Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)


-тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі192.12 Kb.
#174019
1   2   3   4   5

2-тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі

Жоспар

    1. Жиынтық сұраныс

    2. Жиынтық ұсыныс

    3. AD-AS үлгісі




  1. Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді. Біз жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.

Мұнда: M- ақша ұсынысы

V- ақша айналымының жылдамдығы (мұнда ол тұрақты)

P- баға деңгейі

Y- өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді. Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін.

Мұнда: k=1/V

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді. Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Y саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз. (16 -сурет). Р және Y әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (PY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Y өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р мен Y арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы мен жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады. Жиынтық сұраныс қисығын өзгертетін бағалық емес факторларға, жиынтық сұраныс (AD=C+I+G+XN) компонентінің әрбіреуіне әсер ететін факторлар жатады.



  1. Жиынтық ұсыныс. Жиынтық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жйынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге (Р) баға және (Ү) өндірілген өнім көлемі арасындағы тәуелділікті енгізу керек.

Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі уақыт аралығына тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: Ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар. Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектін және классикалық теория бойынша тұрғызылады.

Жиынтық ұсыныс қысқа және ұзақ мерзім кезеңінде және оларға әсер ететін факторлар: Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады. Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгереді, ал өнім көлемі потенциалды деңгейде болады, яғни ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс көлемі, баға деңгейіне абсолютті икемсіз.

Бағалық емес факторларға: экономикалық ресурстар (капитал (К) еңбек ( L) адам капиталы (Н), табиғи ресурс (N), технологиялық білім (r) ) . Бұл факторлар ұзақ мерзім кезеңіндегі ұсыныс көлеміне әсер етеді және осы қисықты қозғалысқа алып келеді.

Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс қисығының функциясы мынандай түрде бейнеленеді:

AS=AS (K, L, H, N, r).

Ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығы (Ү*- әлеуетті өнім көлемі). Қысқа мерзім кезеңіндегі тауарлар бағасы өзгермейді, өзгерсе курс бағасымен салыстырғанда тез өзгереді. Қысқа мерзім кезегіндегі жиынты ұсыныс көлемі баға деңгейінен тәуелсіз, яғн горизонтальды қисық түрінде (SRAS) болады. Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген. Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделген.

Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы. Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденң жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдңк нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді.


  1. Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Жиынтық ұсыныс дегеніміз- бүкіл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Тұрақтандыру саясаты дегеніміз - өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат.

Экономикалық сілкініс дегеніміз- экономисттер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысы. Капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпей және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Инвестиция- фирманың физикалық капиталын сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығыстары.
3-тақырып. Тұтыну және жинақтау

Жоспар

    1. Тұтыну

    2. Жинақтау

    3. Тұтыну және жинақтау




  1. Экономикада кеңінен пайдаланылып жүрген базалық үлгінің бірі – жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі немесе AD-AS үлгісі. Алдымен кең анықталған тауар нарығын, яғни тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімдік кезеңге аударылады. Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. «бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді:

Y1=C1+I1+G1 (1)

Бірінші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынадай:

G1=C(Ω, Yd) (тұтыну функциясы) (2)

I1=I(r1) (инвестиция функциясы)

G1=G (мемлекеттік сатып алулар)

T1=T (таза салықтар)

Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd = Y-T оң тәуелділікте. Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын азайтады. Инвестицияның қарапайымдандыру мақсатымен – инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.

Кейнстік экономикалық теория бұл өзін өзі реттеу механизмінің болуын сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес келе бермейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі Y0 < Y* . Бұл сәйкес келмеудегі себептердің бірі - әр түрлі мотивтермен, әртүрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинагы жоспарларының сәйкес келмеуі.

Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор – пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табысты әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ үй шаруашылықтарының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.


  1. Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй щаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасының анықтайтын басты фактор болып табылады.

C = a + b (Y – T)

C – тұтыну шығыны.

a – автономды тұтыну.

b – тұтынудың шекті бейімділігі.

Y – табыс.

T – салықтық аударымдар.

(Y – T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI).

MPC = ΔYd

MPC – тұтынудың шекті нормасы.

ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі.

ΔYd – қолда бар табыстардың өсімшесі.

APC = Yd

APC – тұтынудың орташа бейімділігі.

C – тұтыну шығындарының көлемі.

Yd – қолда бар табыс көлемі.

Қор жинағының қарапайым функциясы.

S = -a + (1 – b) (Y – T)

S – жеке меншік сектордағы қор жинағы.

(1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.

MPS = ΔYd

MPS – қор жинағының шекті бейімділігі.

ΔS – қор жинағының өсімшесі.

APS = Yd

APS – қор жинағының орташа бейімділігі.

S – қор жинағының көлемі.

Yd – қолда бар табыс.

Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал АРS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.

Кейнстік үлгі – бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру. Сонымен, жиынтық ұсынысты анықтайтын негізгі фактор ретінде, жиынтық сұраныс есептеледі. Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс қисығының формасы горизонтальды қисық түрінде болады. Іс жүзіндегі жоспарланған шығындар. Кейнс кресі. Өндірістің тепе-теңдік көлемі. Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындары болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.

Іс жүзіндегі инвестициялар құрылымына жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы-материалдық қорларға инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың іс жүзіндегі көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарланған отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлы-материалдық қорларға жоспарланған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Жоспарланған шығындар функциясы E=C+I+G+Xn графикалық түрде жоғары қарай I+G+Xn көлеміне «ығыстырылған» тұтыну функциясы C=a+b(Y+T) ретінде бейнеленеді. Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Ү=Е сызығын ). Келтілірген сызба Кейнс кресі атауын алған.



Үнемділік оғаштығы (парадоксы). АD-АS үлгісінің кейнс кресімен байланысы. Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе-теңдік ЖҰӨ-нің төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады. Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі АD-АS үлгісін макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланады. Қорта айтқанда тауар нарығындағы жиынтық сұраныс нақты ұлттық табыстың көлемін анықтайтын маңызды фактор болып табылады.

  1. Неоклассикалық көзқарас – баға нарықта тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданатын әдіс. Кейнстік көзқарас - бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемімен мүмкін болатын әдіс. Пайыз мөлшерлемесі - классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор. Кейнстік үлгі – бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру. Тұтыну функциялары — бұл жиынтық тұтынушы шығындары мен табыстарының арасындағы байланысы. Тұтынуға шекті бейімділік – бұл тұтыну деңгейінің барлық табысқа қатынасы. Тұтыну – бұл ағымдағы жылда-ғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалатын үй шаруашылығы табысының бөлігі. Жеке табыс – бұл берілген жыл ағымындағы үй шаруашылығы-ның алынған табысы.

Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындары болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды. Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың өсуіне қажетті көлем. Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгйіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс кему көлемі. Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Автономды шығындар мультипликаторы – тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатысты. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарланған отырған сомасы болып табылады.
4-тақырып. Ақшаға сұраныс және ұсыныс

Жоспар

  1. Ақшаға сұраныс

  2. Ақшаға ұсынысы

  3. Ақшаға сұраныс және ұсыныс теңдестігі




  1. Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша -тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі — барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "Жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар-ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

M = P*Y/V

Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Ақша төрт функция атқарады: айналыс құралы, төлем бірлігі, кейінге қалдырылған төлем құралы, қор жинау құралы.

Ақша агрегаттары. Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:


  • айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

  • оған агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

  • оған агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

L – оған агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады. Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

  1. Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы. Ақша ұсынысы (s ) екі қосындысынан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бар ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бүл агрегаты).

S = С + D

Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар. Несие мультипликаторы — коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі. Ақша мультипликаторы (m) - ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы: Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерінің (c ) депозит коэффициенттеріне және резерв депозитіне (rr) қатынасы түрінде анықтауға болады. Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы көлемдеріне төуелді.

Ақша мультипликаторы — ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша сұранысы: теория. Ақша — төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талдағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:



  1. Нақты ақша сүұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.

  2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек: сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы. Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, ол тік сызық ретінде көрсетіледі.

Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті — жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады. Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Ақша сұранысы. Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:

- табыс колемі Ү;

- пайыз мелшерлемесі і.

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады. Ақша сұранысының икемділігі.

Теңдеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициент - Yn/M табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде үстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол тендеуде1/2-ге тең].

Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымең, тендеу ақша аударымының икемділігі делдалдыққа 1/2 екенін және пайыз мөлшерлемісіне де 1/2 екенін көрсетеді. Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған түста қандай жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелі болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының құны жоғары келісімдерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі: Бұдан пайыздық икемділік:


  • Бұл өз кезегінде келісімдердің төменгі құны - делдалдық келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн долл. аударыммен шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады.

  • "Делдалдық кұны" (tc - кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс артқанда tc Үм-мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі ақша сұранысының артуын көрсетеді де, ол У2-ден көп болады. Өйткені tc YN -пен қатар жүреді.

  1. Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар-ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Ақша жиыны айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін. Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі. Артық резервтер - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденток шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Несие мультипликаторы — коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі. Ақша базасы - Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша. Ақша мультипликаторы — ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Ақша — төлем немесе халықаралық айырбас құралы.

Сұраныстағы депозиттер - коммерциялык банктердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ онда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды. Сақтаулы облигациялар - АҚШ үкіметінің ақша салатын салымдағы сататын облигациялары. Банктің акцептері - ерекше соманы, банк облигациясын сол уақытта төлеу жөніндегі тапсырысы, әдетте ол халықаралық сауда кезінде болады. Коммерциялық іс-қағаздар - бірлестіктердің қысқа мерзімді пассивтері. Қысқа мерзімді қазыналық бағалы қағаздар - АҚШ-та шығарылатын бағалы қағаздар (12 айдан аз мерзімде шығарылған қазыналық қағаз).

5-тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

Жоспар


  1. Ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

  2. Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

  3. IS-LM үлгісі




  1. Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация арқылы берілген ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі. Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс "кресі") 1937 жылы ұсынған.

А. Хансеннің 1949 жылы шыққан "Монетарлы теория және қазыналық саясат" атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті. IS—LM үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-тендік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді. Сондықтан да IS—LM үлгісі AD—AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:

AD = С (Ү) + I (R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.

AS = С (Ү) + S (Ү)


  1. Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.

I (R) = S (Ү)

Берілген тендеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.

I (R) = S (R)

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS — LM үлгісінің негізгі теңдеулері:

1)Y=C + I + G + Xn— негізгі макроэкономикалық тепе-тендік. Мұндағы:

2) С = a + b (Ү-Т) - тұтыну функциясы.

3) I = е – d • R — инвестиция функциясы.

4) Xn = g-m'∙Y – n ∙ R — таза экспорт функциясы.

5) — ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Ү (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Хn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме).

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G (мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

Эмпирикалық коэффициенттер:

(a, b, е, d, g, m', n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = const тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді. Ұзақ мерзім кезеңіңде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.

(Ү=Ү*), баға деңгейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар — нақты шама болады.

IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді.

(а)-суретте қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Ү1-ден Ү2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-гe өседі.

(ә)-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-гe азайтады, ал инвестиция І1-ден І2-ге өседі. Бұл жағдайда І1 = S1, ал І2 = S2 болады.

(б)-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады.

R арқылы өрнектелген (салыстырмалы-қатыстылық) IS қисығының тендеуі төменгідей:

Мұндағы: T = Та + t ∙ Y

Y арқылы өрнектелген IS қисығының теңдеуі төменгідей: коэффициенті Ү осімен қатысты IS қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейді. Бұл коэффициент монетарлық және қазыналық саясаттардың салыстырмалы тиімділігін көрсететін параметр.

Төмендегі шарттар орындалғанда IS қисығы жатық болады:

1) Таза экспорт (n) және инвестицияның сезімталдығы (d) пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болғанда.

2) Тұтынудың шекті бейімділігі (b) жоғары болғанда.

3) Салық салудың шекті мөлшерлемесі (t) үлкен емес.

4) Импорттаудың шекті бейімділігі (m') үлкен емес жағдайда.

Мемлекеттік шығындар G-дің жоғарылауы және салықтың төмендігіне байланысты IS қисығы оңға қарай жылжиды. Салық мөлшерлемесі (t) өзгеруіне байланысты бұрыштық келбеу өзгереді. Ұзақ мерзімді кезеңде IS қисығының бұрыштық көлбеуі өзгеруі мүмкін, ол өзгеріс табысы саясатының салдарынан болады, өйткені табысы жоғары отбасылары үшін тұтынудың шекті ыңғайы табысы төмен отбасылармен салыстырғанда төмен болады. Ал басқа факторларға (d, n, m'), макроэкономикалық саясатқа әсерін тигізбейді.

LM қисығы ақша нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді. LM қисығының графигі - ақша ұсынысының (Ms) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-тендікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.



  1. Ақша нарығы – бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдермен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. IS-LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. IS қисығы- басқа факторлар тұрақты болған кездегі пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді. LM қисығының графигі- ақша ұсынысының белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.

Салық-бюджет экспанциясы- мемлекеттің шығындарының өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келуі және бұл жағдайдың ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетуі. Ақша-несие экспанциясы- ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінсіз, қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, бірақ таза экспорттың өзгерісіне қарама-қайшы әсерін тигізеді.

Ақшаның бейтараптылығы – ұзақ мерзімде ақша жиынының өсуі, нақты айнымалы шамалардың тұрақты болған кезінде тек қана бағаны өсіру құбылысы. Шығындар инфляциясы – АS қисығының азаюы бағаның өсуіне алып келеді. Сұраныс инфляциясы – деп ақша жиынының өсуі LM жағдайында өзгертеді, бұл жиынтық сұраныстың AD-ден AD-ге өсуінен көрінеді. AD қисығының қозғалуын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет