Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі. Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары. Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау. Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс. Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
Тақырыбы: Қазіргі заманғы білім беру технологиялары жайында негізгі ұғымдар
Дәріс жоспары:
-
Оқыту технологиясы ұғымына талдау
-
Оқытудың жаңа технологиялары
Дәрістің қысқаша мазмұны
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс- тәсілдерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әртүрлі әдістерді (оқытудың жаңа технологияларын) қолданудың қажеттілігі туындайды.
Білім беруді дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру.
«Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуге оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі. Бұл термин оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды және бағдарламалап оқыту әдістерін пайдалануға байланысты анықталды. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. Көптеген зерттеушілер «оқыту технологиясы – оқыту мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісін дұрыс жоспарлап, оны жүзеге асыру» деген пікірмен келіседі. Мысалы, В.Беспалько оны білім беру үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы, яғни білім беру мақсаттарынтиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқытудың теориялық негіздерін жаңадан өндірудің құралдары мен әдістері ретінде анықтайды. Н.Талызина қазіргі оқыту технологиясынкөзделген мақсатқа жетудің неғұрлым тиімді тәсілдерін анықтаудан тұрады деп есептейді. Оқыту технологиясын зерттеуде отандық белгілі педагог ғалымдарымыз Ж.Қараев және т.б. зор үлес қосты.
Оқу үрдісінің өзін технологияландыру «оқытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланыстыпедагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр.
Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын қолдаумен бірге тұлғаның дамуын алдын ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.
Айтылған мәселелер бойынша оқытудың мазмұнына, мұғалімнің іс – әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50- ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.
Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы; екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі. Оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады (кесте 1).
Кесте 1.
Оқытудың жаңа технологиялары
|
Бағыттары
|
Түрлері
|
Авторлары
|
1.
|
Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология
|
Педагогикалық қарым- қатынас
|
Ы.Алтынсарин
|
Ізгілікті- тұлғалық технологиясы
|
Ш.Амонашвили
|
Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту
|
Е.Ильин
|
2.
|
Оқушылардың іс- әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология
|
Тірек белгілері негізінде оқыту
|
В.Шаталов
|
Ойын арқылы оқыту технологиясы
|
В.Коваленко
|
Проблемалық оқыту технологиясы
|
М.Махмутов,
А.Матюшкина,
В.Оконь
|
Коммуникативтік оқыту технологиясы
|
Е.Пассов
|
3.
|
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару
|
Деңгейлеп- саралап оқыту
|
Ж.Қараев
Г.Селевко
|
Топтық және ұжымдық оқыту
|
В.Дьяченко
И.Ривин
|
Компьютерлік оқыту
|
Қ.Ағанина
М.Жүсібалиева
|
|
Бағдарламалап оқыту
|
В.Беспалько
|
4.
|
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру
|
Мәдениеттер диалогы
|
В.Библер,
С.Курганов
|
Экология және диалектика
|
Л.Тарасов
|
Дидактикалық білімдерді ірілендіру
|
П.Эрдиев
|
5.
|
Жеке пәндік технология
|
Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу
|
А.Кушнир
|
Сатылай талдап оқыту
|
Н.Оразақынова
|
Өздігінен дамыту технологиясы
|
М.Монтессори
|
6.
|
Баламалы педагогикалық
|
Еркін еңбек технологиясы
|
С.Френен
|
Вальдорф технологиясы
|
Вальдорф
|
7.
|
Табиғи байқағыштық
|
Табиғи байқағыштық арқылы салауаттылыққа тәрбиелеу
|
А.Кушнир
|
Өзіндік дамыту
|
Т.Семеко
|
8.
|
Дамыта оқыту
|
Дамыта оқыту жүйесі
|
|
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту
|
И.Якиманская
|
9.
|
Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы
|
Педагогикалық бейімдеу мектебі
|
Е.Ямбург
|
Өзін анықтау мектебінің технологиясы
|
А.Тубельский
|
Мектеп бағы
|
М.Балабан
|
Ертеңгі күн мектебі
|
Ховард
|
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы- педагогикалық әрекеттерді ғылыми- әдістемелік, іс- тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру.
Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Оқушының өз бетінше білім алуына, өзіндік ой- пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай алуын, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сурет 1-де физика пәнінен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту және оқыту технологиялары келтірілген.
Сурет 1.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
-
Оқыту технологиясы ұғымына анықтама беріңіз.
-
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын көрсетіңіз.
-
Педагогикалық технологиялардың іске асуының жолдарын атаңыз.
-
Физика пәнінен оқушылардың шығармашылық іс- әрекеттерін дамытудың жолдары қандай.
Тақырыбы: Білім беру технологияларының түрлері
Дәрістің жоспары
-
Білім беру технологиясы
-
білім беру технолгиясының түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылатын тәсіл”. Оның құрылымы төмендегідей болады:
-
оқытудың мақсаты;
-
білім берудің мазмұны;
-
педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
-
оқушы, оқытушы;
-
әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, көптеген әдіскерлер оқыту технологиясын жобалау процесі деп атап, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:
-
оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
-
оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;
-
мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
-
оқыту технологиясын талдап жасау.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:
-
дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-
қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
-
сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
-
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
-
біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
-
әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
-
мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
-
технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
-
технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
-
оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
-
іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
-
оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
-
алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру.
Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К.Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
-
ойын арқылы оқыту технологиясы;
-
проблемалық оқыту технологиясы;
-
тірек сигналдары арқылы оқыту;
-
деңгейлік саралап оқыту;
-
міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
-
бағдарламалап оқыту технологиясы;
-
оқытудың компьютерлік технологиясы;
-
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
-
дамыта оқыту технологиясы;
-
модульдік оқыту.
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Оқыту технологиясының құрымы қандай№
-
Педагогикалық технологиялардың қандай түрлерін білесіңдер?
-
Педагогикалық технологияның міндеттері қандай?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.
3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12
Тақырыбы: Физиканы оқытудың техникалық құралдары
Достарыңызбен бөлісу: |