Өртті болдырмау шаралары. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
-
Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
-
Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
-
Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
-
Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
-
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
-
Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
-
Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
Ескерту шаралары: Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Өртті болдырмау шаралары
-
Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу
-
Өрт кезіндегі іс әрекет
Тәжірибелік сабақтың тақырыбы №10 Химиялық барлау құралдары және оларды қолдану. Ағзаның улаушы заттармен зақымдануы. ӘКУЗ уланған кездегі алғашқы көмек. ИПП -8 құрылымы және мағынасы.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жаппай жою қаруынан халықты қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар). Жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен және жеке қорғану құралдарымен (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) таныстыру.
Химиялық қару – улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.
Химиялық кару - улағыш заттардың (УЗ) уландыру қасиеттеріне негізделген осы заманғы жаппай зақымдау құрал. Химиялық қару адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жою, жерді (суды), техниканы, материалдық құралдарды, азық-тұлік өнімдерін, су көздерін зақымдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Химиялық бинарлық қару-жарақтарға усыз немесе улылығы аз жеке екі компоненттен тұратын химиялық жарақтардың бір түрі жатады. Олар қолдану (жарылыс, бомба тастау және т.б.) процесі кезінде бір-бірімен әрекеттесіп улылығы жоғары улағыш заттарды түзеді.
Улағыш заттар (УЗ) - адамдар мен жануарларды закымдайтын және қоршаған ортаның ұзақ мерзімге ластануына әкеп соғатын улы химиялық қосылыстар. Ұрыстық қолдану сәтінде олар бу тәрізді (газ тәрізді), аэрозольдік (түтін, тұман), не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс алу мүшелері, шырышты қабықтары және тері қабаттары, дене жаралары арқылы, ал уланған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан-ішек жолы арқылы зақымдайды. УЗ-дың ағзаға енетін ең негізгі жолдары - ингаляциялық (тыныс алу мүшелері арқылы) және тері-резорбтивтік (терінің түктері арқылы).
Улағыш заттардың әсер етуінің негізгі көрсеткіштері:
• токсинділік (улылығы);
• жылдам әсер етуі;
• тұрақтылығық.
УЛАҒЬШ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
1) Токсиндік әрекетіне қарай улағыш заттар (УЗ) 6 топқа бөлінеді:
• Жүйке-сал ауруына ұшырататын әрекетті УЗ (зарин, зоман, VХ
(ви икс));
• Теріні іріңдетқіш әрекетті УЗ (иприт);
• Жалпы улы әрекетті УЗ (көгерткіш қышқылы, хлорциан);
• Тұншықтырғыш әрекетті УЗ (фосген, дифосген);
• Тітіркендіргіш әрекетті УЗ (СS, СR, хлорацетофенон, адамсит);
• Психохимиялық әрекетті УЗ (ВZ, LSD)
2) Зақым әсерінің сақталу мерзіміне қарай УЗ бөлінеді:
• Тұрақты УЗ (зақым әсері бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін сақталады) - иприт, зоман, VХ;
• Тұрақсыз УЗ (зақым әсері бірнеше минуттан 1-2 сағатқа дейін ғана сақталады) - көгерткіш қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген;
3) Тактикалық әрекетіне қарай УЗ төмендегідей бөлінеді:
• Өлімге ұшырататын УЗ ( жүйке-сал ауруына ұшырататын, теріні іріңдеткіш, жалпы улы және тұншықтырғыш әрекетті УЗ);
• Саптан (қатардан) уақытша шығаратын УЗ (психохимиялық және
тітіркендіргіш әрекетті УЗ).
4) Зақымдау әрекетінің басталуына карай УЗ бөлінеді:
• Жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, көгерткіш қышкылы, хлорциан, СS, СR);
• Баяу әсер ететін УЗ (VХ, иприт, фосген, ВZ).
УЛАҒЫШ ЗАТТАРҒА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
1. Жүйке-сал ауруына ұшырататын әрекетті улағыш заттар
Бұл топқа фосфор-органикалық типті уы өте күшті улағыш заттар жатады (зарин, зоман, VХ). Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар. Ұрыстық күйі - бу, аэрозоль және сұйық-тамшы. Ағзаға тыныс алу, тері, асқазан-ішек жолы арқылы түседі.
ЗАРИН - түссіз, сәл жеміс иісі бар, тұрақсыз сұйық зат. Сумен, органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста араласады, майларда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзімге зақымдайды.
ЗОМАН - түссіз камфора иісі бар сұйық зат. Улылығы күшті, тұрақты, зариннен улылығы 10 есе жоғары, ауадан 6 есе ауыр, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді.
VХ (ви-икс) - түссіз сұйық, зариннен улылығы жоғары, өлім жағдайына ұшырататын улы зат.
Зақымданудың алғашқы белгілеріне көз қарашығының кішіреюі (миоз), көздің көру қабілетінің төмендеуі, көздің мандайға карай тартып ауруы жатады. Адамның жүрегі айнып, кеуде тұсы ауырады. Тоқтаусыз сілекей бөлінеді. Адам әлсіреп, денесін ұрейлі қорқыныш сезімі билейді. Адамның тынысы тарылып, қатты демігеді (бронхоспазм), кеуде тұсының ауырғаны күшейеді, еріндері көгеріп кетеді, көзі қарауытады, құсады, іші өтеді, жүру координациясы бұзылады. Адам есінен танады. Жекелеген бұлшық еттерінің, бүкіл денесінің қалшылдауы айқын сипат алады. Көп мөлшерде бөлінген сілекей мен сілемейлі сұйық тыныс алу жолдарын бөгеп, адамның ентігуі күшейе түседі.
Алғашқы медициналық көмек:
• Зақымданған адамға дереу газқағар кигізу. Газқагарды киер алдында бет терісін химияға қарсы қолданылатын жеке пакеттің (ХЖП немесе ИПП - 8) суйығымен ішінара санитарлық өңдеу жүргізу (1- сурет)і;
• Антидоттарды (уға қарсы дәрі-дәрмекті) қолдану зақымданудың жеңіл сатысында жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы (АИ-2) тарен таблеткасын қабылдау. Ауыр сатысында шприц-тюбикпен атропин немесе афин жіберу;
• Қажет болғанда жасанды түрде тыныс алдыру (химиялық зақымдану ошағында Каллистовтың және басқалардын әдісімен, зақымдану ошағынан тысқары жерде ауыздан ауызға үрлеу әдісімен);
• Зақымданғандарды химиялық зақымдану ошағынан жедел шығару.
1 сурет - Химияға қарсы қолданылатын жеке пакет (ИПП-8)
және оны қолдану тәртібі
2. Теріні іріңдеткіш әрекетті улағыш заттар
ИПРИТ- майлы сұйық, түсі сарғыш немесе қара-қоңыр, иісі сарымсақтың немесе қышаның иісіне ұқсайды.Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін зат. Ұрыстық күйі - бу, сұйық-тамшы.
Ипритке тән ерекшеліктер: білдірмей әрекет ететін жасырын кезеңі (зақымдану бірден емес, 2-24 сағаттан кейін білінеді) мен кумулятивті әсерінің болуы (зақымдау әсерінің ағзада жиналуы).
Зақымдану белгілері: 2-6 сағаттан соң тері мен шырышты қабыктары қызара бастайды. Бір тәуліктен кейін терінің қызаруы күшейе түседі, бұған аздаған дене қызуы, бас ауруы, жалпы сырқаттану қосылады. Терінің күлдіреуі пайда болады (көпіршіктер қаптайды). 2-3 тәуліктен кейін, ауыр сатысында терең жаралар, некроз (жансыздану) пайда болады.
Иприт буын деммен тартқан кезде тыныс алу жолдары құрғап ашиды. Сонымен бірге зақымданушы - түшкіреді, жөтеледі, қақырық түсіп дененің қызуы көтеріледі. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Әуелде көзге бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бүдан әрі көз бен қабактың шырыштысы ісініп, қатты қызарып, былшықтанады. Асқазан-ішек жолына түссе, 30-60 минуттан кейін асқазан қатты ауырады, сілекей көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді (кейде қан аралас).
Зақымданғанға алғашқы медициналық көмек көрсету: адамның бетінде улағыш заттардың тамшысы болса бет терісін және терінің ашық жерін химияға қарсы қолданылатын жеке пакеттегі (ИПП-8) сұйығымен өңдеу және күйзелген кісіге газқагар кигізу. УЗ асқазанға түссе, зақымданған адамның негұрлым шапшаң құсуына мүмкіндік жасау, карболен беру және асқазанды жуып шаю (3-5 стақан су беру және тілдің түбін тітіркендіріп, құсык шақыру). Көзге түскенде оны таза сумен мұқияттап жуу. Зақымданғандарды зақымдану ошағынан қауіпсіз орынға шығару.
3. Жалпы улы әрекетті улағыш заттар
КӨГЕРТКІШ ҚЫШҚЫЛЫ - түссіз, тез буланатын, ащы бадан иісті сұйық, суда жақсы ериді және ақпайтын суларды бірнеше тәулікте зақымдайды. Ұрыстық күйі -бу.
ХЛОРЦИАН - көгерткіш қышқылынан гөрі неғұрлым үшпа, түссіз сұйык. Токсиндік қасиеттері жағынан көгерткіш қышқылына ұқсас.
Зақымдану белгілері: зақымданған ауамен дем алған кезде ауыз темір татып ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, алқымын бір нәрсе тырнағандай сезінеді, көздің тұсы шаншиды, тамақты жыбырлатады, бас айналады және жалпы әлсіздік пайда болады. Бұдан әрі қорқыңыш сезімі күшейеді, қарашық үлкейеді, бұлшық еттері әлсірейді, тамыр соғуы сиреп тынысы тарылады. Зақымданған адам есінен танады, сіңірлері тартылады, қалшылдап дірілдейді. Дем алуы тоқтап, мерт болады.
Зақымданушыға алғашқы медициналық көмек көрсету: зардап шеккен адамға газқағар кигізу. Антидоттың (амилнитрит, пропилнитрит) буымен тыныс алдыру үшін ампуланы сындырып газқағардың дулыға-маскасы астына кіргізу. Жағдайы ауыр болғанда жасанды түрде дем алдырады, оттегімен дем алдырадыі. Зақымданғандарды зақымдану ошағынан қауіпсіз орынға шығарады.
4. Туйшықтырғыш әрекетті улағаш заттар
ФОСГЕН - сыртқы температура 8°С жоғары болғанда түссіз, қызған шөптін немесе шіріген алманың иісіне ұқсас иісі бар, ауадан 3,5 есе ауыр газ. Бұдан тыныс алу жолдарының зақымдануы, өкпенің ісінуі, оттегінің жетіспеуі және соның салдарынан газ алмасу үрдісінің бұзылуы мүмкін.
Фосгеннің ерекшелігі: білдірмей әрекет ететін -жасырын кезеңі мен кумулятивті (жинақталу) әсірінің болуы. Ұрыстық күй і- бу.
Зақымданудың алғашқы белгілері: буымен дем алғанда аузының іші кермек татиды, алқымында бірнәрсе жыбырлағандай сезінеді, аздап бас айналады, әлі құриды, жөтеледі, қеуде қысылады, жүрек айниды (құстырады).
Зақымданған ошақтан шыққаннан кейін бұл белгілер жойылады. Зардап шеккен адам зақымданғанын білместен 4-24 сағат бойында өзін ештеңе болмағандай, сезінеді. Шын мәнінде жасырын әрекет кезеңі басталып, осы уақыт ішінде өкпе ісінуі өрбиді. Көп ұзамай тынысы тарылады, демігеді, ауа жетіспейді, жөтел тоқтамайды, көп қақырық түседі, тері мен кілегейлі қабықтары күннен-күнге көкшіл тарта береді, дененің қызуы көтеріледі, яғни асфиксияның (тұншығуының) көкшіл түрі түзіледі. Кейде уланудың аса ауыр түрлері (асфиксияның сұрғылт түрі) де кездесіп қалады, мұндайда күйзелген адамның бет-жүзі мен дене терілері күлгін-сұрғылт тартады, тамыры қылдай жіңішкеріп, жиі соғады, қиналып тыныс алады, қысымы күрт төмендейді, есінен айырылады .
Алғашқы медициналық көмек: газқағар кигізу, зақымдау ошағынан шығару, оттегімен дем алдыру, толық тыныштық сақталуын қамтамасыз ету. Бұл топтағы УЗ-мен зақымданушыларға жасанды түрде тыныс алдыру тәсілдерін қолдануға мүлдем болмайды (өкпенің ісінуіне байланысты).
5. Психохимиялық әрекетті улағыш заттар
Олар «елес тудыратын», «саптан уақытша шығаратын» және «қауіпті емес» улар деп аталады. Бұл топқа ВZ (би-зет) және LSD жатады. Мұндай УЗ жүйке жүйесінің биохимиялық процестерін бұзады, мұның өзі елестеушіліктің (галлюцинацияның) өршуіне әкеп соқтырады. Осы УЗ-ның әсеріне ұшыраған адамдар біршама уақыт ішінде жұмыс қабілетінен айырылып ұстамсыздық жағдайға душар болады.
Зақымданудың белгілері 30-40 минуттан соң басталады және 0,5-12 сағатқа созылады. Қоршаған ортаны қабылдауымен түйсінуі бұзылады (әр нәрсенің түстері аса ашық болып көрінеді, ал заттар мен адамдардың кескіні бұзылып көрінеді), қорқыңыш, немесе эйфория билейді.
ВZ (би-зет) - иіссіз, ақ кристалл зат, суда ерімейді, хлороформда, дихлорэтанда және қышқылданған суда жақсы ериді. Негізгі ұрыстык күйі -аэрозоль.
LSД (лизергин қышқылының диэтиламиді) - ақ кристалл зат. Ұрыстық күйі - аэрозоль.
Зақымдану белгілері: аз концентрацияда ұйқы басады, өмірлік қарекет бәсеңсиді, ал көп концентрациялар кезінде бірнеше сағаттың ішінде жүрек соғуының жиілеуі, терінің, ауыздың құрғақсуы орын алады; қарашығы үлкейіп, өмірлік қарекеттің бәсеңсуі байқалады. Келесі 8 сағаттың ішінде мелшиіп тіл құрмелу басталады. Сөздері мәнсіз, мағынасыз. Мұндай құбылыс бірнеше сағаттан тәулікке дейін созылады.
Алғашқы медициналық көмек: газқағар кигізу; зақымдану ошағынан шығару; көзді, ауызды, мұрынды және теріні таза сумен мұқият жуу; асқазанға түссе оны жуып шаю, киімді қағу не шөткемен тазалау керек.
6. Тітіркендіргіш әрекетті улағыш заттар
Бұл топқа көздің айрықша сезімтал жүйке талшыктарын және жоғарғы тыныс жолдарының сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіретін улы химиялық қоспалар жатады. Олар (хлорацетофенон, адамсит, СS, СR) «саптан уақытша шығаратын» УЗ-ға жатады.
ХЛОРАЦЕТОФЕНОН — сарғыш кристалл, мойылдың иісіне ұксас иісі бар зат. Ұрыстық күйі - аэрозоль.
АДАМСИТ - жасыл не сарғьш кристалл зат. Ұрыстық күйі - аэрозоль.
СS (си-эс) - ақ, қатты онша ұшпа емес кристал зат. Суда нашар ериді, спиртте біршама, ацетонда, хлороформда жақсы ериді. Ұрыстық күйі - аэрозоль.
СR (си-эр) - сары түсті кристалл зат. Суда нашар ериді, органикалык еріткіштерде жақсы ериді. СR-дың токсиндік әрекеті СS-ке ұқсас, бірақ көз бен жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш әрекеті негұрлым күшті болады, Ұрыстық күйі - аэрозоль.
Зақымдану белгілері: аз концентрацияда көздің айналасы қатты түйіліп ауырады, жасаурайды, жарыққа қарай алмайды, көзге «құм» шашырағандай сезінеді; түшкіру, жөтелу, құсу секілді шұғыл рефлекторлық реакция тудырады. Жоғарғы тыныс жолдары ашиды, ал көп концентрацияда терінің ашық жерлерін күйдіреді. Зақьшдану ошағынан шыққаннаң кейін осы белгілер біртіндеп 1-3 сағат ішінде басылады.
Алғашқы медициналық көмек: газқағар кигізу, жоғарғы тыныс жолдары қатты тітіркенгенде (қатты жөтел, ащыту, кеңсіріктің ауруы) түтінге қарсы қоспасы бар ампуланы сындырып, оны дүлыға-масканың астына енгізу керек. Зақымдану ошағынан шыққаннан кейін көзді, ауызды, мұрынды таза сумен немесе ас содасының 2% ерітіндісімен жуу керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Химиялық қаруды қолданған жағдайда апаттың салдарын жою үшін қандай шаралар ұйымдастырылады?
-
Зақымдалу ошағында барлау жүргізу кезіндегі барлау буынының әрекеті қандай?
-
Залалсыздандыру топтарының әрекеттері
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №11 Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіктерді төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.
Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады: жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2), жеке химиялық әсерден қорғайтын пакет (ИПП-8) және медициналық таңу пакеті (ППМ).
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2) (1 сур.) радиацияға, химияға, бактерияға қарсы медициналық және басқа да профилактикалық құралдардан тұрады. Қобдиша УЗ-мен, радиациялық заттармен, бактериялық құралдармен зақымданған кезде өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуге арналған. Оның ішінде дәрі-дәрмектер жеке-жеке ұяларға бөлініп, пластмасса қорабына салынған. Қораптың өлшемі 90x100x20 мм, салмағы - 100 г. 1-ші ұяда ауырсынуды басу үшін қолданылатын сұйыққа толы (2% промедол ерітіндісі - 1 мл) шприц-тюбик орналасқан. Фосфорлы-органикалық заттармен уланған жағдайда №2 ұядағы тарен пайдаланады: химиялық зақымдану қауіпі төнген кезде - бір таблетканы, ал уланудың алғашқы белгілері күшейе бастаған кезде тағы да бір таблетканы қабылдау керек. Таблетканы қабылдауды 5-6 сағаттан кейін қайталау қажет.
1 сурет - Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2)
Бактерияға қарсы қолданылатын дәрілерді жұқпалы ауру кауіпі тікелей төнген жағдайда, ауру белгілері пайда болған кезде, сондай-ақ жарақаттанғанда және күйік шалғанда қабылдайды. Бактерияға қарсы құралдар 3-ші және 5-ші ұяларда орналасқан. 3-ші ұяда үлкен ақ пеналда - сульфадиметоксиннің 15 таблеткасы болады. Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде, радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан, ал, екінші және үшінші күні тәулік сайын 4 таблеткадан қабылдайды). 5-ші ұяда екі ак пеналда кеңінен қолданылатын антибиотик - тетрациклин орналасқан. Тетрациклинді бактериялық зақымдану қауіпі төнген кезде шұғыл сақтандыру мақсатында қолданады. Таблетканы жараланған және күйген жағдайдада қабылдайды. Алдымен 5 таблетканы, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблетка қабылдау керек.
Радиациядан қорғайтын дәріні (4-ші ұядағы ал қызыл түсті екі пенал, әрқайсысында цистаминнің 6 таблеткасы) сәуле алу қауіпі төнген кезде 6 таблеткадан бір рет, сәуле алу қауіпі қайталанған жағдайда 5-6 сағаттан кейін тағы да 6 таблетка ішу керек. Радиоактивті заттар ағзаға түскен жағдайда йодты калийді күн сайын бір таблеткадан 7-10 күн бойы қабылдау қажет. Құсыққа қарсы дәріні (7-ші ұядағы көк түсті пеналдағы этаперазиннің 5 таблетқасы) сәуле алғаннан кейін, сондай-ак жүрек айнуы басталған кезде бір таблеткадан ішуге болады. 8 жасқа дейінгі балаларға бір ішкенде таблетканын ¼ бөлігін, 8-ден 15 жасқа дейінгілерге аталған дәрілерді жарты таблеткадан береді.
Жеке химиялық әсерден қорғайтын пакет (ИПП-8) дененін ашық жеріне және киімге сұйық тамшы түрінде тиген улы заттарды залалсыздандыруға арналған. Бұл жинақтың құрамына бұрандалы қақпақты, газсыздандырғыш еріткіш құйылған флакон және төрт мақта-дәке тампондар кіреді. Бұлардың бәрі ауа өткізбейтін пакетте болады. Сұйық-тамшы улы зат дененің ашык жеріне немесе киімге тиген жағдайда флаконнан тампонга сұйықты құйып, онымен терінің зақымданған жерін және киімнің денеге тиген жерін сүрту керек. Зақымданған жерді залалсыздандыру кезінде денені күйдіріп жатқандай әсер етеді, бірақ бұл тез тарайды, адамның жұмыс қабілетіне әсер етпейді. Флакондағы сұйық улы және көзге тисе қауіпті.
Химияға қарсы қолданылатын жеке пакет болмаған жағдайда тампонның орнына әдеттегі мақта-дәке пайданылады, ал газсыздандырушы кұрамды бірдей мөлшерде алынған 3% сүтегі пероксиді ерітіндісімен немесе 3% сүтегі пероксиді мен 150 г кеңсе силикат желімі қоспасынан жасауға болады (көлемі бір литр мөлшерінде жасалады). Бұл мақсатпен мүсәтір спиртін де пайдалануга болады.
Химиялық зақымдану ошағынан шыққан адамдар міндетті түрде толық санитарлык өңдеуден өтеді, олардың киімдері, корғаныс құралдары арнаулы жуу пункттерінде залалсыздандырылады.
Жеке медициналық таңу пакеті (ППМ) бинттен, екі мақта-дәке жастықшасынан, жамылғы мен түйреуіштен тұрады. Бір жастықша бинттің ұшына тігілген, ал екіншісі жылжымалы болады (2 сур.).
2 сурет - Жеке медициналық таңу пакеті (ППМ)
Пакетті қолдау тәртібіі: резиналы жамылғының шетін тігілуі бойынша ашып, бүгілген жерден түйреуішті алып пакетті ашу. Жастықшаның ішкі жағын жара бетіне салып (егер жараның кіру және шығу саңылауы болса онда бір жастықшаны кіру аузына, ал екінші жастықшаны шығу саңлауна салу), одан кейін екі жастықшаны бинтпен орап, дәкені ұшын түйреуйішпен түйреу қажет.
Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.
Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.
Аталуы
|
Маркасы
|
Алдыңғы
|
Салмағы, кг
|
Сүзгіш газтұмылдырықтар
|
РШ - 4
|
ШМ – 41 МУ
ШМС
|
1,8
|
ПМГ
|
ШМГ
|
|
ПМГ – 2
|
ШМ – 66 МУ
|
1,1
|
ШМ - 62
|
0,9
|
ПМК
|
М - 80
|
|
Жекеленген дем алу аппараты
|
ИП - 46
|
ШВС
|
4,6
|
ИП – 46; МИП - 4
|
ШВС
|
5,5
|
ИП - 5
|
ШИП - 26
|
3,4
|
Тұмылдырық Гопкалит патроны
|
Р - 2
|
ШИП - М
|
5,2
|
ДП - 1
|
Жартылай маска
|
0,06
| Сүзгіш газтұмылдырықтары дем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).
Достарыңызбен бөлісу: |