ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет2/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жасушаныц белшу1 (митоз). Кепжасушалылар агза жасушаларыныц белшу1 жене кебекп аркылы еседь Белшу процесшде жасуша элементтер1 - eKi жасуша б1ркатар жуйел1 кезецдерден етед1. Жасушаныц бел1-нуге даярлыгы кезшде ондагы хромосомалар саны еш еселенедь Алдымен, Д£Щ ею еселенедь Ядро мен цито-плазмада болатын заттардан эр хромосома мацында со-ган уксас хромосома синтезделедь Будан кейш жасуша-да белшу nponeci басталады. Оныц терт кезещ бар. Bipmini кезецде жасушада уршьщ жшшелер1 пайда бо­лады. Олар жасуша экваторынан полюстерше карай тар-тылып жатады. BipiHini кезецн1ц соцында ядро кабыгы ыдырайды. Хромосомалар nimim спираль тэр1зденш, кыскарады. Ек1нш1 кезецде хромосомалар жасушаныц экватор жазьщтыгына орналасады. YmiHmi кезецде уршьщ кезещ жшшелер1 дысдарып, оган бекшген хро­мосомалар ажырайды да, жасушаныц эр турл1 полюсте-рше к,арай тарайды.

Хромосомалар полюстерге жеткен кезде жасушаныц соцгы, терт1нш1 кезещ басталады. Хромосомалар бел1-нуге дейш кандай болса, тап сондай турге келедЬ Соцы-нан бурынгы калган кабьщтан ядро цабыгы туз1лед1 де, жасуша пердес1 пайда болады.

Бушл митоз процес1 кэп жагдайларда б1рнеше минут-тан уш сагатца дейш созылады.

Агзалардьщ, кебею формалары

Кебеюд1ц eKi тип1 болады: жыныссыз жэне жынысты

Жыныссыз кебею. Жануарлар мен ес1мдштердщ жыныссыз кебеюшщ Herieri формаларына талдау жаса-лыщ Bip жасушаныц жануарлар мен ес1мджтер1нщ (карапайымдар, балдырлар) ядросы цак, ортасынан жа-рылып, соцынан жасуша тец eKire бол1нед1. Соныц нэти-жесшде жас агзалар пайда болады. Мундай кебеюд1 к,ара-пайым бол1ну деп атайды.

Кейб1р агзалардыц (ашытцы, гидра, т. б.) анальщ особьтарынан жас агзалар белшш шыгады. Жыныссыз кебеюдщ мундай формасын бурш1ктену деп атайды.

Теменг1 сатылы агзалар (балдырлар, мцктер, папо-ротниктер, сацырауцулацтар) мен кейб1р б1ржа-сушалы жануарларда споралану болады. Бул кезде ты-гыз кабыцты арнайы жасушалар (споралар) туз1лед1. Жаца агзалар осы жасушаларда дамып жет1лед1.

Кептеген ес1мдштер вегетативи жолмен -сабадтары, жапырацтары, т. б.мушелер1 аркылы кебейедь



Жыныстьщ кебею. Б1ржасушалы ес1мд1ктер мен жануарлар да жыныстык жолмен кебейедД. Б1рац олар-да жыныссыз жэне жыныстык кебею урпактан-урпакда алмасып отырады.

Кепжасушалы агзалар жыныстьщ жолмен кебейедз.. Жогары сатылы жануарларда жыныс жасушалары пай­да болатын ерекше мушелер болады. Булар - жыныс бездерь Жыныс жасушалары белшуд1ц ерекше тит -мейоз процес1нде калыптасады. Митоздан айырмашы-лыгы, булай белшудщ нэтижес1нде жас жасушалардагы хромосомалар саны ею. есе кемидЬ Митоз кезшде жас жасушалардагы хромосомалар жиынтыгы диплоидты (косар), ал мейозда - гаплоидты (дара) болады.



Урыктанган кезде хромосомалар жубы калпына келе-д1. Мейоз хромосомалар жиынтыгыныц турак,тылыгын сактайды. Атальщ жэне аналык особьтардагы хромосо­ма iniiHfleri заттардыц мейоз nponeci кезшде алмасуы-нан аталык пен аналык белгигершщ урпакка кешу1н1ц тукымцуалаушылыд зацдылыгы жузеге асады

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Тіршіліктің негізгі критерияларын атаныз. Жасушаның құрылысы.

  2. Жасушаның тіршілік әрекеттері. Ағзалардың зат алмасуы түрлері.

  3. Ағзалардың тітіркенуі және қозғалуы.

  4. Жасушаның тіршілік циклы. Ағзалардың көбею түрлері

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Нурышев М.Х. Клетка құрылысы. – Алматы. 1997.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


3 Тақырып: Тіршілік орталары. Топырақ.
Дәрістін жоспары:

  1. Топырақ – тіршілік орта.

  2. Топырақтын физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Топырақ биотасы.

Дәрістің қысқаша мәтіні:

Топырақ – тіршілік орта. Топырақ тіршілік ортасы ссебінде макро-, мезо- және микроорганизмдер. Топырақ профилі бойынша оргаинзмдердің таралуы және жылжыуы. Өсу формалары және тыныштыө кезеңі. Топырақгың катгы бөлігі субстар есебінде және микроорганизмдердің бекуі. Микроорганизмдердің адсорбция құбылысы. Топырақтын қатты бөлігінің ферменттер иммбилизацнясы. Топырақ көп тіршілік ортасы есебінде. Топырақ гидробионттары үшін топырак ерітінділері тіршілік ортасы. Топырақгың негізгі типтеерінде топырақ ерітінділерітінін химиялык құрамы және концентрациясы. Су активтілігінің топырақ құрамындағы микроорганизмдер тіршілігіне маңызы. Осмостық қысымның микроорганизм тіршілігіне әсері. Мисроорганизмдердің дамуына РН - тын әсері. Топырақ ауасы, құрамы көлемі. Микроорганизмдердің аэробтарға және анаэробтарға бөлінуі. Организмдерден бөлінетін газдар, оларды топырақтың сініруі, топырак атмосфера арасындагы айналысы. Топырақтың тыныс алуы. Топырақтан газдың бөлінуінде бактернальды кедергілер. Топырақ ылгалдылыгынып және температурасының микроорганизмдердің активтілігне әсері. Ылғалдылыққа байланысты микроорганизмдерді экологиялық топтаргы бөлу. Топырақгағы микробтар популяциясының заңдылығы.

Топырақтың физикалық қасиеттері — су, ауа өткізгіштігі, су ұстағыштығы, топырақ түзуші қабатының түйіршік (механикалық) құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақ тау жыныстарының әр түрлі жолдармен үгілуі және микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзілетін тау жыныстарын аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура т. б. жағдайлардың әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы минералдын, осындай өзгеріске түсуін үгілу деп атайды. Үгілудін, үш түрі бар. Олар физикалық, химиялық және-бкологиялық үгілулер.

Физикалық үгілу жылудын, судың, ауаның әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терең қабаттарымен салыстырғанда жыныстардың. жоғарғы қабаттарының неғүрлым шапшаң сууынан жарылу әрекеті жүре бастайды. Тау жыныстары механикалық жолмен бұзылады, бірақ олардың химиялық және минералдық құрамы өзгермейді. Физикалық жолмен үгілудің ең басты себебі — жоғары температура. Температура әсерінен тау жыныстары, әр түрлі минералдар бірде ұлғайып, бірде кішірейеді де, бастапқы формасын жоғалтып үгіле бастайды. Тау жыныстарының жарықтарына жауын-шашын кезінде жиналған ылғал жарықты ұлғайтады. Сөйтіп ол жыныстар бұзылып, үгіле береді.

Химиялық жолмен үгілгенде тау жыныстарындағы минералдардың құрамы өзгеріп, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процесстің негізгі себебі — құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық су. Химиялық үгілу процесі тау жыныстарының суда еруінен және одан әрі тотығуынан басталады да, сапасы жағынан жаңа минерал қосылыстары пайда болуымен аяқталады. Сөйтіп, ұсақ бөлшектерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа түсіп, жаңа жыныс құрайды.

Биологиялық үгілу тау жыныстарындағы минералдардың механикалық және химиялық жолдарымен бұзылуынан болады. Бірақ мұндай бұзылу, оларда тіршілік ететін организмдердің әрекетіне байланысты. Сөйтіп, топырақ түзілу процесі кезінде биологиялық жолмен үгілу ең негізгі құбылыстардың бірі болып саналады. Биологиялық жолмен түзілгенде тірі организмдер тау жыныстарынан өзіне қажетті минерал заттарды алып, органикалық қосылысқа айналдырады. Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ол тіршіліктер микроорганизмдердің тау жыныстарының минералды қосылыстары олардың қорегі болғандықтан. Ал микроорганизмдер бөліп шығаратын органикалық қышқылдары тау жыныстарының химиялық құрамын біртіндеп өзгерткенінен қына, мүк өсімдіктерінін. өсуіне жағдай жасалады. Мүк пен қыналардың қураған қалдығын микроорганизмдер ыдыратады, органикалық заттар мен қоректік элементтер жиналып сақталады. Топырақтың пайда болуынан оның қасиеті өзгереді. Мұндай ортада жоғары сатыдағы өсімдіктер пайда болады.

Өсімдіктер мен тірі организмдердің әсерінен топырақтың құнарлы қабаты өседі. Топырақтьщ жоғарғы қабаттарында жиналған құнарлы қыртысында өсімдіктерге қажетті азот, фосфор, калий және басқа да қоректік элементтер болады. Әрине, бүл топырақ түзілудің биологиялық үгілуінен екенін дәлелдейді.



Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Топырақ – тіршілік орта.

  2. Топырақтын физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Топырақ биотасы

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


4 Тақырып: Су – тіршілік орта.

Дәрістін жоспары:

  1. Су – тіршілік орта.

  2. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Гидросферада тіршілік ететін ағзалар.

Дәрістің қысқаша мәтіні

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Су – тіршілік орта.

  2. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Гидросферада тіршілік ететін ағзалар.

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.


5 Тақырып: Құрылық -ауа тіршілік орта.

Дәрістін жоспары:

  1. Құрылық ауа тіршілік орта.

  2. Құрылық ауа тіршілік ортаның қасиеттері.

  3. Ағзалардың бейімделушіліктері.


Дәрістің қысқаша мәтіні:

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Құрылық ауа тіршілік ортасына жалпы сипаттама.

  2. Құрылық ауа тіршілік ортаның қасиеттерінің негізгі сипаттамасы.

  3. Ағзалардың бейімделушіліктеріне жалпы сипаттама.


Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.


6 Тақырып: Организм – тіршілік ортасы.
Дәрістін жоспары:

  1. Организм – тіршілік ортасы.

  2. Ағзалардың бейімделушіліктері.

Дәрістің қысқаша мәтіні

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Организм – тіршілік ортасы ретінде жалпы сипаттама.

  2. Ағзалардың бейімделушіліктері.ің мысалдары.


Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.



7 Тақырып: Экология туралы ілім.

Дәрістін жоспары:

  1. Экология ғылым ретінде.

  2. Экологиялық факторлар және олардың организмге әсері.

  3. Популяцияның негізгі қасиеттері. Экологиялық жүйелері.

Дәрістің қысқаша мәтіні

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Экология ғылым ретінде.

  2. Экологиялық факторлар және олардың организмге әсеріне жалпы сипаттама.

  3. Популяцияның негізгі қасиеттері. Экологиялық жүйелеріне жалпы сипаттама.

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


8 Тақырып: Өсімдіктерге жалпы сипаттама. Өсімдік организімінің құрылысы.

Дәрістін жоспары:

  1. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

  2. Өсімдік организімінің құрылысы.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Биомасса негізінен өсімдіктерден құралады. Қарлы, мұзды Арктика мен Антарктиданы және жартасты тау шыңдары мен құмды аймақтың азғана жақтарып қоспағанда, жасыл жамылғылы шалғын, орман, дала, батпақ, егістік жер және бақ біздің планетадағы құрлық атаулыны алып жатыр.

Қазақстан жерінің көлемі жағынан ТМД-да Ресейден кейінгі ең үлкен республика. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде орманды, таулы, далалы, шөлейтті, шөлді және тағы басқа да табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД көлемінде бірінші орында тұр. Біздің планетамызда жасыл өсімдіктер өсетін жерлер полюс шеңберінің ар жағынан, шөл даланын құмдарына дейін кездеседі.

Әр тірі организм өмір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі — күн. Әрине, тірі организмнін кез келгені күн энергиясын тікелей пайдалана алмайды. Мысалы, жасыл өсімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті.

Қажетті органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын тиісті мөлшерде пайдаланып, ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.

Шаруашылықта пайдаланылатын тас көмір, мұнай және шым-тезектер энергетикалық шикізаттардың негізгі қоры, бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған органикалық заттар екені мәлім.

Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта таралған өсімдіктерді Арктика шөлі, тундра, қоңыржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты, орманды-дала, дала шөлейт, шөл өсімдіктері алқабы деп бөледі. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белдеуге байланысты таралған. Арктика шөлінде өсімдіктер жоққа жақын, тундрада да өсімдік түрі аз. Орманды тундрадан бастап ағаш өсімдіктері көбірек орын алады. Тайгада қылқан жапырақты, орманды далада шоқ-шоқ жалпақ жапырақты ағаштар, шалғындық өсімдіктер көбірек болады. Дала алқабында астық түқымдас шөптесін өсімдіктер көбірек өседі, шөлейт жерлерде дала өсімдіктері де, шөл өсімдіктері де кездеседі, шөл, шөлейт алқапта сортаң өсімдіктері өседі.

Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор: олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктен азық-түлік (астық, қант, өсімдік майы т. б.) алынады, мал азығы, әр түрлі витаминдер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіріледі. Өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түрлері де бар.

Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруді жоспарлауға, агротехникалық тиімді шаралар белгілеуге, тиісті жұмыстарды механикаландыруға қолайлы болу үшін екпе дақылдарды қандай мақсатқа егілетініне, күту әдісіне және биологиялық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа беледі.

I топқа дәні алынатын ең маңызды астық дақылдары жатады. Күздік дақылдар — бидай, қарабидай, арпа; ерте егілетін жаздық дақылдар — бидай, қарабидай, арпа, сүлы, кеш егілетін жаздық дақылдар — жүгері, күріш, қонақ жүгері, тары, қарақүмық.

II топқа қоғамдық малға жемдік маңызы бар түйнекжемісті, тамыржемісті дақылдар жатады: асбұршақ, жасымық, бұршақ, ноғатық, лобия, нұт, соя, картоп, қант қызылшасы, мал азықтық қызылша, тарна, мал азықтық шалқан, сәбіз, цикорий.

III топқа майлы дақылдар жатады: күнбағыс, жер жаңғағы, рапс, қыша, мақсары, кориандр, анис, зире, фенкель, лаванда, жалбыз.

IV топқа талшықты өсімдіктер жатады: мақта, зығыр. сора, канатник, кенеп, бұйдакендір.

V топқа алкалоидтылар: темекі, махорка жатады.

VI топқа жемшөп өсімдіктері (бір жылдықтар) жатады. Астық тұқымдасы — судан шөбі, итқонақ, қонақ, бір жылдық екпе бидайық.

Бұршақ тұқымдасы — сиыржоңышқа, сераделла, бөрібұршақ.

Көпжылдықтар (астық түқымдасы)— атқонақ, субетеге, бидайық, еркекшөп, қылтықсыз арпабас т. б. Бұршақ түқымдасы — беде, эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа т. б.

VII топқа бақша дақылдары — тағамдық, мал азықтық қажеттілікке өсіріледі (қарбыз, асқабақ, кәді, қауын).

Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсіп-даму кезеңдерінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін білуді талап етеді.

Егінжай топырағын өңдеп, тыңайтқыштармен тыңайтып, өсімдіктер тұқымдарын іріктеп диқандар өсімдіктердің талай жабайы түрлерін қажетті бағытқа өзгертіп мәдени өсімдіктерге айналдырды.

Егілетін өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығына қарай бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық больш бөлінеді.

Бір жылдыққа тары, бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы, қарақүмық, күріш, күнбағыс, мақта өсімдігі, зығыр жатады, бұлар бір жыл тіршілік етіп, жеміс береді. Екі жылдық өсімдіктерге тамыржемістері, капуста және басқалар, бірінші жылы тамыр мен жапырақ, ал екінші жылы гүлдейтін өркендер мен тұқым береді.

Көпжылдық өсімдіктердің тіршілігі бірнеше жылға кетеді, бірақ олардың жер бетіндегі мүшелері бір жыл ғана жасайды, одан кейін қурап қалады. Оларға жоңышқа, бидайық, арпабас, қымыздық және басқалары жатады.



2.Өсімдік организімінің құрылысы

а)Өсімдіктің вегетативтік органдары.

Тамыр

Тамыр негізінен үш қызмет атқарады: топырақтағы өсімдікті нығайтады оны су мен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді, тамырда өсімдік организміне кажетті заттар, мысалы, кейбір белок түзетін амин қышқылдары түзіледі.Тамыр үстін тамыр түктері қаптап жатады. Олар су мен қоректік заттарды сіңіреді.

Тамыр ұрықта қалыптасады. Тұқым көктеген кезде ұрық тамыры ұзарып, негізгі тамыр пайда болады, ал одан жанама тамырлар тарайды. Сабақтар мен жапырақтардан қосалқы тамырлар пайда болады.

Тамыр жүйесінің екі түрі болады: кіндік тамыр және шашақ тамыр .

К і н д і к т а м ы р — сабақтың топырақ ішіне кететін жалғасы. Жіп. тәрізді (беде, кестежусан, зығыр), ұршық тәрізді (сәбіз, қант қызылшасы, ақжелек) шалқан тамырлы (асхана қызылшасы, шомыр, шалғам), бұтақ тамырлы (ағаштар, бұталар) түрлері болады.

Ш а ш а қ т а м ы р л а р сабақтың түбінен таралады. Астық түқьмдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, т. б.) шашақ тамырлы болып келеді.

Өсімдікте түзілетін қоректік заттардың тамырда жиналуынан (сәбіз, шалқан, қызылша, т. б.) тамыр жеміс қалыптасады.

Қоректік заттар қосалқы тамырларда да жинала алады. Мұндай түйін жуандауды тамыр түйіндері (георгин) деп атайды. Мұндай түйіндер ұшынан қосалқы бүршіктер пайда болады да , олардан өркен дамиды .



Жапырақ

Жапырақта тақта, сағақ және кейде тілше болады. Сағағы болатын жапырақтарды сағақты жапырақтар деп атайды. Кейбір өсімдіктерде сағақ болмайды да, жапырақ сабаққа жапырақ тақтасының негізімен (астық тұқымдас өсімдіктер) орналасады. Мұндай жапырақтарды отырмалы жапырақтар дейді.

Жапырақтар сабаққа үш түрлі болып орналасады: кезектесіп , қарама-қарсы, шоқты . Әр түрлі өсімдіктерде жапырақ тақтасы да алуан түрлі болады .Олардың пішіні дөңгелек , сопақ , ұзынша , таспа тәрізді , қандауыр т.б. тәрізді болып келеді .

Жапырақтың жиектері де түрлі-түрлі: үшкір тісті , ара тісті , жұмыр тісті , ойыс жиекті болады.

Жапырақ жұмсағынан сосудтар шоғы –жүйкелер өтеді. Олар параллель жүйкелену (бидай, қара бидай.б.) және торланып жүйкелену (сирень, астра т.б.деп ажыратылады .

Қоңыржай климат жағдайында көптеген өсімдіктердін, жапырағы бір вегетациялық кезеңде ғана дамиды . Тек қана қылқан жапырақты өсімдіктердің жапырақтары (қылқаны) 2 жыл (қарағай) және 8-ден 12 жылға дейін (шырша) тіршілігін сақтайды.

Күзде және жыл маусымдарының жаңбырсыз ыстық кездерінде көптеген өсімдіктердін, жапырақтары түседі. Бұл жапырақ түсу құбылысы деп аталады. Жапырақ түсу — бұл өсімдіктердің суды аз буландыруға бейімделушілігі. Өсімдіктерде күзгі жапырақ түсу процесіне әзірлік алдын-ала жүреді. Жапырақтардағы хлорофилдер ыдырайды. Олар сары, қызғылт сары түске енеді, бұл каротин және ксантофилл пигменттерінің реңі . Олар хлорофилдерге қарағанда әлдеқайда тұрақты болады .

Жапырақтың негізгі қызметі — фотосинтез — органикалық зат түзу. Фотосинтездін , жалпы формуласы :

6СО2+6Н 2О+энергия-→С 6Н 12 Об+6О2 —674 ккал.

Фотосинтез кезінде сіңірілген энергия органикалық зат молекулаларында қорға жиналады.

Көмір, қышқыл газы қалпына келгенде, оттегі бөлінеді. Бұл процестің барлығы жарықта өтеді.

Фотосинтез процесі хлоропластарда жүреді. Бірақ онда өсімдік клеткаларынын, барлық тіршілік ететін мүшелері түгел қатысады .



Сабақ

Сабақтын , негізгі қызметі : өсімдік кронын ұстап тұру, заттарды тамырдан жапырақтарға, одан кері қарай өткізу.

Сабақ ішінде өткізгіш система дамыған . Қоректік заттар тек кейбір өсімдіктерде ғана сабақтарына жинақталады.

Сабақ пішіні цилиндр тәрізді (сарғалдақ. және басқалары), төрт қырлы (қалақай және басқа ерінгүлділер), үш қырлы (қияқ), жалпақ сабақты (дала өсімдіктері) болып келеді .

Өсімдіктер сабақтарын тік сабақтылар (көптеген шалғындық, бақ және ормандық өсімдіктер), жатаған сабақтар-(мүк, жидек, қызыл-таспа), төселмелі сабақтар (жер жидек, шалғындық шай т. б.), өрмелегіш сабақтар (барқыт жүзім) деп ажыратады .

Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабақтарының ішкі құрылысы әр түрлі .

Қос жарнақты өсімдіктер сабақтарының сырты клеткалардан құралған жұқа қабат — эпидермиспен қапталған; оның астында алғашцы қабық, оның астында орталық цилиндр, ол сосуд-талшық шоғынан тұрады, орталығында өзек орналасқан .

Дара жарнақты өсімдіктер сабағы (негізінен шөптесін өсімдіктер) қабыққа, өткізгіш ткань мен өзекке жіктелмеген . Сосуд шоқтары сабақтың бүкіл бойына таралып жатады . Астық тұқымдас өсімдіктердің бірсыпырасының сабағынын, ортасы қуыс және сосудты шоқтар сабақ шетін ала орналасқан.

Қос жарнақты көп жылдык, өсімдіктер сабағында (ағаштар, бұталар) бірінші жылдьң ақырына қарай камбий қабаты түзіледі . Камбий клеткалары бөлінген кезде ішке және сыртқа қарай жинақталады . Ішкі клеткалардан сүрек, ал сыртқыларынан қабық пайда болады .

Камбий клеткалары қыста бөлінбейді . Камбий әрекеті көктемде ғана күшіне енеді . Клеткалардың бөлінуі күшейеді . Сүректің көктемгі камбий клеткалары күзгі сүрек камбий клеткаларынан көлемнің едеуір ірілігімен ерекшеленеді .

Сүректің көктемгі және күзгі қабаттарынан жылдық сақина қалыптасады. Жылдық сақина арқылы ағаштың жасын есептеп табуға болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет