ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-33.1.55/03-2014
|
ПОӘҚ
Оқу-әдістемелік материалдар
«Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері»
|
Баспа №1
11.09.2014
|
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері»
5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
|
3
|
2 Практикалық сабақтар
|
6
|
3 Білімалушылардың өздік жұмыстары
|
9
|
4 Әдебиет
|
9
|
1 ГЛОССАРИЙ
Адарғы - керілген желіні айқастыра белағаштан кейін орналасатын күзулі мен күзусіз жіптердің арасында белағашпен қатар жатқан ағаш. Адарғы желінің шатысын түсіріп, өрмектің тоқылуында басты қызмет атқарады.
Ақ құр - сәндік үшін қызыл басқұрдың жоғары жағынан катар керілетін, ені де, ұзындығы да қызыл басқұрмен жапсарлас, ақжеліге термелеп, не түр шалып өрнек түсіретін құр.
Алақұрт - екі түсті түрден есіліп кілем тоқуда басталар басы мен бітер жерінен тақта жургызылгенненкеін өткізіледі, кей жерлерде “еспе” деп аталады.
Алаш - түрлі - түсті мақта не жүн жіптен өрнек арқылы тоқылатын, үй ішіне төселетін төсеніш.
Аппликация - (латын сөзі “аппликатио” - жабыстыру) ежелден келе жатқан теріні, былғарыны, матаны, қайың қабығын, қағазды жабыстырып көркемдеп безендіру кесіліп алған бұйымды, (формат) жазықтықтын (фон) бетіне жабыстыру.
Арқау - тергіш пен өрнек терілгеннен кейін, еркек жіп пенұрғашы жіптің арасынан өрлі-берлі өткізілетін, қылышпен нығыздалуының арқасында тусірілген шатысты ұстап тұратын жіп. Арқауды өткізуді кейде арқау ату деп те аталады.
Астарлау - төсеніш яки жамылған бұйымның астынан, не ішкі жағынан жалаңдау мата қоса жапсыра тігу.
Аяққап - ыдыс аяқ салуға арналған қапшық. Аяққоптың пішіні екі түрлі: бірі-тіктөртбұрышты, екіншісі-ауыз жағы тіктөрт бұрышты, ал түп жағы дөңгелек болады. Аяққоп көбінесе киізден жасалады. Көжетті көлемде пішіп алынған екі бөлік киіз бір-біріне беттестіріліп, олардың қоспасы (ауызынан басқа бөлігі)
шуда жіппен жөрмеп тігіледі.
Аяқ - белағашты көтеріп тұратын аша басты тіреу (айыр) ағаш.Белағашты аша басқа бекіту үшін екі ұшының астынғы жағы кертіле ойылады.
Әдіптеу - матадан тігілген бұйымның шеттерін өңдеу.
Әрлеу - матаны крахмалга салу.
Басқұр - киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
Белағаш - ұзын бойы екі шетінен қазыққа керілген желі жіптерді күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденен ағаш. Кей аймақтарда бұл “арқалық” деп те аталады.
ДВП - (древесно - волокнистая плита) ағаш ұнтағынанжасалған плита.
Бұқар теру - Бұқара елінің өрнегін салып терме алаша әдісімен тоқу.
Декатировка - (матаны) - бастырған (созылмаған) матаны булау; фабрика жағдайында матаны өндеуді ең соңғы операциясы.
Екіжүздеме - иін бау, алашы тоқуда қолданылатын желінің астынғы жібінде де, үстінгі жібін де тек қолмен теріп тоқитын тәсіл.
Еркек жіп - өрмек тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстінгі жіптері. Тағы бір аймақтарда мұны “ерсі жіп” деп те айтады.
Есу - қос жіпті не қос арқанды қарама-қарсы бағытта бұрау.
Желбау - киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтың төмен бастыруға падаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
Желі - мал жүнінен немесе мақтадан біртегіс иіріліп өрмек тоқу үшін керілген түрлі-түрлі жіптер. Кейде “төске” деп те аталады.
Жиектеу - төселетін, тұтылатын бұйымның шеттерін сәндей түрлі жіптермен не еспемен бастыра тігу.
Жөрмеу - сырмақ сыруда ою қақырамас үшін, не матадан кез-келген бұйымды тіккенде теріс жағындағы ішкі тігістің жібі додаланбасын деген мақсатпен шетін ішке қайыр тігу.
Жіп жалғау - керілген желі жіптердің үзігін немесе қашқанын тауып байлау.
Жіп қашу - өрмек тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.
Жіп иіру - бұйым тоқу үшін шиттелген мақтаны, жуылып түтілген жіпті соза отырып ұршық арқылы оңға айналдыра жіңішкерту.
Жұлқыш - теріс шалу әдісімен тоқылатын түр жіптерін қайшымен тігістеуді керек етпейтін, түгі ұзын, аю терісі сияқты төсеніш.
Жүн түту - 1) жіп жасау (иіру) мақсатымен жуылып, боялып кептірілген жүн бөлігін бір қолға ұстай екінші қолдын бас бамағы мен ортаңғы саусағының көмегімен тығыздығынан арылту, көпсіту, бір бір қалыпты тарқату;2) қырқылып, жуылып киіз, текемет басуға кептірілген тірі жүнді майдалап, ұйысқының жазу үшін тулаққа салып сабаумен ұрғылау.
Иінбау - киіз есіктің екі жақ иініне ілінетін өрнектеп тоқылған бау.
Киіз - пайдалану мақсатына қарай қой жүнінен қалың не жұқа етіп басылған жамылғы немесе төсеніш.
Киіз басу - жуылып, кептіріліп, түтіліп, сабауланған қой жүнін шиге жайып, одан кейін қайнат жатқан су құя отырып, аяқпен тепкілеп кіріктіру, білектеп біріктіру.
Киіз тебу - шиге оралып үстіне су құйылған жүннің бірігуі, қатаюы, біртұтас бұйм болуы үшін бірнеше адамның ши сытынан айқастыра оралған арқанмен кезек тартып ауната отырып аяқпен тепкілеу әдісі.
Көктеу - пішілген матаны іс машинасымен тігудің алдындағы қол йнемен тігіп құрастыру.
Күзу - тоқылатын жіптерді ажырата білу үшін желінің үстіңгі жіптерін белағашпен жалғастырып түратып екі қабат иіріліп,ысылған бір түсті жіптер.
Күзу ағаш - тарту жіп пен күзді байланыстырып тұратын беалағаштың үстіне қойлатын таяқша. Кейбір мәліметтерден “күзу шыбығы” , “күйеу ағаш” деген баламаларын да кездестіруге болады.
Кілем - арнулы өрмек арқылы керілген желіге түрлі-түсті жүннен жуандау иірілген жіптер шалу әдісімен тоқылатын, тұту немесе төсеу мақсатында қолданылатын, көлемді әрі сәнді бұйым.
Кірлеу - киіздің өбден кірігіп, шымырлауына, бойындағы кір судан тазаруына әсер етуі үшін әсіресе түр салынбайтын киізді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгеленте төрт-бес орап, тігінен қойып, үстінен қайнаған ыстық су құю өдісі.
Қағу - арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығынан қылышпен қағаз, сол желі жіптердің арасына ажырату.
Қазық - өрмек тоқылатын оранда желінің бас жағына және аяқ жағынан жүгірілген жіпті керіптүру үшін қағылған ағаш. Өрмектің арт жағынан қағатын қызықты “күйеу қазық” деп атайды деген мәліметтер де жок емес .
Қақпа алаш - түрлі-түсті жолақ болып керілген желі жіптерді термей, тек қана шатыс түсіру әдісімен тоқылатын алаша.
Қалы кілем - шалма әдісімен тоқылатын, үстіңгі бетінің түрлері қайшымен тегістеліп отыратын түгі бар кілем.
Қоржын - бұйым, зат салатын екі дорбаны қосып тіккен бұйым.
Қостігіс - Жұмсақ, тура матадан өндірілетін бұйымды тікенді қолданылады.
Құр - өрілген не тоқылған бау.
Қызыл Құр - киіз үйдің ішін әшекеулеу және уық пен керегенің байланған тұстын жасыру ммақсатымен айналдыра тұтылатын желісі қызыл, қызыл реңі басым көрінетін жалпақ құр.
Қылыш - керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің шатысын арқау жіп өткізілген соң жіп арасын қағатын қылыш тәрізді ағаштан жасалған құрал.
Орама - кілемнің шеті мықты болуы үшін шеткі алты жібіне арнай түйдектелген түр жіпті арқау өткізуден бұрын Х әдісімен шалып орайтын тоқу түрі.
Оң шалу - түр жіптің күзулі жіптен алып, күзусіз жіпке шалып орау әдісі.
Өлі жүн - қойдан көктемде қырқылып жүн, “жабағы жүн ” деп те аталады.
ПВА - ақ түсті химиялық қоймалжын желім.
Пәшек - арқаудың жібін орайтын таяқша. Ені 3-4 см, ұзындығы 25-30 см. Кей аймақтарда “арқау шөлмегі”,”жүгіртпе” делінеді.
Сабау - ұзындығы метрден астам жыңғыл, ырғай, тобылған шыбықтың бүрін тегістеп немесебұтақсыз жас талдың қабығын сыдырып, киіз, текеметке арнап жүн түту үшін жасалған құрал.
Серу - өрмектің енің бір қалыпты сақтау үшін қолданылатын ағаштан (жыңғылдан) жасалған құрал. Бұл адарғадан 1,5-2 метрдей ары тұрады. Ұрғашы жіпке бір бөлік (астынғы серу), еркек жіпке бір бөлік (үстіңгі серу) серу қояды. Бес-алты жіпті серуге шалып байлайды. Бұл кей жерлерде “есепші”, “кергіш сабау”, “серу ағаш”, “серу жіп” деп аталады.
Соқ-соқтау - киіз бірге түсу үшін екі еннің бір жағын екінші шетінен жетенше қарама-қарсы ширата бүктеп (орап) екі жағынан жағалай отырып бір-біріне жеткізе кезек-кезек алақанмен итере соғу.
Толтыру - түйме салатын ойықтың шетін тігу.
Пішу - тігілетін бұйымның өлшемі бойынша матаны кесіп дайындау, жабыстырылатын жерлерді белгілеп алып, алдымен оюларға желім жағып, белгіленген жерге жабыстырамыз. Желім сыртқа шығып кетпеуін қадағалаймыз. ПВА желімін пайдаланамыз, себебі ол кепкен кезде мөлдір болады, дақ қалмайды.
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
№1 сабақ тақырыбы
Эскизбен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Жасалатын жұмыс жоғары деңгейде орындалуы, эскизге байланысты болғандықтан, эскизге барынша көңіл бөліп, үлкен шеберлікпен орындауды үйрету. Студенттердің еңбекке, өнерге,деген ынтасын арттырып шыңдау. Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін қадірлеп, жоспарлай білу.
Тапсырма:
Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды орындау. Пәннің материалдық ерекшеліктеріне ден қою.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- қарындаш;
- қағаз;
- акварель бояуы;
- өшіргіш;
- сызғыш.
№2 сабақ тақырыбы
Квиллинг техникасымен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді ұқыптылыққа, дәлдікке өз жұмысын қадірлеуге үйрету. Жасалатын жұмыстың әр бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау. Студенттердің еңбекке деген ынтасын арттырып шыңдау. Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін қадірлеп жоспарлай білу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- мата;
- ДВП;
- қайшы;
- қиғаш пышақ;
- қарындаш.
Сабақта қолданылатын материалдар: мата. Эскиз бойынша матадан жасалатын бұыймның бөлшектерін кесіп дайындаймыз. Матаның көптеген түрлері болады. Мысалы: жұқа маталар (бәтес, шифон, крепдешин т.б.). Ішкиімдік және көйлектік жұқа маталар (бөз, химия талшықтарынан жасалған маталар, штапель және басқалар). Жұқа жүн маталар, химия талшықтарынан жасалған қалың маталар және т.б. Қалың жүн маталар шұға, түкті шұға, қапшықтар және басқалар.
Тапсырма:
Сабақта қолданатын материал: қағаз, акварель бояуы. Эскизді қағаздың бетіне акварель бояуымен саламыз. “Акварель” деген атау латынның “aqua” (“су”) дейтін сөзінен шыққан. Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынатын шығармаларды да білдіреді. Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды орындау. Пәннің материалдық ерекшеліктеріне ден қою.
№3 сабақ тақырыбы
Эскизбен жумыс жасау.Батик
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді ұқыптылыққа, дәлдікке өз жұмысын қадірлеуге
үйрету. Жасалатын жұмыстың әр бөлшектеріне ұқыптылықпен
қарау. Студенттердің еңбекке деген ынтасын арттырып шыңдау.
Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін қадірлеп
жоспарлай білу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- қарындаш;
- қағаз;
- акварель бояуы;
- өшіргіш;
- сызғыш.
Тапсырма:
Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды
қағаздың бетіне акварель бояуымен саламыз. “Акварель” деген
атау латынның “aqua” (“су”) дейтін сөзінен шыққан. Бұл сөз
суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынатын шығармаларды
да білдіреді.
№4 сабақ тақырыбы
Батик техникасымен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Бояумен жұмыс істегенде қанша мөлшерде жағуға, ұқыптылыққа үйрету. Студенттерді ұқыптылыққа, еңбекке деген ынтасын арттырып, шыңдау. Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін жоспарлай білуді үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- мата;
- бояу;
- қайшы.
Сабақта қолданылатын материалдар: мата, бояу. Эскиздегі суретті мата бетіне көшіреміз, арнайы резервпен салынған суреттің шетін бастырып шығамыз.Резерв кепкеннен кейін эскиз бойынша бояумен бояаймыз.
Тапсырма:
Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды орындау. Пәннің материалдық ерекшеліктеріне ден қою.
№5 сабақ тақырыбы
Бұлғарыдан, теріден түрлі әсемдік заттар істеу
Сабақтың мақсаты:
Желіммен жұмыс істегенде қанша мөлшерде жағуға, ұқыптылыққа үйрету. Студенттерді ұқыптылыққа, еңбекке деген ынтасын арттырып, шыңдау. Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін жоспарлай білуді үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- мата;
- желім;
- қайшы.
Сабақта қолданылатын материалдар: мата, желім. Матамен қапталып дайын болған бұйымды, басқа түсті матадан ойылған оюларды желіммен жабыстырып безендіреміз. Ою қарау. Студенттердің еңбекке деген ынтасын арттырып шыңдау.
Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін қадірлеп жоспарлай білу.
Тапсырма:
Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды орындау. Пәннің материалдық ерекшеліктеріне ден қою.
№6 сабақ тақырыбы
Кесеқап жасау
Сабақтың мақсаты:
Папье - маше техникасын қолдана отырып жасалатын бұйымның қалыпын дәл шығара білуді үйрету. Студенттерді ұқыптылыққа, еңбекке деген ынтасын арттырып, шыңдау. Шығармашылық ынтасын арттырып, өз еңбектерін жоспарлай білуді үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қажетті құрал жабдықтар:
- қағаз;
- желім;-қайшы.
Сабақта қолданылатын материалдар: қағаз, желім. Қағазды бөлшектеп қиып, дайындаймыз. Желімді бөлшектелген
Тапсырма:
Пәннің теориялық негізіне мән беру. Тәжірибелік жаттығуларды орындау. Пәннің материалдық ерекшеліктеріне ден қою.
3 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
БОӨЖ және БӨЖ тақырыптары тәжірибелік сабақтардың тақырыптарына сәйкестірілген, аудиторияда басталған жұмыстың жалғасы және аяқтау кезеңі болып саналады.
Эскизбен жумыс жасау.
Квиллинг техникасымен жұмыс жасау.
Эскизбен жумыс жасау.Батик
Батик техникасымен жұмыс жасау.
Бұлғарыдан, теріден түрлі әсемдік заттар істеу
Кесеқап жасау.
4 ӘДЕБИЕТ
4.1 Негізгі әдебиеттер:
-
Рихвик Э.В. Мастерим из древесины.-М.,1988
-
Двойникова Е.К., Лямин И. В. Художественные работы по дереву. Учебные пособия.-М., Лесное просвещение. 1990
-
Хворостов А.С. Чеканка. Инкрустация. Резьба по дереву.-М., 1985
-
Линдлер Г. Из дерева – своими руками. –М., 1985
4.2 Қосымша әдебиеттер:
-
Абросимова А.А. Художественная резьба по дереву, кости и рогу.М., 1998.
-
Гусарчук Д.М. 300 ответов любителю художественных работ по дереву. Под ред. Л.М. Супрун. - М.: Лесная промышленность.1985
-
Марғұлан А. Х. Казахское народное пр.искусство: Резьба по дереву и кости. Художественная обработка металла и тиснение по коже. Т.З. Алматы. 1994
-
Муканов М. Казахские домашние художественные ремесла. Алма-Ата. 1979
-
Джанибеков У. Культура казахского ремесла. –Алма-Ата, 1982
-
Марғұлан А. Х. Казахское народное прикладное искусство. –Т. 1. –Алма-Ата, 1987
Достарыңызбен бөлісу: |