Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
“ДШжС педагогикасы ”
пәні бойынша тест тапсырмалары
бағыт топтары педагогикалық
мамандықтарға 050108 Дене мәдениеті және спорт
Құрастырушылар:
п.ғ.к., доцент Омарова К.Т., ________________
п.ғ.к., доцент Ишанов П.З., ________________
педагогика кафедрасының меңгерушісі Омарова К.Т., ______________
Тесттік тапсырмалар саны 400
Құрастырған күні 15.10.2009
Қолданылуы: МАБ байқау тестілеуі
$$$ 1
Педагогика:
A) Адам тәрбиесі туралы ғылым.
B) Тәрбиеленушінің дүниетанымын қалыптастыру мақсатындағы тәрбиенің
оған әсер ету өнері.
C) Баланың дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
D) Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру проблемаларымен айналысатын ғылым.
E) Барлық ғылымдардың алдыңғы қатарлы жетістіктеріне сүйенетін өнер.
$$$ 2
Педагогиканың объектісі:
A) Педагогикалық жүйе.
B) Қоршаған педагогикалық шындық.
C) Тәрбие процесі.
D) Оқу процесі.
E) Адамның адамды тәрбиелеуі.
$$$ 3
Педагогиканың зерттеу пәні:
A) Тұлға.
B) Тәрбие.
C) Тұтас педагогикалық процесс.
D) Тұлғаны және оның даму заңдылықтарын зерттеу.
E) Педагогикалық іс-әрекет.
$$$ 4
Педагогиканың негізгі категориялары:
A) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
B) Спорт, дене шынықтыру.
C) Өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу.
D) Спорттық-сауықтыру жұмысы.
E) Дене тәрбиесі, валеологиялық тәрбие.
$$$ 5
Тәрбие (кең мағынада):
A) Тұлғаны әлеуметтендіру.
B) Тәрбиелеу міндеттерін шешу.
C) Адамды жетілдіру жүйесі.
D) Спорттық-сауықтыру жұмысы.
E) Дене тәрбиесі, валеологиялық тәрбие.
$$$ 6
Тәрбие (тар мағынада):
A) Балаларды түрлі өмірлік жағдайларға дайындау.
B) Тәрбиешілердің арнайы бағытталған әсері.
C) Тәрбиелілік ықпал.
D) Жеке адамды қалыптастыру.
E) Жәрбие міндеттерін шешуге бағытталған процесс және оның нәтижелері.
$$$ 7
Оқыту:
A) Оқушыларды өмірге дайындау мақсатында мұғалімнің барлық жинақталған білімді игеру жұмысы.
B) Білімді, икемділіктер мен дағдыларды игерту мақсатында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
C) Оқушыларды өмірге дайындап,оларға тиісті білімді, икемділіктер мен дағдыларды игертуге бағытталған мұғалімнің жұмыстану процесі.
D) Білім берудегі икемділік пен дағдыны қалыптастырудағы және шығармашылық әрекет тәсілдерін үйретудегі мұғалім мен оқушылардың өзара бірлескен екі жақты процесі.
E) Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы кезінде білім беру және меңгерту.
$$$ 8
Білім беру деген:
A) Білімді өздігінен игерту.
B) Оқу орындарында адамның білім алуы.
C) Дүниетанымды қалыптастыру процесі.
D) Оқытудың нәтижесі.
E) Құндылық бағдар менәрекет тәжірибесін, білім және икемділік пен дағды жүйелерін игерудің нәтижесі.
$$$ 9
«Білім беру - бұл мәдениеттану мен өркениеттің ең маңызды саласы». Бұл түсініктеменің мәні:
A) Білім беру құндылық ретінде.
B) Білім беру жүйе ретінде.
C) Білім беру процесс ретінде.
D) Білім беру нәтиже ретінде.
E) Білім беру жалпы мәдениеттілік феномен ретінде.
$$$ 10
«Білім беру приоритеттік салаға айналып, тұлғалық, көпшілік және мемлекеттік құндылық болуы керек». Бұл мазмұндық түсініктеменің мәні:
A) Білім беру жүйе ретінде.
B) Білім беру процесс ретінде.
C) Білім беру нәтиже ретінде.
D) Білім беру құндылық ретінде.
E) Білім беру жалпы мәдениеттілік феномен ретінде.
$$$ 11
Тұлға:
A) Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі адам.
B) Биоәлеуметтік мән.
C) Адами қасиеттер мен сапалар комплексі.
D) Индивидтің психофизиологиялық қасиеттері.
E) Адамның даму ерекшеліктері.
$$$ 12
Жеке адам тұрғысынан қарау:
A) Педагогтың тәрбиелеушілерге тұлға ретінде, сонымен қатар, тәрбиелілік әрекеттестік пен өзіндік дамуының субъектісі ретінде бірізділікпен қарауы.
B) Спорттық ұжымдағы тәрбиелілік қарым-қатынастар.
C) «Педагог-жаттықтырушы мен жас спортшы» жүйесіндегі жекелік қарым-қатынас.
D) Дене шынықтыру пәні мұғалімі іс-әрекетінің жеке тұлғалақ стилі.
E) «Педагог-жаттықтырушының басқару мәдениеті.
$$$ 13
Даралық (жеке тұлғалық):
A) Тұлғаның өзін-өзі анықтауы.
B) Адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі.
C) Бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы.
D) Жеке адам тұрғысынан қарау.
E) Адамның әлеуметтік мәртебесі.
$$$ 14
Индивид :
A) Адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілі.
B) Ойлау, сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі.
C) Адам әлеуметтік қатынастар иесі ретінде.
D) Адамның мінез-құлық нормаларын меңгеруі.
E) Бұл адамның тек өзіндік жеке сапалары.
$$$ 15
Дене шынықтыру пәні мұғалімі мен педагог-жаттықтырушының мамандығы мына мамандықтар жүйесіне жатады:
A) Адам-техника.
B) Адам-табиғат.
C) Адам-белгілер жүйесі.
D) Адам-көркем образ.
E) Адам-адам.
$$$ 16
Дене шынықтыру пәні мұғалімі мен жаттықтырушының педагогикалық біліктілігі:
A) педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудағы теориялық және практикалық даярлықтың бірлігі.
B) спорт түрлері бойынша арнаулы білімнің болуы.
C) дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесін білуі.
D) көпшілік спорттық-сауықтыру жұмысын ұйымдастыра білуі.
E) жаттықтырушының түрлі жарыстарға байланысты іс-әрекеттері.
$$$ 17
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың педагогикалық іс-әрекетінің жалпы мақсаты:
A) Балалар мен жастарды спорт құндылықтарына бейімдеу.
B) Спорт түрлеріне үйрету.
C) Қозғалыс біліктерін дамыту.
D) Эстетикалық тәрбие беру.
E) Адамгершілік тәрбиесі.
$$$ 18
Тұлғаның дамуы :
A) Адамның жетілуіндегі сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.
B) Физиологиялық және анатомиялық тұрғыдан сандық өзгерту процесі.
C) Адамның белсенділік әрекет түрі.
D) Логикалық ойлаудың бір түрі.
E) Адамның әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуы.
$$$ 19
Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар:
A) Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие.
B) Білім беру, оқыту.
C) Спорттық іс-әрекет.
D) Педагогикалық жүйе.
E) Спорттық жарыстарға қатысу.
$$$ 20
Тұлғаның дамуына әсер ететін ең басты фактор:
A) Орта.
B) Тұқым қуалаушылық.
C) Тәрбие.
D) Оқыту.
E) Әлеуметтану.
$$$ 21
Акселерация:
A) Адамның өзіндік жеке-дара дамуы.
B) Жеке тұлғаның алдына қойған мақсатқа жетудегі табандылық көрсету.
C) Адамның әлеуметтік тәжірибелері.
D) Балалық және жасөспірімдік жастағы балалардың дене және психикалық дамуының тездеуі.
E) Жеке тұлғаның белсенді іс-әрекет процесі.
$$$ 22
Жас ерекшеліктері :
A) Оны басқа адамдардан ажырататын адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің ерекше сабақтастығы.
B) Белгілі бір жастағы балалардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттар.
C) Қоғамға тән мінез-құлық нормалары мен құндылықтарды әр жеке адамның ұғынуы.
D) Стратегиялық құндылықтардың адамның санасына енуі.
E) Адам организміндегі сапалық пен сандық өзгерістер процесі.
$$$ 23
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері:
A) Адамның типтік сипаты.
B) Бұл адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі. оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады.
C) Балалардың өзгертушілік іс-әрекеті.
D) Әр түрлі жастағы балаларға тән ерекшеліктер.
E) Адамның бір нәрсеге құмарлығы.
$$$ 24
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері:
A) Зерттеу техникасы.
B) Педагогикалық әрекеттестік тәсілдері.
C) Оқу-тәрбие процесіндегі қарама-қайшылықтарды шешу жолдары.
D) Тұлғаға тәрбиелілік ықпал жасау тәсілдері.
E) Күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
$$$ 25
Әңгіме әдісі:
A) Зерттеу индивиді туралы мәліметтерді.
B) Адамдардың қатынастарын зерттеу.
C) Педагогикалық құбылыстарды талдау.
D) Тұлғаның диагностикасы.
E) Адамның өзінен және оны қоршаған адамдардан сөздік мәліметтер алу.
$$$ 26
Бақылау әдісі:
A) Педагогикалық құбылыстарды ұту ерекшеліктерін жүйелі, мақсатты фиксациялау.
B) Тұлғаның мінездемесін жасау.
C) Тұлғаға әсерін тигізу тәсілдері.
D) Балаларды салыстырмалы зерттеу.
E) Жағдайды талдау.
$$$ 27
Педагогикалық құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеудің негізгі әдісі:
A) Математикалық және статистикалық әдіс.
B) Медициналық-биологиялық тестілер.
C) Педагогикалық эксперимент.
D) Анкета жүргізу.
E) Спорттық нәтижелерді өлшеу.
$$$ 28
Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістер арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылатын әдіс-ол:
A) Спорттық нәтижелерді өлшеу.
B) Бақылау.
C) Математикалық және статистикалық әдістер.
D) Үлгілеу.
E) озат спорттық-педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау.
$$$ 29
Спорттың педагогикалық проблемаларын зерттейтін практикалық әлістер тобына кірмейтін:
A) Озат спорттық-педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау.
B) Педагогикалық эксперимент.
C) Спорттық нәтижелерді өлшеу.
D) Медициналық-биологиялық тестілер.
E) Үлгілеу.
$$$ 30
Педагогикалық процесс:
A) Оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекет.
B) Оқушыларға бағытталғанпедагогикалық іс-әрекет.
C) Мектептің әкімшілік жұмысын басқару.
D) Оқушылардың сабақ кезіндегі өзіндік танымдық әрекеті.
E) Мұғалімнің танымдық іс-әрекетін бақылау.
$$$ 31
Болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі мен педагог жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің объектісі:
A) Тұтас педагогикалық процесс.
B) Жаттықтыру процесі.
C) Тәрбиелеу процесі.
D) Жас спортшыларды үйрету процесі.
E) Спорттық жарыстар.
$$$ 32
Педагогикалық процесстің заңдылықтары:
A) Педагогикалық процестің әр түрлі жақтары мен құбылыстары арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар.
B) Спорттық-педагогикалық процестің ережелері.
C) Оқыту принциптері.
D) Тәрбиелеу принциптері.
E) Балалар–жасөспірімдер спорттық мектебінің оқу-жаттықтыру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
$$$ 33
«Оқу орнының педагогикалық процесі қоғамының әлеуметтік-экономикалық қажеттігіне сай болады» деген ол:
A) Тәрбие принципі.
B) Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері.
C) Оқыту принциптері.
D) Тәрбиелеу ережелері.
E) педагогикалық процестің заңдылығы.
$$$ 34
«Педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет». Бұл:
A) Зерттеу әдісі.
B) Педагогикалық басқару ережесі.
C) Тәрбие принципі.
D) Педагогикалық процестің заңдылығы.
E) Тәрбиелеу ережесі.
$$$ 35
Тәрбие әдістері:
A) Тәрбиешілерге арналған нұсқаулар.
B) Тәрбиелілік ықпал тәсілдері.
C) Тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеті.
D) Адамгершілік дағдылары, әдеттері мен сеніммен балаларды қаруландыратын тәрбиешінің көмекші құралдары.
E) Оқушыларда белгілі қасиеттерді қалыптастыруға арналған ұсынбалар.
$$$ 36
Тәрбиелеу тәсілдері:
A) Оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі.
B) Тәрбиелілік шараны өткізуге нормативтік талаптар.
C) Мұғалімнің іс-әрекетін бағалау жөнінде ұсыныстар.
D) Тәрбие әдісінің құрамды бөлігі.
E) Тұлғаға ықпал ету ережелері.
$$$ 37
Тәрбие құралдары:
A) Тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы.
B) Тұлғаға ықпал ету ережелері.
C) Тәрбиенің жалпы әдісінің бөлігі.
D) Белгілі әдісті қолдану процесінде пайдаланылатын тәрбие жұмысының нақты формалары мен түрлері.
E) Тәрбиелілік ықпалдың тиімділігін көрсету тәсілдері.
$$$ 38
Тәрбиелеу формасы:
A) Тәрбиенің жалпы әдісінің бөлігі.
B) Тәрбиелілік ықпалдың тиімділігін көрсету тәсілдері.
C) Тәрбиелеу процесінің сыртқы көрінісі.
D) Тұлғаға ықпал ету ережелері.
E) Дене шынықтыру пәні мұғаліміне арналған әдістемелік құрал.
$$$ 39
Спортшыны тәрбиелеу:
A) Тұлғаны қалыптастырудың мақсатталған және ұйымдастырылған процесі.
B) Қоғамға сәйкес мінез-құлықтары мен қылықтарын және арнайы қатынастарды спортшыға ұғындыру процесі.
C) Нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған тәрбие жұмысының барысы және нәтижесі.
D) Дене дамуы.
E) Тұлғаны әлеуметтендіру процесі.
$$$ 40
Спорт саласындағы тәрбиелеудің ең басты мақсаты:
A) Спортшы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамуына жеткізу.
B) Тұлғаның адамгершілік және эмоциалық жағынан дамуына ықпал ету.
C) Оқушылардың спорттың түрлерімен айналысуға ынталары мен дене қабілеттерін дамыту.
D) Тұлғаның дене жағынан дамуына ықпал ету.
E) Салауатты өмір салтын насихаттау.
$$$ 41
Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты:
A) Еңбекке позитивтік қатынасты қалыптастыру.
B) Гигиена негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
C) Балалардың экологиялық мәдениетін дамыту.
D) Спортпен шұғылдануға мотивацияны қалыптастыру.
E) Әр адамда Отанға деген сезімдерін, бейбітшілікке талпынысын тәрбиелеу.
$$$ 42
Интернационализм және патриотизм – азаматтық сезімдер мен қасиеттерді қалыптастыру- бұл:
A) Дене тәрбиесінің міндеті.
B) Адамгершілік тәрбиесінің міндеті.
C) Ақыл-ой тәрбиесінің міндеті.
D) Азаматтық тәрбиенің міндеті.
E) Экономикалық тәрбиенің міндеті.
$$$ 43
Адамгершілік санасын қалыптастыру-бұл:
A) Дене тәрбиесінің міндеті.
B) Адамгершілік тәрбиесінің міндеті.
C) Еңбек тәрбиесінің міндеті.
D) Ақыл-ой тәрбиесінің міндеті.
E) Эстетеикалық тәрбиенің міндеті.
$$$ 44
Спорттық этика-бұл:
A) Спорттық жетілдіру мен спорттық күрес процесіне, еңбекке, ұжымға, қоғамға, өзінің Отанына деген қатынасын айқындайтын спортшының мінез-құлықтарының тарихи қалыптасқан ережелері мен нормалары.
B) Тұлғааралық байланысты аңғару.
C) Адамдар арасындағы қарым-қатынастар.
D) Нақты адамдар тобына жеке тұлғаның әсер ету тәсілдерінің жүйесі.
E) Адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерінің түрі.
$$$ 45
Өзінің жеке мінез-құлығына, өз-өзіне, спортқа, өнерге, табиғатқа, қоғамдық іс-әрекетке, оқуға, еңбекке – қорыта айтқанда, өмірге мақсатталған эстетикалық қатынасты қалыптастыру :
A) Эстетикалық тәрбие.
B) Адамгершілік тәрбиесі.
C) Еңбек тәрбиесі.
D) Азаматтық тәрбие.
E) Экономикалық тәрбие.
$$$ 46
Эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне жатады:
A) Эстетикалық қажеттіліктерді тәрбиелеу.
B) Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
C) Интеллекті дамыту.
D) Саясаттық мәдениетін қалыптастыру.
E) Білім, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру.
$$$ 47
Мамандықты дұрыс таңдауға әсер тигізіп, жалпы еңбектік икемділіктер мен қабілеттіліктерді дамытуға бағытталған оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен іс-әрекеті:
A) Дене тәрбиесі.
B) Еңбек тәрбиесі.
C) Құқықтық тәрбие.
D) Экологиялық тәрбие.
E) Экономикалық тәрбие.
$$$ 48
Еңбекке мотивация және позитивтік қатынасты қалыптастыру - бұл:
A) Адамгершілік тәрбиенің міндеті.
B) Еңбек тәрбиесінің міндеті.
C) Экономикалық тәрбиенің міндеті.
D) Экологиялық тәрбиенің міндеті.
E) Валеологиялық. тәрбиенің міндеті.
$$$ 49
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың дене тәрбиесі:
A) Балалардың спорттық және дене шынықтыру іс-әрекетінің мақсатталған, нақты ұйымдастырылған және жоспарлы түрде жүзеге асатын жүйесі.
B) Балалардың қозғалыс қасиеттерін қалыптастыруға мақсатталған әсерлі процесі.
C) Оқушылардың спорттық және қолданбалы икемділіктері мен дағдыларының мақсаттылы қалыптастыру процесі.
D) Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы.
E) Мектептегі сауықтыру шараларының жүйесі.
$$$ 50
Дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін қалыптастырушы:
A) Ы. Алтынсарин.
B) П. Ф. Лесгафт.
C) Я. А. Коменский.
D) Дж. Локк.
E) Ж. -Ж. Руссо.
$$$ 51
Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:
A) Еңбек тәрбиесі міндеті.
B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.
C) Экологиялық тәрбиесі міндеті.
D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.
E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.
$$$ 52
Тәрбие процесінің қозғаушы күші:
A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.
B) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.
C) Педагогтің талап қоюы.
D) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі.
E) Педагогикалық зерттеулер.
$$$ 53
Баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие:
A) Валеология.
B) Дене тәрбиесі.
C) Спортшы дайындау.
D) Кәсіби спорт.
E) Дене шынықтыру.
$$$ 54
Дене шынықтыру сабағының білім беру міндеті:
A) Жүргізілетін жаттығулардың жетлдірілуі, жаттығулардағы білік пен дағдының дамуы.
B) Сабақта спортқа байланысты құралдарды пайдалану.
C) Дене тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі арасындағы байланыстылығы.
D) Спорт сабақтарында білік пен дағдының жетлдіруі.
E) Жаттығуларды оқып үйренуге, жетілдіруге.
$$$ 55
Тәрбие процесіне арнайы қосылған заттар, жағдайлар:
A) Орта әсері.
B) Тәрбие құралдары.
C) Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.
D) Тәрбие әдістері.
E) Тәрбие тәсілдері.
$$$ 56
Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық)тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:
A) Мазмұны бойынша.
B) Институционалдық белгі бойынша.
C) Қарым-қатынас стилі бойынша.
D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.
E) Тәрбие бағыттары бойынша.
$$$ 57
Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары:
A) Тәрбие әдісі.
B) Тәрбие формасы.
C) Тәрбие құралы.
D) Тәрбие тәсілі.
E) Дамуға басшылық жасау.
$$$ 58
Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі:
A) Әңгіме.
B) Диспут.
C) Үлгі-өнеге.
D) Жаттығу.
E) Жарыс.
$$$ 59
Сананы қалыптастыру әдісі:
A) Жарыс.
B) Мадақтау.
C) Жаттығу.
D) Педагогикалық талап.
E) Үлгі-өнеге.
$$$ 60
Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:
A) Жазалау.
B) Түсіндіру.
C) Лекция.
D) Тапсырма.
E) Бақылау.
$$$ 61
Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:
A) Этикалық әңгіме.
B) Түсіндіру.
C) Әнгіме-кеңес.
D) Талап қою.
E) Жаттығу.
$$$ 62
Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:
A) Түсіндіру.
B) Мадақтау.
C) Әңгіме-кеңес.
D) Үлгі-өнеге.
E) Дискуссия.
$$$ 63
Жазалау – ол:
A) Сананы қалыптастыру әдісі.
B) Бақылау әдісі.
C) Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі.
D) Ынталандыру әдісі.
E) Тәрбие ережесі.
$$$ 64
Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу – бұл:
A) Талап қою.
B) Мадақтау.
C) Жазалау.
D) Жарыс.
E) Түсіндіру.
$$$ 65
Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі:
A) Талап қою.
B) Жазалау.
C) Мадақтау.
D) Үлгі-өнеге.
E) Бақылау.
$$$ 66
Мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі:
A) Тәрбиелік жағдайлар туғызу.
B) Жаттығу.
C) Талап қою.
D) Әңгіме.
E) Үлгі-өнеге.
$$$ 67
Жарыс әдісі:
A) Жеңімпаз анықталатын ойын.
B) Нәтижені бекіту әдісі.
C) Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және бекіту.
D) Тәрбиеленушінің басқа тәрбиеленушілерден артықшылығын анықтау.
E) Тиімді әдісті анықтау жолы.
$$$ 68
Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен теріс қылықтарын тежеу әдісі:
A) Талап қою.
B) Мадақтау.
C) Жазалау.
D) Үлгі-өнеге.
E) Бақылау.
$$$ 69
Өзінде тұлғалық оң касиеттерді қалыптастыруға бағытталған адамның саналы іс- әрекеті:
A) Тәрбие.
B) Қайта тәрбиелеу.
C) Өзін-өзі тежеу.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу.
E) Барлық жауаптар дұрыс.
$$$ 70
Нақты тәрбие процесін ұйымдастыру варианты:
A) Тәрбие тәсілі.
B) Тәрбие құралы.
C) Тәрбие формасы.
D) Тәрбие әдісі.
E) Тәрбие мазмұны.
$$$ 71
Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға
бағытталған тәрбие әдісі:
A) Пікір-талас.
B) Әнгіме.
C) Талап қою.
D) Жаттығу.
E) Жазалау.
$$$ 72
Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:
A) Тәрбие шараларын өткізу.
B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою.
E) Тәрбие мазмұнын анықтау.
$$$ 73
Параллелді ықпал ету принципінің мәні:
A) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.
B) Мектептің, отбасының және жұртшыықтың ынтымақтастығы.
C) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал етуі.
D) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.
E) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өз-ара қарым-қатынасы.
$$$ 74
Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:
A) Биресми лидері болуы.
B) Ұжым ішінде жеке топтар болуы.
C) Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі.
D) Басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түсуі.
E) Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы.
$$$ 75
А. С. Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері:
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
E) 6.
$$$ 76
Ұжымды қалыптастырудың басталуы:
A) Қоғамдық пікір қалыптастыру.
B) Педагогикалық талап қою.
C) Тәрбие шараларын өткізу.
D) Тәрбие әдістерін таңдау.
E) Тәрбие мазмұнын анықтау.
$$$ 77
Ұжымдық творчестволық істер әдістемесінің авторы:
A) Ю. К. Бабанский.
B) И. П. Иванов.
C) А. С. Макаренко.
D) К. Д. Ушинский.
E) Т. И. Шамова.
$$$ 78
Н. Е. Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары:
Достарыңызбен бөлісу: |