ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау және сертификаттау жүйелері» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер



бет2/4
Дата26.02.2016
өлшемі380 Kb.
#26443
1   2   3   4

Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер

мен анықтамалар
Дәріс жоспары:

1 Стандарттау және оның интерпретациясы

2 Стандарт және оның түрлері
1 Стандарттау саласында және басқа да ғылым немесе техника салалыранда нақты ғылыми – зерттелген терминология керек.

«Стандарттау» терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау және стандарт деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі:

Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет;

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;



«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:

Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.
2 Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;

Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.

Консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;

Негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

Ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;

Ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;

Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

Үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;

Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

Шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.

Нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

Техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Стандарттауға қатысты терминдердің мазмұнын ашу?

2 Стандарттардың қандай түрлерін білесіздер.
№ 4 дәріс

Тақырыбы: Техникалық регламенттер
Дәріс жоспары:

1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер

2 Техникалық регламенттердің мазмұны
1 Техникалық регламенттер «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.


2 Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.



Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Техникалық регламенттің маңызы?

2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы?
Ұсынылатын әдебиет:

1 Техникалық регламент

2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. (2013 ж. өзгерістермен және толықтырулармен)

№ 5 дәріс

Тақырыбы: Азық-түлік өнімдерінің сапасын басқару жүйесі (HACCP)

ХАССП (ағылшын транскрипциясы бойынша HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдау және бақылаудың аумалы нүктелері) қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. Ең бастысы ХАССП жүйесін әлемнің барлық өркенниетті елдерінің азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қолданады, ал АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, тағы бірқатар мемлекеттерде ХАССП жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етілген.

ХАССП тұжырымдамасы 60 жылдары Америка ғарыш бағдарламасын жасау кезінде «Pillsbury» компаниясының, АҚШ-ң қарулы күштері зертханасының және аэронавтика мен космонавтикалық ұлттық басқармасының (NASA) біріккен күштерімен әзірленді. NASA алдына азық-түлік өнімдерінде токсиндердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жүйені әзірлеу және соның салдары ретінде тамақтан улануды болдырмау міндеті койылды. Аяққы өнімді немесе жартылай фабрикаттарды іріктеп, тіпті жаппай сынақтан өткізу өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік бермеді, бірақ технологиялық үдерісті күрделендіріп, өндірісті қымбаттатты. Осы мәселені шешу үшін 1971 жылы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Бірінші Америка Ұлттық конференциясында «Pillsbury» компаниясы ұсынған ХАССП тұжырымдамасын әзірлеу бастамасы болды.

Қазіргі таңда ХАССП (HACCP) жүйесі азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланыстыболатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескеріп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бакылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты –азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту.

ХАССП жүйесінің негізіне алынған жеті қағида бар және олар белгілі азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпорын үшін жүйені құру кезінде міндетті түрде қолданылады:

1.Тәуекелдерге (қауіпті факторларға) мұқият талдау жүргізу;

2.Аумалы бақылау нүктелерін(АБН) анықтау;

3.Әр бақылау нүктесі үшін аумалы шектеулерді белгілеу;

4. Аумалы бақылау нүктелерінің мониторингісі рәсімдерін белгілеу (қалай?, кім?, қашан?) ;

5.Түзету іс-қимылдарын әзірлеу;

6.Есепке алу және құжаттамаларды жүргізу, рәсімдерін белгілеу;

7.Құжаттама жиынтығын тексеру рәсімдерін белгілеу.



Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді. ХАССП жүйесінің маңызды да шартсыз құндылығы оның қасиеттерін айқындау емес, атап айтқанда азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық тізбегінде кезең-кезеңімен бақылау арқылы қателіктердің алдын-алу, болжау және ескерту болып табылады. Бұл тамақ өнеркәсібі саласының жұмысындағы бірінші кезектегі басты міндет болып табылады және тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін қолдануда қауіпсіздікті кепілді түрде қамтамасыз етеді. ХАССП қағидаларына сүйенген жүйені өндірісте қолдану азық-түлік өнімдерін өндіруші компанияларға жоғары еуропалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдерді ғана емес, Еуропаның тағам рыногындағы қатаң бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға да мүмкіндік береді.
№3 МӨЖ ISO 22000:2005 «Системы менеджмента безопасности пищевой продукции. Требования к организации, участвующей в пищевой цепочке»
2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №1

ТАҚЫРЫБЫ: ҚР ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



Жұмыс мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін окып меңгеру.

Жұмысты орындау:

1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау мен бекіту тәртібімен танысу.

2. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының негізгі құрылымдық элементтерін оқып меңгеру.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды?

2. Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай?

3. Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды?

4. Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар?

5. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай?

6. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз.

7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында кандай негізгі құрылымдық элементтер бар?


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №2

ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Жұмыс мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу

Жұмысты орындау:

1.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын оқып меңгеру.

2.Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін білу.

3.Уәкілетті органның құзыреттілігін білу.

4.Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың кұзыреттілігін білу.

5.Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттерін оқып меңгеру.

6.Стандарттау жөніндегі техникалык комитеттердің негізгі функцияларын білу.

7.Сәйкестікті растау органдарының атқаратын қызметтерімен танысу.

8.Зертханалардың құқықтары мен міндеттерін білу.

9.Ақпараттық орталықтың функцияларын білу.

10.Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін оқып меңгеру.

Бақылау сүрақтары:

1.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?

2.Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз.

3.Уәкілетті органның кұзыреттілігі неде?

4.Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу.

5.Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай?

6.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде?

7. Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер.

8.Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай?

9.Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары

10.Сарапшы-аудиторлардың кұзыреттілігін атап шығу.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №3

ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУДЫҢ ЖҮЙЕСІН САЛЫСТЫРМАЛЫ САРАПТАУ


Жұмыс мақсаты: Стандарттаудың Мемлекетаралық (СМАЖ) жүйесін және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің (МТРЖ) негізгі жағдайларын және құрылымын сараптауды оқып үйрену (Қосымша 1).
Жұмысты орындау:

  1. СМАЖ және ҚР МТРЖ стандарттарының құрылымын және тізілімін оқу.

  2. СМАЖ және ҚР МТРЖ мақсаттары, принциптері және нысандарының ерекшелігін және бірегейлігін табу. Нәтижесін сұлба түрінде рәсімдеу, оның ішінде принциптерін және объектілерін қысқаша сипаттау қажет. Егер жүйенің сарапталатын элементтері бірдей болса, онда ортақ сұлба жасауға болады.

Сұлба мысалы – 3.1.кесте

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

Стандарттар тізімі
СТАНДАРТТАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Стандарттар тізімі


Бақылау сұрақтары:

1. Стандарттаудың мақсаттары мен міндерттерін көрсетіңіздер

2. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды қолдану талаптары

3. Стандарттаудың объектілерін атаңыз және анықтама беріңіз

4. ҚР МТРЖ негізгі объектілерін атаңыз

5. Мына стандарттардың белгіленуін ашыңыз ҚР СТ 1.0 – 92, МСТ 1.0 – 92,

ҚР СТ 1.5 - 92

6.Стандартта регламенттелетін міндетті талаптарды атаңыз.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 4

ТАҚЫРЫБЫ: СТАНДАРТТАРДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет