Әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы



Дата16.07.2016
өлшемі103.47 Kb.
#203674

Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректорі

_________Н.Э. Пфейфер

20___ж. «__»__________


Құрастырушы: ______________аға оқытушы Амеркулова А.С.

«Есеп және аудит» кафедрасы

«Басқару есебі» пәні бойынша


050508, 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған

құрстық жұмысына



әдістемелік құсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды

20___ж. «___»_____________№_____Хаттама
Кафедра меңгерушісі _______Р.И. Смагулова 20__жылдың «___»________
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ ж. «____»______________ №_____Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Темиргалиева А.Б. «__»____20___ ж.

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________А. А. Варакута 20__ ж. «___» _______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ ж. «__»_________№__Хаттама




Әдістемелік ңұсқаулардың титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/40




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті



Есеп және аудит кафедрасы


«Басқару есебі» пәні бойынша

5В050800, 050508 «Есеп және аудит» мамандығының

студенттеріне арналған курстық жұмыстарына



ӘДІСТЕМЕЛІК ҢҰСҚАУЛАР

Павлодар


1 Курстық жұмыстың мазмұны
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы ұйымдар қызметінің тиімділігі, оның экономикалық еркіндігі, бәсекелестік қаблеттілігі және рыноктағы жағдайының қамтамасыз етілуі көбінесе басқару іс-әрекетіне байланысты болады.

Қаржылық бухгалтерлік есеп кәсіпорындағы бар информациялық жүйенің негізгі бөлігі бола тұра, Барлық деңгейдегі басқарушыларды (оперативтік) жедел информациялармен қамтамасыз ете алмайды.

Басқару есебі кәсіпорын қызметінің ішкі басқару стратегиясы және тактикасын жасау үшін информациямен қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесіне сай жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінен басқару есебі XX ғасырдың 40-50 жылдарында бөлініп шықты.

Басқару есебінің өзіне тән айрықша белгілері, әдістері, тәсілдері жәнежүргізу принциптері бар. Ол экономикалық білімінің ерекше саласы болып табылады.

Басқару есебінің мақсаты мекеме, ұйымдардың менеджерлерін жоспарлау, бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау, ынталандыру жататын басқару қызметін жүзеге асыру үшін экономикалық информациямен қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпкерлік қызметін басқару шешімдері жоспарлық, нормативтік, технологиялық, есеп және талдамалық информацияларға негізделеді.Басқарудың негізгі қызметі – бақылау мен реттеу жоспарлық мәліметтермен жедел есеп мәліметтерін салыстыру арқылы орындалады. Басқару шешімдерін бағалау және оларды орындалуының жауапкершілігі арнайы тәсілдер арқылы талдамалық есептеулерге негізделген ішкі қортынды есеп пен келешекте дамудың жоспарлық мәліметтері негізінде жүзеге асырылады. Пәнді оқыту ұйымының пайда табу және тауарлар мен қызметтер нарығындағы мақсатына жетуге бағытталған кәсіпкерлік қызметін басқару механизмі ретіндегі басқару есебі екенін тануды, басқару есебінің мәнін, маңыздылығын негіздеуді қамтамасыз етуі тиіс. Жас мамандар өздерінің жұмысында баламалық таңдау негізінде басқару гшешімдерін қабылдауда менеджерлерге маңызды көмек көрсетеді, мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға, есеп, жоспарлау, жобалау, қортынды есеп жасауда, аудит және талдау процестерінде қатысып, нарықтық экономикаға да әсерін тигізеді. «басқару есебі» пәнін «өндірістік менеджмент», «Басқару талдауы» пәндерімен қатар оқытуды талап етеді, себебі басқару функцияларын, талдаудың пәні мен әдістерін меңгеру басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті.

Бұл пәнді оқыту үшін студенттер менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп пәндерінің негізін меңгергені жөн. Сонымен қатар, қаржылық қортынды есептің халықаралық стандарттарының негізін білу қажет.

«Басқару есебі» пәнің оқыту нәтижесінде студент білулері тиіс:



  • Қазақстан Республикасындағы қаржылық және басқарушылық есепті реттейтін нормативті-құқықтық актілер мазмұнын;

  • басқару объектісі ретінде шығындардың құрамы мен құрылымын;

  • кәсіпорындағы өндірістік есепті жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін;

  • өндірістік шығындар мен кезең шығындарының есебін бейнелейтін бухгалтерлік тіркелім құрамы мен жүргізу тәртібін;

  • шығындардың топталу жүйесін, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратты өңдеу тәртібін;

  • «Басқару есебі» курс төңірегінде бухгалтерлер мен аудиторларды халықаралық сертификациялау бойынша дайындау мен емтихан тапсыру тәртібін меңгеру керек.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі керек:

  • кәсіпорынның бухгалтерлік есеп деректері бойынша шығын туралы ақпрараттарды іріктей алыуыңызды;

  • өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жүргізе алыуыңызды;

  • шығынның серпінін, құрамы мен ауытқуларын талдай алыуыңызды;

  • кәсіпорынның табысына әсер ету факторларын талдай алыуыңызды;

  • басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорын басшылығының талаптарына сай шығын туралы ақпаратты өндей алыуыңызды.


2 Курстық жұмыстың тақырыптары
Курстық жұмысытың тақырыбын «Басқару есебі» бағдарламасы курсында анықталады. Курстық жұмыс негізі ретінде студенттердің тәжірибе өткен орынын - кәсіпорынды немесе ұйымды қолданады.

Студент жетекшімен келіседі немесе сынақ кітапшасының соңғы нөмері бойынша төменде келтірілген тақырыптың біреуін таңдайды.Кәсіпорын үшін тақырыпты өңдеу мәні осыда және келешектегі диплом жұмысының тақырыбы болуы мүмкін.



  1. Өндірістік есеп өндіріс шығастарын басқарудың негізі ретінде.

  2. Басқару есебінде өндірістік шығындар классификациясы.

  3. Өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығындарды реттеу.

  4. Қазіргі кездегі кәсіпорындағы есеп жүйелерін басқару және таңдау.

  5. Кәсіпорынды басқару мен өндірісті қызмет етудегі шығындарды есептеу мен бақылау.

  6. Қазіргі кездегі шаруашылық етудегі шығындардың жиынтық есебі мен оны жақсарту.

  7. Дайын өнім шығарылымының және сатудың есебі.

  8. Өзіндік құнын есептеу мен шығындарды есептеу әдісі.

  9. Өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығындарды есептеудің нормативті әдісі, өнімнің өзіндік құнын басқарудағы орны.

  10. «Директ-костинг» жүйесінің мәні мен кәсіпорынды басқарудағы ролі.

  11. Дифференцирлі есеп басқару шешімдерді қабылдаудың негізі ретінде оның түрлері.

  12. Операциялы анализ (CVP- анализ) нарықтың өзгермелі конъюнктура жағдайындағы шешімдерді қабылдаудың негізі ретінде.

  13. Шығындардың есеп әдісінің өзіндік құнының өндірісі мен есебіне әсері.

  14. Жауапкершілік центрлері бойынша есеп жауапкершілік, бақылау мен ынталандыру негізі ретінде.

  15. Басқару есепті ұйымдастыру.

  16. Жоспарлау мен басқару есебіндегі ролі .

  17. Бюджетті құру мен жауапкершілікті есептеу.

  18. Қорларды жоспарлау мен оның ролі.

  19. Басқару есеп шешім қабылдаудың негізі ретінде .

  20. Нарықтық жағдайда оптималды басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық базасын құру.


3 Курстық жұмыстың мәні мен құрылымы
Курстық жұмыс өндірістік практика материалдары, студенттің практика өту жерінің бухгалтерлі есеп және қаржылық есеп және нормативті актілер негізінде орындалады.

Курстық жұмыс теориялық материалда орындалуы мүмкін.Бұл жағдайда курстық жұмыстың практикалық бөлімінің түрі мен мазмұнын оқытушының өзі анықтайды.

Тақырыпқа байланыссыз курстық жұмыс 3 бөлімнен тұру керек.
4 Курстық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе

Кіріспе 2-3 бетте жазылады. Кіріспеде басқару есебінің көкейкестілігін,таңдалған тақырыптың мәні мен ролін,курстық жұмыстың мәні мен мақсаттарын ашу керек.


Бірінші бөлім

Жұмыстың «Сыртқы ортадағы кәсіпорынның мінездемесі» бірінші бөлімі 7-10 бет көлемінде болып, екі бөлімнен тұруы керек:



  • кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер, заңды статусын қоса, кәсіпорын әрекетінің қысқаша тарихы, іс-әрекет түрлері, шығарылған өнім түрлері ,), цехтер құрылымы, өндіріс типі мен басқа., сыртқы ортадағы кәсіпорынның мінездемесі;

  • экономикалық басқару бөлінуімен кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы. Кәсіпорынның бас бухгалтерінің бөлімінің функциялары, мақсаттары және басқа бөлімшелерімен байланысы.

Берілген бөлім студенттің тәжірибе өткен кәсіпорынның нақты материалдары бойынша жазылады.

Бірінші бөлімге графикалық бөлім бас бухгалтердің бөлімінің функционалды-құрылымы көмегімен жасалынады.


Екінші бөлім

«Кәсіпорынның есепті саясаты» екінші бөлім 10-12 беттен тұру керек. Кәсіпорынның есеп саясатын құруының қажеттілігінің теориялық құрылымының дәлелдеуі болу керек. Екінші бөлімге графикалық бөлім кәсіпорынның есептік саясатының схемасы түрінде болуы керек.



Үшінші бөлім.

Үшінші бөлім 15-20 беттен тұру керек. Бұл бөлім курстық жұмыстың мазмұнын ашады.Таңдалған тақырыпқа сәйкес және арнайы әдебиетке сүйеніп студент бұл бөлімнің жоспарын жетекшімен бірге өзі құрайды.

Мысал 1 «Өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығындарды реттеу» тақырыбы бойынша жоспар:

3.1 Кәсіпорын мақсаттарына жету үшін шығындарды басқару мәні

3.2 Басқару есебінде шығындарды реттеудегі классификациясы мен әдістемесі.

3.3 Өнімнің өзіндік құнының есебі мен шығындарды есептеу әдістері.

3.4 Кәсіпорындағы өзіндік құнының есебі мен әдістемесін жақсарту.

Мысал 2. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу және шығындарды есептеудегі әдістер»тақырыбы бойынша мүмкін жоспары:

3.1 Шығын ұғымы мен оның классификациясы, кәсіпорынды басқарудағы шығындарды есептеудің ролі.

3.2 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және шығындарды есептеудегі әдістер классификациясы.

3.3 Өнімнің өзіндік құнын және шығындарды есептеудегі бөлшекті әдісі (кәсіпорын үлгісінде).

3.4 Есеп әдістері қазіргі кездегі дамуы, өзіндік құнның есептеуі мен пайданың қалыптасуына әсері.

Мысал 3. «Дайын өнімнің және сатылу үрдісісінің есебі»тақырыбы бойынша мүмкін жоспары:

3.1 Кәсіпорынды басқарудағы өнімді сату үрдісінің мәні.

3.2. Дайын өнімнің және сатылу үрдісісінің есептеуін ұйымдастыруы, методологиясы мен технологиясы.

3.3 Дебиторлы қарызды басқару мен оны талдау.

Мысал 4. «Өнімнің сатылу үрдісінің есебі мен қаржылық нәтиженің қалыптасуы» тақырыбы бойынша мүмкін жоспары:

3.1 Кәсіпорынның құралдар айналымының ақырғы этапы ретінде сату үрдісі.

3.2 Дайын өнімнің және сатылу үрдісісінің есептеуін ұйымдастыруы, методологиясы мен технологиясы.

3.3 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің технологиясы мен қалыптасуы мен талдауы.

Үшінші бөлімге графикалық бөлімі корреспонденциялар есебі түрінде көрсетілуі мүмкін.


  1. Курстық жұмысты безендіру

Түсіндірме хаты ПМУ ӘН 4.01.3-09сәйкес безендіріледі.


Хат кітапшаланады, көлемі 40 бетті машина жазуымен орындалады.

Әдебиет

Негізгі


  1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234-ІІІ, 28.02.2007 ж.

  2. Международные стандарты финансовой отчетности: Пер. Полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008г. – М.:Аскери – АСС, 2008

  3. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, №185 2007 жылдың 23 мамырдағы ҚР қаржы Министірінің бұйрығымен бекілілген.

  4. Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.

  5. Назарова В.Л (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.

  6. Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006

  7. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., Ш.Датар. управленческий учет, Питер,2007

  8. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп. Алматы, Экономика,2008

Қосымша


  1. Вахрушина М.А Бухгалтерский управленческий учет, Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000

  2. Ә. Д. Дәулетбеков, К.Т. Тайгашинов, Т.А. Тасмағанбетов. Басқарушы ө өндірістік есеп. Ққу құралы. Алматы, Принт, 2000

  3. Друри К. Управленческий и производственный учет (перевод с анг.) М.:ЮНИТИ,2000

  4. Друри К.введение в управленческий и производственный учет. М.: ЮНИТИ,2003

  5. Карпова Т.П. управленческий учет: учебник - М.:ЮНИТИ,2003

  6. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., бухгалтерский учет : управленческий аспект: пер. С англ/под ред. Я.В.Соколова.- М.:ЮНИТИ,2000


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет