Информатиканың профильді курсының көбі өз атауларында «модельдеу» сөзін қосады немесе мазмұнында модельдеудің элементтерін қолданады. Бұл қалыпты жағдай, себебі модельдеу адамгершілік мәдениеттің құрамдас компоненті болып табылады және табиғатты, қоғамды- қоршаған ортаны танудың бірден-бір әдісі.
Модельдеумен байланысты профильді курсты жобалауда, терминологияның мәселесі туындайды. Жиі мазмұнымен анық емес терминдер пайдаланыладыжәне ең алдымен оларға нысандалу қажет.
Модельдеу табиғи және абстрактілі болып бөлінетіні белгілі.Табиғи модельдеу информатиканың шектерінде жатқандықтан одан әрі талданбайды.«Абстрактілі модельдеу» деген ұғым педагогикалық әдебиетте автордың қатарының "ақпараттық модельдеу" деген ұғыммен теңдестіріледі.14.1. суретінде лайықты топтастырукөрсетілген
14.1. Модельді топтастырудың нұсқасы (В. К. Белошапкажәне т.б.)
Оның авторлары — В. К.Белошапка, С. А. Бешенков,А.С.Лесневский.
Модельді классификация түрлеріне мыналар жатады:
• экспертті жүйелер;
•статистикалықанализдыңжүйелері;
• деректер қоры және т.б.
Динамикалық модельдеуге:
• кибернетикалық жүйелер (техника, биология);
• компьютер;
• ғаламдық модельдеу;
• алгоритм дискретті процесстің формальді модельдеуі ретінде;
• ақпаратты беру жүйелері.
Ғылыми- педагогикалық әдебиетте кездесетін модельді классификация 14.2 суретінде көрсетілген. А. В. Могилев және Е.К.Хеннер жұмыстарында анық жазылған.
Рис. 14.2. Модельді топтастыру нұсқасы (А.В.Могилев, Е.К.Хеннер)
Мынадай қолданбалы аймақтарда ұсынылған:
• дәстүрлі(ең алдымен, теориялық физикаға, сонымен қатар механикаға, химияға, биологияға және т.б.)информатиканың техникалық құралдарымен байланыссыз математикалық модельдеу;
• ақпараттық модельдер және модельдеу соның ішінде қосымшаақпараттық жүйелер;
• вербальді (яғни сөздік, мәтіндік) тілдік модельдер;
• ақпараттық (компьютерлік) технологиялар:
— негізгі программалық жабдықтарды қолдану (мәтіндік редакторларды, кестелік процессорларды, телекоммуникациялық пакеттерді);
— компьютерлі модельдеу, оның өзі:
а) есептеуіш модельдеу;
б) «процесстің және көріністің визуализациясы» (графикалық модельдеу);
в) «жоғарғы» технологиялар, компьютерге негізделген қолданбалы технологияларды (қазіргі уақытта) өлшеуіш аппаратураларымен, сенсорларымен және т.б. құралдарымен қолданыста.
Осыдан қорытынды: қандай да бір ұғым кездестірсек, мәселен, ақпараттық модельдер, осы контекста автор не жайлы айтып отырғанын түсінуге тырысу керек.
Жоғарыда келтірілген топтастырудың нұсқаларында табиғи емес(абстракт, ақпараттық) модельдеуінің үлкен саны көрсетілген. Мектепте информатикадан профильді – нысандалған курсты құрастыруда олар тең құқылы емес. Осы мақсат үшін физикалық және экологиялық процесстіңдинамикалықмодельдерін, дерекқорларымен және ақпараттық технологияларға сүйенетін классификациялық (ақпараттық) модельдеуді жиі пайдаланады;алайда мектептеинформатика курсы статистикалық анализдың жүйелеріне немесе экспеттік жүйелерге сүйенетініне елестету қиын.Оның екі түрлі себебі бар: біріншіден,объектілі қиыншылықтар, модельдеуге жататын тараулардың көбінің күрделілігі;екіншіден,дәстүрлік,оқу-программалық-әдістемелік қамсыздандырудың болмағандығы,әдістемелік жоспардың болмауы.Еске түсірсек, мектепте профильді курс,ең алдымен, орта білім берудің мақсатын көздейді.
Модельдеу мен компьютер жайлы айтсақ.Абстрактілі(ақпараттық) модельдеу компьютерге дейін пайда болған және дәстүр бойынша, модельдеуде компьютерлерсіз жасалған нәрсе, оларсыз да болып жатады. Компьютерлерге модельдеуді қосу, ереже бойынша, қосымша абстрактіні жүргізеді. Алайда модельдеуде компьютердің мүмкіндіктері өте көп, олардың көмегімен көп жағдайда алға жүруге болады. Осы тарауда айтылған курстың екі міндеті бар: оқушыларға модельдеудің принциптерін, сонымен қатар компьютерге негізделген модельдеудің технологиясын түсіндіру.
Профильді курсты жүргізуде, негізі модельдеу болса, мұғалімдер мен оқушылар алдында кітаптармен, басқа оқу – әдістемелік құралдармен қиындықтар туындайды. Қазіргі уақытта айтылған курстар оқу әдебиетінен көрі көбінесе мақалаларда, диссертацияларда, монографияларда жазылған.Осындай оқулықтармен қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр және жуырда олар пайда болады, ал оғанға дейін мұғалім өзі курсты, төменде берілген материалдарға жүгініп жүргізеді.
&&&
$$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Табиғи модельдеу
-
Абстрактілі модельдеу
Дәріс №8
Тақырыбы: 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан негізделуін керек етеді.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып, сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.
Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.
12 жылдық білім беруге көшу мұғалімді «бұрыннан келе жатқан педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс ақпарат беріп және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының нашарлауына және уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені өзгертіп», керісінше қалай оқу керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған міндеттерді шешу үшін әр тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету айқындамасын қабылдауға бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)
12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.
Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.
Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.
Соңғы үшінші сатымыз – бағдарлы білім беру.
Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.
Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:
Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген. Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің де өмірге деген көзқарасы өзгереді.
Дәріс № 9-10.
Тақырыбы: 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы
Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек». Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау – біздің міндетіміз.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.
12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы
Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.
Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екеуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.
12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:
- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;
- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
- оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;
- жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.
&&&
$$$002-010-100$Дәріс №9-10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Құзыретті тұлғаны қалыптастыру
-
Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдары
Дәріс №11
Тақырыбы: Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасыы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар 1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ал отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент –оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек? Деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптар басшылыққа алына отырып, негізгі талаптар толықтырылып, жаңа реформалық үлгідегі талаптар ұсынылды. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке дара зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың не қалайтынын қанағаттандыруды ұйымдастыруы қажет.
Әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткен жөн:
- сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
-сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
12 жылдық білім беру барысында Информатика пәнін оқытудың нәтижелері
Білуі тиіс
|
Білуі тиіс
|
Білуі тиіс
|
- Компьютерде жұмыс жасағанда, санитарлық-гигиеналық талаптарды
|
- ЕТ кабинетінде компьютермен жұмыс барысында денсаулық-тарын сақтап, техника қауіпсіздік ережесін қадағалауды
|
- Мемлекеттік ақпараттық сақтану жүйелерін
|
- компьютердің қосымша, яғни перифериялық құрылғыларын және олардың функцияларын
|
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қосымша бөліктері мен олардың функцияларын
|
- ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қосымша бөліктері мен олапдың функциялары
|
- MS Windows стандартты ортасын
- MS Office элементарлық негіздерін
|
- негізгі қолданбалы бағдарламалар және жүйелік бағдарламалар: офистік бағдарламалар, корпоративті ақпараттық жүйелер, мультимедиа, интернет
|
- кең таралған қол-данбалы және жүйелік бағдарламалар: проектілеу жүйелері, ғылыми бағдарлама-лық жасақтама, геоинформациялық жүйелер
|
- ақпараттық жүйелердің қолданылу орны: ролі және функцияларын
|
- ақпараттық жүйелердің мазмұны, құрамын
|
- ақпараттық жүйелердің деңгейлерін
|
- ақпараттық технологияның ролі мен функцияларын
|
- ақпараттық технологияның мазмұны және құрамын
|
- ақпараттық технологияның деңгейлерін
|
- Интернеттің элементарлық негіздері
- веб-сайт, электрондық почта, веб-форум, веб-чат, электрондық магазин
|
- Ethernet, Extranet, Intranet және Internet желілік жүйелері-Google, Yandex, Yahoo, Aport ақпараттық-іздеу жүйелері
- e-Learning дистанциялық оқыту
- видеоконференц байланыс
- интерактивті технология
- электрондық сауда
|
- WWW – World Wide Web дүниежүзілік ақпараттық портал
- компьютер көмегімен өлшеу және есептеу технологияларының принциптері
- компьютер мониторингі
- интеллектуалды машиналар мен роботтар
- электрондық үкімет
|
- алгоритмдер мен программалар
|
- моделдеу, конструктрлеу, проектілеу және басқару бағдарламалары
|
- компьютерді басқару объектілері мен жүйелерінің негіздері
|
- Интернетке қосылу
- текстік, графикалық ақпараттарды құру, сақтау
- аудио және видео ақпараттарды демонстрациялау
|
- Интернеттен қажетті ақпараттық ресурстарды іздеу және табу
- инновациялық технологиялар білімін қолдана білу
- құжаттарды анализдеу және синтездеу
|
- қажетті ақпараттық ресурстар кітапханасын дүниежүзілік ақпараттық портал
-Интернет арқылы жіберу
- графикалық бағдарламалар Photoshop, Corel Draw, Adobe Illustrator
- AutoCAD БҚ
|
Достарыңызбен бөлісу: |