ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет1/16
Дата13.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#132788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-7.1.94/03-2014


ПОӘК

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеудің технологиялық негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



№1 басылым

«___»________2014 ж

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеудің технологиялық негіздері»



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2014






Мазмұны





1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

3

3

Зертханалық сабақтар

68

4

Білім алушылардың өздік жұмысының тақырыптары

80



  1. ГЛОССАРИЙ

Морфология - дәнінің сыртқы көрінісі мен бейнесінің өзгешеліктерін зерттейді.

Анатомия - дәннің ішкі құрылымын анықтап зерттейді.

рН- ортадағы (қышқыл немесе сілті) сутегінің иондарының көрсеткіштері



0Т – Тернер градусы, 100 мл сүттігі қышқылды нейтрализациялайтын децинормальды сілті ерітіндісіндегі (мл) мөлшері.

Микроорганизмдер – астық түйірінің қаша алмайтын серіктестігі, олар астық түйірінің сапасын төмендететін негізгі факторлар болып табылады.

Сорбция – қоршаған орта буларынан әртүрлі газдар мен заттарды сіңіру қабылетін айтады.


  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


1-дәріс. Кіріспе. Курстың міндеттері
Дәріс сұрақтары:

1. Өсімдік өнімдерін өңдеудің және сақтаудың отандық және дүниежүзілік қазіргі заманғы технологияға сай анализі

2. Қазақстанның алдыңғы мектептеріндегі өсімдіктерді өңдеудің және сақтаудың дамуы және қазіргі жағдайының анализі

3. Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау саласындағы мақсаттар мен міндеттер

4. Өсімдік өнімдерінің құрылысы мен химиялық құрамы
Дәріс мақсаты: Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтаудың қазіргі заманғы технологияларына анализ жасап, пәннің мақсаттары мен міндеттеріне сипаттама беру.
1. Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территориясында бастапқы егіншіліктің пайда болуы және алғашқы астық қорларының жасалуы бастауын сонау қауымдық құрылыс кезеңінен алады. Осы кезде семья құрыла бастаған, одан кейін келе жеке меншік айырбас сияқты әрекет пайда болған. Адам қоғамы біртіндеп дамып, бір жерге тұрақты қоныс тепкен қауымдастықтар арасында байланыс, сауда-саттық , айырбас қызметінің өрістеуіне орай астық басты айырбас құралының біріне айналған. Бұл адамзатты егіншілікті дамытуға, астық өндірісін кеңейтуге, астық сапасын жақсартуға итермелейді. Осы туралы алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында Киев маңынан табылған, ал XIX ғасырда жазба түрінде сақталған астық сапасы туралы деректер көп кездеседі. Ал адамзат қоғамы бұдан әрі өркендеп, өнеркәсіп дәуірлеген, сауда-саттық кең қанат жайған заманда астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары да өріс ала бастаған.

Астықтың химиялық құрамын бірінші тексереген Д. И. Менделеев деп есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, агротехникалық шарлар арқылы сапасын қалай жоғарылатуға болатындығын дәлелдеген және ұн тартуға жарамдылық қасиеттерін тексерген. 1894 жылы Ресей жер Депортаментінде өсімдіктерді іс жүзінде пайдалану бюросы құрылып, Ресейде өсетін дәнді дақылдарды жіктеу, топтау басталады, ал 1875 жылдан бастап көрнекті биолог және селекционер И. В. Мичурин жұмыс істей бастайды. Оның істеген істерінің пайдасы далалық егіс шаруашылығына да тиеді. Міне осыдан кейін ғана шет елдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар салу, астықты топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле бастаған және 1910 жылы ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып, жіктеу принциптері қалыптасады.

1918 жылдан бастап Ресейде астықты зерттеу жаңа арнада жүргізіле бастады. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өңдеу үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдаланады.

Қазір Қазақстанда астықтың күрделі проблемаларын Ғылым академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық шаруашылығы институты, қазақтың егемен шаруашылығы институты т.б. жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары зерттейді.

Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау комиссиясы өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы биохимия институтында және басқа да көптеген тәжіриже және селекция станцияларында тексеріледі. 1946 жылы Женевада (Швейцария) халықаралық астық сапасын стандарттау орталығы (ISO) ашылды. Оған 65 мемлекет кіреді. Ол 139 комитеттен тұрады. 1955 жылы халықаралық астық химиясы қоғамы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стендерттар жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту және астық, нан өндірісінде істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алдарына қойған.

Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтың сапасын, оны қабылдау, сақтау, өңдеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы (МАИ) басқарады.

Астық адам және жануарларлың тағамы үшін ең қажетті өнім. Осыған қарамастан астықты сақтау ауыл шаруашылығындағы басқа өнімдермен салыстырғанда қиын болып табылады, және де астықты сақтау және өңдеу үлкен еңбекті талап етеді.

Тәжірибелер көрсеткендей, астық өнімдерін сақтау және шығынды азайту жөніндегі сұрақ әлі де өз шешімін тапқан жоқ. Мұның барлығы астық өндірісінде ғылымның дамуын қажет етеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтарды жаңарту, ғылыми зерттеулерге жол ашу керек.

Өсімдіктерді сақтау және өңдеудің ғылыми негізін ТМД ғалымдары Бахом А. М., Опарин А.И., одан кейін оны Кретович В.Л., Козьмин Н.П., Трисвятский Р.А. және басқа да ғалымдар биохимиялық академиктер салып кеткен. Астық құрамындағы микроорганизмдердің тіршілігі, өздігінен қызуы, биохимиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттейді. Сонымен қатар Казаков Е.Д., Гинзбург А.С. профессорлардың да алатын орындары ерекше.

Астықты жинағаннан кейін оны дұрыс сақтау үшін ең алдымен дұрыс қойма керек. Сонымен, сақталатын өнімдердің табиғатына байланысты шығындарды азайту-ол заттарды қоршаған ортаның әсерінен дәннің зат алмасуды бәсеңдету керек. Бұл мәселе астықты сақтауға дайындаудың әр түрлі әдістерімен тиянақты жағдай жасалу арқылы шешіледі. Бұл үшін астыққа арналған қоймалар, элеваторлар, әр түрлі дәнді дақылдардың ерекшеліктеріне сай техникалық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Дән ылғалдылығын керекті мөлшерге келтіру үшін оны желдетіп, салқындатып отыру керек.

2. Қазақстанның алдыңғы мектептеріндегі өсімдіктерді өңдеудің және сақтаудың дамуы және қазіргі жағдайының анализі.

Қазақстанда тың игеруге дейін 70-80 млн фут астық өндірілсе (1млн 200мың тонна). 1956 жылы Қазақстан мемлекеті өзінің ең алғаш миллиард пуд нанын (16млн тонна), астықтың көп мөлшерін қатты сортты дән өсірілді.

Қазақстан Республикасы астық өндіру одан әрі қарай көбейтті, сонымен қатар астықты сату дамыды, ол 53...60 процентті құрады. (мысалға Ресейде- 35 процент, Украинада-30, Белоруссияда -20). Республиканың бидайдың қатты түрін өндірудегі орны жоғарылай түсті.

Өз уақытында Ақмола қаласында қазақ филлиалы ВНИИЗ болған. Ғылыми зерттеу және жобалау институтының білімді маманынан құралған коллективті жерді жаңа тәсілмен өңдеуге, өңдеу технологиясына, жиналғаннан кейінгі тазалау, астықты өңдеу және сақтауды қосқан үлестері мол.

Қазіргі қазақтың ғылыми мектептерінде жоғарыда айтылған сала бойынша білім берілуде. Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін НПЦ өңдеуінде және тамақ өндірісінде (Алматы қаласы), Қазақстанның НИИ Бараев А.И атындағы астық шаруашылығында (Шортанды қаласы), Қазақстанның НИИ астық және тамақ өндіру (Астана қаласы), сонымен қатар жоғары оқу орындарында (АТУ,ГТУ, Қазақстанның инженерлік – технологиялық университеті) оқытылуда.

Қазақстанның ғалымдары төмендегі зерттеулер жүргізуде:



  • жоғары сапалы астықты ойлап шығару;

  • жердің құнарлығын арттыру;

  • жинау жұмыстарының механизациясын жақсарту;

  • өңдеу және сақтау орындарындағы жабдықтарды жобалау (систематизация);

  • сапаны жақсартуды дамыту.

НПЦ-да өңдеу және тамақ өндірісінде энергия мен рессурсты сақтайтын тәсілді анықтау мақсатында түрлі тәжірибе жасауда (академик Налеев О.Н. әріптестерімен бірге); комбикорм және кебек (кормосмесей) өңдеу технологиясын дамыту (Алинкулов, Қаржаубаев К.Е.).

Орыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып (Гортинский В.В., Мачихин Л.И., Цециновский Б.И. және т.б.). Алматы және Қызылорда қалаларында күріштің ажыратылмайтын бөлігі (курманка) бөлініп алуын ойлап тапты және жүзеге асырды (Кониченко А.Н.).

Астық жинау кезінде және жиналғаннан кейінгі өнімде астықтың мөлшерінің жоғарылауын болдырмау және оның сапасын сақтап қалу керек. Осы мәселені Қазақстан Республикасының академигі Изтаев А.И. өз әріптестерімен бірігіп шешуде өз жұмыстарын арнады. Олар ең кейінгі технология астық жиналғаннан кейінгі өңдеу жабдықтары, сонымен қоса жақсы тазалауға арналған, кептіруге және сақтау аппараттарын жасады.

Астықтың жоғарғы бөлігін өңдеу кезінде ұн сапасын көтеру ең маңызды сұрақ.

Астықты элеваторда өңдеу кезінде атмосфераға көптеген шаң-тозаңдар шығады. Ол санитарлы-гигиенаның және экологиялық жағдайды нашарлатады. Социалды және санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі шаң шығармайтын элеваторлар ойластырылуда.

Астық өндірудегі ғылыми-техникалық жағдайды жақсарту үшін Қазақстан келесі сұрақтарды шешуі керек:

Астық жиналғаннан кейінгі өңдеу және тауар сапасын жоғалтпай сақтау үшін алдағы технологиялық және техникалық дамуы, Қазақстан ВТО – да ұлттық және халақаралық стандарттың талаптарына сай болу; сақтау мерзімінің ғылыми жобасы, речсурстық және энергия сақтаудың технологиясының тазалауда кейінгі өндірісінің пайда болуы; астық базарындағы мемлекеттік басқарманың экономикалық және ұйымдастырушылық құқықтарының жүзеге асуы.

Бәсекеге қабілетті астық өнімін көтеру үшін, экспорттық жағдайды жақсарту үшін сапа бағасының қазіргі заманғы бағалауын жақсарту керек, сонымен қатар сақтау және астықты өңдеу жөніндегі менеджмент жүйесін ұйымдастыру.

3. Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау саласындағы мақсаттар мен міндеттер

Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімінің 2/3 бөлігінен көбірек өсімдік өнімдерінің үлесіне жатады. Өсімдік өнімдерінің қатарына дән – дақылдар, картофель, өсімдіктер, жеміс жидектер, қант қызылшасы, мақта т,б.

Соның ішінде 85 - 90℅-ке жуығы дән – дақылдар болып саналады. Дән – дақылдар құрамына байланысты үш топқа бөлінеді.

І топ- крахмалға бай дақылдар, олар астық дақылдары: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері, сорго, қарақұмық.

ІІ топ – белокқа бай дақылдар, оларға бұршақ дақылдары жатады: соя, бұршақ, ұрме бұршақ, нут, чечевица.

ІІІ топ – майы көп дақылдар: рапс, арахис, күнжіт, сафлор.

Өсімдік өнімі орудан кейін өңдеуді талап етеді. Өсімдік өнімін өңдеу комплексті операциялардантұрады: дақылды қабылдау, оның партиясын қалаптастыру, қоспалардан тазарту, кептіру, ауамен тездетіп салқындату және тиеу.

Бұл операциялардың негізгі мақсаты өсімдік өнімдерінің жағдайын шығынға ұшыратпай, үнемді әдістермен аз қаражат жұмсау тез уақыт аралығында қабілеті, тұрақты сақтауға жеткізу.

Өсімдік өнімдерін өсіру және дайындау өзгешеліктері, ауытқымалы климаттың табиға жағдайға байланысты сапасы мен шығымын өзгеріп ортыруы, біздің елімізде осыған байланысты өңдеу үрдістерінің өзгешеліктерін өнімдерді қабылдау және сақтау кәсіпорындарында ескеріліп отырады.

Біздің астық өлкелерімізде және қант қызылшасы, жеміс – жидек, картофель, овощтарды жинап өңдеуде автомобиль транспорты арқылы өндіріс орнына тез жеткізіліп, өңдеу жұмыстарын белгіленген уақыт аралығында

Өсімдік өнімдерін өңдеудің технологиялық схемасы әр уақытта жетілдіріліп отырылады. Әсіресе оның техникалық жабдықтау жағына көп көңіл бөлінеді.

Соның ішінде астық дақылдарын өңдеу технологиясының жалпы негізделген 1- сызбанұсқада көрсетілген ретпен жұмыс істейді.

1- сызбанұсқа. Астық дақылдарын өңдеу технологиясы

Астық сақтау саласының негізгі мақсаттары оны сақтауға жағдай жасап, ұзақ мерзім ішінде сандық және сапалық шығын жасамай, тұтынушылардың сұранысын дақылдарға және оның әр түрлі ассортиментті өнімдеріне деген қажеттілігін орындау болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін сақтау технологиясын комплексті ғылымдық білімді әр түрлі салалардан : физика, химия, биология, физиология және т.б жетістіктерін қорытып, жинақтап адам өміріндегі практикалық атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қорытындылап тиімді іс – шараларын жүзеге асырғанда толық шешіміне жетуге болады.

Астық әр елдің байлығы мен дәулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады. Дән өлшемі – біріншіден тамақ шикі заты, ол өзінің химиялық құрамымен және тамақтық құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден малдардың құрама жемінің негізгі қалыптасушысы, оның астықтық құндылығының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Үшіншіден ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикі заты болып саналады. Оның өнімін өсіру және жинап ору белгілі қысқаша уақытта өтеді және келесі ору науқанына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет. Астық массасының құрамына көптеген компонеттер кіреді.Соның ішінде – олар тірі организм ретіндегілер физиологиялық процестің жүруінің негізгі арқауы болып табылады. Астық массасының өзгеше физикалық қасиеттері бар. Оның әсері сақталу қабілетіне көп әсерін беруі мүмкін. Бұның бәрі сыртқы әсер беретін факторларға байланысты болады. Оларға температура, ылғалдылық, қоспа қалдықтары және сақтау жайлары жатады. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлері астықты орудан кейін өңдеу(тазалау, кептіру, салқындату) үрдістерін жүргізгенде және сақтау ережелерін бұзғанда байқалады. Осыған байланысты астықты сақтау кезінде болатын өзгерістердің жүру бағыт жүйесін келесі 2 – сызбанұсқада көрсетіледі.

Орудан кейінгі астықтың құрамына толық пісіп жетілмеген дәндер көп болады. Олардың пайда болу себебі ауа райының қолайсыз болуы, аурулармен зақымдануы, механикалық зақымдануы, ору және тасымалдаудың жүргізу жағдайлары және т.б.

Толық жетілмеген дәндердің түрлеріне мыналар жатады: толық піспеген , құрғақталған ауа үрдісімен мұздатып ісінілген, кене жәндіктермен зақымдалған, фуразиос, головнямен ауырған, ұрылған және жаншылған т.ь. Толықжетілмеген дәннің тамақтық және технологиялық құндылығы өте төмен келеді. Ондай дәннің құрамында улы және зақымды заттар кездеседі.

2 - сызбанұсқа

Астықтың шығымын екі түрге бөледі:

1) Биологиялық шығын

2) Механикалық шығым.

3-суретте астық шығымының болу себептері көрсетілген.



3 - сызбанұсқа

Өсімдік өңдеу мен сақтау үрдістерін ұйымдастырып жүргізуге қойылатын міндеттердің қатарына мыналар жатады:

-өсімдік өнімдерін белгіліенген уақыт аралығында тасымалдау транспорт жүйелерінен қабылдау;

-өсімдік өнімдерінің саны мен сапасына байланысты белгілі мақсаттағы партияларды қалыптастыру;

-өңдеу мен сақтау үрдістерін жүргізуде сандық және сапалық есептемелерді тексеріп отыру;

-астықтың сандық және сапалық жағдайына байланысты тазарту, кептіру, және салқындату үрдістерін тиімді жүргізу;

-астық және оның өнімдерінің шығымын болдырмау және өте аз деңгейге дейін төмендету;

-астықтың сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмау,

-астықтың сапалық дәрежесін жоғарылату;

-тұқымдық қордың сандық және сапалық шығынына жол бермеу;

-тұқымның сапалылығын арттыру;

-астық және оның өнімдерін сақтауға кететін еңбектік, техникалық және ақшалық шығынын көбейтпеу, барынша үнемдеу.
4. Өсімдік өнімдерінің құрылысы мен химиялық құрамы.

Астықтың сапасы өңдеу және сақтау объектісі ретінде оның түріне, сорттық өзгешелігіне және табиғи өсу ортасына байланысты. Дән және оның технологиялық қасиеті көптеген факторлардың әсер беру үрдісінде қалыптасады және оны мына схемадан көруге болады.



4 - сызбанұсқа

Астық қалыптасқан қасиеті оны өңдеу, сақтау және одан өнім алу үрдістерін жүргізу ережесі мен режимдеріне әсер береді және ол қасиеттің өзі осы үрдістреді жүргізу кезінде өзгеріп отырады.

Астықтың ішінде және оның сыртқы ортамен байланыста болатын үрдістерді терң етіп түсіну үшін, оның морфологиясы мен анатомиясын жақсы білу қажет. Олар 1 және 2 – суреттерде көрсетілген.

Морфология дәнінің сыртқы көрінісі мен бейнесінің өзгешеліктерін зерттейді. Сондықтан ол мына көрсеткіштермен сипатталынады:дәннің және тұқымның формасы, олардың түсі, жазықтық бетінің көрінісі, жекеленген өзгеше белгілері.

Анатомия дәннің ішкі құрылымын анықтап зерттейді. Осыған байланысты дән дақылдардың түріне байланысты морфология мен анатомиялық өзгешеліктерін сипаттауға болады.

Төмендегі келтірілген 1- және 2-кестелерде негізгі астық дәндерінің өзгешеліктерін көрсетеді.

1-кесте


Астық дақылдарының морфологиялық сипаттамасы

Дақылдар

Дән және тұқымның

қалпы


Дән мен

тұқымның түсі



Дән мен

тұқымның


бет қабаты

Дән мен тұқымның

өзгеше белгілері



1

2

3

4

5

Бидай

Ұзынша-дөңгелектеу,

құс тұқымына

ұқсайды


Ақ, янтарь, сары,

қызыл әр түрлі

түстілігі


Тегіс

Қарығы кең, айдары

бар және кей-кезде

ештеңкесі жоқ таза

дән


Қара бидай

Ұзартылған, түбіне

қарай тарылған (жіп иіргішке ұқсайды)



Жасыл көк,

қоңыр сия

көкшіл

көріністерімен



Тегіс және

түрде


мәжімделген

Дән беті таза,

қарығы терең



Арпа

Эллипстес тәрізді

ұзындау, екі ұшына

қарай сүйірлеу


Сабан тәрізді әр

түрлі сарылау

көріністері бар


Қабырғаға

ұқсас


бүйірлері

Айдары жоқ,

қарығы кең, дәннің

қабығында көлбеу

мәжімдері бар



Сұлы

Ұзындау, тарылау,

жіп иіргішке ұқсас



Ақ, сары

Шаштары

босатылған,

ядро

түбіндегісі



жеңіл

жуылады


Дәннің қабығы бар,

гүлді қабықтың беті

тегіс, жарқылдаған,

айдары бар, қарығы кең



Тары

Дөңгелек, шеттеріне

қарай сүйірлеу емес



Ядросы сары,

қабығының түсі

бозғылдау, қызылдау, сарылау,

сарғыштау,

жарқындау


Тегіс

бұлыңғыр


жылтырақтау


Қабығының түсі

бозғылдау, сарылау, қызылдау,

қоңырлау, сұрлау


Жүгері

Жоғары жағы

дөңгелектеу

бүйірлерімен немесе

жоғардан тіске ұқсас



Ақ, сары, қызыл,

көктеу түрде өте

аз


Тегіс

Дәннің беті таза,

қарығы жоқ



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қазақтың ғылыми мектептерінде жоғарыда айтылған сала бойынша білім берілуде.

2. Астықты сақтау саласының негізгі мақсаттары қандай?


2-дәріс. Қазақстандағы өсімдіктердің өнімдерін өңдеу және сақтаудағы ғылымның қазіргі уақыттағы дамуы мен анализі

Дәріс сұрақтары:

1. Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы және қазіргі жағдайы.

2. Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызмет пен ғылыми қамтамасыз ету.


Дәріс мақсаты: Қазақстандағы өсімдіктердің өнімдерін өңдеу мен сақтаудағы ғылымның дамуы мен жетістіктермен білім алушыларды таныстыру;
1. Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы және қазіргі жағдайы.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы халыққа жолдауында ауыл шаруашылығының барлық салаларының сапалық анализін өткізуге, ең алдымен атқарылатын шаруаларды анықтау; ауыл шаруашылығы өнімділігінің деңгейін жоғарлату мәселесін жүйелі түрде шешуді; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа нарығын және экологиялық таза өнімдердің жаңа өндрістерін құруды міндет етіп қойды.

Өңдеу өндірісі – Қазақстан АӨК құрылымындағы негізгі тізбектердің бірі. Бұл сала халықты азық – түлік өнімдерінің көптеген түрлерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл саланың негізгі міндеттері – халықтың барлық топтарын азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз ету:

- Өнімдердің принципиалды жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыру;

- тағамдық рационның баланстылығы;

- ішкі және сыртқы нарықта өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Әр саланың соңғы, дайын өнім құнына салымы бойынша АӨК рационалды құрылымы туралы айтуға болады. Дамыған елдерде соңғы өнім құнының негізгі бөлігі үшінші салада жасалады. Мұнда, әдетте, ауыл шаруашылық шикізатының терең кешенді қалдықсыз өндеуі, оны сақтау, дайын өнімді буып – түю қамтамасыз етіледі. АҚШ – та өңдеу, буып – түю есебінен азық – түлік өнімдерінің 50 – ден 90 – ға дейін бөлшектік құны құрылады. Бұл елде өнеркәсіппен шығарылған өнімдер (құндық мәнде) ауыл шаруашылық өнімдерінің өңдеуге берілетін мөлшерінен 4 есе артық жүзеге асырылады.

Қазақстанда өткен жылдары инвестициялық және құрылымдық саясатта айтарлықтай қарама қайшылықтар жіберілді, бұл АӨК салалары арасындағы тепе – теңдіктің және пропорциялардың өрескел қателіктеріне әкеліп соқты. Әсіресе 3 сала дамудан артта қалды. Сондықтан қазір ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінеді (монограф). Біртіңдеп экономикалық рычаг пен стимулдар жетілдіріледі. Оның көмегімен мемлекет нарықтық процесстерге қатысады, мемлекеттік реттеу қалпына келеді, өндірістік және қоғамдық қатынаста бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа жағдайларында қалыптасатын ғылыми, құқықтық және ұйымдық – экономикалық бекітулерді қамтамасыз ететін мемлекеттік және басқада институттар құрылады және табысты жұмыс істейді, ауыл шаруашылық және өндірістік интеграциясының және тиімді өзара әрекеттің шарттарын орындағанда мәселелер шешіледі деген түсінік бекітіледі.

Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізгенде өңдеу және азық – түлік өндірісі саласында ауыл шаруашылық шикізатын кешенді өңдеудің тиімділігін арттыруға және жоғары сапалы азық – түлік өнімдерінің, концентраттардың, жемдердің, биологиялық активті қоспалардың және дәрі – дәрмектердің өндірісін ұлғайтуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің маңызды бағытына елде өндірілетін шикізаттың қазіргі тербелістеріне технологияның адаптациясы және азық – түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін жоғарлату қажеттілігінің қызмет етуі ескеріледі.

2. Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызмет пен ғылыми қамтамасыз ету.

Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы ауыл шаруашылық өнімдеріне ерекше талаптар қояды. Осыған жетудің негізгі шарттарының бірі осы елдің өндірістік және кешенді өңдеудің кластерлық инициативалары есебінен азық – түлік нарығын тұрақтандыру болып табылады.

Ауыл шаруашылық шикізатын терең өңдеудің жоғары технологиясын енгізу есебінен өнім ассортиментін кеңейтудің бар мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану.

2010 жылға дейін ғылыми зерттеулердің басымды бағыттары:

- АӨК өңдеу салалары үшін технологиялар мен машиналардың ғылыми негіздерін дамыту;

- берілген құрамда және реттелетін қасиетпен дұрыс тамақтанудың, жемдердің және олардың компоненттерінің жаңа өнімдерін жасау үшін шикізатты

терең өңдеудің өндірісінің технологиясын жетілдіру;

- ауылшаруашылық шикізат өңдеу процесстері биотехнологиялық әдістер интенсификациясының ресурс ұнемдеуін жасау және дайын өнім өндіру;

- емдік-профилактикалық, балаларға және экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халыққа арнап химиялық құрамын бағытты өзгертілу арқылы жаңа буын өнімдерін өндіру технологиясын өңдеу және жобалау;

- шикізат пен дайын өнімді сақтау жүйесін жетілдіру;

- өңдеу өндірісі өнімдерінің нормативті-техникалық базаның мониторингісін және бағалауын, шикізат қауыпсіздігін және сапа бақылау мен анализін жетілдіру;

Осыған байланысты 5 жыл ішінде ғылыми-әдістемелік орталықта нан-тоқаш және макарон бұймдары технологиясында көкөніс-жемісті қоспаларын(қауын, қарбыз, асқабақ, асқабақ пюресі) қолдану жасалған. Жалпы және емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған, поликомпозитті қоспалар негізінде тұтас ұнтақталған: бидай, қарабидай, арпа, сұлы, соя, жүгері, қарақұмық астық ұндарынан жасалған нан-тоқаш өнімдері және наубайханалық бұйымдар құрамында көп мөлшерде маңызды аминқышқылдар, минералды заттар, В, Е тобының дәрумендері және т.б биологиялық белсенді заттарымен ерекшеленеді. Ұннан жасалған наубайханалық бұйымдар сапасын жоғарлату, эмульгаторлар мен ферменттік дәрмектер қолдану арқылы жүзеге асуы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, «Гринстед FSB-270» эмульгаторы қантты печеньеге, «нейтраза» протеолитикалық әсер ететін ферменттік дәрмек тартылған печеньеге жақсы көрсеткіштер көрсетті;.Оладий, бауырсақ, ұннан жасалған кондитер бұйымдары мен диетикалық нан дайындауда профилактикалық құрғақ ұн қоспалары технологиясын қолдану ұсынылған. Микробиология және биотехнология саласында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Ғылыми-әдістемелік орталықта микроорганизмдер культурасы жиынтығының электронды унифицирленген мәліметтер базасы жасалды, микроорганизмдер культурасы жиынтығын қолдану және сақтауды ұсыну өңделген және бекітілген. Нан пісіретін, сүтті, жеміс консервісі үшін микроорганизмдер культурасы жиынтығы негізінде ашытқылар және биопреператтар жасалған.

Астық өңдейтін өндіріс саласында:

- Алматы облысында өндірілетін барлық күріш сұрыптарының ерекшеліктері зерттелген;

-ПСХК «Опытное», «Уштобинский» және «Шыгыс-Каратал» шаруашылықтарында орудан кейінгі өңдеу мен сақтаудың технологиялық регламенті енгізілген;

- Құрамажем өндірісінде крахмал өнімдерін өңдеуді қолдану туралы ұсыныс жасалған.
Бақылау сұрақтары:


  1. Өңдеу өндірісі технологиясының даму перспективасы қандай?

  2. Өңдеу өндірісі саласында инновациондық қызметі бар ма?

  3. Өңдеу өнірісі саласын ғылыми қамтамасыз ету жолдары?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет