Пәнінен Оқу әдістемелік кешен


Фосфор басқа да элементтер сияқты белоктар құрамына енеді. Бірақ табиғатта фосфор көбіне-көп тау жыныстарының құрамында кездеседі



бет33/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41

Фосфор басқа да элементтер сияқты белоктар құрамына енеді. Бірақ табиғатта фосфор көбіне-көп тау жыныстарының құрамында кездеседі.


Фосфор қосылыстарының айналымы аса күрделі емес. Ол негізінен екі процестен тұрады. Біріншісі органикалық фосфордың минералдануы болса, екіншісі фосфор қышқылы тұздарының ерімейтін күйден ерігіш күйге көшуі. Органикалық фосфордың минералдануы түрлі микрооганизимдер көмегімен жүреді. Мұнда органикалық қосылыстардан фосфор қышқылы ажырайды. Бұған мына схема мысал бола алады.

Нуклеопротеид →Нуклеин→Нуклеин қышқылы→Нуклеотидтер→Н3РО4 фосфор қышқылы.

Ажырап шыққан фосфор қышқылы топырақ элементтерімен (темір, магний, кальций) шапшаң байланысып, өсімдіктерге сіңімсіз, ерімейтін фосфор қосылыстарына, яғни оның тұздарына айналады.

Фосфоробактеринді дайындау үшін алдын-ала әзірленген қоректік ортада минерал тұздар, қанттар болуы тиіс. Оны спора күйінде дайындайды.



АМБ бактериялы тыңайтқыш.

АМБ тыңатқышын дайындау үшін, алдымен микроорганизмдердің осы тобы арнаулы қоректік ортада өсіріледі. Өсірілген микроорганизмдерді алдын-ала әкпен бейтарапталған шымтезекті қосып, ұқыпты түрде араластырады да, үш тәулік бойына жылы жерде ұстайды.

АМБ препаратын жергілікті жерде қолдану оңай. Бұл үшін шымтезек топырақты, тұқым себерге бір ай қалғанда дайындап қою керек.

Мұндай препаратты картоп және көкөніс дақылдарына пайдаланған қолайлы.



Силикат бактериялары.

Жалпы силикат бактериялар топырақта кең тараған. Шымды – күлгін топырақта олар жоқтың қасы болса, қара топырақтың бір грамында 10 миллион клеткаға дейін жетеді. Силикат бактериялар ірі таяқшалар, сыртында шырыш қабықтары болады. Азотсыз қоректік ортада олардың клеткалары ыдырап, еріп кетеді. Ал азотты қоректік ортада олар капсула түзбейді: 5-10 күннен соң спора түзеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы силикат бактериялары?

2. Фосфор қосылыстарының айналымы?

3. АМБ препаратын жергілікті жерде қолдану?

4. С.Н.Виноградский зерттеулері?

5. Нитрлендіру процесі.

6.Денитрлендіру процесі.



    1. Микроорганизмдердің молекула күиіндегі азотты сіңіру түинек бактериялары.

    2. Микроорганизмдермен күкірт, фосфор және темір қосылыстарының өзгеріске ұшырауы. Фосфор қосылыстарының өзгерістері.

9.Күкірт қосылыстарының өзгерістері.

10Темір қосылыстарының өзгерістері.



  1. Микроорганизмдерді мал азығын даярлауға қолдану.

  2. Оңай сүрленетін өсімдіктер.

  3. Қиын сүрленетін өсімдіктер.

  4. Жеке сүрленбейтін өсімдіктер.

  5. Мал азығындық белок пен амин қышқылдарын микроптар көмегімен өндіру.

  6. Антибиотиктерді мал азықтандыруға қолдану.



28 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Антибиотиктер. Актиномицеттерден антибиотик алу. Тетрациклин.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Симбиоздық қарым-қатынас.

  2. Метабиоздық қарым-қатынас.

  3. Антибиотиктер.
ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің медицинадағы маңыздылығын, олардан антибиотиктер алу тәсілдерін, микроорганизмдер арасындағы қарым – қатынасты, актиномицеттерден антибиотиктер алуды үйрету жолдарымен таныстыру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

  1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  3. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

  4. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  5. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  6. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  7. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  8. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  9. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  10. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

  11. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  12. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

  14. Квасников И.Е., Нестренко О.А. Молочнокислые бактерии и пути их использования.-М.: Наука, 1975.
ОБСӨЖ мазмұны:

Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екінші бір тобымен қарым-қатынаста болады. Бұл қарым - қатынастар түрліше болып келуі мүмкін. Негізінен оларды, төрт топқа бөлуге болады:

  1. Симбиоз қарым-қатынаста

  2. Метабиоз қарым-қатынаста

  3. Антагонизм қарым-қатынаста

  4. Паразитизм қарым-қатынаста

Осы топтардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Симбиоздық қарым-қатынастар топырақ микроорганизмдерінің арасында біршама тұқымдас өсімдіктер мен түйнек бактерияларының бірігіп тіршілік етуі жатады. Түйнек бактерияларын бұршақ тұқымдас өсімдіктер көміртектер және иминералдық заттармен қоректендірсе, бактериялар өсімдіктерді аса мұқтаж ауадан сіңірілген азотты заттармен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен микроскоптық саңырауқұлақтар арасынан да жиі кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды. Микоризаның сыртқы (энтотрофты) және ішкі (эндотрофты) түрі болады. Сыртқы микоризада олар өсімдік клеткаларынң ішіне енеді де, сол жерде жіпшелер түзеді.

Микоризалық саңырауқұлақтардың жіпшелері өсімдік тамырларынан едәуір қашықтыққа дейін таралады да, сол жерлердегі қоректік минерал заттарды өсімдіктерге жеткізіп береді. Олардың қоректік заттарды өз бойына ерітінді күйінде сіңіруге және ылғалды ұзақ уақыт сақтап тұруға қабілеті мол.

Саңырауқұлақтар тамырлар айналасындағы органикалық азот қосылыстарын ыдыратып, өсімдіктерге азот заттарын өндіріп береді. Мұндайда аммонификация құбылысынан пайда болатын аммиакты өсімдіктер бірден сіңіре алады.

Симбиоздық қарым-қатынастың ең бір көрнектісі қыналар. Қыналар кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен көк жасыл балдырлардың өзара бірлесіп тіршілік етуінен құралған организм. Саңырауқұлақтар негізінен тіршілік ортасынан минералды заттар мен суды сіңіреді. Мұны пайдаланып көк жасыл балдырлар ауадағы немесе саңырауқұлақтардың тыныс алуынан бөлінген көмір қышқыл газынан органикалық заттар түзеді. Соның нәтижесінде бұл екі организм бірігіп тіршілік етеді де, тіршіліктің өте қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Осындай бірлесіп тіршілік ету жәндіктер мен жануарлар дүниесінде де кездеседі.

Микроорганизмдер қарым-қатынасының бір түрі – метабиоз.

Бұл жағдайда микроорганизмнің бір түрі екінші бір түрінен кейін тіршілік ете алады. Аэробты микробтар ортадағы оттегін сіңіріп анаэробты бактерияларға қолайлы жағдай туғызады. Азотобактер целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің бөлген заттарымен қоректеніп өніп-өседі. Целлюлоза бактериялары клетчатканы түрлі қанттар мен органикалық қышқылдарға айналдырады, ал азотобактер клетчатканы өздігінен ыдырата алмағандықтан қанттармен және қышқылдармен қоректенеді. Осының нәтижесінде бұл екі организм де топырақта өніп-өсіп, оның құнарлылығын арттыруға көмектеседі. Микроорганизмдер арасындағы антагонистік қарым-қатынас себептері бірқатар жағдайларға байланысты:

а) қоректік заттар үшін күрес;

б) кейбір микроорганизмдер түзетін антибиотиктердің бір тобының екінші тобына жойқын әсер етуі.

Топырақта микроорганизмдер түрлерінің сақталып дамуы үшін қоректік заттардың зор маңызы бар. Мәселен, өнебойы пар ретінде ұстаған топырақта көптеген сапрофит бактериялар жоғалып кетеді. Бұл топыраққа өсімдіктер қалдықтарының түсуіне байланысты. Сонда сапрофиттер орнын қарашірік қосылыстарын ыдыратушы микробтар басады. Сондықтан болса керек, топырақта көптеген фитопаразит саңырауқұлақтар тіршілігі жойылады.

Микроорганизмдердің кейбір түрлерінің басқалары түзген антибиотиктердің әсерінен қырылып кетуі ықтимал. Антибиотиктер – микроорганизмдер тіршілігі барысында түзіліп, олардың әрекетін басып тастайтын немесе қырып жіберетін химиялық заттар. Микроскоптық саңырауқұлақтар (пенициллин, аспергиллин) актиномицеттер (стрептомицин) және бактериялар (грамицидин) бөлетін антибиотик болады. Антибиотиктер ауыл шаруашылында, медицинада кеңінен қолданылады



Тест тапсырмалары:

        1. Бір жіпшесі бар бактерияларды қалай атайды?

А. Монококкалар

Б. Монотрихтар

В. Стрептококкалар

Г. Бациллалар

Д. Перитрихтар


        1. Бірнеше жіпшелері бар бактериялар қалай аталады?

А. Лактозалар

Б. Перитрихтар

В. Лофотрихтар

Г. Нуклеотидтер

Д. Монотрихтар


        1. Бактерия клеткасында жіпшеден басқа қандай бекініс органы болады?

А.Тимонуклеин

Б. Вибрияндар

В. Фрутозалар

Г. Фимбриялар

Д. Лафотрихтар


        1. Бактерия клеткасын түгелдей жіпшелер алып жатса қалай аталады?

А. Лафотрихтар

Б. Амфитрихтар

В. Фимбриялар

Г. Перитрихтар

Д. Спираллар

5. Жіпшелері бактерия клеткасының екі ұшында орналасса қалай аталады?

А. Лафотрихтар

Б. Амфитрихтар

В. Фимбриялар

Г. Перитрихтар

Д. Спираллар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет