БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-16.1.33/03-2013
|
«Саяси психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
№1 басылым 18.09.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Саяси психология» «5В050300» – «Психология» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
-
№
|
Термин атауы
|
Термин мазмұны
| -
|
Саяси әлеуметтену
|
Индивидтің саяси жүйеге саяси мәдениетте бекіген мемлекет деңгейінде туындаған тәжірибенің негізінде қосылу процесі.
| -
|
Саяси психология
|
Саясаттану және әлеуметтік психологияның негізінде пайда болған пәнаралық ғылым саласы. Оның басты мақсаты саясаттың психологиялық механизмдерін талдап, барлық деңгейдегі саяси іс-әрекетті неғұрлым ұтымды түрде жүзеге асырудың практикалық ұсыныстарын жасау болып табылады.
| -
|
Саяси мәдениет
|
Саясат сферасында жеке индивидтердің және қоғамдастықтардың әлуметтік есі мен тарихи тәжірибесі.
| -
|
Саяси саналылық
|
Индивидтің қоршаған ортаның саясатпен байланысты шындығын субъектінің қабылдау нәтижелерін белгілейтін түсініктік координаттарды анықтайтын саяси категория.
| -
|
Бағыттылық
|
Саясат субъектісінің өткен тәжірибесі мен саяси мәдениеттің негізінде қалыптасатын ішкі қасиеті.
| -
|
Стереотип
|
Стандартталынған, жобаланған , көп жағдайда қандайда бір әлеуметтік-саяси объектінің эмоционалдық көркемделінген, неғұрлым тұрақты, кейбір жағдайда мағынасы төмен индивид қасиеті.
| -
|
Саяси қабылдау
|
Саясатты өз қалпында немесе саяси ақпараттарды қабылдау
| -
|
Саяси ойлау
|
Қабылданған саяси ақпараттарды талдау, түсіну, саяси шешім қабылдау
| -
|
Саяси лидер
|
Мемлекеттің немесе саяси топтардың, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдардың ресми немесе ресми емес жетекшілері (көсемдері).
| -
|
Саяси аластау
|
Саяси өмірдегі шамадан тыс бюрократизациялаудың саяси-психологиялық нәтижесі.
| -
|
Авторитет
|
Кез келген жетекшіге басқа адамдарды басқаруға қажетті билік формасы.
| -
|
Идеология
|
Нақты құндылықтар жиынтығы.
|
-
Лекциялар курсының қысқа нұсқасы
1-тақырып. Саясат психологиялық феномен ретінде
-
Саяси психолгияның әдістемелік негіздері.
-
Саяси психолгияның автаномды статусы. Басқа пәндермен байланысы.
-
Саяси психолгияның зеттеу әдістері, принциптері.
Саяси психология – саясаттану және әлеуметтік психологияның негізінде пайда болған пәнаралық ғылым саласы. Оның басты мақсаты болып саясаттың психологиялық механизмдерін талдап, барлық деңгейдегі саяси іс-әрекетті неғұрлым ұтымды түрде жүзеге асырудың практикалық ұсыныстарын жасау болып табылады.
Қазіргі саяси психологияны екі жақты қарастыруға болады. Бірінші жақтан батыстық саяси психология өз даму процесінде қарастырылса, екінші жақтан ресейлік және отандық саяси психологияның дамуы қарастырылады. Әрине бұл саяси психологиялардың дамуы тарихи қалыпасқан ерекшеліктерге байланысты өзара байланысты.
Батыстық саяси психологияның пайда болу уақыты ресми түрде 1968 жылы Американдық саяси ғылымдар ассоциациясының жанында саяси психологияның бөлімі ашылып, бірқатар АҚШ университеттерінде саяси психология курстары оқыла басталуымен байланысты. Бірақ саяси-психологиялық идеялардың пайда болуының түпкі тамырлары ежелгі антикалық кезеңге дейін барады.
Саяси психологияның пәні Дж.Кнутсонның пікірінше - “әлеуметтік топтар және бірыңғай ұлттардың, адамның саяси әрекет-қылығының, психологиялық компоненттері”.
Көптеген батыс елдерінде саяси психология практикалық саясаттың арсеналына тұрақты түрде енген. Бұл салада саясат өкілдерінің сайлау және т.б. әрекеттерінде эксперттің арнайы көмекері мен кеңес берулері пайдаланылады.
Саяси психологияның әдістемелік негізі - әрекет-қылықтық (бихевиоралдық) ерекшеліктер.
Саяси психология өзінің құрылсы, субъектісі және қозғаушы күштері бар адам іс-әрекетінің ерекшеліктерімен байланысты.
Саяси-психологиялық білімдерді қолдану практикасы мен теориясы, тарихы оның ғылым саласы ретінде шешетін негізгі үш міндеті бар:
-
Саясаттағы психологиялық компоненттерді талдау, саяси процестердегі “адам факторының” ролін түсіну;
-
Саясаттағы психологиялық аспектілерге болжаулар жасау;
-
Бірінші және екінші міндеттердің негізінде субъективті фактор жағынан саяси іс-әрекетке ықпал ету.
Саяси психогияның қарастыратын нақты объектілер сферасы өте кең. Оған саясаттағы барлық мәселе кіреді. Солардың ішінде неғұрлым көңіл тоқтататын біршама объектілеріне тоқталамыз: насихаттау психологиясы, басқару және ұйымдастыру психологиясы сияқты психологиялық пәндер. Біріншісі әлеуметтік бағыттаулар, қоғамдық пікірлер, массалық әрекет-қылықтырмен байланысты. Екіншісі – конфликтер мен лидерлік проблемалары, кіші және үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктерінің теоретикалық және практикалық аспектілерімен байланысты.
Сонымен қатар, саяси психология шеңберіндегі ішкі саясаттың зерттеу тамыры жеке тұлға психологиясы және соған байланысты саяси әлеуметтену, саяси бағдарлар проблемаларына тереңдейді.
Саяси психология принциптерін саяси психологтың өз жұмысында саяси психологияның обьективті ғылым саласы ретінде дамуын қамтамасыз етуге арналған ұстанатын шектеулер деп те қарастыруға болады. Олардың ішінде негізгі үш принципті атауға болады:
-
Ғылыми обьективизм мен салмақтылық принципі;
-
Принцип гласности и публичности;
-
Саяси-психологиялық зерттеулерде әлеуметтік-саяси контекстерді кеңінен есепке алу;
-
Қорытынды нәтижеге зейін қою;
-
бейтараптылық (нейтрализм) принципі.
Саяси психологияның негізгі проблемаларының актуалдылығын келесі схемалық көрсеткішпен жеткізуге болады:
i)Саяси психологиядағы жеке тұлға проблемасы
ii)Кіші топтар проблемасы
iii)Үлкен топтар психологиясының проблемасы
iv)Саясаттағы бұқара психологиясының проблемасы
Саясаттағы жеке тұлға психологиясын талдау екі жақты қарастырылады. Бірінші жақтан тұлғаны әлеуметтік-типтік сипатта, яғни белгілі тұлғаның саяси тұлға ретінде қалыптасу және даму механизімін талдау болса, екінші жақтан бұл проблема саяси лидерлікті жеке-психологиялық сипатта қарастыру.
Келесі деңгей – кіші топтар психологиясын: түрлі элитті топтар, фракция, қысым көрсетуші топтар әрекеттерінің психологиялық механизмдерін талдау.
Үшінші деңгей – үлкен әлеуметтік топтар (кластар, страттар, топтар және тұрғылықты халықтар қабаттары және т.б.) және ұлттық-этникалық қоғамдар (тайпалар, ұлттар және халықтар). Бұнда үлкен топтардың саяси шешімдерді қабылдаудағы қысым көрсетуінің психологиялық механизмдерін талдау.
Төртінші деңгей – бұқаралық психология және бұқаралық саяси көңіл-күйдің пайда болу механизмін талдау.
Негізгі ұғымдар: саяси психология, саясат, әлеуметтік мәселелер, қоғам, саяси топтар, жеке тұлға психологиясы
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Саяси психологияның зерттеу пәні не?
-
Саяси психологияда қарастырылатын актуалдылық дәрежесі қандай деп ойлайсыз?
-
Ғылым саласы ретінде саяси психологияның принциптерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая книга, 2001
-
Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону: Феникс, 1996
-
Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа, 1996
-
Юрьев А.И. Введение в политическую психологию. – СПб.: СПбГУ, 1992
-
Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.
2-тақырып. Саяси психологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, детерминанттары
-
Саяси өзіндік сана.
-
Саясаттағы ұжымдық астарсана.
-
Саяси бағыттаулар және стереотиптер.
Кез келен басқа ғылым салалары сияқты саяси психология да өзіндік логикалық, әдістемелік, түсініктік және категориялық аппаратына ие. Саяси психологияның негізгі категориялары ретінде біз ең алдымен саясатты іс-әрекеттік түсінуді айтамыз. Сонымен қатар, саяси сана, сяси өзіндіксана, саясаттағы ұжымдық астар саналық, саяси мәдениет, саяси бағыттаулар мен стереотиптер.
Саяси психологияның тағы бір маңызды ұғымы ол – саяси өзіндік сана. Әлеуметтік – саяси жоспары бойынша субъект басқа субъектпен және объектпен мақсатты саналы түрде байланыс орнатады.
Саяси өзіндік сананың субъекті жеке тұлға бола алады – индивидуалды өзіндік санада өзінді сезіне алатын, қабылдай, ойлай және саналы түрде әрекет ете алатынжеке тұлға саясатта. Ондай субъект әлеуметтік топ та бола алады. Мұнда топтың мөлшері маңызды емес.
Субъектің спецификалық негізіне тәуелді емес саяси өзіндік сана үш аспекттен тұрады: когнитивті, эмоционалды және бағалы ерікті.
Когнитивті аспект нақты ақпараттық деңгейді айтады, осы қоршаған ортада субъекттің ролін, қабілеттерін анықтайды. Сонымен, когнитивті аспектте екі үлкен білімді қосады : белгілі бір статус иеленгенге дейінгі және содан кейінгі жағдай.
Эмоционалды аспект өзінің саяси статусының алуының нақты эмоционалды субъективті қатынасын анықтайды. Эмоционалды аспект саяси өзіндік санада саяси өзіндік қадірлеу және керісінше, саяси өзіндік жою, саяси өзіндік жақсы көрушілік (жеке басшылыққа ұмтылған адамдардың индивидуалды амбиция деңгейі) және т.б.
Бағалы еріктік аспект эмоционалды аспектпен тығыз байланысты, көбінесе саяси өзіндік бағаны көтеруге ұмтылады, саяси қадірлеуді алады, авторитетін тұрақтандырып, мықтылау және саяси басшылықтан тұрады. Бұл әр түрлі формаларда көрінуі мүмкін. Индивидуалды субъекттің саяси өзіндік сана деңгейінде – күрес сияқты, сайлау тағына кондидаттың. Топтық деңгейде - өзінің өкілдерін басшылыққа жылжытуларымен байланысты. Әлеуметтік – макро деңгейде – ол массалық түрде көрінеді.
Саяси өзіндік сананың генетикасы белсенді әрекет әлеуметтік – саясатпен қалыптасқан және субъектің басқа субъектпен әлеуметтік – саяси қарым – қатынаспен байланысты. Саяси өзіндік сананың қалыптасуы кең әлеуметтік – мәдени контекстпен байланысты.
Әлеуметтік салыстырулар әлеуметтік – саяси механизм әрекетімен немесе керісінше әлеуметтік – саяси идентификациямен байланысты. Саяси өзіндік сананың адекватты проблемасы әлеуметтік – саяси әрекетте тоталитарлық жүйенің демократиялық әлеуметтік – саяси жүйеге ауысуы негізгі орталығы болып келеді. Егерде тоталитарлық деңгейде өзіндік даму адекватты саяси өзіндік сана -барлық субъект үшін саясат ауысады, ол әлеуметтік – саяси жүйенің белгілі бір себебімен ғана ауысады.
Саяси сана – қазіргі кездегі саяси ппсихологиядағы негізіг, орталық категория. Яғни субъектінің қоршаған реалды ортаны қабылдауы. Ол орта саясатпен байланысты, оған субъектінің өзі де кіреді, сонымен қатар оның іс - әрекеттері, жағдайы кіреді.
Көп зерттеулер саяси сананы көп шекті, деңгейлі, іштей қарама – қайшы, соғып тұратын, жалпы түрде субъектінің саясатпен танысу деңгейін көрсететін, оған деген рационалды қатынасын көрсетеді деп есептеді.
Гнесиологиялық тұрғыдан саяси сана басқа саяси психологиялық түсіністермен, категориялармен тығыз байланысты. Ол көбінесе, саяси мәдениетпен байланысты. Гнесиологиялық тұрғыдан саяси сана саяси мәдениеттің жағдай деңгейі және негізгі компоненті болып табылады. Сонымен қатар, саяси сана саяси әрекет – қылықпен тығыз байланысты. Осындай әрекет – қылықтың субъективті механизмдерінің рационалды негізі ретінде болады. Саяси жүйемен де байланысты – саяси сана саяси жүйенің субъективті фундаменті, яғни «адм негізін» құрайды.
Дәстүрлі отандық түсінік бойынша саяси сана қоғамдық сананың бір түрі, адамдардың әлеуметтік – экономикалық жағдайдың көленкесі ретінде пайда болды деп есептеді. Әлемдік көлемде саяси сана кең контекстіде қарастырылады. Ол саясаттың психикалық көлеңкесі, оның субъективті компоненті, өзін әр түрлі деңгейде, әр түрлі жағдайда көрсететін психикалық көлеңкесі, сипаты ретінде қарастырылады.
Саяси сана түсінігі ХХ ғасырда әйгілі болды. Бірінші тұрғыдан саяси сананы массалық сана деп қарастырылады. Бұл мағынада саяси сананың орны ерекше, ол масссалық сананың саясаттанған сегменті ретінде қабылданады. Саяси санаға бұл тұрғыдан оған мақалалық және динамикалық (массалық көңіл – күй) компоненттері кіреді.
Екінші тұрғыдан, саясатпен байланысты кіші және үлкен топтың жалпы санасы ретінде қарастырады ( әлеуметтік класстар, партиялар және т.б). Көріністердің яғни саяси топтың белсенділігінің интенсивтілігін, бағытын, мазмұнының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Үшінші тұрғыдан, саяси сана жеке тұлға құрамы мен қасиеті ретінде қарастырылады. Қызығушылықты субъективті ерекшеліктері типтің мінезінде , олардың әрекет – қылығының, санасының құрылымдық компоненттері туғызады.
Саяси сананың динамикасы және әр түрлі деңгейдегі мінездемелері әдетте барлық деңгейлерде зерттеледі – бұқаралық, топтық және индивидуалды. Саяси сананы оқудағы негізгі функционалды бағыт болып оның жалпы теоритикалық – идеологизмді формаларын зерттеу болып табылады.
Теоритикалық – идеологиялық саяси сана күрделі көріністерден тұрады, өзімен жалпы рационалды жүйелі көзқарастардан , талқылаулардан, әлем танудан тұрады. Бұл компоненттердің ауысу диалектикасы бір формадан екіншісіне өту өзімен әлеуметтік – саяси дамуды көрсетеді.
Саяси сананы зерттеуде көбінесе қосалқы, практикалық бағдарланған мінез болады және негізінен мақсаттарға қызмет көрсетуге, қызығушылыққа, топтар және күштердің саяси қатынасына бағытталған. Ең алдымен олар электорат әрекетінің механизмдерінің ішкі психологиялық себептеріне бағытталған. Басқа жағынан, ол саяси зерттеуге саяси мүмкіншіліктерді ұлғайту, және азаматтардың саяси қатысуға деңгейінің жоғарлауы. Олар сонымен қоса қоғамның көзқарастың әр түрлі анализ аспектілеріне бағдарланған.
Саяси мәдениетті – саяси іс - әрекеттің негізгісі ретінде қарастыруға болады, немесе саяси іс - әрекеттің даму деңгейінің, ерекшеліктерінің және мінездемесін анықтайтын факторы ретінде қарастырамыз. «Саяси мәдениеттің» мазмұны тарихи тәжірибені , саяси сферадағы жалпы әлеуметтік және жекеше индивидтік естерді көрсетеді. Олардың саяси әрекет – қылығындағы бағдарлануына, дағдысына және ықпалына тән.
Саясаттың ішкі және сыртқы сфераларын осы тәжірибенің мазмұны жалпылама әсер ететін образдарды назарларында көрсетіледі.
Тарихи түсінігі 1956 жылдан басталған. Осы жалпы «саяси мәдениет» терминің ғылымға американ саясаткері Г. Алмонд енгізген. Оның түсінігі бойынша, саяси іс - әрекетіндегі ең бағдарлану таны саяси жүйенің белгілі бір спецификалық сәулеленуі, шағылысуы деп түсінген. Басқа жағынан саяси мәдениет - қоғамдық жалпы мәдениеттің бөлігі болып келеді және тағы басқа жағынан, ол жүйенің анықтамасымен байланысты :
1 Саяси мәдениеттің танымал зерттеулердің көбі Г. Алмонд пен С. Вербтың классикалық жұмыстарында көрсетілген. Олардың анықтамасы бойынша, «Саясаттың субъективті ағымы, ол саяси шешімдерде индивидуалды іс - әрекеттерінде әлеуметтік мән береді де институттарды реттейді.
2 Басқа ағымда С. Вербаның Л. Паем деген психологімен бірігіп тура жазған : « Қоғамның саяси мәдениеті туралы айтқанда, біз саяси жүйені елестетеміз, оның интернализациялық білімі, мүшелерінің бағалауы мен сезімдері».
3 Нәтижесінде «Саяси мәдениеттің» түсінігі нәтижесінде көп зерттеулердк оның анықтамасын зерттеген, қолайлы болып келетін.
Саяси мәдениетті анықтау үшін оны төрт негізгі топқа бөледі :
1 Психологиялық анықтамасы. Саяси объектілерге бағдарлану құралы ретінде қарастырылады.
2 Жалпылама анықтамасы. әртүрлі қарым – қатынастар анықталады және саяси мәдениетті қалыптастыруға түсіндіреді.
3 Объективті саяси анықтама. Мәдениет билік объектісін белгілейді, қатысушылардың соционалдық әрекет – қылықтары.
4 Эврастикалық анықтама. Мәдениет саяси қалыптасқан аналитикалық мақсатта болжамдық конструкт ретінде қарайды.
Саяси мәдениет субъектісі индивид, топ, партия, регион, ұжым, мемлекет және т.б. бола алады. Саяси мәдениеттің маңыздысы болып нақты қоғамның гомогенді деңгейі бола алады.
Саяси мәдениет – динамикалық және инертті феномен болып келеді. Ол өзінің ұжымдарымен, индивидтерімен және саяси қоғамдарымен бірге дамиды. Саяси тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа берілуден маңызды жағдайларға ие болы, олар мәдениетті не тұрақтандырады немесе оны өзгертеді. Онадай жағдайларға моменттер жатады.
Біріншіден, бұл өндірудегі өндіріс жүйесіндегі динамика, әлеуметтік құрылымның, нормалар және бағалықтардың қайта құрылуына әкелетін, және де осы тәжірибені беретін жеке негіздеріне. Екіншіден, ескі тарихи тәжірибе иемдену. Тәжірибелер ұрпақтарға таза емес, өзгертілген түрінде беріледі.
Саяси мәдениетті қалыптастыратын факторларына, мемлекеттің және қоғамның сыртқы қоршаған ортасы және ішкі өмірдің нақты жағдайлары жатады. Осы факторлардың ішінен дәстүрлер, ритуал және саяси институттарды бөліп қарастырады. Соңғыларына мемлекет, армия, шіркеу, маңызды адамдар тобы, университеттер, массалық ақпарат жүйелері және т.б. жатады.
Әрекет – бұл мәдениет тіршілігі, ол әрекетсіз мүмкін емес. Саясатта бұл басшылық қатынасы.
Г. Алмонд және С. Верба маңызды негізгі ашық типті және бірнеше аралас типтерді анықтады. Бірінші ашық тип – патриархалды. Бұндай жүйе басщыларымен басқарылады және азаматтардың саяси жүйеге қызығушылығының болмауымен ерекшеленеді. Екінші ашық тип – бағынушы. Ол азаматтардың саяси жүйеге қатты бағдарлануымен, немесе оларға саяси жүйеге қатысуының әлсіз жүйесімен ерекшеленеді. Ол феодалды қоғам деңгейінде қалыптасқан. Төмендегі бағынушылар өз бастықтарына бағыну керек. Үшінші ашық тип – белсенділік. Ол азаматтардың саяси әректке, олардың компетенттілігіне, мемлекет жұмыстарына жоғары қызығушылық, позитивтілік, саясатқа белсенділікпен ерекшеленеді.
Шынайы өмірде ашық типтер кездеспейді. Олар әр түрлі аралас типтерде : патриархалды – бағынушы, бағынушы – белсенді және т.б.
Саяси сана мен өзіндік санадан басқа саясатта иррационалды және астарсана маңызды роль ойнайды. Оны «ұжымдағы астарсана» ұғымында қарастырамыз. Кең мағынада ол психикалық процестер жиынтығы, операция және жағдай субъекттің индивидуалды саяси әрекетінде көрсетілген, бірақ кейбір жағдайларда белсенді болатын.
«Ұжымдағы астарсана» термині З. Фрейд, К. Юнг енгізген, негізгі психикалық құбылыстар класын анықтауға, индивидуалды астарсанадан, адамның филогенетикалық даму тасымалдаушылығымен ерекшеленеді. К. Юнг үшін ұжымдағы астарсанада архетиптер болады - әрекет схемалары, адамның шынайы өміріндегі нақты мазмұндарымен толықтырылатын; адамның қоршаған айналасындағы болып жатқан жеке қабылдау тәсілдері және әсер етуі, адамның әрекеттерін ерекшелейтін, белгілі бір «ұжымға» жататын.
Ұжымдық астарсана құрылымында ұжымдық эмоция, сезім, көңіл – күй, ой, білім, баға және талқылау жатады. Доминантты рөлді эмоционалды компоненттер ойнайды.
Ұжымдағы астарсана массалық әрекетте екі түрмен ерекшеленеді. Бірінші түрі массалық әрекеттің, ортақ бағаларға жүгінеді және әрекеттер болған кезде болады. Әдетте ол адамдардың ортақ эмоционалды күйлері болған кезде және массалық көңіл – күйде – мысалы, фонат топтары, өздерінің ортақ лидерлері бар және т.б.
Екінші түрі массалық әрекеттің , мұнда ұжымдық астарсанада эмоционалды күйлері адамдарды ортақтастырмайды, керісінше оларды бөлектендіреді. Онда әрекетке ортақ емес, жеке индивидтер, бірақ архетиптік механизмдері бірдей және сол кезде әрекеттері пайда болады, адамдардың спонтанды пайда болған идеялары, жағдайлары объективті түрде пайда болады. Ондай жағдайларға соғыс, революция жатады.
Адам әрекеттері ұжымдағы астарсана басшылығына иррационалды болып келеді. Рационалды сана ұжымдағы астарсанада өшеді, интеллкт төмендейді, өз әрекеттері үшін жауапкершілік төмендейді, жоғалады. Жеке шешім қабылдау механизмдері жоғалады.
Ұжымдық астарсана үлкен массалық адамдарды стимулдайтын кезде керекті болады. Ондай жағдайда ұжымдағы астарсана саяси әрекеттің негізгі сапасы ретінде бола алады.
Бұл массалық адамдардың манипуляциялық әсерінде қолданылады, мысалы, митингтерде. Ал керісінше ұжымдық астарсанада әлеуметтік – ұйым формалары бұзылғанда өте қауіпті. Мұндай жағдайда псевдо – саяси әрекет доминанттылық көрсетеді.
Адамдардың даму этаптарында ұжжымдағы астарсана маңызды роль ойнаған. Қазіргі цивилизациялық қоғамда оның маңызы төмендеді, тек қана дағдарыс, экстрималды жағдай, элемент рольдері құлағанда ғана қолданылады. Дамыған мемлекеттерден гөрі ұжымдағы астарсана әлі «үшінші әлемде» жоғары.
«Саяси психика» - психикалық функция мен процестердің саяси – психологиялық негіздері. Жалпы саяси – психологиялық түрде адамның психикасы төрт негізгі блоктан тұрады. Біріншіден, саяси қабылдау блогы – қабылданған саяси ақпараттарды қабылдау түрінде көрсетілген. Екіншіден саяси ойлау блогы – қабылданған саяси ақпараттарды өндеу, анықтап, саяси шешім қабылдау. Үшіншіден, саяси сезім, эмоция және аффект блогы – саяси ойлау нәтижелерін эмоционалды бағалау. Төртіншіден, қорытындысы болып психикадан тыс саяси әрекет блогы – нақты әрекетер, қабылданған, өнделген және бағалы ақпараттардың. Осы блоктарды қысқаша қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |