ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Тірі организмдердің зат алмасудағы маңызы



бет12/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тірі организмдердің зат алмасудағы маңызы. Жер шарындағы өсімдіктер организмдер тіршілігі үшін қажетті оттегінің негізгі фабрикасы болып табылады. Табиғатта болып жататын химиялық процестерде бір клеткалы қарапайым өсімдіктер мен жануарлар едәуір роль атқарады.

Жасыл өсімдіктер жылдам көбейетін болғандықтан, олардың массасы жануарлар организмдері массасынан мың есе көп.

Тірі организмдердің зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Саваннаның, даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері — екінші орында. Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер — үшінші орында.

Микроорганизмдерге қарағанда ірі жануарлардыц атқаратын ролі төменірек. Мұхитта өсімдік массаларынан жануарлар массасы көп. Фитоплапктон — еркін жүзіп жүретін өсімдіктер организмдерінің жиынтығы — бүкіл Дүние жүзілік мұхит бетінің 4/5 –ін альш жатады. Теңіз флорасы негізінен балдырлардан тұрады.



Жердегі тіршіліктің жағдайлары мен тығыздығы. Өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайлар ауа, жарық, жылу және, әрине су. Сусыз бірде-бір өсімдік тіршілік ете алмайды. Бірақ шамадан тыс мөлшердегі су және температураның төмен болуы өсімдіктердің өсуіне кесірін тигізеді, өйткені өсімдік оларды сіңіре алмайды. Бұлардан басқа өсімдіктер үшін суда хлорлы тұздар, күкірт, т. б. болуы да зиянды.

Тірі организмдер Жерде жаппай дерлік таралған. Қатал Антарктида да және тіршілік болуы мүмкін емес-ау деген Сахарада да оттегі және ауа бар, демек, тіршілік те бар дсеен сөз. Тірі орі организмдердің тіршілік әрекеті олардың көбею қабілеттігіне байланысты. Олардың көбею жылдамдығы әр түрлі. Қорек, ауа және кеңістік жеткілікті болса, инфузориялар Жер массасына тең массадағы 24 планета салмағындай массаға жетер еді. Тірі организмдер өте көнбіс. Мәселен, кейбір саңырауқұлактардың, спорасы +180° және —250° температурада тіршілігін жоймайды.

Жердегі тіршілік тығыздығы төтенше зор. Мұхит суының 1 литрінде 5000 мыңға дейін майда организмдер, болады. Теңіз тұнбасының 1 куб. метрінде 160 млн. тірі организмдер, 1 г қара топырақта 5 млрд. бактерия бар.

Біздің планетадагы тіршілік көп ярусты — атмосферада, жерде, судың бетінде, және ішінде тіршілік етеді.



Биосферадағы географиялық заңдылық. Биосферада зоналық тығыздық болады, онда органикалық тіршіліктін аз, яки көп қатысатын зоналары бар. Шөл зонадағы сияқты мұзды зоналарда да органикалық тіршілік тығыздығы онша жоғары емес. Тіршілік тығыздығы экваторлық зонада өте жоғары, бірақ қоңыржай белдеудің ормандарындағы тіршілік тығыздығы одан едәуір төмен, дала зонасындағы тіршілік тығыздығы одан да төмен. Тіршілік мәні — тірі табиғат пен өлі табиғат заттарының өз ара алмасуы. Зат алмасу қаркыны экваторда күшті болады да, полюстерге қарай кеми береді.

Атмосфера күйі тірі организмдердінң іс-әрекетіне, оттегінің ауада бос күйінде болуына, оның көмір қышқыл газы мен азотқа қатысына банланысты.

Жер қыртысының түзілуі мен ондагы тіршілік организмдердің іс-әрекеттеріне байланысты болады.

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эуард Леруа және палеонтолог Пьер Тайэр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тайэр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдьң рөлін бағалай келе ВМ. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

1) ғылыми шығармашылықтың дамуы адамі өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2) биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;

3) биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс; стихиялы түрде, табиги процөсс ретінде жүреді;

4)тіршілік ортасы — биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы — адамзаттың ғылыми жұмысының биосфераның жаңа фазага, жаңа күйге — сфераға өтуі табиғи процесс.

В.И. Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлың экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңга біріктіген

Бірінші заң — барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларга әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ парепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған.. Содан соң осы жорғалаушьшармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артьш кеткен. Кесіріткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаган. Олай болса масалар да қальштасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.



Экологияның екінші заңы — материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық

Болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады.

Жануарлардьң қалдықтары — оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық.. Ал, олардың қалдықтары –бейорганикалық заттао (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.)-өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заң — табигат өзі жақсы білвді. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдыратаын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді, Бұған улы химикаттар — пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғаттва ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері — Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал соның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.

Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің дейгейінің төмендеуне әкелді.

Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамнаң еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары?

2.Биосферадағы заттар алмасуының маңызы?

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы ретіндегі ерекшелігі?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


28 Тақырып: Қазақстанның табиғат зоналары

Дәрістін жоспары:

  1. Орманды дала зонасы.

  2. Дала зонасы.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1..Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары

Географиялық қабықтың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, құрылықтар мен мұхиттардың кеңістікте таралуын, климат пен атмосфераның, мұхит пен теңіз суларының тұздылығын, орогнедік және вулкандық процестердің қарқындылығын анықтау үшін, көпшілік жағдайда, жыныс қабаттарының орналасуына, өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтарын зерттеуге көңіл бөледі.

Жер өзіне бірнеше концентрациялық қабықтарды кіргізеді. Атмосфераныңың, литосфера мен гидросфераның тоғысуын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы географиялық қабық тузілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды.Жер дамуының қазіргі кезеңінде тірішілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Географиялық қабықтың шекарасын нақты айту қиын. Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барльщ процестер Күн энериясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатыр. Географиялық қабықтың барлық компонеріттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан. Оның құрамына кіретін Жер қабықтары бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, төрттік мұз басу. Климаттың суьш кетуі Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік бөлігін қамтыған ежелгі мұз басуға әкелді. Соның әсерінен материктің жер бедері және топырақ пен өсімдік, жануар дүниесін өзгертті. Географиялық қабық дамуының зандылықтарына оның тұтастыгы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. Географиялық қабықтың тұтастыгына су айналым жүйесі мысал бола алады. Баренц теңізінде мұз көбейген жылы Африканың ірі көлдерінің су деңгейі төмендейді және керісінше мұзы аз жылдарда көлдер суы деңгейінің жоғары болатын жылдарына сәйкес келеді. Мұньң бәрі ауа массалары қозғалысының күшеюіне не азаюына байланысты. Егер ауа массаларының ауысу мөлшері мен жылдамдығы, әсіресе меридиан бағытында арта түсетін болса, онда арктикалық теңіздердің мұздылыгы азая түседі. Экваторлық зонада керісінше бұл жауатын жауын-шашынның мөлшерін көбейтеді, мұның өзі көлдердің деңгейіне әсер етеді. Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануын ырғақтылық деп атайды. Жердің өз осінен айналуы тәулік ырғақтылығын туғызады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температураның, ылгалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлар әректінің өзіне тән тәуліктік барысы жасалады. Жердің Күнді айналуы табиғи процестердің (маусымдық) ырғағын туғызады. Зоналық –географиялық қабықтың ең басты заңдылықтарының табиғаттың барлық компоненттері мен табиғат кешендерінің экватордан полюске қарсы өзгеруі- аса маңызды географиялық заңдылық. Зоналалақтың негізі мәні күн жылуы мен жарық сандарының біркелкі еместігінде, өйткені ол әр үлескіге әр түрлі таралады. Зоналылыққа көптеген табиғат компоненттері бағынады: климат, жер беті сулары, жер бедерінің кіші формалары, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі. Жердің ішкі күші зоналылық заңдылыққа бағынбайды.
Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары туралы не білесіңдер?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


29 Тақырып: Қазақстанның табиғат зоналары

Дәрістін жоспары:

  1. Шөлейт зонасы.

  2. Шөл зонасы.

  3. Таулы аймақтар.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

  1. ҚР-ның табиғи аймақтар

Табиғат зонасы - температура жағдайлары мен ылғалдануы, топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

Құрлықтағы зоналардың пайда болуы климатқа жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты. Зоналардың өсімдіктер жамылғысы табиғаттың барлық компоненттерінің ішінде олардың аса маңызды ерекшеліктерін, компоненттер арасындагы өзара байланысты неғұрлым айқын білдіреді. Егер жекелеген компоненттерде өзгеріс туатын болса, онда бұл сырттай жер жамылғысына әсер етеді. Күннен келетін жылу мөлшерінің азаюына және ылғалдықтың әркелкі түсуіне байланысты экватордан полюстерге қарай заңды түрде бірін-бірі ауыстырады. Табиғат зоналарының бұлайша ауысуына ендік зоналылық деп атайды. Күн жылуына тәуелді себептерді де зоналылық деп атайды. Мысалы, экваторлық ауданда ылгалды орман болса, полюсте - арктикалық шөл. Олардың арасында ормандардың басқа түрлері (саванна, шөл, шөлейт, тундра, зоналары) таралған. Табиғат зоналары жазыктарда ғана емес, сонымен бірге тауларда олардың етегінен шындарыңа қарай ауысып отырады. Климат ендік бойынша ғана емес, биіктік бойынша да өзгереді. Бірін-бірі ауыстыратын зоналар. тауды әр түрлі биіктікте айнала қоршап жатқандай болады, сондықтан оларды биіктік белдеулер деп атайды. Биіктеген сайын темпера-тура (1000 метрге - 6°) мен қысым (10,5 метрге - 1 мм) төмендейді. Таудың бірінші (төменгі) биіктік белдеуі қашанда таудың өзі орналасқан табиғат зонасына сәйкес кследі. Мысалы, экватор маңында Анд тауы ылғалды экваторлык ормандар белдеуінен басталады. Табигат зоналарының орналасуына зоналылық факторлар (Күн энер-гиясы) мен, негізінен алғанда, Жердің ішкі үрдістеріне байланысты жергілікті зоналылық емес факторлар (құрлық пен мүхиттың бөлінуі, жер бедері) бір мезгілде әсер ете ді.

Кез келген жерде табиғи компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірімен әрекеттесе, шарттастық жүйесінде дамиды. Жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы , өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жиынтығының дамуы сол жердің табиғат жағдайының ерекшелігіне байланысты Табиғат кешенінде жүріп жатқан табиғи процестер сол жердің қалыптасу ерекшелігі мен кұрылымын анықтайды.Мысалы, климаттың ерекшелігі және сыртқы күштердің әрекеті, желдің әрекетінен тау жыныстардың үгітілуі, топырақ эрозиясы немесе борпылдақ бос жыныстардың қалыптасуы және т.б .

Табиғаттың бір компонентінің өзгеруі баска компонеттердің өзгерістеріне себепші болып, ақыр соңында тұтас табиғат кешенінің өзгеруіне алып келеді. Қазіргі жүріп жатқан табиғаттағы келеңсіз көріністер осыны дәлелдейді . Сондықтан белгілі бір жерді шаруашылықтық мақсатта игеру үшін де сол жердің табиғат комионенттерінің өзара байланыстылық заңын білу кажет.

Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі , бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстан аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа меи Азия) біріктіріп жатыр . Осыған сәйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивті құмдарымен , жазира даласымен , қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен , ежелгі географиялық тарихымен , мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді мынадай ірі тоғыз табиғат аймақтарына бөлугеболады :

1.Шығыс Еуропа жазығы;

2. Тұран жазығы;

3. Солтүстік Қазақ жазығы;

4. Сарыарқа;5.Орал;

6. Алтай ;

7. Сауыр-Тарбағатай ;

8. Жоңғар Алатауы ;

9. Тянь-Шань .

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:


  1. ҚР-ның табиғи аймақтар?

Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


30 Тақырып: Табиғатты қорғау

Дәрістін жоспары:

1.ҚР ҚЫзыл кітабы.

2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.ҚР Қызыл кітабы.

1963 жылы Қызыл кітаптың 1 -басылымы, 1966 жылы 2-басылымы жарық көрді. Қазақстанның жануарларына арналған алғашқы Қызыл кітабы 1978 жылы жарық көрді. Ол толықтырылып 1991 жылы 2-рет шығарылды. Осы кітаптың 3-ші басылымы 1996 жылы қайта өңделіп, әрі толықтырылып шығарылды.

Оған дүниежүзілік Қызыл кітаптағыдай:

- ақ беттеріне сандары азайып келе жатқан, бірақ құрып кету қаупі жок, сирек түрлер енгізілді.

- сары беттерінде саны күрт азайып отырған түрлер жазылған.

- жасыл беттерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау нәтижесіңде сандары қалпына келтірілгендер орналастырылған.

Қызыл кітаптың 3-басылымына балықтың-16, қосмекенділердің-3, жорғалаушылардың-10, қүстардың-56, сүтқоректілердің-40 түрі тіркелген.

Кітапта қорғау шаралары, Қазақстанның картасы, қазіргі таралған аймағы көрсетілген.

Қазақстанда өсімдіктің 5,6 мыңнан аса түрі бар. Оның 760-тан астам түрі өсімдіктер, 1500 түрі азықтық техникалық өсімдіктер, 385-тен астамы "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Жануарларға жойылу қаупін тудыратын себептер де сан алуан:

а) ірі жануарлар, киттер, пілдер, жолбарыстар терісі, еті үшін ауланады;

ә) коллекционерлерге, әуесқойларға зоопарктерге кейбір жануарларды: көбелектерді, құстарды, маймылдарды және кейбір өсімдіктерді: кактустерді сату табиғатқа үлкен зиян экеледі;

б) кейбір жануарлар табиғатта бәсекелесе алмайды, мысалы алып тасбақа жабайы қояндармен бэсекелесе алмайды, себебі екеуінің де қоректері бірдей;

в) алып панда - өте сирек жануар. Олар тіршілік ететін ормандар ауылшаруашылық далаларын тазалағанда көпшілігі өліп қалды. Қалған азын-аулағының өліп қалуына кейбір аурулар себеп болды;

г) адамның орманды, шөл далаларын игеріп, жаңа шаруашылықтарды салуы, жаңа қалалар, жолдар, шахталар т.б. тұрғызуы, қоршағап ортаны ластауы табиғатқа үлкен қауіп төндіретін әрекет.

Қазіргі кезде дүниежүзінде жуық шамамен 60 мың түрлі өсімдіктер түрлері құрып кету қаупінде түр. Әр өсімдік әртүрлі жануарларға баспана және қорек бола алады. Егер өсімдік жойылып кетсе, ол қауіп өсімдікті мекендейтін жануарларға да төнеді.

Алтын түсті бөшке тәрізді кактус және өрмелегіш орхидеяны сату үшін адамдардың жинап алуы құрып кету қаупін туғызды. Африкалық фиалка да табиғатта аталған себептен сирек.

Ормандарды кесу, даладағы өрт, адамдардың қоршаған ортаны ластауы шамадан тыс кәсіптік мақсатта тұтыну өсімдіктерге де қауіп төндіреді.

Табиғатты қорғау жолдары:

а) Қорықтарда адамның шаруашылық әрекетіне тыйым салынған. Қазақстанда 9 ірі қорық бар: Алматы, Алакол, Аксу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстүрт, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжың, Наурызым.

э) Заказниктерде табиғаттың белгілі бір бөлігі, мысалы сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар қорғалады. Онда адамның шаруашылық әрекетіне толық тыйым салынбайды, тек шектеледі.

б)Ұлттық парктер - қорықтарға ұқсас, олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар: егер қорықтар туристерге жабық болса, ұлттық парктер

керісінше оларды қызықтырады, өзіне тартады. Онда туристерге арналған топ серуендік жолдар, қызықтайтын алаңдар, қонақ үйлер, автомобилъдер қоятын жерлер ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық парктерде табиғаттың адам жіберілмейтін, тимейтін бұрыштары болады.

в) Табиғат ескерткіштері - орманның өте бағалы бөлімі, жекелеген көне ағаштар, сарқырамалар, табиғатты көркем жартастар, тағы басқалар.

г) Көптеген сирек кездесетін жануарларды қорғауда ботаникалық бақтардың, ал сирек кездесетін жануарларды қорғауда зоопарктердің маңызы зор.

Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енетін кейбір жануарлар: медициналық сүлік, алып панда, қара мүйізтұмсық, қыран, үнді жолбарысы.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар: қоқиқаз, дала күзені көккүс, аққүтан, аққу, үстірт арқары, гепард, дуадақ, жапалақ, қарақыл, мэлік, ақбас тырна, шағала, ұлар, махаон көбелегі т.б.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктері кәдімгі шолпанкебіс, людвиг құйрықшасы, гүлді шолпанкебіс, Павлов итмұрыны тамырлы жуа, жау шымылдық телпексүйсін, алтай рауағашы, түпті жуа, тобылғы, ақбас селеу, меруертгүл.



2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.

Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді экологияландыру мәселесіне ұстаздар мен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді. Бастауыш сыныптарда оқылатын дүниетану, жоғары сыныптардағы география, биология, химия жәнс т.б. пәндерде табиғат қорғауға қатысы бар арнайы тараулар енгізілген. Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.

Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін жэне ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.

Елімізде "Ерекше қорғалатын аймақтар туралы" Заң 1997 жылы 6-тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық түрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.

4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.

5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.

7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).

9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.

10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.

ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.

12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары

13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.

14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.

15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.

Республикамызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 14 млн. 663 мың гектар, бұл еліміздің жалпы жер келемінің 5,3% тең.

2004 жылдың 1-каңтарына дейін республикамызда 9 мемлекеттік қорық, 7 ұлттық табиғи саябақ, 2 мемлекеттік табиғи резерват. 57 мемлекеттік қорықша, 4 республикалық мәні бар қорық белдемі, 26 республикалық мәні бар табиғат ескерткіштері, 1 жергілікті мәні бар ұлттық табиғи саябақ жэне 66 жергілікті мэні бар ерекше қорғалатын аумақ ұйымдастырылған.

Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы -мемлекеттік қорықтар.

Қорықтар - ғылыми мекемелер қатарына жататындықтан олар ең басты мәселе ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Қорықтарда арнайы жоғары білімі бар мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Қорыққа бөлінген аумақтарда ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, тек қана үгіт-насихат, биотехникалық жұмыстар (жабайы жануарларды қолдан үстеме қоректендіру, т.б.) жүргізіледі.

Қорықтарды ұйымдастыру кезінде еліміздің эрбір табиғи белдемдерінің табиғат ерекшелігін және сол аймаққа тән табиғат байлықтарын сақтап қалуға және қалпына келтіруге ерекше мән беріледі.

Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемдеріндегі табиғат байлықгарьш қорғауға арналған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі маңызды тобына мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қазіргі кезде республикамызда 7 үлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау шаралары үгіт-насихат, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді дамыту жұмыстарымен бірге жүргізіледі.

"Елміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тағы бір маңызды тобына — табиғат ескерткіштері жатады. Олардың ішінде әлемге әйгілі Ертіс өзенінің аңғарындағы "Қазқонақ " (гусиный перелет) ескерткіші бар. Бұл өңірде бұдан 7 млн. жыл бұрын тіршілік еткен ірі жануарлардың каңқа қалдықтары сақталған. Бұл табиғи ескерткіштің әрі тарихи, әрі ғылыми маңызы орасан зор.

Қызыл кітап (КесШаіаВоок), халықаралық табиғат қорғау о д ағынъщ (ХТҚО) "Қызыл кітабы" — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапта сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықтар. дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет қүстарды қорғаудың халықтар. конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықтар. табиғат корғау одағы үйымдастырылды ХТҚО-ның қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2-том болып шықты. Оныі 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-71 жылы. қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер кайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978-80 жылы 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында қүстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бүрынғы томдар негізінде "Қызыл кітап" қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, қүстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушьшардың 37 түрі дүниежүзі зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. ХТҚО-ның қызыл кітабын шығаруға қүстарды қорғау жөніндегі халықар. кеңес, су қүстарын зерттейтін халықарапалық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіл әлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап. табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Біздің елмізде жануарларды қорғауды ұйымдастыру негізгі екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі қорықтар ұйымдастыру да, екіншісі кәсіптік маңызы бар жануарларды пайдалану барысында сақтайтын қорық. Бұл екі бағыт та қажет, әрі олар бір-бірін толықтырып отырады.

Көптеген хайуанаттардың таралу аймағы шағын, экологиялық өрісі тар, сондықтан да олар белгілі табиғат жағдайында ғана тіршілік ете алады. Адам табиғи ландшафтарды интенсивті түрде өзгерткенде бүл түрлердің саны күрт азайып, тек «соңғы пана» дейтін шектеулі жерлерде ғана сақталып қалады. Мұндай жануарлардың азынаулағы тек кұрылықтарда ғана сақтала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет