ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Сөйлеудің физиологиялық механизімі



бет5/12
Дата30.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#167168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сөйлеудің физиологиялық механизімі.

Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты

Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2-сигнал жүйесі, бұл адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсініп, олардың мән - мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнеленуші - танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.



Сөйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1961 ж) француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың мыңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатын анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы » деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындыағы жоғары қатпарындағы сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин,Н.А.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж.Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті.

Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты, осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысы және семантикалық, сенсорлық болып бөлінеді. Осы салады зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А.Р.Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі – мидың зақымдануы салдарыныан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.



Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта аламай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия - әрбір сөздің грамматикалық құрлысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не « әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздердің дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектенің мәнісін түсінбейді.

Сөйлеудің түрлері

Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизіміне орай, көпшіліктің бірге қосып айтатын сөзі хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын - жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізінде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын активті сөйлеу. Мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады.

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі - коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей), сөйлеу в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы

Сөйлеу - ақыл-ой иесі – адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұратын тұрақты белгісінің бірі және өзара қарам-қатанысының қуатты құралы. Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы саты - сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы. Екінші саты - баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің граматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін түсіне бастайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген-әйгілі мамандар Л.С.Выготский мен швейцария психологы Жан Пиаже.



Негізгі ұғымдар: ес, есте сақтау, ерікті есте сақтау, еріксіз есте сақтау, ассоциация, аралас не іргелес ассоциациялар, ұқсастық ассоциациялар, қарама- қарсылық ассоциациялар, есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, елес, ұмыту, ойлау, көрнекі-әрекеттік ойлау, көрнекі–бейнелік ойлау, сөздік–логикалық ойлау, ұғым, пікір, ой қорытындысы, дедукциялық, индукциялық, аналогиялық, абстракция, анализ, синтез, салыстыру, нақтылау, жалпылау, сөйлеу, ішкі сөйлеу, сыртқы сөйлеу, жазбаша сөйлеу, ауызша сөйлеу, диалогты, монологты.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Ес дегеніміз не?

2. Ассоциация дегеніміз не?

3. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?

4. Естің жеке ерекшеліктері қандай?

5. Елес дегеніміз не?

6. Елестің типтерін атаңыз.

7.Ойлау дегеніміз не?

8.Ойлау әрекетінің кезеңдеріне тоқталыңыз.

9.Ойлау түрлерін атаңыз.

10.Ойлау формаларына (ұғым, пікір, ой қорытындылары) анықтама беріңіз.

11.Абстракция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

12.Нақтылау деген не? Мысал келтіріңіз. Жалпылау деген не?

13.Сөйлеу дегеніміз не?

14.Сөйлесу дегеніміз не?

15.Ішкі сөйлеу дегеніміз не?

16.Диалогты сөйлеу дегеніміз не?

17.Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз.

Әдебиеттер:



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 2011.

  3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-А., 2010.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 2010.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.


Тақырып. Қиял және зейін.

Дәріс жоспары:

1.Қиял туралы жалпы түсінік.

2.Қиялдың түрлері мен жасалу жолдары.

3.Зейін туралы жалпы түсінік.

4.Зейіннің физиологиялық негізі, түрлері, қасиеттері.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қиял үрдісі

Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял - адамға меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл - адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.

И.М.Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді.
Қиялдың физиологиялық негізі

Қиялдың жаратылыстық - физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.

Мұндай жүйелік байланыстар екі түрлі: 1) сананың қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабығының жоғары бөліктерінің бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйелік байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар. 2) адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл - ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе – екінші сигнал жүйесі. Ол – сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, елестетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.

Қиялдың түрлері. Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсық, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырқсыз қиялды пасивті қиял, ырықты қиялды активті қиял деп атайды.


  1. Ырықсыз қиял – адамның алдына мақсат қоймай- ақ басындағы елестердідің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезде туады.Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты болады.

  2. Қиялдың саналы әрі жемісті түрі- ырықты қиял. Бұл адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі бейнелер жасау мен қажетті бейнелер тудырады.Оларды орындауға, қимыл- әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді.Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар- қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял және арман болып үшке бөлінеді.

  1. Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркенгіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркенгіш қызыметін әр түрліформалары негізінде туындайды.

Қайта жасау қиялы – адамның ой - өрісін дамытып отыратын психикалық үрдіс. Қиялдың қызыметін оның алдына қойған мақсаты мен міндеттерінен аңғаруға болады.

