БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.05.01.20.89
/03-2012
|
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша
оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
|
Редакция № 1 02.09.09.орнына
Редакция № 2 13.09.12.
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» «5В0119» – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
-
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
-
Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .
-
Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.
-
Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы.
-
Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
-
Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
-
Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
-
Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.
-
Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
-
Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі.
-
Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.
-
Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.
-
Тәрбиелеу- әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
-
Ұжым- Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы.
-
Білім беру- бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің , дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани , денелік және еңбек қаблеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.
2 Дәрістер
№ 1. Тәрбие теориясы және әдістемесі пәніне кіріспе.
-
Тәрбие процесінің маңызы.
-
Ұстаз шеберлігі.
-
Тәрбие жұмысы әдістемесінің мазмұзмұны.
-
Тәрбие жұмысының әдістері.
Жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар халықтық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеуде. Халық педагогикасы жалпы, қазақ халқы педагогикасы жеке алғанда көптеген ғасырлар бойына қаланды, өңделді және бүгінгі күнге өзіндік педагогикалық дәстүрлер мен көзқарастарды жеткізіп, сондықтан оқыту-тәрбиелеу жүйесінде лайықты орнын алуы керек.
Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.
Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.
Оқушыларда халықтық шығармашылығының көркемдік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тіл музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттілігі туындайды.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге сыныптан тыс жұмыстарда, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.
Педагогикалық әдеп мұғалімнің ең кәсіптік белгісі. Қандай да бір мамандықтың өзіне тән белгісі болатындығы сияқты. Мысалы, ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның мұғалімдік әдетінде. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберік дегеніміз не?
-
Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы, оларды өз
ұлтының азаматы рухында тәрбиелеуі, ол үшін өз бойына осы қасиетті сіңірген адам болуы қажет;
-
Өз пәнін жетік меңгеру;
-
Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру;
Бірақ осы айтылған 3 қасиет болғанмен, мұғалім оқушылармен қоян қолтық араласпаса, педагогтік әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды.
Сонымен, ұстаз шеберлігі дегеніміз – тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әрі сөзді бойға сіңіруі. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қанша жетік білгенмен, педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейді.»
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.
Ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда «Ұстаз», «Тәрбиеші», «Мұғалім» деп қастерлі мамандықтың сыр-сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үшін 3 түрлі көзқарасқа негізделеді.
Біріншісі - педагогикалық әдеп оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілік сіңіру, екіншісі – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі. Үшінші – мұғалім шеберлігінің жеке бір бөлігі. Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен шынайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп силауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп - оқушылармен дара ерекшелігі қажетті қарым-қатынастар орнату және сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогикалық тактика болып табылады. «Такт» латынша «тастуб» - «жанасу», «түйсіну» деген мағына, ал «тактика» грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шықққан.
Тәрбие – педагогикалық процестің ең маңызды, өзіндік бет-бағдары бар, өз мазмұны, принциптері, өзіне тән формалары, әдістері, тәсілдері бар. Сондықтан, педагогикалық ғылымның дамуына байланысты, тәрбие жұмысының методикасы да өзіндік беті бар ғылыми пән ретінде қалыптасып келеді.
Бұл пәннің міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.
Сонымен, тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің амал-тәсілдік құралдар жиынтығы.
Бұл өте күрделі өнер. Ол өзінен өзі келе қоймайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский «Педагогиканың пайдасы туралы» мақаласында теориясыз педагогикалық практика медицинадағы тәуіпшілікпен бара-бар деп жазды. Сондай-ақ өзінің «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінің алғы сөзінде « ... тәрбие беру өнерінің жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар, бұл адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайрырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім деп қажет екеніне, біздің көптеген педагогикалық шалыс қадамдарымыз барлығының да көзін осыған жеткізе аларлықтай болғанымен, білуде біреулер ғана көз жеткізеді.»
А.С.Макаренко да педагогтік шеберлікті, тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән береді: «Менің педагогикалық тәжірибем туралы» баяндамасында ол: «... педагогтік шеберлік – тіптен бос іс емес... тәрбиеші шеберлігі ... дәрігердің өз шеберлігіне үйрету қандай керек болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай-ақ, музыкантты үйрету қандай қажет болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай үйретілуі тиіс», - дейді. Ол «тәрбие бере білу - өнер» деген дұрыс түйін жасады.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің амал, тәсілдің, құралдың жиынтығы деген едік. Ал методиканың екі түрі бар:
-
Оқыту методикасы (әр пәннің)
-
Тәрбие методикасы – бұл педагогикада оқылған кейбір тақырыптардың
қатысы бар. Мысалы, тәрбие теориясы, тәрбиенің жалпы әдісі, сынып жетекшісі, азаматтық тәрбиенің салалары. Әрине, біз осы тақырыптарға сүйенеміз. Бірақ, онда біз теориясын айтсақ, енді тәрбиенің сан алуан практикасы туралы жұмыстардың түрлерін айтамыз.
Ал, методикаға не жатады?
-
Педагогтік, кәсіптік дағдылар – нақты айтқанда, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың дағдылары.
-
Балалармен өте тиімді, әсерлі коммуникативтік дағдылар. (дағды- қасиеттер, басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас деген сөз) ұстаздың балалардың жүрегіне жол таба алуы.
-
Педагогикалық техника – мұны А.С.Макаренко педагогикалық өнер дейді. К.Д.Ушинский айтуы бойынша да «Тәрбиелеу ісі - өнер» дейді (Воспитание – это искусство)
А.С.Макаренко «тәрбие - өнер, оған арнайы үйрету керек»,- дейді. Педагогикалық өнерге не жатады?
-
Ұстаздың сөйлеу өнері
-
Әңгімелесе білу өнері
-
Бетпе-бет әсер ету өнері
-
Ұстаздың өзін-өзі тәрбиелеуді меңгере білу өнері
-
Қуана, ренжи білу өнерін меңгере білу
Осының бәрі педагогикалық техникаға жатады.
-
Мұғалім түрлі функция атқарады:
-
Оқушы
-
Тәрбиеші
Ал тәрбиешінің ең негізгі қасиеттері неде? Ол коллективті ұйымдастыру, топтастыру. Егер осы қасиеттері болмаса, онда оны тәрбиеші деуге болмайды.
Тәрбие методикасының маңызы – болашақ педагогтарға тәрбие жұмысының моделін түсіндіру.
Тәрбие жұмысының моделі – оқыту процесі сияқты тәрбие де екі нақты процесс:
-
Тәрбиеші
-
Оқушылар
Біздің қазіргі тәрбие жұмысында бір жағы басым. Мысалы, тәрбие
жоспарын сынып жетекшісі оқушыларсыз өзі жасайды. Сондай-ақ сынып сағатын өзі дайындауы керек. Ал шындығында бұған оқушылар да қатысуы керек. Қазіргі жариялық, бүкпесіз көптің көмегімен, пікірімен санасу деп отырған жоқ па.
Тәрбие жұмысының моделі
Тәрбиеші Оқушы
Іс-әрекет
Коллективті әрекет Жеке бастың дамуы
Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім – оқушы; оқушы – мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса, олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптасып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдайда жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.
Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбиелеу әдістері – тәрбиелік міндеттерге қол жету үшін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер коллективтерінің бірлескен өзара байланысты қызмет ету жолдары мен тәсілдері.
Сөйтіп, тәрбие әдісі – мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдасқан тәрбие процесінде жеке баланың мақсатты бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін күрделі комплекс дейміз.
Тәрбие әдісінің негізгі түрлері:
-
Сендіру әдісі – сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция; бұл ең жетекші әдіс.
-
Практикалық әдіс – жағымды мінез-құлыққа жатықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық-азаматтық, пионерлік тапсырмалар беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияларға қатыстыруға тапсырмалар беру.
-
Ынталандыру әдісі – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады.
-
Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды»,- дейді. «Менің атым – Қожа» балалар киносында Қожаның айна алдына отырып, өзіне-өзі бұйрық беруі.
Енді сөз тәрбие жұмысының моделін жасау керек. Алдымен тәрбие жұмысының моделі деген не, соны қарастырайық.
Модель деген ғылыми термин, барлық ғылымда қолданады. Модель алда тұрған жұмыстың ой жүзіндегі көрінісі, бейнесі деуге болады. Әсіресе математикада көп қолданылады, математиктер математикасының мазмұнын жинақты схема формасында берді. Олай болса, тәрбие жұмысында да схема арқылы беруге болады. Қазіргі кезде «Атамекен», «Кәусар бұлақ» т.б. бағдарламалар бар. Міне, осы бағдарламаларға қарап әрбір сыныпқа жылдық, тоқсандық немесе жалпы мектептің жопарын жасау ол да модель болып табылады. Бұл модельдің мазмұны қазіргі ұлттық тәлім-тәрбиеге, салт-дәстүрлерге орай ұлттық қасиеттер қалыптастыру. Тәрбие жұмысының моделіне кіретін бөліктер мыналар:
Диагностикалық жұмыстар – бұл термин медицинада қолданылады. Ал сынып жетекшісі үшін алдын-ала бұрын болған нәрсемен, бүгінгі күнгі жағдайы жоспарлау үшін, сыныптың қазіргі деңгейін салыстыра отырып озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне арқа сүйеу.
Жоспарлау – мұнда дайын дүниені көшірмей, балаларды қатыстыра отырып, қызықтыратын сыныптан тыс жұмыс түрін ойлану, балалардың талап тілегін ескеру.
Ұйымдастыру жұмыстары – бір ғана сынып жетекшісі емес, тәрбие жұмысында да ата-аналардың да көмегі керек. Өйткені қазіргі ата-баба салтын, дәстүрін пайдалануда өзіміз білмегенде сұрау, көмегін алу.
Қорытынды, талдау – жетістіктер мен кемшіліктерді айту. Міне бұлар модельге кіретін құрамды бөліктер.
№2 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жұйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Өйткені, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.Тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс, себебі адам жеке тұлға ретінде тәрбиеленеді. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткеге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының міндеті, жанұя, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбие заңдылықтарына:
-
баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
-
баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбие болмайды;
-
тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
-
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
-
тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
-
қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік позициясына тәуелді екендігінде, сондықтанда тұлға тәрбиесі , бұл заңды құбылыс.
Тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларн жүзеге асыруда тәрбиешілердің пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
№3 Педагогика мақсат болжау проблемасы
-
Тәрбие мақсаты түсінігі
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны натқылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бығдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, онды солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешуде, кейде ол мәселе тіпті естене шығарылады, осыдан «мақсат тәрбие», яғни жол жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтың кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалармен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншілкті іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу керек.
Мақсат – субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болмады. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан – ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зерсалмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай: «Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас». Бір мақсатты жалау еткен пегогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы – тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкіндігінше нұсқасын анықтау – байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің нәтижесінде әсерлердің нәтижесінде өмірде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымының араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатаның мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсытының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивиллизованность), оның демократикалық сипатына, эканомикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеалық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздікіз ауыспалы дүниемен, сонымен өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік қозғалмалы байланыста болады. Тәжірибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі – субъект сол байлыққа жету жолында өзінің өзгеріп, жатқанын байқай бермейді. Мысалы, педагог «кеше» де, «бүгін» де қщін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болған айдан анық байқалады. Өмірдің өтпелі ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпты өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерістер байланыстылығын сақтап, «тәрбиелі адамның» жеке образын баламастырып, қарауға, айқындауға мүмкіндік береді.
Момын да, тынымсыз, беймаза жасөспірімде, менменсінген «данагөй» жоғары сынып шәкірті де бәрі мұғалім бастаған бір даму жолын бастап өтеді, әңгіме сол жолдың кең болып, күтілген жеке адамдық әртірлілікті сыйғыза алуында. Осы мысалды көптеген әр жас деңгейіне байланысты күтілген нәтиже – нақты мақсатқа байланысты 6 жастағы балаусының мектеп жолын түгілдей басып, 17 жасында жетілетін нәтижесі – жалпы мақсаты өнімі.
Мақсаттың қозғалмалы және ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсатты, көркемдеп, айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың бітуі – рухани не заттай жойылуы деген сөз.мақсат өзін белгілейтін субъект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектініңөрлеуімен мақсат та жоғарыла бастайды. Өссем деген кәсіптерге тән қасиет: көңіл толмау, күйзелу, алас үру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі талшықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес – мақсат-мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып, шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос арманшылардың қатары толыспас үшін, сақсат жалпы сипатқа ие болуы керек сонда ғана ол ілгерілген сайын ұлғайтып, іс-әркетке бағыт бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі кіріп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі келіп: «Бөлмелеріңді былай жаса» - деп ақыл берді: мақсат туды – бөлме өзгерді, екінші тұрып «Айна, есіктеріңді олай ет» - деп ақыл айтты. Мақсат өзгерді – айна есіктер көрік алды. Үшіншісі келіп: «Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл» - деп және бір кеңес қосты: сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты – баспана да бітті, бірақ әншейін баспана емес, көзтойдырар үй болды. Үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқа күтілген нәтижеден айрықша болып шықты, оның себебі – мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркіндіктің болуынан туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ осы аймақ тар болғанда оның шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.
Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуй тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша сипатталады.
Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат тәрбие нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады.
Сонымен педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы:
Мақсат болжау – бұл қазіргі заман өркениетінде жасап орнатушы қабілетке ие осы дәуір жеке адамның қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін объектив, әлеуметтік психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл сондай адамның жалпы идеалды бейнесін мейілінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру; бұл тәрбие мақсатын қаьылдауға мүмкіндік беретін шарттар ететін балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты жасаған жағдайларды жасай отырып, оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.
-
Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуінің бір біріне ұқсастығы олардың сана туындап, әрі жасайтын идеалық бейне болуында, ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының әр түрлілігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субъектісіне берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмысынан алшақтатады. Мақсат – бұл да бейне, бірақ онан келетін, қанағаттану ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне – нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман – субъкетің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан баршама дүниеміздегідей – бұл екі шетті құбылыс – арман мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман – мақсат түзу үшін негіз, арман мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетідің жолы туп-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттігі туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты орындалуы қажет нәтинің бір бөлігі осы бөлік өзінің әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элеметтерге бөлініунен пайда болды. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алға жұмсалады. Іс-ірекеттің барысында субъект, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері өз іс-әрекеттің сол міндеттердің кезегімен шешілуі реттеледі. Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі. Ендеше міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өзінің маңызн жоюды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат), бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбенімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты. Соның салдарынан бақ, ләззат беру сипатынан айырылды, яғни негізгі мақсат іске аспады. Сонымен атқарылған мінддеттер (атызды дайындау, суғару, көктем жасау – бәрі де) басқа кетті.
Мақсат болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет мақсаттың бәрі бір бөлігі, құрылым бірлігі міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты міндет естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын, оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалады, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің, жоғары оқу орын оқушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең ұстаздық іске араласамын студент мақсат болжау проблемасының еылыми мағынасына, педагогиякалық қызмет құрылымындағы мақсатты болжаудың мәні мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әр түрлі негізде сараптауды жете түсініп, игеру міндетті. Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде студент үшін нақты бір мақсатқа айналады да, ол мақсат өз негізінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысуы аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе жатыр. Нені мақсат, нені міндет деп танимыз? Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтың қадам сайын ала қойып, әр саты сайын шешіп отыратын әрекетінің бәрі – міндеттер. Жалпы міндет барысында жұмыс істеп оңай бастағаннан, дәл осы мақсат міндет мазмұнына ие болып, өзіне қажетті екендігі міндеттерге ие болады. Мұны схема түрінде көрсетуге болады.
міндет 1 мақсат 1
Мақсат міндет 2 мақсат 2
міндет 3 мақсат 3
Міне осыдан педагогикалық сөздікте «тәрбиенің мақсаты мен міндеті», «тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері» тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі мақсаттың жалпы бағдыра байланысты бір жағдайдың өзінде де мақсаттық мәнге де, міндеттік дайындау да нақты сабақ мақсатын белгілейді. Ал осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатынан міндетті болып шыға келед. Сондықтан дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп «міндеттің» орындалу құралына айналады. Мәдени саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір қалпын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұны реттен алу қабілетін орнықтыру, тұрмыстық міндеттерге дайындау, өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындалу, өзін шығармашылық пен баулуға дайындау.
-
Тәрбиелік мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің жоспары.
Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері. Мақсатсыз әрекет жоқ. Ал мотивсіз мақсат белсенділігі мотивтерде де бар. Мақсат пен мотив әрдайым бірге, іс-әрекеттің мазмұны мен сипаты анықтайтын құбылыстар. Мақсат «субъект не істеп жатыр?» дегенге жауап. Мотив болса «субъект мұны не үшін істеп жатқанын», яғни ықпалдық себебін ашады.
Субъект жалпылама болса да, мақсат пен мотивті айқындағанша, іс-әрекетке бара алмайды. Мақсат болжастыру аймағына, мотив екі себептік маңызға ие. Біріншіден, мотив іс-әрекет сипатына әсер етеді: қуат, күш салу, адалдық, нәтижі жолында белсенділік деңгейі, субъектінің психологиялық қалпы. Екіншіден – мақсаттың мотивпен орын ауысуы. Мысалы, тұрмыс жақсарту ниетімен жігіт психологиялық кәсіпті таңдады. Алдыңғы мақсат мотивпен ауысты, енді оның мақсаты кәсіптік шеберлікті игеру болды, ал мақсатқа деген ұмтылысты әлеуметтік бағыт мотиві қолдап қуаттайды.
Педагогтің тәрбие ұйымдастыруға байланысты кәсіби қызметінің мақсаты тәрбие мақсатын анықтау, оны іске асыру. Ал осы педагогокалық іс-әрекеттің мотивтері неде? Бұл тұрғыдан педагогикалық мақсат міндеттері келесідей:
-
Қайшылығы көп, күрделі өмірге еніп жатқан сәбидің бақыты үшін қамқорлық;
-
Балалық шақтың сәулелеі өтуіне көмек беру және адамға деген инабатты қатынас.
Мұндай сипаттағы мотивтер педагогке кәсіптік және әлеуметтік келеңсіздіктерді елей бермей, ізгі мақсатқа жетуге жол ашады. Педагогикалық қызметке араласуға түрткі болатын қарапайым мотивтерді де жоққа шығаруға болмайды; мысалы қаражат табудың көзі, демалыс уақыттарының бірге өтуі. Балалар мен жастардың арасында жүргізілген, өзінің де рухани кәрілікке берілместігін сақтап қалу, т.с.с. Бірақ бұлардың бәрі де кәсіп таңдаған тәрбиеші педагогтің балаға деген қамқорлығы мен азаматтық кемелі жеткізуіне байланысты ықлыс ынтасына күш-қуат бере алмайды. Жоғары сезімнен шыққан ізгі ниет тәрбиешінің кәсіби ісінің сипатына үлкен ықпал жасайды. Осыдан мұғалім педагог қарадүрісін әркеттерге бармауға тырысады, баланы көптің бірі деп қарамай, онымен жеке тәрбие жұмысын өткізуге тырысады. Балаға деген қамқорлық мұғалімді әлеуметтік аласапыран кезеңдегі келді-кетті, жалған қоғамдық құндылықтарды бала тәрбиесіне қосудан сақтайды. Сонымен, педагогті адами имандылық бағыттары оның ұстанған мақсат, мотивтеріне ерекше сипат береді де, бір-бірімен іргелес жасап, педагог қызметіне өзара байланысты болады.
Ал осы педагогтің мақсаты балаға белгілі ме? Мектепке аяқ басқанда ертең ұлағатты азамат болып шығатынын ол сезіне ме? Әдетте оның төңірегіндегіні бәрінің әңгімесі баланың келешекте адам болуы жөнінде, ал оның өзінің оқу, сызу, жазу, сурет салуы, т.б. әуре, өзінің тәрбиеленіп жатқанымен тіпті ісі жоқ, ол педагогті өзінің жақсы досы, кеңесшісі, қайырымды ұстаз-мұғалім деп таниды. Педагог болса жасырып, педагогикалық тақта ол мақсат белгілеп, оның балаға жария етпестен, іске асырудың жолында болады. Бала бақытында деген жанпидалылықтан туындайтын мотив «жасырын» педагог бағынтының жүзіне келуіне есебін тигізеді. Баланың тәрбие емес жасауы қажет. Бала өмір ләззатына дайындалуға тиіс емес. Ол ләззатқа бөленіп өсуі керек; бақытты болу үшін бала педагогикалық басшылықты танып баруға тиіс емес, өімрдың әрбір қасқағым сәтін жоспарлаған дамудың элементтеріндей қабылдамай, өз өмірінің болмысы деп білгені жөн. Есейе келе әр бала тәрбие мақсатын өзіндік тәрбие мен өзіндік дамудың мақсаты сипатында қабылжап, педагогтан тәрбие эстаыфетасын қолына алып, тәрбие субъектісіне айналуы қажет. Осыдан, педагог рөлі жаңа кейіпке енеді. Балаға деген қамөорлық қазіргі заманның өте күрделі аймағында өз орнын иелеп, педагогтің өз кәсіптік деңгейін көтеруіне, өз педагогикалық шеберлігіне жаңа әдістемелерді қосуына, мамандық белсенділігі мен рухының ұзақ жасауына күш-қуат береді.
Педагогикалық қызметтің имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекеттің қажет септігене негіз болады. Педагог өзінің кәсіптік міндеттерін орындай отырып, балалардың дене және рухани дамуына байланысты әр қандай баланың саналы кемелденуіне бағытталып, механикалық жаттықтырудан (дрессировка) аулақ болғаны әбден қажет.
№4 Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі.
1. Ұстаз тұлғасының моделі.
2. Мұғалімге арнайы тән қасиеттер:
-
сөйлеу мәдениеті, сөз қоры;
-
шығармашылық, жаңашылдық;
- педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашак тағдыры үшін өзің жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресеті, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге күш-тарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінеде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
-
қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
-
жан-жақты білімдаралық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;
-
педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;
-
оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу;
-
оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;
-
жұмысына шығармашылық көзқарас;
-
баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім;
-
педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу білу;
-
педагогтік әдептілікті меңгеру;
-
балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік.
Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін қабілетін зерттеуге ат салысуда болып табылады.
Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық білдіріуне, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді.
Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес.
Мұғалім мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Өткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өмірді, өзін қоршаған ортаны білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін оятып, білуге деген кұштарлығын ұштайды.
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрбиелейді.
Педагогика-психологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н. Гоноболин,
Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.
1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды.
4. Сөйлеу немесе экспрессивті қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйывмдастыра білу.
6. Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.
7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
№5 Тәрбие процесінің құрылымы
Тәрбиеші тұлғасы
Тәрбиенің ең маңызды субъективті факторы — бұл тәрбиеші тұлғасы. Адам жанының кейбір нәзік тұстарын, Торбис процесімен ілесе жүретін мыңдаған үлкенді-кішілі өзара ықпал-әрекеттерді қамтудың мүмкіншілігі аз. Мұндайда пәрменді тәрбиенің аса маңызды шарты —тәрбиеші түлғасы.
Қазіргі тәрбиелеу процесіндегі тәрбиешінің рөлі, тәрбиелік әсердің бәрін өзіне бұрып, процеске жетекшілікті өз қолына алу емес, керісінше, оның ұйымдастырушылық және бағыттаушылық күшінің мәнділігі мен ондағы демократизмнің, шығармашылық еркіндіктің көптігімсн байланысты. Тәрбиеші маңызды табыстарға нақты жүргізіліп отырған ТП жағдайын ескеріп, өзінің тәрбие жүұмыстарына дұрыс талдау жасап, олардан дұрыс есшім шығарғанда ғана қол жеткізеді.
Авторитарлы педагогиканы туындатқан төмен кәсіптік деңгей тәрбиеленушілердің тәрбиешіден белініп қалуына басты себеп болды. Педагогикалық жаңаша қатынас жасау мектепті демократизациялау және гуманигзациялау идеялары негізінде іске асады, сонымен қоса, балаға қамқорлық, сүйіспеншілік және рақымшылық сияқты қарапайым адамдық сезімдерді түзету негізінде мүмкіндік туады. Сондықтан, қазіргі тәрбиешінің негізгі міндеті де тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалға дайындап, ыңғайластыруға байланысты. Педагогикалық позицияның өзі де тәрбиеленушіге білінбейтін, жасырын, әдепті болуы қажет. Педагог бала жанының төбеден бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тәрбиелеп осіруі қажет.
Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы
"ГП — күрделі дииамикалык жүйе. Бүл жүйснің әр компоненті оз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі тсориялық педагогикада ТП талаптарымен бірге әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкін. Кейде бірдей тәрбие құралы бірдей жағдайда тәрбиеленушілерге күшті әсер етуі де, төмен әсер етуі де кездеседі.
ТП-нің диалектикасы оның қарама-қарсылығымен, демек, ішкі және сыртқы қарсылықтарымен бейнеледі.; Нақты, осы қарама-қарсылықтар процестің үздіксіз жүруіне күш береді. Ішкі қарама-қарсылықтар түлғаның барлық кезендерде байқалатын, оның жаңа қажеттілігі мен қанағаттану мүмкіндіктерінде көрінеді. Осы жағдайдан туындайтын "қарсылық" адамның тәжірибесін белсендіі толтырып, кеңейтуіне, жаңа білімдер мен қулық формаларын алуына, нормалар мен ережелерді игеруіне итермелейді. Бүл жаңа сапалардың қай бағытқа құрылатындығы тұлғаның іс-әрекетіне, белсенділігіне,' өмірлік позицияларына байланысты болады. Тәрбиенің бағыты - тұлға қалыптастыруды дүрыс бағдарлау, ал мүның өзі тәрбиеленушілердің қозғаушы күштерін, мотивтерін, қажеттіліктерін, өмірлік жоспарларын терең білу негізінде ғана жүзеге асырылады.
Сыртқы қарама-карсылық та тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесіңде байқалады. Мысалы, кейбір жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы қарама-қарсылықтар, педагогтардың кейбір талаптарына ата- ананың қарсы әрекеті жайсыз әсер қалдырады. Сөз бен іс арасындағы қарама-қайшылықтар да тәрбиедегі көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктерге себепші болады. Педагогтар әсіресе, тәрбиеленушілердің ішкі талпыныстары, мен сыртқы әсер арасындағы қарама-қарсылығына көп мән берулері керек. Л. С. Рубинштейн баланың ішкі әрекет мазмұнына қырағылық танытылмаса, педагогтың іс-әрекеті үмітсіз формализмге үшырайтынын баса айтқан. Соңғы кездерде тәрбиешілер жүмыстарында тәрбиеленуші дайындығына педагогикалық талаптардың сай болмауы көп қиыншылықтар туғызып жүр. Егер тәрбиеленушінің дайындық деңгейі қойылған талаптардан көп төмен болса онда талаптар қойылмайды, өзгеріске келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |