ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Тақырып 6. Жапония Сегунат кезеңінде



бет3/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#2663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тақырып 6. Жапония Сегунат кезеңінде.


Мақсаты: Экономика және оның қазіргі қоғамдағы рөлі,экономикалық қатынастар жүйесінде адам орны.

1.Сегунат билігінің қалыптасуы.(Фудзивара, Таира, Комакура)

2.Сегунаттың орнауы.

3.Ода Набунаганың реформалары.

4.Токугава феодалдық абсолюттік режимі.

X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы. Феодалдық қатынастар Жапонияда XI-XII ғасырларда түбегейлі қалыптасты. Осы кезеңде жапон феодалдық иелігі – сёэн құрылады. Ол мұралыққа берілді және кез келген салықтардан босатылды. Үлкен жер мөлшерін будда монастрлары иеленді. Феодалдардың, діни орындардың және ақсүйектердің жерлерін шаруалар өңдеді. Ауыл тұрғындарының маңызды бөлігі император мен оның сарайын бағынып, чиновниктерге салық төлеп тұрушы мемлекеттік шаруалар болды. Жапон феодалдары бірнеше разрядқа бөлінді. Ірі феодалдар - хонкэ, ұсақ иеліктегі феодалдарды – реканы вассалдық тәуелділікте ұстады. Хонке мен рекалардың самурайлардан тұратын жасақтары болды.

Ірі жер иеліктері бар феодалдар жерді сыртқы жаулардан қорғау үшін және ушығып кеткен шаруалар қозғалыстарын басып отыру үшін өздерінің әскери жасақтарын көбейтіп отырды. Нәтижеде дружиниктерден ұсақ иелікті дворяндар –самурайлар тобы құрылды. Олар әскери қызметі үшін өз иелерінен жер үлестерін алып отырды. Буддизм мен конфуцилік принцптерге негізделген самурайлардың этикалық-моральдық кодексі “бусидо” деп аталды. Және самурай өмірінің барлық жақтарын қатал қадағалап отырды. Олар кішінің үлкенге толық бағынуы тиіс деген рухта тәрбиеленді. Құрметті және негізгі қызмет болып, самурайлардың әскери қызметі есептелді. “Бусидоны” бұзғандар қатал жазаланды. Қандай да болмасын іспен шерменде еткен самурай өзін “харакири” (қарнын жару) жасап өлтіруге міндетті болды. Самурайлардың бір бөлігі уақыт өте келе ұсақ иелікті дворяндарға айналды. Ал бір бөлігі жерсіз, тек әскер пайдамен және иесінің қолында самурай күйінде қалды.

Жапонияда өте ертеден-ақ орталық императорлық билік – микадо орнықты. Микадо – бүкіл жердің жоғарғы меншік иесі болып жарияланды. Ру ақсүйектері жеке аудандармен қала бастығы ретінде басқарушы чиновниктерге айналды. Жерден, қолөнерден, саудадан салық жинау Қытай үлгісі бойынша жүргізілді.

2. Сегундық жүйенің қалыптасуы. Минамото сегунатының құрылуы. Имераторлық билік тез арада өз маңызын жоғалта бастады. Ірі феодалдардың өзара күресінің нәтижесінде императордың қолында тек діни билік қалды. Жоғарғы мемлекеттік билік біршама күшті феодал –сегунның, жоғарғы билеушінің қолына көшті. 1185 жылы Конто ауданынан шыққан Миномото Ёритомо самурайлардан тұратын әскерінің күшімен өзіне қарсы бақталас-феодалдарды жеңіп император астанасы Киотоны бағындырды. Соғыс барысында елдің шығысында кейіннен үлкен қалаға айналған Камакурада 3 ведмоствадан:


  1. Самурай ведмоствасы (докоро)

  2. Әкімшілік ведмоствасы (мандокоро)

  3. Сот ведмоствасынан (монтюдзё) тұратын әскери үкімет құрылды.

Астана ретінде Камакура қаласы таңдап алынды. Миномото Ёритомо ерекше титул сёгун (яғни “әскери басшы”) деген ат алды. Ол басқару мен бақылаудың өзіндік жеке аппаратын құрды. Дзито – жер иеліктерін басқарушы, Сюго – провинциялардың әскери губернаторларын тағайындады. Бұл әскери-әкімшілік жүйені император сарайы іс-жүзінде тек 1185 жылы мойындайды.

Дзитоның қызметтері:



  • сёэн иелігі үшін салық жинады;

  • қылмысты соттауға және жазалауға құқы болды;

  • иеліктің әкімшілігін басқарды және чиновниктерді тағайындауға құқы болды;

  • сёэндегі барлық жұмыстарға жауапты болды;

Сюгоның қызметтері:

  • Қаруылдық қызметі үшін әскер жинау және әскери қымылдар кезінде әскер жинау;

  • Провинциялардағы тәртіпті сақтау, қажет жағдайда қылмыскерді тұтқынау;

Алғашқы сегундар автократиялық саясат ұстанды. Алғашқы сегун Миномото Ёритомо өлімінен соң және оның мұрагерлері Ёринэ мен Санэтомодан соң билікті олардың туысқаны Ходзё әулеті тартып алды. Олар “сиккен” титулымен ел басқарды. Сиккен тұсында жергілікті феодаолдар арасында қарам-қайшылықтар болғанмен, билеушінің диктатурасы айқын көрініс бермеді, жоғарғы вассалдардың кеңесі пайда болды. Вассалдарды гокэнин деп атады. Камакур сегунаты 1333 жылға дейін өмір сүрді.

3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы. Жапония тарихында 1336-1573 жылдары Асикага сегунаты өмір сүрді. Жапониядағы биліктің Асикага әулетіне өтісімен елде өзара соғыс басталды. Биліктен үміткер император Гадайго тауға қашып барып, Ёсино деген жерде оңтүстік сарайдың негізін салды. Ал Асикага әулеті Киотадағы император тағына Комёні отырғызып, Солтүстік сарайды басқарды. Екі патшалық екі әулет бір орталыққа Киотаға біріккенге 1392 жылға дейін сақталды.

Асикага сегунаты кезінде орталық мемлекеттік аппарат өмір сүгенімен, үкімет Сиба, Хосокава, Хатакэяма және тағы басқа ірі феодалдардың бақылауында болды.



Токугав сегунатының орнығуы.

1603 жылы Токугав Иэясу Сегун атағын алып, Жапонияда феодалдық династияны орнатып, елдегі билікті қолына алды. XVII ғасырдың басында елде 260 үлкенді-кішілі княздық болды, халық саны 28 миллионға жетіп, олардың 80 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысты. 1590 жылы өзіне Токугав Иэясу бұрынғы Жапония басшысы Хидэесиден мақтау қағазын алып, Канто облысының 8 провинциясы бойынша елде ең мықты феодалға айналған. Сол кезден бастап байыған феодал өзінің билігін күшейтіп, басқа княздықтарға көз тіге бастады. Токугав жанұясына елдің территориясының төрттен бірі берілді.

Токугав халықты 4 сословиеге бөлді. Бұл әлеуметтік жіктелу си-но-ко-се деп аталды. Си-самурайлар, но-шаруалар ко-қолөнершілер, се-саудагер, көпестер болды. Жапонияда император-«тірі құдай» билік етеді, бірақ елді басқару ісі сегунның қолында болды. Сегунның айналасындағы жақындары және самурайлар жоғары сатыда тұрды. Импетратор өзінің астанасы Киотода өмір сүрді, оның сарайында онымен бірге өз елігінде жерлері жоқ ақсүйектер тұрды. Олар-кугэлер деп аталды. Ірі княздықтар феодал Токугавтың үйіне 1 жылда әкелетін күріштің көлемі бойынша жіктелді. Күріш ең қыбат өнім болды. Орта феодалдық княздықтар жылына 10 мың коку күріш Токугав үйіне төледі. Бүкіл елге 11 миллион коку күшін жиналса, оның 4 миллионы Токугав үйіне тиесілі болды. Ең бай феодалдық княздықтар, мысалы, Мори, Маэда, Уэсуги сияқты жер иеленушілер жолына 1 миллион 200 мың коку күріш жинады.

Жапонияда сегунның қарамағындағы жер мемлекеттік болып саналады және княздықтардың, храмдардың, діни монастырлардың қарамағындағы жерлер болды. Шаруалар өз қарамағындағы жердер де өз шаруашылықтарын жүргізіп, мұрагерлікке қалдырып отырды. Өз жерлерінде феодалдардың билігі жүрсе де, олардың шаруаларды сатуға немесе сатып алуға құқығы болмады. Қарапайым шаруалар жерді пайдалану үшін арендаға алды, жер салығын «нэнгумен» (салық түрі-күріш рентасы) өтеді, кейде феодалдар салықты ақшалай жинады. Жапонияның кейбір аудандарында самурайлардың жерлерінде ғана «барщина» салығы кездеседі. Барщина салығын адамдар феодалдардың үйін жөндеумен, малдармен қараумен, жеке жұмыстарын істеумен немесе жол жөндеу, көпір салу сияқты жұмыстар істеумен өтеді.

Токугава тұсында Жапонияда көптеген ірі қалалар болды. Атап айтар болсақ, ірілері-Эдо, Осака, Киото, Ногая, Нагасаки, Сакай, Хаката. Өз билігін орнатқан Токугава сегунның астанасын салуды қолға алды, оған Канто ауданының шығысын таңдады. Эдоны салу үшін үлкен тастарды Идзи жағалауынан тасыды, бір тасты 100 адам көтерді. Ауқатты феодалдар әрбір жұмысшы басына 1000 коку күріштен берді. Астананы салуға 10 мыңға жуық адам қажет болды. XVII ғасырда Жапония қалаларының халық саны өсті. Эдода 500 мың адам, Киотода 500 мың адам, Осакада 270 мың адам болды.

Токугав шет елдерімен қарым-қатынасы қадағалап отырды. Ол шетелдіктердің техникалық білімдерімен жасалған қару-жарақ алмасуды көздеді. Бірақ қару-жарақтың алмасуы мемлекеттік ақпаратқа қауіп төңдірді. Бұдан кейін шетелдіктермен қарым-қатынас тоқтады, жасырын түрде жасалған әрекеттерге жаза қолданды, 1614 жылы заңды түрде тыйым салынды.

1636 жылы Жапондықтарға өз елінен шығуға, ұзақ жолға жүретін, жүзетін кемелер жасауға рұқсат беріледі. Тек саудагерлер ғана Нагасакида Дэдзима жағалауында өз саудаларын істеді. 1637 жылы Симабарада ауқатты тұрғылықты даймелердің басшылығымен, шаруалардың қарсылығы басталды. Бұл наразылық әртүрлі ұрандармен кең жайылды. Шаруалар миссионерлерден алған отты атқыш қарумен қаруланады. Олар Кюсюдің барлық аудандарын тез арада қамтыды. Сегунның әскері оларды баса алмады. Тек голландиялық кемелердің бомбылаушы отрядтардың көмегімен Токугав көтерісшілерді басып тастады. 1638 жылы Токугавтың бұйрығы бойынша елден португалдықтар, испандықтар, т.б. шет елдіктерді шеттетілді, тек көмек көрсеткен үшін голландиялықтар ғана қалды. 1 жылда 2 рет ғана голландия, корей, қытай кемелеріне Жапонияға кіруге рұқсат берілді. Токугав егунатының орнығуы ың мақсаты елде қатаң тәртіп орнатып шеттен төңген қауіп-қатерге қарулы қарсылық көрсете алу еді.

Феодалдық жіктелу және оның әлеуметтік-саяси ұйымы. Токугав Иэясу дворяндарды бірнеше разрядтармен категорияларға бөлді. Әскери дворяндардың өкілдері-әскер үйіне «букэлардың» құрамына кірді, олар самурайлық білім алды. Киоталық ақсүйектер, феодалдық дворяндардың ең жоғарғы сатысындағылар кугэлар деп аталды. Қатардағы басқада дворяндар «бусилар» деп аталды. Даймерлердің ең жоғарғы сатысындағылар «симпандар» деп аталды. Олар сегунның үйімен туыстық қарым-қатынасы бар адамдар. Сэкигахарамен соғысқа қатысқан Токугавтық жақтаушылармен, қарсылыстарын Иэясу «екі категорияға» бөледі. Бұл «даймелер» 2-ге бөлінеді. «Даймелер» букэлерден жоғарғы лауазымды княздар. Олар Токугав тұсында феодал үйіне 1 жылда 10 мың коку (шамамен 1500 тонна) күріштен кіріс әкелді. Даймелер мынадай 2 топқпа бөлінді.



  1. «фудай дайме» (мұрагер даймелер)-Токугавтың сегун болмай тұрғаннан бері келе жатқан жақтастары. Токугав сегун атағын алғаннан кейін олар оның сенімді серіктерімен тірегіне айналды.

  2. «тодзама дайме» (бөтен даймелер)-Токугавқа қарсы күресіп келген ауқатты княздар. Олар өз істерін басқаруда еркін болған. Бұларды Токугав өзінің қарсылыстары ретінде үнемі қадағалап отырды, өйткені олар фудай даймелер сияқты сегунның экономикалық күшіне көп бағына қоймады. Тодзама даймелерге билік орындарында қызмет етуге рұқсат берілмеді. Кюсю, сихоку және онтүстік хансюдің алыс аудандарында тодзама даймелер еркін билік етті, олар сегунның билігіне қарсылық көрсету үшін орталық билік құрды.

Осыған байланысты сегун үсті жаңа репрессиялық система құрды. Ол система бойынша тодзама даймелердің мүлкі тәркіленіп, жерлері бөлініске салынды. 1600 жылдан 1602 жылға дейін 72 даймелердің жерлері тәркіленді, 61 ауқатты даймелер бір ауданнан екінші ауданға көшірілді. Тодзама даймелердің билігі орнаған Морида, Уэсугиде, Хатакэда, Акитада да тодзамалардың жерлерін тәркілеу ісі жүргізілді. Осы 2 жылдың ішінде Токугав тодзама даймелердің княздық билігін өзгертті. Тәркілеу тек даймелерге ғана жүргізілген жоқ, олардың вассалдары бусилар мен самурайларды да қамтыды. 100 мыңдаған самурайлар Токугавтың бұл ісіне қарсы шығып құрбан болды. Даймелердің енді кепілдікке ала бастады, кепілдік жазасы даймелер үшін өте қиын болды. Бұл сегун ІІІ Иэмицудың кезеңіне 1634 жылға дейін, Асикага мен Хидэесудың билік етуінінен бері жалғасып келген. Кепілдіктегі даймелер княздықта еркін өмір сүре алмады, олар күнделікті Осака мен Фусимидың қарамағында кериті диктатураның қол астында өмір сүрді.

Токугав тодзама даймелердің Эдоға келуге көндірді, оларға сегун үйінің берді. 1604 жылдан кейін барлық даймелер бір жыл сайын сегун астанасы Эдоға келіп тұруға міндетті болды. Бір жыл өткен соң даймелер әйелдері мен балалары сегун үйінде кепілдікте қалды. Бұл әрекетке қарсы тұрғандар жазаланды. Кепілдіктегі адамдар сарайлар салуға пайдаланылды, осындай қиыншылықтар княздықтарды әлсірете бастады.

Сегун феодал кнзядықтарына салық салумен қатар, дәстүр бойынша кнзядар сегунға сыйлық ретінде күміс және алтын тиын ақшалар берді. Сегун орнатқан жоғары қадағалай тәртібіне қарамастан, княздар еркін жүре алды, олар шаруалармен, саудагер-көпестермен, қолөнершілермен жақсы қарым-қатынас орнатты.

Әскери-феодалдық дровяндардың төменгі бөлігі «хатамото» деп алады. Олар сегунның тұрақты вассалы емес, олардың иеліктерінде өз жерлері болған жоқ, олардан сегунның әскері құралды. Әскердің басында жоғары орынды чиновниктер иеленді. Чиновниктер «мэцукэ» деп аталды. Олар сақшылық қызмет атқарып, мемлекеттің орталық аппаратын қорғады.

Осы уақытта дворяндардың қызметіне өзгертулер енгізілді. Самурайлық құқық бойынша, самурай дворяндар әскери қызметтен басқа іспен айналысуға құқықтары болмады. Жалпы 100 мың коку күшін өнім табатып княздықтарға 2 мыңға дейін әскер иеленуге рұқсат берілді. Аз өнім табатын самурайларға қысым көрсетірліп, самурайлар наразылық білдірді. Көптеген самурайлық дворяндар әскери қызметтен бас тартып, өз еріктермен мұғалім, дәрігер, суретші сияқты ұсақ қызметтермен айналысып кетті. Осыдан барып Токугавтың бұл ережесіне наразы үйсіз самурайлардың саны көбейе бастады.

Токугавтың династияда сегун орнатқан тәртіп діни тұрғыныда қадағалады. Сегун монастырлардың әскери-экономикалық күшінен қауіптенді, өйткені монастырларды жасырын түрде Токугавқа қарсы тодзама даймелер қолдап отырған болатын. Монастырлардың сеніміне кіру Токугав сегунатының мақсаты болды.

ІІ. Феодалдарға қарсы ауыл және қала тұрғындарының наразылығы

XVII ғасырдың бірінші онжылдығында қолданыстағы жер мен егістік көлемі ұлғайды, Хидэеси кезінде орныққан 2-3 егістік көлеміне салынатын салық нэнегу Токугав кезеңіне қарағанда 40 пайызға төмен болған. Ауыл шаруашылық мәдениеті дамып, тәтті картоп өсіру, темекі, шай, қант өсіретін жерлер ұлғайған болатын.

Токугав тұсында феодалдық биліктегілер ауыл шаруашылығында қатаң тәртіп орнатты. Бұл тәртіп бойынга адамдарға тамақ ретінде күрішті пайдалануға тиым салды, мерекелік күндерде ғана күріштен тамақ жасалды, басқа күндер тамақты сұлы, арпадан жасады. Қымбат бағалы мата жібектен киім киіуге рұқсат етілмеді. Әр отбасына тұрғын үйдің көлемі өлшеніп берілді және көңіл төтеруге, театрға баруға, мерекелер өткізуге тиым салынды. Үйлену тойы, өлген адамдарды жерлеу сияқты қарапайым түрде өткізілді.

Феодалдар ауылдарды басқаруда ауыл жұмысшыларын биліктерге бөлді, әр бөліктің өз басшысы болды. Қиын жағдайларда ауылдан қашқан шаруалар үшін басшылары оның бөліміндегі басқа адамдарға салық салды.

Токугав сегунатының қатал полицейлік тәртібі феодалдарға қарсы бас көтерулерді тоқтата алмады. Сегун шаруалардың осы кезде әр ауданда болған 2726 бас көтеруін басқан еді. Сегундық билікке қарсы шыққандарды жанұясының алдында қатаң жазалады.

XVII ғасырдың 50 жылдарында әйгілі болған шаруалар арасында шыққан Согороны айтуға болды. Сегунның қатаң тәртібіне наразылық білдіргені үшін оның 4 баласын көз алдында өртеп, өзі ағашқа шегелеген.

Шаруалар даймелер мен байларға қарсылықтарын жалғастыра берді. Ауыл байлары феодалдардан рұқсат алып ауыл кедейлеріне салық салып, тонай бастады. Тарихи деректерде бұл оқиға XVII ғасырда болған шаруалардың феодалдарға қарсы бас көтерулерінің ішіндегі ірі қозғалыс еді, олар феодалдардың кеңсе, қоймаларын қиратып, олардың жақтаушыларын өлтірген.

Қала халқы феодалдар құрамына кірмеді, олар Токугавтың әлеуметтік жіктелуде төменгі сатыны иемденді. Олар көбінесе қолөнершілер мен саудагерлер еді, олардың басқа сословиялерге қарағанда құқықтары төмен болды. Сегун мен даймелер қала байлығына көз тігіп, қалада феодалдық тәртіпті орнатуға тырысады. Қалаларда ішкі сауда ісі өркендеді, ірі қалалар экономика мен саясаттын қызған орталықтарына айналды. Жапонияда мұндай қалалар саны 17-ге жетті. Маңызды сауда орталықтары Эдо, Осака, Киото, Сакай, Нагасаки болды. Сегундық астана Эдода байлардың кәсіпорындары жоғары биліктегілерге бағынды. Киото-император астанасы болды. Осака үлкен сауда орталығына айналды, онда саудагерлермен көпестер табыстарға жетті және де мұнда жұмысшылардың әр түрлі цехтары ашылды.

Осака қаласында жапонияның басты базары ашылды, көпестер мен даймелер онда өздерінің қымбат товарларын: күріш, жібек мата, фарфор, қағаз т.б. заттарын апарды. Осы жерде күріш қоймасы ашылып, адамдар жерлерін кепілдікке қойып күріш алды. Сонымен қатар балық, жеміс қоймалары да ашылды. Бірақ басты құндылық әлі де күрішпен өлшенді. Солтүстік және Онтүстік-батыс Кюсюда фарфор және қағаз өнірілді; Киота ауданы Нарада-жібек мата, сакэ, металдан жасалған бұйымдар; Нагоя Сэто аудандарында-керамика мен фарфор; Наганода-жібек мата; Сацумада-қант; Тоса мен Тесюда-қағаз өндірілді.

Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік кеңес (додзекан) басқарды. Ол кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кундер) уездерге (корлер) бөлінді. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі үкімет басшыларының тілі болды. Мықтылар қытай тілінде сөйледі.

Жапониядағы феодализмнің орнығуы құл иеленушілікті толық жойған жоқ. Жартылай құл жартылай ерікті томобэ мен какибэлер жойылды. «Яцуко» деген үй шаруашылығындағы жекеменшік малай – құлдар сақталып қалды. Мемлекеттік құлдардың жаңа категорясы – мемлекеттік мекемелердегі малайлар пайда болды. Құл иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды. Әр құл үшін оның иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу барған сайын қиындай түсті. Кейбіреулер кедейлердің балаларын құлдыққа сатып алды, кейбіреулер ұрлап немесе тартып алды. Сондай – ақ, қылмысы үшін жазаланғанар мен қарызын өтей алмағандар құлға айналатын. Өмір сүруге қаражаты жоқ адамдардың өзін - өзі құлдыққа сатуы да кездесетін.

VII – VIII ғасырларда жапон халқының 10 -20 % - ке жуығын құлдар құрады. Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда пайдаланылды. VIII ғасырдың аяғына қарай құлдар еңбегі жойыла бастады. Егіншілікте құлдар еңбегі толық жойылды.

Жапониядағы феодализмнің дамуы самурайлардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Өйткені самурайлар феодализмінің негізін қалады. Сондықтан олардың қалыптасу тарихын қарастыру қазіргі таңда шығыс елдері тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жапон қоғамындағы самурайлар Европа елдерінегі рыцарлардан экономикалық көзқарастары бусидо этникалық ілімдері және діндеріне байланысты ерекшеленген. Алайда екеуі де қоғамның әлеуметтік сатысында ерекше орын алады.

Самурай деген не? Бұл сөз жапон тілінде «Ұлы адамға, жоғары топқа қызмет ету» немесе «қожасына қызмет ету және оны қорғау» мағынасын береді екен. VII –VIII ғасырлардың аяғында самурай деген сөз «Жеке құл» деген мағына берген. Жапониядағы Тайхорицуре заңы бойынша 60 жастан асқан және науқас адамға бір самурай, 90 жастан асқан адамға екі самурай, 100 жастан асқан адамға бес самурай қызмет ететін болған.

ІХ ғасырда самурай деп сарайда қызмет ететін ханзадалар мен уәзірлердің жеке құлын атаған. Ал Х – ХІ ғасырларда самурай терминімен көп жағдайда вассалы, жасағы және атқа шаба білетін жоғарғы және орташа әскери феодалдардың құлын атаған. Самурай деп ХІІ ғасырдың соңында әскери феодалды, билеуші сёгунның тәуелді вассалын атаса, XVII ғасырда олай деп хамота – жоғарғы және артықшылығы бар әскери феодалдар тобының бір бөлігін атаған.

Самурай тарихының қалыптасу кезеңі төртке бөлінеді. Біріншісі – самурай тобының пайда болу және қалыптасу – VІІ – ХІ ғасыр; екінші кезең–топтың нығаю және дамуы – XI – XIV ғасыр; үшінші – самурай тобының толығымен қалыптасуы және кемелдену сатысы – XV –XVII ғасырлар; төртінші кезең – XVIII ғасыр -самурай тобының ыдырай бастауы және оның тап ретінде жойылуы.

Самурайлардың құрылымы феодалдық топтың ажырамас бөлігі ретінде билеуші топтың жалпы құрылымына сәйкес келеді. Самурайлар ұсақ жер иеленушілердің әскери феодалы ретінде қалыптасады. Е.А.Мельникова оларды ХІ ғасырдағы скандинавиялық хускарлармен салыстыра отырып, олар құл немесе жасақтар ретінде феодалдардың құзырында қызмет еткен деген байлам жасайды. Ал, А.Б. Спеваковский самурайлар тобын Жапониядағы әскери қызмет ететін дворяндар деп, олардың пайда болуын VII – VIII ғасырларға жатады деген пікір айтады. Сонымен самурайлар деп Жапонияда алғашқы кезеңде текті адамның, феодалдың құлын айтқан. Ал кейінірек ұсақ дворяндардың әскери тобын атайды. Самурай термині жапон әскеріне де қолданады

ІХ - Х ғасырларда Жапонияда мемлекет жерін жеке меншікке айналдыру үдерісі кең өріс алады. Өйткені мемлекет тарапынан иесіз, тың жатқан жерлерді ақысын төлеп, жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. ІХ ғасырдан бастап жапон қоғамында негізгі екі топ пайда болады: жер иелері феодалдар мен оларға тәуелді шаруалар. Жергілікті феодалдардың нығаюының айғағы – олардың өз қарулы күштерін құруы. Оған мемлекеттік басқару жүйесінің әлсіреуі де себеп болады. ХІ –ХІІ ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда олды. Оның бірі – Жапонияның шығысы мен солтүстігінде, екіншісі – орталық және оңтүстік батысында бой түзейді. Біріншісі орталықтан қол үзген және айну тайпасымен тынымсыз күрес жағдайында қалыптасады. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетіледі. Шығыс солтүстікте қашқын шаруалардың көп шоғырлануы ірі жер иеленушілердің өз жасақтарын құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана табуы өте тез қарқынмен және ашық түрде жүреді. Жасақшылар өз қожайындарынан жер үлестерін алады. Осылайша солтүстік – шығыста жаңа тап – самурайлардың қол астында ұсақ тоғайлық жер иелері өмірге келеді. Самурайлар бір әскер басының үйіне топтасады Оларды жерді өздерінің сюзерендерімен алған сыйлық грамоталары негізінде иемденеді. Үстем етуші феодалдар тобы - әскери поместьелік дворяндар, самуайлар елдің негізгі жер қорын қолына ұстап, өзінің мемлекеттік аппаратын құрады. Осы оқиғадан кейін Жапониядағы самурайлар тобын әскери тобын әскери дворяндар деп атайды. Сонымен самурай тобы ХІІ ғасырда әскери сипатқа ие болды. Самурайлардың ерекше шоғыры немесе жоғарғы тобы феодалдық князьдар, жер иеленушілер болып табылады. Бұлардан кейінгі сатыда – орта және төменгі жағдайдағы самурайлар. Олар бір – бірінен пайда табу табу ерекшеленеді. Самурайлардың пайда болу кезеңінде шаруаларға жақын тұрғандарының негізгі бөлігі ауқатты шаруадан құралады және жер иеліктерімен тығыз байланыста болады. Осы кезеңде топ арасында айырмашылық болмаған, кейін самурайлар айнуларға қарсы соғыста шығындалып, әскери қасиеттерге ие болып, самурай тобына айналады. ХІІ ғасырдың соңы бірінші сёгунаттың нығаюы деп аталады, яғни бұл кезеңде самурайлар жапон қоғамында ерекше топ болып өзгешеленеді. Самурайлар тобы біраз артықшылықтарға ие болады.

Сёгун Токугава билігі тұсында самурай тобының нақты қалыптасу кезеңі деп есептелінеді, топ дамуың ең жоғарғы даму дәрежесіне жетеді. Ал, феодализмнің дамуымен самурай тобы үстем топқа айналады. Орта ғасылардың екінші кезеңі – дамыған феодализм кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық қатынастардың дамуы қоғамның жаңа тобы – қоғамның жаңа тобы самурайлар тобының өмірге келуіне, қалыптасуына әкеп соғады. Соңғы кезеңінде XVIII –XIX ғасырларда самурайлар тобы ыдырай бастады. Бұған жапон қоғамындағы буржуазиялық өзгерістер себеп болады. Ол өзгерісердің нәтижесінде самурайлар тобы өз құқықтарынан айрыла бастайды, ал Мэйдзи өзгерістерінен кейін самурайлар топ ретінде жойылады.

710 -794 жылдары жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады. Себебі, сол кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды. Бұл кезең елдің материалдық және рухани байлықтарының гүлдене түсуімен сипатталады. Ең алдымен Нара қаласының салынуы соған дәлел. Бұл қала Қытай астанасы Чан–ань қаласының үлгісімеғн қытай құрылысшыларының басшылығымен салынды.

Нара қаласындағы Тодайдзи монастырында «Дайбуцу» немесе «үлкен Будда» деп аталатын биіктігі 16 метр қола мүсін тұрғызылды. Астана маңында алты қабат Хорюдзи монастыры болды. Ол тек сыртынан ғана әдемі, таңғажайып болған жоқ, ішкі суреттері де керемет әсем еді.

Жапонияда алғашқы тарихнамалар: «Кодзики» (ежелгі тарих) және «Нихонги» ( жапон анналдары) жазылды. Бұл шығармаларда ежелгі мифтер, ертегілер, тарихи мұралар, жылнамалар жинақталған. Сарай маңындағы ақсүйектер қатарынан шыққан бұл шығармалшардың авторлары император билігінің құдайдан тарайтынын дәлелдейді.

VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю» (мириад гүлдерінің жиынтығы ) өмірге келді. Ол жапон өркениетінің халық өлеңдері мен гүлдене бастаған әдеби поэзияның алғашқы жинағы еді. Жапонияның көрнекті ақындары Хитомара мен Якомоти болды. Хитомара әсерлі элегиялардың авторы болса, Якомото махаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды. Сондай – ақ жапон әдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның өлеңдерінде феодалдар езгісінен қалжыраған халықтың ащы тағдыры көрініс тапты.

ІХ ғасырда Жапонияда өз жазуы қалыптасты. Ұлттық жазудың қалыптасуы көркем әдебиеттің, әсіресе лирикалық поэзия мен прозаның дамуына жол ашты. ІХ – Х ғасырлардағы ақын – жазушылардың таңдаулы шығармаларының жинағы – «Кокинсю» жарық көрді. Өлеңнің ішінде 31 буыннан тұратын «Танка» деп аталған түрі кең тарады.

Х – ХІ ғасырларда «Гендзи туралы повесть» деген роман жазылды. Оны Муросаки Сикибу жазды. Муросаки император сарайының фрейлинасы болатын. Тағы да бір ірі шығарма – «Макура но сосидің» («жастық астындағы жазбалар») авторы да сарай маңындағы Сэй Сенагоя болды.

ХІІ –XV ғасырларда - өзара қақтығыстар мен саяси биліктің әскери күштер қолына көшуі кезінде мәдениеттің жаңа салалары өмірге келді. Әсіресе, рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық әңгімелер кең тарады. Мұндай әңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды. Сондай жинақтардың бірі «Хэйке – Моногатари» ( Тайра туралы повесть). Онда Тайраның Жапонияны гүлдендіру үшін күресі баяндалады. Кезбе жыраулар айтатын «Сеген», «По» деген сақыналық өнер түрлері қалыптасты. Пьесаларды будда шіркеуі дінді насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге пьесаларда батырлық пен адалдық кеңінен насихатталды.

Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапон архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады(Б.з.д І ғ. Идзумо Исэ ғибадатханалары). VІ ғасырда буддизммен қабат келген Қытай мәдениеті Жапон архитектурасында өз таңбасын қалдырды. (Хорюдзи, Якусидзи, Тодайдзи ғибадатханалары).VIII ғасырда қытай үлгісімен Жапонияның астанасы Нара салынды. Х – ХІІ ғасырда феодализмнің өркендеуіне байланысты Жапонияда тұрғын үйлер мен ғибадатханаларды ағаштан салу әдісі қалыптаса бастады. ХІ – ХІІ ғасырларда құрылыстың бұл түрі мәнерлене түсті. ХІІ - XVI ғасырда жапон тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. Үйлердің көлемі кішірейтіліп, бөлмелер саны көбейтілді. Бөренелерден құрастырылып, айналдыра құрсауланған, еденіне бойра төсеген, қабырғалы сырғыма немесе алмалы болыпе келген мұндай үйлер жапон тұрғындарының осы күнге дейінгі негізгі баспанасы болып келеді. XVI-XVII ғасырларда қамалдар салу өріс алды. XVII ғасырда қала салу ісі өркендеді (Эдо – қазіргі Токио салынды). 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап Жапон архитектурасы Батыс Европа мен Американың ықпалында болды. Бұдан кейінгі жылдарда жапон архитектурасы түрлі теориялық көзқарастарды басынан өткерді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жапон архитектурасы ұлттық мәнерде дами бастады. Ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды. (Токио, Нагасаки, Хиросима) Ескі дәстүрмен салынған жатаған үйлердің ортасынан жер сілкінісіне төзімді етіп, темір блокты зәулім үйлер салу – қазіргі жапон архитектурасына тән қасиет. Көрнекті архитекторлары Тангэ, Кэндзо, Отани, Сатио, Маэкава Кунио, Дзюндзе Сакакура.

Жапон бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.д ІІІ ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жанрлық суреттер салу, ІІІ – VІ ғасырларда «ханива» - адамдар мен аңдардың балшықтан тжасалған бейнелерін жасау өркен жайды. ІХ – ХІ ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге назар аударылса, XII – XIV ғасырларда өнердің бұл түрі монументтік сипат алды. XVIII - XІX ғасырларда түрлі – түсті гравюраға қалам тартқан суретшілер Харунобу Судзуки, Утамаро Китагава, т.б құнды туындылар берді. ХІХ ғасырда европа бейнелеу өнерінің жетістіктері кеңінен қолдау тауып, майлы бояумен сурет салу етек алды. Оно Тадасиге, Уэно Макото, Такидайра Дзиро, Хирокару Нии т.б көптеген суретшілердің шығармаларыЖапон табиғаты мен қарапайым халық өміріне арналған. Қазіргі көрнекті шеберлері: Маэкава Сэмпан, Хирацке Унъити, Онти Косиро, Мунаката Сиконың шығармаларынан ұлттық дәстүрді европалық әдіспен ұштастыруға талпынушылық байқалады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.

10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.

11.История Японии. 2-х томах.Т-І М.,1998.

12.Воробьев М.В. Япония в ІІІ-VII в.в.: Этнос, общество, культура и окружающий мир. М.,1980


Тақырып 7. Корея

Мақсаты:

1.Корея үш патшалық кезеңінде.

2.Силла мемлекеті.

3.Тхэбон мемлекеті.

4.Феодалдық рента, ірі жер иеленушілік.

Корея тарихына байланысты деректерде кезедесетін мәліметтердің айтуына қарағанда Корей түбегін мекендеген аймақтарды әртүрлі тайпалар орналасқан. Солтүстігінде когурё, емэк, окчо, оңтүстігінде (Ханган өзенінің оңтүстігін бойлай мекен еткен) хан тайпалары, ол тайпаның өзі үш бөліктен тұрған; махан (немесе жай хан), чинхан, пёнхан. Жергілікті халықтың негізінен шұғылданған кәсібі үй жануарларын өсіру, аңшылықпен айналысу, балық аулау және теңіз кәсібімен шұлыдану, соның ішіндегі ең басты кәсібі егіншілік болып табылған. Ауыл шаруашылығына тиесілі барлық өнімдердің барлығын өсірумен айналысқан, оның өзіндік атауы болған «бес түрлі нан», яғни арпа, бидай, бұршақ, күріш және конопля. Киім тігу ісіне байланысты өндірген өнімдері (жібек маталар) болған.

Өндірістік қатынастардың қалыптасуы келесі жаңа кезеңнің дамуына толықтай жол ашты. Бірақта бұл іс әр аймақта әртүрлі деңейде жүзеге асып отырды. Таптық қатынастардың қалыптасуы кореяның солтүстік бөлігінде қарқынды түрде дамыды Солтүстіктегі когурё тайпасы Амноккан(Ялу) өзенінің бойында орналасқан. Тайпалық одақтың ішінен ауқатты адамдар біртіндеп бөліне бастады, ауқаттылар- тэга деп аталды. Тэга тайпадағы барлық билікті өз қолдарына жұмылдырды. Елді басқарып, билік жүргізетін королді өз орталарынан сайлап, ол әскери көсем құзырын атқарды. Халық жиналыстарында сот істерін, қылмыс жасағандарды қатаң жазалау тәртіптерін, жаулап алу кезінде тұтқынға түскен адамдарды көрші тайпаларды жаулап алудағы қарақшылық әрекеттерге пайдалануды басты мақсат етіп қойған.

Окчо және емэк сиқты тайпалар когурёнің тәуелділігінде болып, оған тиесілі мөлшерде салық төлеп отырды. Салықтың түрлері бидай, балық, аң терілерімен шектеліп қана қоймай, қосымша когурё аристократиясы үшін күңдерді кәниязак ретінде жіберіп отырған.

Әскери қарақшылық әрекеттердің нәтижесінде ауқаттылар алтын көмкерілген киімдерге оранып, халықтың қамын ойлауды естерінен шығарып жатқан сәтте, тайпа ішінде кедейшілікке тап болып күндерін көре алмай жатқан, толықтай қудалау ұшыраған «хахо», яғни күйзелген адамдар атты тағы бір тап пайда болды.

Ал оңтүстікте таптық қоғамның қалыпасуы солтүстікке қарағанда тежелу процесінен өтті. Хан тайпасын 78 -ге жуық тайпалық одақтарда алғашқы қауымдық құрылыстың сарқыншақтары толықтай сақталған. Қытай деректерінде бұл тайпалық одақтарды «мемлекеттер» деп атайды.

Когурё тайпалық одағында мемлекеттік аппараттың негізі қаланған. Мемлекеттік құрылысты қысқаша баяндап берсек; Ван (король) - әскери көсем, мемлекеттің басшылық қызметін атқарған.Рулық аристократия әскери шендік қызметіне тағайындалып, Когурё де 12 разрядқа бөлінген әкімшілік қызметтерінде өздерінің тегіне қарай қызметте құзырлық еткен. Корей жылнамаларынан бізге дейінгі белігілі болған мәліметтерге назар аударсақ, оның мазмұны көбінесе жеке меншіктің мүддесін қолдаумен болған. Мәселен, ұрлық жасағаны үшін оның өтемін он екі есе рет артығымен төлеуі тиіс. Егерде өзге біреудің малына шығын жасаған күнәсі үшін қожайынның мәңгілік құлына айналған. Аталып өткен заңдарға назар аударатын болсақ, оның ешқайсысы да қарапайым адамның мүддесін заң жүзінде қорғап тұрғаны шамалы екенін байқаймыз.

Когурё мемлекетінің құрылуы туралы зертеушілерде нақты деректер жоқ. Бірақта ІУ- У ғ.ғ. аралығында Когурё мемлекеті дамыған, мықты мемлекеттердің қатарына көтерілді. Сонымен қатар Корей түбегінің байтақ аймағында иелік етті. Оңтүстікте мемлекеттің дамуы пэкче, саро, силла, кая т.с.с ең ірі тайпалардың көршілес тайпаларды күштеп бағындыру арқасында жүзеге асырылып отырды. Жаулап алынған тайпалардың ақсүйектері жаулап алушы ақсүйектер өкілдерімен біте қайнасып кетті. Пэкче тайпасы ІІІ-ІУ ғ.ғ. көршілес тайпаларды бағындырып, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі бойларында Кореяның оңтүстік- батысында пэкче ақсүйектері мықты мемлекет орнатты .

У- УІ ғ.ғ. алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы орталықтанған Сила мемлекеті құрылды. Негізгі орталығы Саро қауымы немесе Соболь, ол қазіргі Кёнчжу ауданында орналасқан, сонымен қатар Нактонган өзенінің бойында басқа да тайпаларды бағындыру бойынша өз қимылдарын жалғастыра берген. Жаңадан құрылған мемлекетте басқарудың территориялық әкімшілік прниципі сақталды. Шенеулік аппараттардың тағайындалуы жекеленген рангтар бойынша жүзеге асырылп отырды. Силла оңтүстігінде Кая қауымын және алшақта жатқан Усан аралын өз қолының астына бағындырды.

Сөйтіп, УІ ғасырда Корей түбегінде үш мықты мемлекет пайда болды. Олар; Когурё, Пэкче және Силла, кейіннен осы үш мемлекеттің арасында өзара күрес басталады.

Корейдің тарихи ғылымында осы үш мемлекеттердің арасындағы өзара тартыс туралы пікірлер ұзақ уақытқа дейі даулы болып келді. Корей тарихшылары аталып отырған осы үш мемлекет құл иеленушілік мемлекет деп айтылған пікірлердің төңірегінде дау- дамағайлар әлі де толыққанды аяқталмаған. Жаңадан құрылған ауқатты таптық құрылым жерге деген жеке меншікті белсенді өкілдердің қолына көшуіне мүмкішдік туғызды. Феодалдық эксплуатацияны жүзеге асыруда мемлекет тарапынан күштеу саясаты негізгі роль атқарды. Когурё мен Силлада феодализмге «ауқаттандыру» жүйесі кеңінен таралды.

Құлдар өндірісте маңызды орнындарын жоя бастағанын дәлелдейтін деректер бар. УІ ғ. басында Силла мемлекетінде король өлген кезде оны соңғы сапарға шығарып салу салты бойынша, онымен бірге 10 құлды құрбандыққа шалатын салт - дәстір толығымен өз күшін жояды. Бұл дегеніңіз мемлекетте құлдарға деген көзқарастың өзгергендігін байқаймыз. Жылнамаларда кезедсетін тағы да бір қызықты жайты атап өтуге болады. 558 жылы Кая тайпасы бағындырылғаннан кейін, силлалық әкери қолбасшы Садахамға 200 тұтқынды сыйлыққа алады. Бірақта ол тұтқындарға «еркіндік» сыйлап, олардың егіншілікпен айналысуына мүмкіндік жасап, қарапайым халық арасында мәртебесі көтеріледі.

Мемлекетте үстемдікті күшейту үшін корей аристократтары тек қана басқару жүйесін ұйымдастыруды Қытайлардан үйренуді жүзеге асырған жоқ, тіпті олар қытайлықтардың идеологиясын пайдалануға тырысып бақты. Корей мемлекетінің билеушілері қытай идеологиясының негізгі өзегі конфуциандықты қолдана отырып, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген принципті ұстанды. Мемлекеттік қызметке шенеуліктерді арнаулы конфуциандық мектептердегі дайындықтардан өткен соң ғана тағайындау туралы ұйғарым қабылданған. Аталып отырған кореяның территориясындағы осы үш мемлекеттегі барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелердің барлығы тарихи шығарма ретінде қағаз бетіне түсіріліп отырған. Жазбаша деректер қарастырып отырған кезеңдегі мемлекеттің дамуы туралы бүгінгі күнде мол мәлімет бере алады.

Феодалдық құрылыстың нығаюы мақсатында корей мемлекетіне Қытайдан енген қосымша идеологияның негізгі көзі – буддизм болып табылады. Буддизм мемлекетті басқару жұмысын ұйымдастыруда конфуциандыққа қарағанда ерекше орынға ие болды. Сонымен қатар буддизм Корей ақсүйектерінің мықты одақтасына айналды. 372 жылдары Когурёде алғашқы буддистік монархтардың орталықтары қалыптаса бастады. Буддистік монархтар өздерімен бірге буддалық кітаптар мен будданың бейнелерін ала келді. Халық арасында буддизм дінін дәріптеу кеңінен қолдау таба бастады. Себебі қарапайым халықтың мүмкіндігінің шектеулі деңгейде болуы жат жерлік бұл идеологияның оны қоғамда ерекше орынға ие болуына ықпал етті және жергілікті шенеуліктердің күштеу саясаты арқасында ғана жүзеге асырылды. 384 жылы Пэкче королінің өтініші бойынша Оңтүстік Қытайдан буддистік монархтар арнаулы түрде шақырылды.

Силла мемлекетіне буддизм Когурёден еніп, УІ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен таратылды. Бұл кезеңде Силлада мемлекеттік басқару аппараттары тұрақтана бастаған болатын. Силла мемлекетінің басшысы ван (король немесе князь) титулын иемденді. Мемлекетті әкімшілік тұрғыда бөлу процесі қалыптасты, яғни аймақтар, уездер. Бұл аймақтарға аристократия өкілдері мемлекеттік қызметкерлер құзырын атқаруға тағайындалатын. Силла мемлекетінің астанасы- Кымсон (қазіргі Кёнчжу қаласы). Кымсон қаласы өз заманындағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Басқа қалалық аймақтармен үнемі байланыста болу үшін почтааралық байланыс қолға алынып, оның жол тораптары су, ауа, құрғақ байланыс жолдары арқылы жүзеге асырылып отырды.

Корей мемлекеттері арасындағы өзара тартыс еш уақыт толастамады. Мемлекет ішіндегі өзара тұрақсыздықты тыныштандырып алмай, көршілес елді- мекендерге қарақшылық қимылдар танытып отырды. Когурё мелекетіне қытай феодалдары бірнеше рет шапқыншылық жасады. 246 жылы Қытайдағы үш патшалық кезеңінде, солтүстегі Вэй әскерлері Когурёнің астанасын басып алды. Бірақта Когурё әскерлері жауға тойтарыс беріп, өз аймақтарынан қуып шықты. ІУ ғасырда Когурё сяньбийліктер тарапынан үздіксіз шапқыншылыққа тап болды. Нәтижесінде Когурё сяньбийліктерді өз аймақтарынан ығыстырып, Ляодун жартылай аралына толықтай үстемдігін орнатты. Сөйтіп, ІУ ғ. аяғы мен У ғ. басында Когурё мемлекетінің басшысы(ван) Квангэтхо тұсында территориялық кеңеюі жағынан ең мықты мемлекеттердің біріне айналды.

Когурё мемлекетінің оңтүстік бөліктерін кеңейту мақсатында астана Пхеньянға ауыстырылады, жүргізілген іс- шаралар барысында Пэкче мемлекетімен қарулы қақтығысқа болды. Пэкче әскеріне оңтүстікке қарай шегінуіге тура келді.

Корей мемлекеттері мен Қытай арасында мәдени және экономикалық байланыстар нығая бастады. Қытайдың солтүстік династиясымен өзара күрес барысында, корей мемлекеттері байланысты оңтүстік династиялармен орната бастады. Оң түстік Қытайдан діни және саяси идеяларды қомақты түрде пайдалануды, толықтай жүзеге асыру процесі мемелекеттік қызметтік жұмыста қолданысын таба білді. Кореяға сонымен қатар шебер қолөнершілерде ағылып келіп жатты. Бұл аз болғандай кореяға қытайдың әдебиеті мен жазуы өкшелей ене бастайды.

Тарихта қалған тағы бір дерек, ол Силла мемлекетінің жағалауларына жапон дықтардың жүргізген шапқыншылықтары туралы ақпараттар кездеседі. Яғни, корей мемлекеттері тек қытай тарапынан ғана емес, сонымен қатар жапондықтар тарапынан да шапқыншылққа тап болып отырғанының дәлелі болып табылады. Кейбір жағдайларда Силла мемлекетінің аристократтары үздіксіз жаугершіліктен шарашандықтан, мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу әрекеттеріне дейін барғандығы туралы мәліметтер кездеседі. Пэкче мемлекетінің басшылары жапон әскерлерінің мықты күшін өздерінің көршілеріне қарсы күш ретінде қолдана білгендері туралы мәлімет бар. Қарап отырсаңыз бір аймақта өмір сүріп жатқан корей мемлекеттері өз мақсаттарына жету үшін өзіндік сатқындық қимылдарды жүзеге асырып отырғандарына көзімізді жеткізе аламыз.

У ғ. Когурё мемлекеті корей жартылай аралының тең жартысында өз үстемдігін орнатқаннан кейін, Пэкче мемлекетін ығыстыра бастады. Пэкче мен Силла арасында УІ ғасырда қарым- қатынас ынтымақтастық дәрежеге көтерілді. 551 жылы одақтастар Ханган өзенінің бассейнінен Когурё мемлекетін ығыстырады. Бірақта тартып алынған жерлер Пэкче мемлекетінің үлесіне қайтарылмайды. Себебі одан күшті мемлекет Силла мықтылығына қарап, басып алған аймақтарда өз үстемдігін орнатуды артығырақ көрді. Бұл әрекет екі мемлекет арасындағы одақтық құрылымның ыдырауына әкеп соқты. Кейінірек Пэкче Когурё бірігуді және жапондықтар тарапынан қолдау табуды мақсат етеді. Когурё мен Пэкче арасындағы өзара одақ нәтижесінде Силлаға қарсы күш біріктірілді. Силла мемлекеті болса, өзіне төніп тұрған қатердің анық- қанығына көзін жеткізген соң қытаймен одақтасуға бел буады.

УІ ғ. аяғында Қытай Когурё мемлекетін ең қауіпті мемлекеттердің қатарына жатқызып, оған қарсы соғыс отын жақты. 598 жылы Ян Цзянь Когурёні жаулап алуға күшті әскер мен флотын бағыттайды, өкінішке орай сәтсіздікке ұшырайды. Когурёге қарсы келесі жорық суй императоры Ян Гуанның жорығы болды. 612 жылы Когурёге қарсы тағы қарулы күш жұмсалды. Когурё халқы мен шебер қолбасшы Ильчи Мундоканың арқасында бұл жорықта сәтсіздікке тап болды. Тіпті, 613 жыл және 614 жылдар аралығында болған қытай шапқыншылықтары толықтай күйзеліске ұшырады.

Когурё мен Пэкче арасындағы одақтастықтың жаң күш алуы Силлаға үрей туғызды. Сондықтан да Силла қытай династиларынан көмек сұрауға бел буады. Сөйтіп, қытай мемлекетінің корейдің барлық әс шараларына тікелей араласуына толықтай кепілдік алды. 645 жылы тан әскерлері Ли Шиминяның басшылығымен Когурё мемлекетіне баса көктеп кіреді. Тан әскерлері Аньши(Ляодун) қамалында қатты соққыға кезігеді. Кейінгі қытай әскерлері Пхеньянға жорықта тағы да сәтсіздікке ұшырайды. Қытай мемлекеті тарапынан болып жатқан үздіксіз шапқыншылыққа әбден кектенген Когурё мен Пэкче Силлаға деген өшпенділіктерін одан ары арттыра түседі. Тығырыққа тірелген силла мемлекеті тан империясынан көмек сұрауға тағы да бел буады. 660 жылы Пэкче мемлекетіне Силла 50 мыңдық әскері тұтқиылдан шабуыл жасайды, оған теңіз арқылы 130- дан аса әскери құрамы бар тан империясы көмекке келеді. Шешуші қақтығыста Пэкченің астанасы Саби қоршауға алынып, оның королі мен аристократ өкілдері жаулап алушылардың қайырымдылыға ие болады. Пэкченің иелігіндегі барлық аймақтар Тан империясының провинциясына айналады. Оны бес бөлікке бөліп, әр бөлікке әскери қарулы күштерін шоғырландырды.

Пэкче мемлекетінің халқы басқыншылардың үстемдіктеріне қарсылық білдірді. Халық арасында осы бағытта қозғалыстар қалыптаса бастады. Халық қозғалыстарының басшылары буддистік діни ағымның өкілдері болды. Көтеріліс халыққа біраз мүмкіндіктер туғызып, үміт отын жақты, біраз аймақтар қытайлықтардан азат етілді. Бірақта 663 жылы халық көтерілісі тан империясы тарапынан толықтай басып жаншылды. Пэкче мемлекетін толықтай күйреткеннен кейін, Тан империясы мен Силла мемлекетінің мақсаты мықты бақталастары Когурё мемлекетінің көзін құрту болды. Когурё мемлекеті тығырыққа тірелді. Когурё мемлекетінің ішкі саясатындағы өзара тұрақсыздық мемлекетті әлсіретіп жібергендіктен қарсылас жауға еш төтеп бере алмады. Сөйтіп 668 жылы Тан империясы мен Силла мемлекеті Когурёнің астанасы Пхеньянды басып алады. Когурёнің территорясы толықтай Тан империясының үстемдігінде болды.

Әдебиеттер:

Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск, 1984.-458

Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.

Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.

Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.

Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.

Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней истории Кореи. М., 1987.-376 б.

Гордон А.В. Крестьянство Востока: Исторический субъект, культурная традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.

История Кореи. Москва.1978.- 356 б.

История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.

Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.

Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б


Тақырып 8. Корея.

Мақсаты:

1.Коре мемлекеті. Ван Гон.

2.Коренің әлеуметтік – экономикалық дамуы.

3.Қидандар, Чжурчжендер,Монғолдармен күрес.

4.Чоон мемлекеті.

Силла мемлекеті І мыңжылдықтың ортасында кореядағы үш мемлекеттің ішіндегі ең әлсізі болған. Бірақта УІ ғасырдың ортасына таман өз күшіне ене бастады және Корей жартылай аралында үстемдік жүргізу мақсатында күреске бел буа кіріседі. 654 жылы Силла мемлекетінің тағын ван Тхэджон-Мурёль иеленді. Ван Тхэджон Мурёль сыртқы саясатты жүргізу барысында асыра белсенділік танытып, мемлекеттің Тан империясымен одақтасуына бар күшін салды. 660 жылы силландықтар мен қытай әскерлері Пэкче мемлекетінің астанасы Сабиді басып алып, мемлекеттің толықтай күйреуіне әсерін тигізді. 668 жылы Когурё мелекеті күйретіліп, оынң иелігі Тан имперясының қол астына өтті. Пэкче мен Когурё мемлекеттерінің тарих сахынасынан кетуі мұнымен тамамдалмады. Силла мемлекеті бүкіл аралдағы иеліктерін кеңейту мақсатында Тан империясымен келіспеушілікке тап болды.

Силла мемлекеті бұл уақытта өзіне күшті де, қуатты әскер жасақтап алған және әскерді мықты қолбасшылардың бірі Ким Юсин басқарды. 661жылы әкесі дүние салғаннан соң, оның орнына ұлы Ван Мунму билікке келеді. Ван Мунмудың алға қойған мақсаты қытайлықтарға дес бермей өз позицияларын толықтай қорғап шығу. 670 жылы Қытай мен Силла мемлекеттері арасында соғыс басталды. Силла қытай шапқыншыларына қарсы белсене күрес жүргізгені үшін Когурёнің ақсүйектерінің бірі Ансынаны Когурёнің ваны деген атақпен марапаттады. Бұл кезде Силла Пэкчеде Тан империясының құрған қуыршақ мемлекетіне қарсы қарулы әскерін жасақтап, бір жылдан соң толықтай өзінің қоластына бағынышты етті. Бірақта қытай әскерімен болған қақатығыс жеті жыл аралығына созылып кетті(670-676 ж.ж.). Бұл соғыс үздіксіз жүргізіліп отырды. Қытайлықтар силландықтардың жеңісін толықтай мойын дады, бірақта 60 жылдан соң ғана(735жыл) үстемдіктен босатқан. Ансын 683 жылы ресми түрде силландықтарға қызметке ауысып, оған Ким деген титул берілді және Ван Мунмудың апайын әйелдікке берілді. Сөйтіп Силлада бірігу кезеңі басталды. Мемлкеттің құрамына Корей жартылай аралындағы барлық оңтүстік бөліктерінің барлығы енгізілді. УІІІ ғасырда Қытаймен диполатиялық қарым-қатынас орнатыла бастады. Елшілермен өзара тәжірибе алмасты. Ал Жапон мемлекетімен қатынас әліде дұрыс жолға қойылмады. 698-703 ж.ж. жапондықтар Силла мемлекетіне елшілік сапармен бірнене мәрте келіп, мемле кет аралық байланысты тұрақтандыруға белсене араласты. Соған қарамастан жапондықтар силландықтарға бірнеше мәрте шабуылдар жасап отырған. 733 жылы Бохай мемлекетіне қарсы тұтқиылдан шабуыл жасап, 819 жылы Ли Шидао Юньчжоу мохэских тайпаларының бүліктерін толықтай тойтарып тасты.

Силла мемлекетінің ішкі саяси тарихы мемлекеттік құрылыстың саяси билігінің сипаттамасын аристократтардың мәртебесімен есептеді. УІ ғасырда аристократия мемлекетте шешуші роль атқарғандықтан; мұралық мәселесінің де шаруасын қадағалап отырған. Кейіннен УІІ ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттік аппарат пен тұрақты әскер құрылғаннан соң аристократияның беделі төмендеп кетті. 654- 681 жылдары ван Тхэджон-Муёль мен Мунмудың вандық автократиялары орнаған кезеңге айналды. Ким Юсин сияқты вандардың қолдауымен екі ван өздерінің қолдарына барлық үстемдікті иеленуге тырысып бақты. Саясат жүргізу барысында вандар пэкче мен когерё ауқаттылары тарапынан қолдау тапты. Әрине бұл әрекет, мұндай өзгерістер жергілікті аристократтар тарапынан наразылық туғызды. Наразылықтар біртіндеп бүлікке, қастандықтарға ұласып жатты.

Ван Синмун (Ван Мунмудың ұлы) билік еткен дәуірінде (681-780) мелекет гүлдену мен даму кезеңдерін басынан өткерд және мемлекет орталықтанған мемлекеттердің қатарына қосылды. 780 жылғы ел ішінде бүліктің нәтижесінде ван Хегон өлтірілген соң, үстемдік ету құзыры Ким ұрпақтарына берілді. 861 жылы екі ұрпақ арасында ван Вонсон аралықтарында билікке деген толассыз күрес аяқталмай жалғасын таба берді. Екі ұрпақтар арасындағы дамылсыз, билікке деген өзара талас мемлекетті әлсіретіп жіберді.

ІХ ғасырдың екінші жартысы мемлекет үшін нағыз тоқырау кезеңі болып табылды. Мемлекеттің ішкі құрылысындағы тұрақсыздық көптеген террито рияның ыдырап кетуіне мүмкіндік туғызды. 861 жылы Силла мемлекетінің ваны болып Кёнмун тағайындалды. Кёнмун өзінің ұрпақтарымен бірге билікте 912 жылға дейін үстемдіктерін жүргізді. 887-897 жылдар аралығында мемлекет үшін тағы да бір күрделі кезең әйел-ван Чинсонның билікке келуі еді. Мемлекеттік биліктегі міндеттердің барлығы оның фавориттерінің құзырлар ында болды. Салық мемле кеттік қазына келіп түспеді, соның кесірінен мемлекеттік қазынадағы қор біртіндеп құрдымға кетті. 889 жылы Саболь аймағында сановниктер бүлік ұйымдастырды. Бүлікті басып- жаншуға мемлекеттің еш мүмкіндігі болмады. Сөйтіп мемлекет құрдымға кетті деп айтуға әбден болады.

Силла мемлекетінің ішкі тұрақсыздығы мемлекетті түбегейлі әлсіретті. Жат жерліктердің мемлекетті билеп төстеуі жергілікті халық арасында наразылық туғызды. Тан империясына жаулап алған Пэкче мен Когурё мемлекеттерінің иеліктерінде өктемдіктерін орнату мүмкін болмай қалды. Халық толқулары Силла мемлекетінің билеушілері арасынан қолдау тапты. Сонда бір түсініксіз жайт пайда болады, егерде Силла мемлекетінің билеу шілері халық наразылығын қолдаса, неліктен олар қытай мемлекетінен көмек сұрап, одақтас мемлекеттерді күйзеліске ұшыратады. Ал енді қытай феодалдарына иеліктерінде үстемдік орнатуға қарсылықтарын ашықтан ашық көрсетіп отыр. Силла билеушілерінің мұндай позициясы Тан империясымен өзара түсініспеушілікке әкеліп соқты. 670-676 жылдары аралығындатан империясы мен силландықтардың арасында соғыс оты бұрқ етті. Нәтижесінде Кореяның барлық аймағы Силла мемлекетінің құрамына толықтай енді.

Силла мемлекетінің қуатты күшке ие болып, мемлекеттерді біріктіруі Кореяда феодалдық өндіріс тәсілдерінің толықтай бекінуіне мүмкіндік ашты. Мемлекет аралық тартыстың тоқтатылуы, көршілес елді мекендермен бейбіт қарым- қатынастардың орнауы дамудың жаңа кезеңіне жол ашты. Құрылыс істерінің жетілуі ауыл шаруашылығының да өніп- өсуіне септігін тигізді.

Феодалдық қатынастардың дамуы жерге деген мемлекеттік меншіктің тірегі негізінде қалыптасты. Жер қойнауының басым бөлігі ұсақ бөліктерден тұрды (бөліктердің қожалары мемлекетке жері үшін салық- рента төлейтін, әскери міндет атқаратын, мемлекеттің барлық шаруасын мойнына жүктеп алған шаруалар болды).

УІІІ ғасырда мемлекеттік меншік әлі де болса күшейе түсті және осы мәселені бақылап, қадағалап отыратын әскери-әкімшілік басқару аппараты өзінің жұмысын мемлкет пен шенеуліктердің үлесіне қарай ба,ыттап отырды. УІІІ ғасырдың орта сында әкімшілік территориялық бөліс жүргізілді, тоғыз аймақтық бөліс( оның үшеуі силландық жерде, үшеуі когурё жерінде, үшеуі пэкче жерінде құрылыды) және бес өкілетті (немесе кіші астана), сонымен қатар аймақтар мен уездерге бөлу толықтай жоспарланды. Жергілікті әкімшілік қызметке астаналық басқарушылар тағайын далады. Шенеуліктерді мемлекеттік қызметтерге арнаулы дайындықтан өткізетін мемлекеттік жоғары оқу орындары ашылды. Аранулы мектептерден өткен қызмет кер адамдар дәріс барысында мемлекеттік емтихандар тапсыруы міндетті болды.

Мемлекеттің астанасы ретінде қызметкер аристократтар шоғырланған 170 мың ауылы бар аймақ таңдап алынды. Астаналық байлардың үйлері салынуы мен көр кемдігімен ерекшеленді. Астанада шебер қолөнершілер міндетті түрде қызмет атқарды, себебі олар билеуші таптың мүдделеріне тиесілі қызмет етті. Колөнер мен егіншіліктің дамуы сауда қарым-қатынасының дамуына әкелді. Силлан қолөнерші лерінің өнер туындылары тек өз аймақтарымен шектеліп қалған жоқ, тауарлар шет аймақтарда да кеңінен танымал болды. Әсіресе силландық көпестері Қытай және Жапон көпестерімен тығыз сауда байла нысын жүргізіп отырды. Силла мемлекетінің билеуші топ өкілдері Қытаймен аралықтағы байланыстарды қайтадан жаңғыртуға тырысып бақты. ІХ ғасырдың 80 жылдарында Қытай мен силла мемлекеті арасындағы диполматиялық байланыс өз күшін жойды. 790 жылы және 812 жылдар аралығында Қытайға елшілер екі рет дипломатиялық сапармен барды, өкінішке орай іс сапар сәтсіздікпен аяқталды.

ІХ ғасырда Жапония мен Силла арасындағы байланыс жиілей түсті. Кенеттен 803 жылдары Силла мемлекеті мен Жапон мемлекеті арасында достық қарым- қатынас орнап, елшілермен тәжірибе алмасу қимылдары жүзеге асты. ІХ ғасырдың барлық кзеңдерінде Жаподықтар Силла мемлекетіне елшілерін үнемі жіберіп отырған. Ал силландытар болса, өз кезектерінде жаподықтардың территориясына бірде- бір рет аяқ баспаған. 891 жылы Янгиль атты біреу тоғыз аймақ пен елді- мекендерді Ёнджу өңірінде толықтай бағындырған деген дерек бар.

892 жылы Вансанда орныққан Кёнхвон Хубэкче (Кейінгі Пэкче) мемлекетін құрды. Кёнхвон Аджагэ дейтін аты белгісіз қарапайым шаруа баласы. Кейіннен қолбасшылық өнерімен көзге түсіп, әскерде мәртебеге ие болды. Кёнхвонның құрған мықты әскери құрамы Силла мемлекетіне қауіп төндірді. 90 жылдардың ортасында силла вандарының бірінің баласы, монарх Кунье халық арасында танымал бола бастады. 891 жылы ол Янгильдің қоластында қызметтілікте жүріп, орталық бөлікте орналасқан аймақтарды бағындырып, өзін тәуелсіз билеуші деп жариялаған. 899 жылы Янгиль Куньеден қауіптьеніп оны құртуға тырысады, бірақта сәтсіздікке тап болады.  901 жылы Кунье өзін Ван деп жариялайды.  904 жылы Куньенің құрған мемлекеті Маджин(911жылдан – Тхэбон) деген атауды иеленді. Мемлекетте өзіндік бюрократиялық билік орнады.

918 жылы Кунье сатқындықтың зардабын шегеді, оны өз араларындағы қолбасшылардың бірі Ван Гон өлтіреді. Ван Гон Корё атты жаңа мемлекет құрады. Ван Гон Силла мемлекетімен достық қарым –қатынасты сақ тауға тырысты. Ал Кёнхвон бұл достықты еш қолдамады. 927 жылы тосыннан шабуыл жасау арқылы силла мемлекетінің астанасы Кымсон қаласын басып алады. Силла мемлекетін бүтіндей тарих сахансынан жойып жіберуге дәті бармаған Кёнхвон билікке Ким Пу руынан шыққан өз адамдарының бірін тағайындады. Бұл уақытта Силла мемле кетінің территориясы тарылып, басқаратын иелік болмағандықтан соңғы вандардың бірі Кёнсун биліктен бас тартып, Ван Гонның қоластына өтуді дұрыс деп шешеді. Сөйтіп, үздіксіз билікке таластың арқасында, мемлекетте саяси тұрақтылықтың болмауы нәтижесінде Силла мемлекеті өзінің өмір сүруін толықтай тоқтатты.

Біріккен Силла мемлекетінің даму кезеңінде Кореяда жер мемлекеттік меншіктің пайда табу көзіне айналды. Жер қорының басым бөлігі ұсақ шаруалардың иелігінде болды. Силла мемлекетінің бір орталықтан басқару жүйесінің кейбір жақтарын талдай кетсек оның өзіне тән ерекшеліктерін атап өтуге болады.

Силла мемлекеттін басқарудың жоғарғы органы- чипсасон деп аталды. Құзыры мемлекеттік маңызы бар сұрақтарды талқылау, нақты шешім қабылдау. Басшысы- чунси (суджун)- мемлекеттік әкімшілктегі басты тұлға болған. Келесі маңызды қызметтердің бірі сандэдына- ван қарамағындағы кеңес басшысы. Жеке басқару орындары (бу) әскери істерді жүргізуші, фи нанс, мемлекет қаржысын қадағалаушы, құрылыс, транспорт. Флот, бақылау, ішкі байланыс, шенеуліктер кадрлары, әділет тілік органдары, жазалау ұйым дары, қоғамдық жұмыстарды жүргізу мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі болып табылады. Маңызды емес, ұсақ мәселелермен (со) басқару орталығы жүргізіп отырған. Барлығы орталық басқару аппаратында 160-ға жуық бөлімдері болған. УІІІ ғасырда ван Кёндоко мемлекетті басқару жүйесінде қытайлық жүйеге ұқсас реформалар жүргізді. Нәтижесінде көптеген қызметтер мен құзырлардың барлық атаулары өзгеріске ұшырады. Бірақта 20 жылдан соң бұрынғы жүйе қайтадан қалпына келтіріледі.

Мемлекеттік қызметте жүрген шенеуліктер 17 рангтарға бөлінді. әр рангқа тиесілі шен белгіленді, яғни астаналық және провинциялық. Әкімшілік қатынаста ел 9 аймаққа бөлінді. Аймақтар чу деп аталды. 5 кіші астана согёнге және 116 округ пен  293 уезге бөлінді. Әкімшілік бірлік ретінде шенеуліктерге 16 провинциялық дәреже берілді. Мемлекеттің негізгі тірегіі болатын әскер құрамы қарапайы халықтан құралды. Еркек атаулының барлығы әскер құрамында міндетті болуы керек.

Біріккен Силла мемлекетінде сүйеніп отырған деректерге қарағанда 5.7 шенеуліктер, оның 1350 орталық аппаратта қызмет еткен, 3,8 әскери адамдар болған. Шенеуліктерге жалақы әртүрлі деңгейде төленді; бірде жер түрінде өтелсе, бірде материалдық құныдылықтар есебінде беріліп отырған. 687 жылы шенеуліктерге жер таратылып берілді. Кейіннен 689 жылы жер айлығы (ногып) алып тасталынып, оның орнана ақыны өтеу бидай түрінде енгізілді.  757 жылы айлық ақы қайтадан ногып түрінде төленді. Яғни ақыны өтеу қайтадан бұрынғы жүйеге түсірілді.

Силла мемлекетінің идеологиялық бағытта жүргізілген халық арасынан ешбір наразылық туғызбады. Себебі, конфуциандық пен буддизмді жергілікті халық шын көңілімен қабылдап оның кеңінен таралуына әбден мүмкіндіктер тудырып отырған.

Біріккен Силла мемлекеті Корей тарихында маңызды орын алады. Бұл кезең тұңғыш рет орталықтанған мемлекет құрылды. Мемлекетте жүргізілген әкімшілік және саяси өзгертулер мен толықтырулар кейінгі қалыптасқан мемле кеттердің тарихи процестеріне әсер етті. Қаншалықты мықты болуға тырысқан Силла мемлекетінің шайқалуына, күйзелуіне әср еткен мемлекеттер Силла мемлекетінің тарих сахнасынан кетуіне ықпалын тигізді. Силла мемлекетінің басына түскен тағдыр тауқыметі одан кейін де келген мемлекеттердің ары қарай дамып, гүлденуіне кесірін тигізеді. Іштен шыққан жау жаман демекші мемлекеттің қарқынды дамуына кедргі жасаған ішкі саяси тұрақсыздық мемлекеттің тағдырын әп сәтте шешеді.



Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Х ғасырдың басында Корей жартылай аралында жекеленген шағын мемлекеттер қалыптаса бастағанын алдында келтірілген ақпараттардан білеміз. 901 жылы Кунье Хубэкче мемлекетінің негізін салды. 904 жылы бұл мемлекет Маджин деп аталып кетті. 911жылы, яғни кейіннен Тхэбон деген атауға ие болды. Куньеның жақтастарының ішінен ерекше көзге түскен, ауқатты ортадан шыққан Ван Гон Силла мемлекетінің иеліктерін меншіктеген негізгі тұлғалардың бірі болды. Ван Гон есімі тарихта Х ғасырда пайда болған келесі мемлекеттің пайда болуына ықпал еткен. Сондықтан жаңадан қалыптасқан Ван Гонның құрған Корё мемлекетінің астанасы Сонака деп белгіленді. Бірақта кейіннен астананың аты Кэгён(қазіргі кездегі атауы Кэсон) деп өзгертілді. Корё мемлекетінде сепаратистермен күрес жүргізу қырық жылға жуық уақытқа созылып, мемлекеттің әкімшілік жүйесін дұрыс жолға қоюға тек осы уақытта мүмкіндік болды. 946 жылы кидандық Ляо империясы Солтүстік Қытайды жаулап алып, Корё мемлекетінің шекарасына қауіп төндіреді. Корё мемлекетінің билеушілері, қолбасшылары қорғану саясатын жүзеге асыру мақсатында жаңадан қамалдар мен горнизондар тұрғызуға кірісті. Корё мемлекеті қидандар мен қытайлықтар арасында болып жатқан қақтығысқа араласпай, бейтарап саясат сақтауға тырысып бақты. Бірақта 993 жылы Корё мемлекетінің территориясына қидандықтар баса көктеп кіріп келді. Корё әскерлерінің қақтығысна кездескен қидандықтар мемлекеттің оңтүстігіндегі аймақтарда келісім шарттар жасасуға бел буды. 1009 жылы ван Мокчон қолбасшылардың сатқындығы салдарынан өлтірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет