Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
-
Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі деңгейдегі жетілуін атаңыздар
-
«Ес және ойлау», «түйсік және қабылдау»жаратылыстанудағы хабарлардың өңделу процесі түсініктері
-
Танымдық процестер қызметін атаңыздар
-
Танымдық іс-әрекеттің әр түрлерінің қызметінің нәтижесі ретіндегі субъективизм дегеніміз не
-
Тұлға субьективтіліктің интеграторы және субъективизмі дегеніміз не
№9 Психологиядағы ХІХ – ХХ ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар
Жоспары:
-
Вундт идеясының Америкада дамуы туралы айтып беріңіздер
-
В. Джемс. психиканы бейімделу механизмі, сананы психикалық автоматизмдер туралы теориялық көзқарастары
-
Т. Рибоның психологиялық теориясы
-
В.М. Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті
-
Н.Н. Лангеніңэксперименттік психологиялық зерттеулері мен теориялық тұжырымдамалары
Х ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.
У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.
Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.
Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.
Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.
Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы ^ Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.
Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.
Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)
Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)
Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).
Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
-
В. Джемс. психиканы бейімделу механизмдерін атаңыздар
-
Сананы психикалық автоматизмдер туралы теориялық көзқарастарды атап беріңіздер
-
Т. Рибоның психологиялық теориясы анықтамасы
-
В.М. Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті қандай
-
Н.Н. Лангенің эксперименттік психологиялық зерттеулері мен теориялық тұжырымдамалары дегеніміз не
№10 Психологиядағы жүйелік - іс-әрекеттік тұрғының тарихи және гносеологиялық алғышарттары
Жоспары:
-
Психологиядағы жүйелік іс-әрекет тәсілінің қалыптасуы
-
Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі
Л.С. Выготскийдің сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі психикалық құбылыстарды талдаудағы негізгі принцип ретінде. Психологиядағы заттық принцип және даму принципі іс-әрекет тәсілінің маңызды құрылымы ретінде. Іс-әрекет тәсілінің түсініктілік аппараты. «Іс-әрекет» категориясының мәнділігі туралы қазіргі көзқарастар.
Лев Семенович Выготский (1896-1934) ең көрнекті психологтарының бірі. 1917ж ол Тюменьде мұғалім болады, ол Сеченов және Павлов іліміне бейімделген жаратылыс ғылымды психологиялық жақтаушысы болады.
1924ж ол Мәскеуге көшеді. Алдына марксизм философиялық негізңіндегі мәселесі қойылған психология институтының қызметкері болады.
«Сознание как проблема поведения»- «Таным мінез құлық мәселесі ретінде» деген мақаласында ол психологиялық функцияның зерттеу жоспарын құрады. Маркстік инстинкт және таным арасындағы айырмашылыққа сүйене отырып, Выготский еңбек арқасында «Тәжірибенің екі еселенуін» және адамның бірінші ойда, содан іске құра алатын қабілетін иемденіп алатынын дәлелдеді.
Бала дамуының параметрлері және оның әртүрлі ғылыми концепциялардағы түсінігі. Сөзді іс әрекет ретінде түсініп Выготскийдің индивит және әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік делдалын қарастырады. Ол оның белгілі табиғатына ерекше мән береді, өйткені оның арқасында адамның ішкі сезім көңіл өмірінің құрылымы және оның психологиялық фунциялары элементарлық жоғары болып өзгереді. Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарына қатысты өзінің теориялық қортындыларының бір вариантын, Выготский өзінің 1931 жылы жазған « Жас психологиялық функциялардың дамуы» жұмысында баяндаған. Бұл жұмыста белгілерді пайдалану процесінде адам психологиясының қалыптасуы сызба нұсқасы психологияның іс әрекетінің реттелу ретінде бірінші индивидтің басқа адаммен сыртқы байланыста, содан бұл процестің сыртынан ішке қарай ауысуы нәтижесінде субъект өзінің әрекетінен билеу қабілетін кемдеп алады. Бұл процесс интериоризация деп аталады. Келесі жұмыстарында Выготский белгінің мағынасын зерттеуіне ерекше көңіл аударады. Осының арқасында ол өзінің оқушыларымен бірге балалық ақыл ой дамуының эксперементальді теориясын өңдеп оны басты еңбегінде «Мышления и речи» - « Ойлау және сөйлеу» 1934 жазған.
Бұл зерттеулерді ол оқыту мәселесімен және оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше мезгілділігін «Зона ближайшего развития» - «Таяу даму заңы» жайлы жағдай алып тұр, бұл бойынша тек «Дамудың алдына шығатын», өзінің артынан тарататын, яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту ғана эффективті болып табылады.Выготский баланың дамуындағы дағдарыстарға, баланың бір жастан келесі жасқа өткен кездегі басанан өткізетін жай күйге маңызды мән берді.
Таяудағы даму заңы – ол баланың актуальді даму деңгейімен және даму мүмкіндігінің деңгейінің арасындағы арақашық. «Актуальді даму деңгейі даму жетістігін сипаттайды, өткен күнгі арналған даму қортындылары , ал таяудағы даму, ол ертенгі күнгі дамуды сипаттайды ». Таяу даму түсінігі балалық және педагогикалық психологияда маңызды теоретикалық мағынаны білдіреді және негізгі фундаментальді мәселелермен байланысты.
Таяудағы даму аймағы – біріккен іс - әрекет құрылуындағы жоғарғы психикалық функциялардың заңдық логикалық құрылымы, басқа адамдармен қарым – қатынаста бірте – бірте субьектінің ішкі психикалық процесс болып қалыптасады. Біріккен іс - әрекетте психикалық процесс құрылғанда,ол таяудағы даму аймағында болады, құрылғаннан кейін ол субьектінің актуальді дамуы болып қалыптасады. Л.С. Выготский – « Оқу даму алдында жүрген кезде ғана жақсы » және « Педагогика – ол бала дамуының бүгінгі күніне емес, ертенгі күніне бағдарлану керек » деген.
Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді. Ол дағдарыстың тарихи мәні бар деп есептеген. Бұл мән Выготскийй бойынша психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді.
Психолог П.П. Блонскийдің айтуынша психология педагогиканың негізі болу үшін өзінше дербес зерттеу жұмысын жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологиялық жәйттерді мектептегі оқыту және тәрбие жұмыстарында қолдану керек делінген. Осы пікірге Выготский қарсы шығып, педогогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу жеткіліксіз, бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың ұғыну не тіл алғыш процестерін зерттеп, осы арқылы табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген.
Л.С Выготский осындай дәлелді келтіргенде мынандай дерекке сүйенді: жалпы психология өзінше ғылымның бір түрі. Ал ғылым жетістіктеріне негізделе отырып, оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес.
Ж. Пиажие француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсақ та, оқытпасақ та психикасының дамуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж. Пиажені сынға алушылардың саны көбее бастады, солардың бірі Выготский. Ол Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқудың негізінде қалыптасады, осыған орай ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек деді. Выготскиидің айтуынша, оқыту баланың есейуін тездетеді. «Егер баланы ақылды етемін десеңдер, оқыту тәсілдерін оны қолайлы жолмен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады» деді.
Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психологиясының дамуынан аздап озып отыру керек деген қағидасына сүйенеді. Пихологиялық даму мен оқытудың өзаракөлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі олардың ішінен қажет екенін басшылыққа алу мүмкіндігі туады. Егер бала дамудың ең алғашқы сатысында эгоцентрикалық сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен кісіге сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін үлкендерге өзі іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен жеткіздіреді. Балалар дамуындағы үлкен өзгерістер мына кезде басталады, егер сөйлеу жерментерілсе, егер мәселе шешу үшін экспериментарлы емес өз бетінше әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық категориядан функцияға айналады. Бала әлеуметтік тип бойынша өз мінез құлқын ұйымдастыра отырып бұрын басқаға қолданған мінез құлық әдісін енді өз өзіне қолданады. Ерте жас кезенінде адам санасында – қабылдау , мектепке дейінгі кезенде – ес, мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал қалған психикалық процесстер осы кезендердің барлығында дамиды.
Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол кешеді. Бұл процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің әлеметтенуінің тарихы және сол кезде оның символдық фунцияларының әлеуметтік шындығы болып табылады.
Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның «құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға» өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, «әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады.
Л.С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.
Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л.С. Выготскийдің айтуынша, « оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді».Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы – қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л.С. Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л.С. Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды. Л.С. Выготский өз зерттеулерін « психология шыңы» ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын – «беткі» (жүріс-тұрыс теориясы) және «түбкі» (психоанализ). Ол «есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі» деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс – тұрыс психологиялық концепцияларды – психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз.
Терең философиялық анализ негізінде Л.С. Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л.С. Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызда болды: қалайша адам өзінің дамуында «өзінің жануарлық» табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л.С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .
Л.С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының облысына тарихи принципті енгізді. Мәдени даму, мәдени жүріс – тұрыс формаларын тарихи азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи материалдың тарихи формаға айналуы әрқашанда даму типінің күрделі өзгеріс процессі деп саналады. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастағы келесі жас кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді. «Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі» ол әр жас кезеніңе тән және сол жас кезеніне тән психикалық даму динамикасымен шарттасады. Соныңда өзіндік психологиялық жаңалықпен байланысады. Выготскийдің еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет пен ерекшеленеді. С.Л Рубинштейн Выготскийдің позициясын нақтылай отырып даму мен оқытудың бірлігін анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіншіліктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Л.С. Выготский сөзді іс - әрекет ретінде түсініп индивид пен әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым – қатынасты қарастырды. Ол белгі табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің құрылымы мен оның психологиялық функциясының өзгерістеріне назар аударады. Л.С. Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі жағдайын жылжытты. Жоғары психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте ынтымақтастықта басқа адамдармен қарым – қатынаста қалыптасады және бірте – бірте ішкі жоспарға айналып баланың ішкі психикалық процесстерін құрады. Бұл Л.С. Выготский бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика процесстерді білдіреді. Бұл процесстер қалыптасқанда оларға тесті тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальді даму деңгейін анықтаймыз.
Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың «личность» дамуы шығармашылықтарда үлкен табыс алады, яғни шығармашылық элементтерге толы адамдардың жұмыс істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың, еңбектердің дамуы азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның еңбекке деген көзқарасы үш фактордан құралады: әлеуметтік – экономикалық; техникалық немесе функционалдық; психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты таңдауда бағалы ориентация көрінеді. Бағалы ориентация - әлеуметтік және индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі.
Л.С. Выготский бұл зерттеуді оқыту мәселесімен оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше дамудың аймағы, дамудың таяудағы аймағын ерекше атап өтеді.Дамудың таяудағы аймағының заңы бойынша өзінің артынан тарататын яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту тиімді болып табылады.
Л.С. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастан келесі жас кезеніңе өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді.
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
-
Психологиядағы жүйелік іс-әрекет тәсілінің қалыптасуы дегеніміз не
-
Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі қандай
-
Л.С. Выготский бойынша оқыту дегеніміз не
№ 11. Сана мен тұлғаның іс-әрекеттік тұжырымдамасының дамуы
Жоспары:
-
Индивидуалды сана ақиқаттар жүйесі ретінде
-
Әдеттегі ақиқат құрылымы
-
Индивидуалды сананы экспериментік зерттеу міндеттері
-
Ойлау психологиясындағы іс-әрекет тәсілінің дамуы
-
Іс-әрекеттің жүйелік қасиеттері мен сипаттамаларының өзарабайланысы
-
Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті ретінде
Тұлға деген сөзді І. Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған. Тұлға орыс тіліндегі “индивидуальность” ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға толық негіз бар.
Азамат ұғымын пайдалана отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани-практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді. Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып, адам өзін - өзі қалыптастыру қабілетіне ие бола алады. Өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, кемелдендіреді.
Адам - бұл, ең алдымен, тірі жүйе, ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Бұл жүйеде адамның биологиялық түр ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдік - құрылымдық негіз бар, оған адамның әртүрлі органдары кіреді. Психикалық деңгей - бұл адамның орталық жүйке жүйесінің іс - әрекеті. Оның сана - сезімдік деңгейі әртүрлі күрделі ойлау процестерінің түрінде көрініс табады.
Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі мен тағдырын өзі жасайды. Әртүрлі түрдегі іс – икем әрекетке икем. Әртүрлі түрдегі іс-әрекет (еңбек ету, саясат, таным, тәрбие) адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Адам өзі де, өзімен бірге қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз өзгеріп, дамып, құбылып тұратын жаратылыс әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді, тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды, сезіне отырып, сыр-сипатына үңіледі, зерттейді, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен-ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа “өзіндік қатынасы” (Л.Толстой) көрінеді.
Іс-әрекет адамдардың негізгі тәрбиешісі, жол бастаушысы. Іс-әрекет арқылы ғана адам жанға айналды. Ол – мәңгі бітпейтін, аяқталмайтын, мүмкіндік, өйткені, ол әр уақытта ізденіс үстінде, ұдайы тынымсыз іс-әрекетте. Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заңдылықтары адамның рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.
Француз психологы Пьерон (1881-1964) егер біздің планетамыз апатқа ұшырап, соның нәтижесінде барлық ересек адамдар өліп, тек кішкентай балалар тірі қалса, онда адам тегі өзінің өмір сүруін тоқтатпағанымен, адамзаттың мәдениет тарихы өзінің бастауларына қарай кейін шегіріліп тасталған болар еді, өйткені мәдениетті қозғалысқа түсіретін, оған адамдардың жаңа ұрпақтарын жеткізетін, оларға оны ұдайы өндірудің құпияларын ашып беретін ешкім болмас еді дегенді айтты.
Сана, оның мәні мен ерекшеліктері Көне заман философиясында сана деп адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем-жан есептелінді. Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.
Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Олар сананы адамның іс-әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады. Сана дегеніміз - тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы. Сана-объективті Әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға, сонымен қатар‚ өз-өзіне деген қатынасы. Сана-болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады. Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам болуы оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана-мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананың, психиканың дамуының арасында өте тығыз байланыс бар. Ми - сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе. Сондықтан да оның қызметінің кейбір бөліктерінің, әсіресе бас ми қабатының қызметі бұзылса адамның санасында, тәртібінде психикалық функцияларында күрделі ауытқушылықтар болып тұрады. Ми қызметі - адам санасының физиологиялық негізі.
Әрекет, белсенділік - бұл заттарды қабылдау мен қоғамда жинақталған тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары. Практикалық дағдылардың жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз -адамның сыртқы дүниеге деген белсенді қатынасының нәтижесі.
Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы - сөйлеу. Тіл - “екінші сигналды жүйе” (И.П.Павлов). Тіл-адам ойлауының білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді, түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.
ХХ ғасырда ғылыми-техникалық есептегіш машиналар пайда болды, олар біраз күрделі ойлау операциясын іске асыра алады. “Жасанды интеллект” бола ма деген сұрақ туындап, машинаның ойлау мүмкіндігі, оның адамды ауыстыруының өрісі туралы мәселелер қойыла бастады. Электронды есептегіш машиналар көптеген операцияларды адамнан да тез орындай алады. Дегенмен, машина адамды еш уақытта толық алмастыра алмайды. Сезім байлығы-адамның рухани өмірінің жоғары әрі жан-жақты дамуының қажетті шарты. Сезім жұтаңдығы мен кедейлігі ұсақ, сүреңсіз, отбасы-ошақ қасындағы адамдарға тән. Адамның санасының қалыптасуында өзіндік сананың маңызын арнайы атап өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін-өзі түсінуін, дамытуын, сонымен қатар, айнала қоршаған дүниеге деген қатынасын, алдына қойған мақсаттарын, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнын бағалауды негіздейді. Өзіндік санасы арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.
Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі. Қоғамдық болмыс дегеніміз - қоғамдағы барлық материалдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар. Соның негізінде және төңірегінде қоғамның басқа қатынастары өрбіп отырады. Қоғамдық болмысқа әлеуметтік-таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық қатынастар кіреді. Қоғамдық сана-қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның функцияларында көрініс береді..
Адам өмірінде бейсаналық та үлкен роль атқарады, оның реттеуші ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді. Біз өзіміздің кейбір аса маңызды әрекеттерімізді түсінеміз, ол көптеген қосалқы әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып отырады. Бейсаналық, адамның мінез-құлқын реттей отырып, оны шығармашылық жаңа мәселелерді шешуге жетелеп отырады. Бейсаналықтың шындықты танудағы маңызын да естен шығармаған жөн. Адам өзінің өмірі бойында сыртқы әлемнен көп мөлшерде ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша, адам өзінің есіне, жадына енген нәрсенің ешқайсысын ұмытпайды. Кей жағдайда қажетті информацияны еске түсіре алмауымыздың негізгі себебі - жаңа ақпарат бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал ол күтпеген жағдайда адамның еркінен тыс көрініс беруі мүмкін. Адамның есінде ақпараттың сақталуы бейсаналық процесс болып табылады.
Адамда сананың болуы оны әлемде ақылды және шығармашылық іс-әрекетке қабілетті жан екенін сипаттайды. Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.
Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивациялық ерекшеліктері бойынша айырықшаланады. Ойын психология үшін өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі – адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер жасалады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Ұжымдық ойын баланың қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді. Ол ойын үстінде өзіне қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады.
Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айырықшаланады: оқуда еңбек сияқты тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралады. Оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы - адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру.
Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпараттарды меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың бірінші басты шарты – балада белгілі бір білімді, икемділікті және дағдыны меңгерудің саналы мотивтерін қалыптастыру.
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, қорытынды нәтижесіне бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.
Отандық психология ғылымында А.Н. Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-әрекеттік тегі” теориясының маңызы зор. Бұл теоия адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.
Психиканың даму анализі, адам санасының гензистегі қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейді: “Адам өзінің жеке адам ретінде қалыптасуының психикалық көрінісін өзінің мотивациялық сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады: мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке адамдық мағынасын анеықтайды. 2-ші топ мтоивтері де іс-әрекетті себептендіреді, оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді.
А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.
А.Н. Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |