Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)


Бақыланатын белгілердің бақылау объектісіне тәуелділігі



бет41/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   158
kvalimetriya (1)

Бақыланатын белгілердің бақылау объектісіне тәуелділігі



Бақылау объектісі

Бақыланатын белгілер

Материал

Материалдың маркасы, геометикалық параметрлері, физика –химиялық параметрлері, сыртындағы ақау

Жартылай дайын өнім

Дайындау


Бөлшек

Геометикалық параметрлер, физика- химиялық параметрлер, сыртқы және ішкі ақаулар, клейма

Жинақтау бірлігі

Комплекс


Технологиялық процесс

Геометриялық параметрлер, функционалдық параметрлер, сыртқы және ішкі ақаулар, клейма. Сапалық және сандық сипаттар

Сапаны бақылауға қойылатын талаптар төмендегіше белгіленеді:



  • өнімді тексеріп қарайтын, сынақ түрлері;

  • сынақтың өткізілу мерзімі;

  • жекелеген бақылау жүргізу кезінде сынақ үшін өнімді іріктеу тәртібі және байқап көруге дайындау;

  • бақылаудың жүргізілу тәртібі;

  • өнім сапасының нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келуі туралы бақылау процесінің параметрлері мен талқылау критерийлері;

  • тиісті нақтылығы көрсетілген бақылау -өлшеу аппаратураларына, құралдары мен саймандарына қойылатын талаптар; сондай – ақ сынақ жүргізілетін стендалар мен қондырғылар талаптары;

  • бақылау нәтижесін өңдеу тәсілдері;

  • бақылау нәтижесі хаттамасының формасы.

Бақылау түрлерінің классификациясы 40 суретте көрсетілген.

Жүргізілетін бақылаудың жекелеген тәсілдерінің қолданылу шарттарын қарастырамыз.

Бақылаудың екі түрі бар, ол өнімнің кеңінен қолданылуы бойыншажаппай және іріктеме болып бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде бақылауға алынған партиядағы өнімдердің бәрі тексеруден өткізіледі, ал іріктеме бақылау кезінде тек бақылауға алынған партия бұйымдарының бір бөлігі ғана, сұрыпталған партиясы тексеріледі.

Жаппай тексерудің қолданылу тәртібі:


  • жаңа өнімді игеру кезінде, егер технологиялық операцияның орындалу сапасы келесі этаптарда жүргізілмейтін болса;

  • өндірілетін өнім сапасына жоғары талап қойылған кезде;

  • егер бақылаудағы объектілер саны өндіруші мен тұтынушының белгілеген тәуекеліне қарағанда, сұрыптау немесе сынақ жүргізу үшін аз болатын болса, мысалы, жалғыз түйірден, аз сериямен өндірілген жағдайда.

Іріктемелі бақылаудың жаппай бақылаудан гөрі экономикалық мәні жоғары. Көптеген жағдайда жаппай бақылау тіптен қолданылмай қалып жатады. Сенімділік пен төзімділікке жүргізілетін бақылау, көп жағдайда өнімді одан әрі пайдалануға жарамсыз күйге шалдықтырып жатады, сондықтан да мүмкіндігіне қарай іріктемелі бақылау жүргізілген жөн.


Бұзылатын

Бұзылмайтын


Іріктемелі бақылау бақылаудың статистикалық әдістерімен негізделген, сол бойынша реттеліп, қолданысқа түседі:



  • егер жалпылама және ірі сериялы өндірісте, өнім бірліктерінің саны өндіруші мен тұтынушының белгілеген тәуекеліне қарағанда, сұрыптау немесе сынақ жүргізу үшін жеткілікті болатын болса;

  • егер өнімнің бақыланатын бірліктері автоматтарда және жартылай автоматтарда орындалған кезде бұзылатын болса немесе қасиетін шамамен жоятын болса;

  • үлкен еңбек сіңіруді қажет қылатын бақылаудың кезінде.

Бақылауға келіп түскен өнімнің сипаты бойынша бақылаудың төмендегідей түрлері қаралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет