ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы үшін «технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері 1»



Дата11.07.2016
өлшемі176.04 Kb.
#190238

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-5.1.72/02-2015

ПOӘК

«Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері 1» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы



«__»____ 20__ ж.

№ ___ басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

мамандығы үшін



«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ 1»

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей


2015
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырушы:

Б. Кабулов ____________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

« » 201_ ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедра мәжілісінде қаралды


« » 201__ ж., № хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ М. Акимов
2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қаралды
« » 201__ ж., № хаттама
Төрайым _________ А. Нұрғазезова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді


« » 201__ ж., № хаттама
ОӘК төрайымы _______________ Г. Искакова

Алғаш рет енгізілген




Мазмұны


1

Жалпы ережелер




2

Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу




3

Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар




4

Курс форматы




5

Курс саясаты




6

Бағаларды қою саясаты




7

Әдебиеттер





1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер

Кабулов Болат Бейсенгалиевич, доцент



  • «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы

  • Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 35-05-90

  • Сабақ өткізетін аудиториялар № 102

Берілген пән бойынша кредит саны – 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздерін кеңінен қолдану мамандардан технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау туралы терең білімді қажет етеді.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау әдістерін қолдану өндірістің прогрессивті құрылымын жасауға мүмкіндік береді және өндірісті автоматтандыру мүмкіндігін кеңейтеді. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау қолдану аумағы үздіксіз өсуде. Сондықтан қазіргі заман маманы технология талабына сәйкес өндірістік процестерді ғана басқаруды біліп қоймай, сондай-ақ, осы саладағы ғылымның соңғы жетістіктеріне жауап бере алатын, жоғары техникалық деңгейде ұтымды жүруін қамтамасыз ете білуі қажет.

1.3 Пәнді оқыту мақсаты: механиканың негізгі заңдарын, жобалау және құрастырудың негізгі принциптерін, саланың қызмет көрсететін жабдықтарын сенімді жинақтау және жаңғырту немесе жаңашылдықты құруға қажетті оның жұмысқа қабілеттілігінің негізгі критерийлерін ескере отырып, тағамдық машинажасаудың типтік бұйымдарын есептеу алгоритмдері мен моделдерін тұрғызуды оқып-үйрену.

1.4. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Пәнді оқудың міндетті шарты негізі бақылау болатын барлық жеке тапсырмаларды орындау.

1.5. Оқытудан күтілетін нәтижелері:


  • Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздерін қазіргі таңдағы жайын білу, өндірістегі жабдықтардың перспективалы дамуы;

  • Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау әдістерін және қолданылатын жабдықтардың сипаттамасын білу, жабдықтарды зерттеу және есептеу әдісі;

  • негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгеру;

  • жабдықтарды таңдауды технологиялық жағдайдағы оларды жобалау үшін жүзеге асыру;

  • Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау сызбаларды жасау, технологиялық машиналар мен жабдықтарды эксплуатациялауда практикалық дағдыларды меңгеру;

  • басқа пәндерді оқуда алынған білімді жоғары дәрежеде қолдана білу.

1.6 Курстың пререквизиті:

1.6.1 Математика,

1.6.2 Физика.

1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері 2.
2 ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

Кесте 1


Тақырып аты

Мазмұны

Сағат саны

Дәріс

Практ

Зертхан

ОБӨЖ

БӨЖ

Металдардың механикалық қасиеттері

Статикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиеттер. Динамикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиеттер. Ауыспалы (циклді) жүктелу кезінде анықталатын механикалық қасиеттер.

Металдардың тозуы. Металдардың беріктігін арттыру жолдары



1

1

1

1,5

4,5

Шойындар

Негізгі түсініктер. Құйылғыш сұр шойындардың құрлысы мен қасиеттері. Беріктігі жоғары шойындардың құрлысы мен қасиеттері. Соғылғыш шойындардың құрлысы мен қасиеттері.

1

1

1

1,5

4,5

Конструкциялық болаттар мен қорытпалар

Көміртекті және легірленген болаттарды классификациялау және маркалау. Жақсартылатын және цементтелетін легірленген болаттар. Конструкциялық шарикподшипниктік болаттар.

1

1

1

1,5

4,5

Аспаптық болаттар мен қатты қорытпалар

Кесу аспаптарына арналған болаттар мен қатты қорытпалар. Өлшеу аспаптарына арналған болаттар. Суық және ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар.

1

1

1

1,5

4,5

Түсті металдар мен қорытпалар


Алюминий қорытпалары. Олардың құрылымы, қасиеттері, маркалануы және қолданылуы.

Мыс қорытпасы. Олардың құрылымы, қасиеттері, маркалануы және қолданылуы. Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары.



1

1

1

1,5

4,5

Статика

Күш. Статика аксиомалары. Байланыстар және олардың карымта күштері. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсер етуші күшін геометриялық әдіс арқылы анықтау

1

1

1

1,5

4,5

Қатты дене статикасы

Күштің өске проекциясы. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсер етуші күшін аналитикалық әдіс арқылы анықтау. Нүктеге байланысты алынған күш моменті

1

1

1

1,5

4,5

Кинематика

Нүкте қозғалысының берілу әдістері. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы. Қатты дененің қозғалмайтын өс бойымен айналуы.

1

1

1

1,5

4,5

Нүктенің күрделі қозғалысы

Нүктенің күрделі қозғалысы. Қатты дененің жазық паралель қозғалысы.

1

1

1

1,5

4,5

Нүкте динамикасы

Ньютон зандары. Нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеуі. Күштердің негізгі түрлері. Күш жұмысы. Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті. Нүкте динамикасының жалпы теоремалары. Даламбер қағидасы

1

1

1

1,5

4,5

Материалдар кедергісі ғылымының негізгі ұғымдары

Материалдар кедергісі ғылымының негізгі ұғымдары. Материалдар кедергісі пәнінде қабылданатын жорамалдар. Сыртқы күштер. Деформация мен орын ауыстыру. Қию әдісі. Кернеу.

1

1

1

1,5

4,5

Cозылу мен сығылу

Бойлық күш. Кернеу. Деформация мен орын ауыстыру. Ауырлық күш әсері.

1

1

1

1,5

4,5

Беріктік жорамалдары

Негізгі түсініктер. Бірінші беріктік жорамалы. Екінші беріктік жорамалы. Үшінші беріктік жорамалы. Төртінші беріктік жорамалы. Мор критерийі.

1

1

1

1,5

4,5

Ығысу

Ішкі күштер. Таза ығысу. Ығыса деформацияланған конструкция элементтерін есептеу.

1

1

1

1,5

4,5

Бұралу

Бұраушы момент. Кернеу мен деформация. Бұралған біліктерді беріктік пен қатандыққа есептеу.

1

1

1

1,5

4,5


3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі мазмұнына көңіл аудару керек. Ол үшін студенттің оқулықпен жұмысын жеңілдету мақсатында оқыту-әдістемелік кешені ұсынылады. Әрбір тақырыптың дәрісі соңында өзін-өзі тексеру сұрақтары бар.

Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан пайдалану дұрыс емес. Ұсынылған әдебиеттердің ішіндегі біреуін негізгі әдебиет етіп таңдап алу керек. Басқа оқулықтарды егер де қажет тақырып жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн.

Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл. Оқулықпен жұмыс жасау барысында ұсынылған кешендегі мысалдар мен сараптамалар міндетті түрде болуы қажет. Тек осыдан кейін ғана өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек.

Теориялық алған білімдерін студенттер практикалық есептерді шығарған кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады.


  1. КУРС ФОРМАТЫ

Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 3 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (1015 минут), дәріс (3540 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.

Зертханалық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек қарастыруды қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.

Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.

Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.

Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.


  1. КУРС САЯСАТЫ

Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойатын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.

1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.

3. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

4. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

5. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

6. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.


6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:

- ағымдағы бақылау («Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері 1» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)

- межелік бақылау (7 және 15 апталар)

- қорытынды бақылау

Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және зертханалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с.

Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау.

Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады.

Білім алушылардың рейтингтерін есептеу кезінде жұмыстардың барлық түрлері есепке алынады:


  • сабаққа қатысу (СҚ);

  • ОБӨЖ орындау графигі бойынша;

  • аудиториялық бақылау жұмысын (АБЖ) орындау;

  • ауызша жауап беру (АЖ)

  • БӨЖ орындау жоспары бойынша үй тапсырмасын (ҮТ) орындау

  • әр білім алушыға өзіндік жұмысы (ӨЖ) графигі бойынша реферат орындау;

  • курстық жоба графигін орындау;

  • басқа жұмыстары бойынша, мысалы жұмыспен өтеу (ЖӨ).

Берілген тапсырмалардың бәрін тиянақты орындаған студент жоғары рейтингке ие болады.

Емтиханға рейтингісі 50 % жоғары білім алушылар жіберіледі.

Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) келесі ереже бойынша анықталады: рейтинг нәтижесі R,% 0,6-ға (60%) көбеітіндісіне емтихан нәтижесінің (Е,%) 0,4-ке (40%) көбейтіндісі қосылыу арқылы табылады, яғни.
«Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау негіздері 1» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Ұпайлар

Ескерту

1

2

3

4

1-7 апталарда дәрістерге, практикалық және лабораториялық сабақтарға қатысу

30




1

Тапсырмалар түрлерімен танысу







2

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

3

Есеп шығару

5

ПС

1

2

3

4




Ауызша жауап беру

10

ЗС

4

Есеп шығару

10

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

5

Есеп шығару

10

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

6

Есеп шығару

10

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

Реферат

90

БӨЖ

7

Межелік бақылау 1

90




1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар

300




8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және лабораториялық сабақтарға қатысу

30




8

Тапсырмалар түрлерімен танысу







9

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

10

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

11

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

12

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

13

Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

14


Есеп шығару

5

ПС

Ауызша жауап беру

10

ЗС

Реферат

90

БӨЖ

15

Межелік бақылау 2

90




8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар

300




Емтиханға арналған барлық ұпайлар

400




Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар

1000





7 ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Адырбеков М.А. Теориялық механика: оқу құралы / М.А. Адырбеков.- Алматы: Эверо, 2009.- 332 б.

7.1.2 Кожиков А.Д. Теориялық механика: оқу құралы / А.Д. Кожиков, С.К. Турусбеков, К.Р. Аубакиров; Шәкәрім атынд. СМУ.- Семей, 2011.- 234 б.

7.1.3 Тлеубердин Қ.Ж. Теориялық және қолданбалы механика: оқулық / Қ.Ж. Тлеубердин, С.Ә. Карденов.- Көкшетау: Тенгри, 2011.- 236 б.

7.1.4 Түсіпов А. Теориялық механика: оқулық / А. Түсіпов.- Алматы: Дәуір, 2011.- 315 б.

7.1.5 Іңкәрбеков А.Б. Теориялық механика: статика және кинематика/ А.Б. Іңкәрбеков.- Алматы: Бастау, 2012.- 240 б.

7.1.6 Түсіпов А.Т. Теориялық және қолданбалы механика: оқулық / А.Т. Түсіпов, Қ. Түсіпов.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2014.- 735 б.

7.1.7 Немеребаев М. Материалдар кедергісі: оқулық / М. Немеребаев.- Алматы: Дәуір, 2011.- 287 б.

7.1.8 Түсіпов А. Материалдар кедергісі: оқулық / А. Түсіпов, С. Түсіпова; ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы.- 2-ші бас., өңд.- Алматы, 2012.- 397 б.

7.1.9 Немеребаев М. Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясы: оқулық / М. Немеребаев.- Алматы, 2011.- 263 б.

7.1.10 Оханов Е.Л. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы: оқулық / Е.Л. Оханов, М.Б. Самсаев.- Алматы: Бастау, 2011.- 232 б. 
7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Нұғыман А.М. Теориялық және инженерлік механика негіздері: Анықтамалық оқу құралы / А.М. Нұғыман; Сейфуллин атынд. Қазақ агротехникалық ун-і.- Астана, 2012.- 127б. 

7.2.2 Тлеубердин, Қ.Ж. Инженерлік механика/ Қ.Ж. Тлеубердин; оқу құралы.- Семей, 2012.- 191б.

7.2.3 Материалдар кедергісінің есептер жинағы: оқулық / А. Түсіпов; ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы.- Алматы, 2012.- 215 б.

7.2.4 Тлеубердин Қ.Ж. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы: оқу құралы / Қ.Ж. Тлеубердин; ҚР БҒМ.- Семей: Тенгри, 2015.- 159б.
  

 




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет