы. Дипломатия өкілдерінің жеткізетін мәліметтері. Дипломатия өкілдерінің, әскери атташелердің, консулдардың жеткізетін дипломатиялық мәліметтері тарихи дерек ретінде. Дипломатиялық материалдардың негізгі жарияланымдары және араб елдері туралы мәліметтеріне деректемелік талдау.
Ұсынылатын әдебиет: [5]13-24б., [6] 43-60б.
4 тақырып. Жаңа замандағы Азия елдері тарихының деректері
Сунь Ят Сен еңбектері -Қытай тарихының дерегі. Қытай әдебиеті - қытай халкының тарихи – мәдени өмірінің дерегі. Иранның жаңа тарихының деректері. XIX ғасырдағы Иранның Еуропа елдерімен келісім-шарттары. Бабидтердің діни ілімдері. 1906 жылғы Иран Конституциясы. Маджихиттер қоғамының тарихы жөніндегі материалдар. Азербайжан әдебиеті - Иран тарихынын дерегі. Жаңа замандағы Түркия тарихының деректері. «Жаңа османдар» газеті. Листовкалар. 1856 ж. Париж трактаты. Мидхат Конституциясы. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысы материалдары. Жас түрікшілер қозғалысының материалдары.
Ұсынылатын әдебиет: [6] 48-56б., [7] 35-69б.
5 тақырып. Қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері
Мерзімді баспасөз. Мерзімді баспасөз баспаның жаппай түpi. XX ғ. басындағы француз буржуазиялық баспасы. Ұлыбританияның баспа концерндері. АҚШ, Ұлыбритания, Францияның ақпарат агенттіктері. Шетелдердің коммунистік баспасөзі. Газет жанрлары. Баспасөез туралы ғылыми - анықтамалық әдебиет. Баспасөз материалдарын деректік талдау. Листовкалар, прокламациялар, саяси афишалар. Листовкалардың жанрлық ерекшеліктері және оның түрлері. Листовкалардың түпнұсқалық басылымдары. Оларды сақтау, жинау, билиографиялық деңгейі. КСРО орталық революциялық музейі. Ұлыбритания Коммунистік партиясының листовкалары. Анджела Девисті және т.б. азат ету күресі. Нью-Йорк комитетінің листовкалары. Прокламация афишаларды қайта басу. Генуя халқына (1945 ж.) арналған прокламацияның мәтіні. Мемуарлық деректер. Мемуарлық шығармалар. Естеліктер, күнделіктер. Естеліктер мен күнделіктерге деректік талдау. Деректемелік талдау жасау түрлері. Статистикалық деректерге корреляциялық математикалық талдау. Контент талдау әдісінің маңызы. Дерек авторы мен тұпнұсқасын анықтау әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [1] 63-86б., [5] 67-95б.
6 тақырып. Азия және Африка елдері қазіргі заман тарихының деректері
Қaзipгi заманғы араб елдері тарихының деректері. Араб елдерінің хартиялары, заң актілері, парламент eceптepi. Араб елдерінің аграрльқ және жұмысшылар заңдары. Заң актілеріне сыни тұрғыда қарау. Араб елдерінің баспасөзі - қоғамдық - саяси қозғалыс және қоғамдық ойдың дамуы туралы дерек. Зимбабве астанасындағы қосылмаған елдер мемлекеттері мен өкіметтері басшыларының VIII Конференциясы (1986).
Ұсынылатын әдебиет: [5] 37-53б., [6] 56-90б., [7] 45-51б.
9 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет
-
Григорьева И.В. Источниковедение новой и новейшей истории стран Европы и Америки. - М.: Высшая школа, 2008.
-
Источниковедение и текстология средневекового Ближнего и Среднего Востока.-М., 2007.
-
Люблинская Л.Д. Источниковедение истории средних веков. - Л.: Изд-во Ленингр. ун-та, 2007.
-
Медушевская О.М. Теоретические проблемы источниковедения. - М., 2007.
-
Мнухина Р.С. Источниковедение истории нового и новейшего времени. - М.: Высшая школа, 2007.
-
Фарсобин В.В. Источниковедение и его метод. Опыт анализа понятий и терминологии. - М., 2009.
Қосымша әдебиет: -
Восточное историческое источниковедение и специальные исторические дисциплины. - Вып. 1. -М, 2003.
-
Григорьев А.П. Монгольская дипломатика XIII-XV вв. (чингизидские жалованные грамоты). -Л., 2002.
-
Давидович Е.А. Материалы по метрологии средневековой Средней Азии. -М., 2004.
-
Дмитриева Л.В., Мугинов A.M., Муратов С.Н. Описание тюркских рукописей Института народов Азии. - Т.1. -4.1, - История. - М., 1965.
-
Жумагулов К.Т. Проблемы возникновения и развития феодализма в Западной Европе. Уч. пособие.-Алматы, Изд. КазГУ, 2006.
-
Жумагулов К.Т. Проблемы истории германских племен (с древнейших времен до начала средних веков). Монография. - Алматы, 2002.
-
Иванов Г.М. Исторический источник и историческое познание (методические аспекты). - Томск, 2003.
-
Исмаилова Э.М. Искусство оформления среднеазиатской рукописной книги XVIII-XIX вв. - Ташкент, 2002.
-
Каштанов СМ. Предмет, задачи и методы дипломатики// Источниковедение. Теоретические и методические проблемы. - М.: Наука, 1969.
-
Курносов А.А. К вопросу о природе видов источников// Источниковедение отечественной истории. - М.: 2007.
-
Матвеев В. А. Империя Флит-стрит (Современная пресса Англии). -М., 2003.
-
Медушевская О. М. Современное зарубежное источниковедение. - М., 2003.
-
Петряев К.Д. Гносеологические и методологические основы источниковедения - Кишинев, 2004.
-
Письменные памятники Востока. Ежегодник. - М.,2003.
Курстың саясаты
Әрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты талқылауында белсенділік танытып, өз курстарынңыздың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі ұстаудың ақиқатылығына шара қолданылды, тіпті аудиториядан қуылғанға шейін. Төмендегі талаптарды орындауды талап етіледі: сабақ үстінде ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киіммен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.
Сабаққа қатыспағандарға төмендегідей айып санкция енгізіледі: белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатыспағандардан 1 балл алынып тасталынады.
Үй тапсырмасын орындарға ең жоғарғы сандық 5 балл қойылады, сонымен қатар тәжірибелік сабақта болмағанға (белгісіз себептермен) -0 балл, үй тапсырмасы орындалмағандардан 1 балл алынады. Осы жіберілген сабақтарды студент қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 5 баллдың орынына 3 балл қойылады. Студенттердің өздік жұмысы орындалса 1, орындалмаған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.
Әрбір сабаққа дайындық талабы, берілген тапсырма толығымен орындалуы тиіс. Сіздің тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмалары арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.
Дәрістік және тәжірибелік сабақ барысында белсенділік танытқан студент марапатына 1 балл қосылады. Белсенділікпен жауап берген студенттің айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.
Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз сізге келесі сабақтың барысында қайта орның толтыруға мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда «0» баллға ие боласыз.
Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұратын тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материалдарынан беріледі.
Қорытынды емтихан тест түрінде өтеді.
Мамандықтың
және пәннің оқу-әдістемелік кешеніне койылатын талаптар
|
|
Ұйым стандарты
ПМУ ҰС 7.18.2/07
|
Қосымша 2 Студенттердің білімін бағалау
Қорытынды баға балл бойынша(Қ)
|
Баллдардың сандық эквиваленті (С)
|
Әріптік баға жүйесі (Б)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға(Д)
|
Емтихан, диф. сынақ
|
Сынақ
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
Сынақ
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
Қанағаттарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттарлық емес
|
Сынақ емес
|
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесінің үлгілері
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Шет елдер тарихы бойынша деректер» пәні бойынша 050203 Тарих бакалавриат мамандығы бойынша
1 рейтинг (5 семестр)
|
Апталар
|
1 сабақ үшін макс. балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Бар-лығы
|
Максималды балл
|
22
|
26
|
26
|
26
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ДҮТ 1,2
|
ДҮТ3,4
|
ДҮТ 5,6
|
ДҮТ 7,8
|
8
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
1
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ПҮТ 1,2
|
ПҮТ 3,4
|
ПҮТ 5,6
|
ПҮТ 7,8
|
56
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
7
|
14
|
14
|
14
|
14
|
Материалды өздігінен меңгеру
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ӨОҮТ
1
|
ӨОҮТ2
|
ӨОҮТ3
|
ӨОҮТ4
|
ӨОҮТ5
|
ӨОҮТ6
|
ӨОҮТ7
|
ӨОҮТ8
|
36
|
Бақылау нысаны
|
|
КТ
|
КТ
|
Т1
|
КТ
|
КТ
|
Т2
|
КТ
|
КТ
|
Макс.балл
|
5
|
1
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
2 рейтинг (5 семестр)
|
Апталар
|
1 сабақ үшін макс. балл
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Бар-лығы
|
Максималды балл
|
28
|
28
|
28
|
16
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ДҮТ 9,10
|
ДҮТ 11,12
|
ДҮТ 13,14
|
ДҮТ 15
|
7
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
1
|
2
|
2
|
2
|
1
|
Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ПҮТ 9,10
|
ПҮТ 11,12
|
ПҮТ 13,14
|
ПҮТ 15
|
56
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
8
|
16
|
16
|
16
|
8
|
Материалды өздігінен меңгеру
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ӨОҮТ
9
|
ӨОҮТ10
|
ӨОҮТ
11
|
ӨОҮТ12
|
ӨОҮТ
13
|
ӨОҮТ
14
|
ӨОҮТ15
|
37
|
Бақылау нысаны
|
|
КТ
|
КТ
|
Т1
|
КТ
|
Т2
|
КТ
|
КТ
|
Макс.балл
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
7
|
Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; КТ – конспект тексеру; 1Т –№1 тест.
Кафедра отырысында ұсынылған 2012 ж. «___»________№_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Мамытова С.Н. 2012 ж. «___» _____
Достарыңызбен бөлісу: |