2. Қиялдың ең жоғарғы түрі – жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді.Жасампаздық қиял – қоғамның мәні бар жаңа соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызымет атқаратын психикалық үрдіс.

3. Адам қиялының ерекше түрі –арман.Бұл активті әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүдемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүдемізді іс жүзінде асыруды қиял арқылы орындау.Ол шығармашылық қиял емес, бірақ соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманның кезеңдері: арманның әрекетке қатысы, шындыққа жанасуы, келешек үшін мәні.Арманның мәні оның мазмұны бос қиялға қараған да белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелейді және белсенді іс-әрекет жасауға итемелейді.Сонымен қорыта келген де қиял ол бұрын қабылданған бейнелердің адам снасында мақсатты және мақсатсыз түрде қайта жаңғыртылып, жаңа бейнелер жасалу үрдісін айтамыз.

Зейін

Нәрсені қабылдағанда, елестеткенде, ойлағанда, тыңдағанда, сананың соларға бағытталуын зейін дейді.

Зейін дегеніміз қабылдау, зердеде тұту, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты процестер емес, сол процестерге сананың бағытталуы. Кісі ештеңе байланыссыз, бостан-босқа зейін қоймайды, қабылданатын нәрсесіне ғана зейін аударады, соған ілтипаты түседі.

Адам қызметінің барлық түрі зейінмен байланысты орындалады. Зейін оқу ісінде, ой қызметінде, іскерлікке үлкен орын алады. Оқу материалын меңгеру зейінге байланысты.


Зейіннің физиологиялық негіздері

Идеалистік психологияның теориялары (неміс психологы Вильгельм Вундт (1832-1920) бойынша, зейін процесінде физикалық себеп, физиологиялық негіз болмайды. Вундт адамның зейіні еркін психикалық себептерден пайда болады деп біледі. Материялық процеске сүйенбей зейіннің белсенділігі сипаттау – идеалистік көзқарас.

Басқа түрде түсіндіргенмен, бұл пікірге жақын тұрған теория француз психологы Теодюль Рибоның (1839-1916) идеялары. Ол – белгілі объектіні қабылдағанда адамның қимыл-қозғалыстарының икемделуінен зейін пайда болады – мыс дейді. Ал неміс елінде пайда болған гештальт психологиясы (өкілдері – Вертгеймер, Келлер т.б.) және осы сияқты басқа психологтар зейінді мүлдем жоқ деп есептейді. Бұндай көзқарасты жақтаушы психологтардың айтуы бойынша, зейін қабылдау ішіндегі процесс (аспектісі) болып саналады. Әрине, буржуазиялық осы теориялардың барлығы да – ғылымнан аулақ тұрған қате пікірлер.

Зейіннің физиологиялық негізі – ми қабығының айрықша бөлімдеріне шоғырланып жиналған қозудың күшті нүктесіндегі оптималдық орталық. Мидың бір бөлігінде қозу күшейгенде, қалған бөліктерінде тежелу пайда болады. Ол – жарамсыз индукция заңының көрінісі. Бұл заң қозудың күшті оптималдық нүктесі бар орында көп тұрмайды, мидың бір бөлігінен екіншісіне үнемі жылжып отырады. Қозудың күшті оптималдық орталығы болған бөлімшелер қоза бастайды да, қозудың оптималдық орталығы пайда болады.

Зейіннің физиологиялық негізі болатын оптималдық қозу орталығы жөніндегі И.П.Павловтың ілімін академик А.А.Ухтомский (1875-1942) толықтырады. Ухтомскийдің зерттеуі бойынша, нерв системасына әсер ететін тітіркендіргіштер көп болғанда, ми қабығындағы бір уақыттың ішінде бірнеше қозу орталықтар пайда болады да, оның әрқайсысы ми қабығына түгел жойылуға (иррадиация) тырысады. Сондықтан қозу нүктелелерінің ми орталығында да өз ара күрес жүріп жатады. Күрестің нәтижесінде, біреуі жеңіп шығады, оны Ухтомскийдің доминанта деп, ал күшті кем орталықты субдоминанта деп атады. Қозудың бір орталығы жаңа доминанта болса, басқа орталықтардағы қозу сөніп, субдоминантаға айналады. Олар доминантаға қосылып, не оны күшейте түседі, не доминантаның орнына таласып өзімен күреседі. Күрес процесінде субдоминантаның доминанта болуы, бұрынғы доминантаның субдоминанта болып қалуы мүмкін. Қозудың күші басым орталығындағы доминанта – белгілі нәрсеге зейін түсуінің физиологиялық негізі.

Әрине, мидағы доминанта оптималдық орталық- сырттан әсер еткен тітіркендіргіштердің тек күшіне ғана байланысты тумайды, организмнің өз қажет-мүддесіне, өткен өмірінің қалдырған ізіне, білім қорына байланысты да жасалады. Зейін салу адамның сыртқы қалпынан да, дене мүшелерінің қимыл-қызметінен де байқалады. Ықыластанып қабылдап, көзбен көрген нәрсеге тесіле, қадала қарап үңілеміз. Құлағымызды тосып, басымызды бұрып, қатты қадағалаймыз. Егер зейін өз ойымызға бағытталса, көз төмен қарап, ішіне кеткендей болады. Егер зейін творчестволық қиялда болса, онда көз алысқа қарап қадала түседі.

Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті зейін болып бөлінеді.

Зейіннің қасиеттері

Зейін атқаратын қызыметіне қарай бірнеше қасиеттерден құралады.Олар: зейіннің көлемі, бөлінуі, шоғарлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Енді осылардың мағынасына тоқталайық.



  1. Зейіннің көлемі- адамның бір көргенде- ақ қабылдаған нәрселердің саны.Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1\10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ көргеннен барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау.Ересек адамдарда зейін көлемі өзара байланыссыз 4-5 нәрседен тұрады, ал балада одан аздау болады.

  2. Зейіннің бөлінуі- адамның кез- келген іс- әрекет үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше обьектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін байқаймыз.Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс- әрекет үрдісінде зейін бір- ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиалогиялық негізі – ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы.Күнделікті өмірдегі іс- әрекетінде адам өзінің зейіннін бөле білдіруді жетілдіре, тәрбиелеу керек.

  3. Зейіннің шоғырлануы- адам санасының белгілі бір обьектіге айырықша бағытталуы. Зейіннің шоғарлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған обьектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс- әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Зейін шоғырлануының физиалогиялық негізі – қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция.

  4. Зейіннің тұрақтылығы – оның обьектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдісінің күшіне, әдеттерге т.б жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы – тұрақты зейінге қарама- қарсы сипат.Ол зейіннің толқуынан көрінеді.Мысалы: квадрат салынған бейнеге ұзақ уақыт қарасақ онда оның қозғалғандығын байқауға болады. Ал көңілді қайта тұрақтандырсақ онда орнына келеді. Бұл тәжірибе зейіннің тұрақтылығына арналған мысал болады.

  5. Зейінің ауысуы- зейіннің бір обьектіден екінші обьектіге әдейлеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы – оның саналы түрде болатындығын. Іс- әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып, зейінін бір обьектіден басқа обьектіге не сол обьектінің бір қырыннан екінші қырына ауыстырып отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиалогиялық негізі – қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жпсалуы. Зейіннің ауысуы жүйке үрдістерінің қозғалғыштарына – қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты.Бұл кейде күшті тітіркенгіштердің әсерінен де болуы мүмкін. Себебі: қатты тітіркенгіштер баяу ауысады.

Негізгі ұғымдар: зейін, ырықты зейін, ырықсыз зейін, үйреншікті зейін, зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі, алаң болушылық, актив қиял, пассив қиял, ырықты қиял, ырықсыз қиял.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Зейіннің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  3. Зейіннің қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз

  4. Қиял дегеніміз не?

  5. Қиял түрлерін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.

  2. Жарықбаева Қ. Психология.А., 2010

  3. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 2010.

  4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.-2011

  5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1995


Модуль 4. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

Тақырып. Психикалық күйлер. Сезімдер, эмоциялар және ерік.

Доріс жоспары:

Психикалық күйлер туралы ұғым.

Психикалық күйлердің көріну деңгейі. Психикалық күйлердің жіктемесі.

Эмоция және сезім.

Психологиядағы ерік мәселесі. Еріктік сапалар.

Қажеттіліктер, мотив.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жеке адамның еріктік қасиеттері. Оқылған кітап, орындалған жүмыс Сізді қуантуы не ренжітуі мүмкін. Яғни қоршаған ортаға деген қатынасыңызды білдіресіз. Шаттану, мұң, үрей, қуаныш, қорқу, масаттану, өкіну, - бұлардың бәрі сезімдер мен эмоциялар. Егер қабылдау, түйсік, ой жөне елестерде сан алуан заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттері, әр түрлі байланыстары, тәуелділіктері бейнеленсе, эмоция мен сезімде адам танып білетін заттар мен құбылыстардың мазмүнына өзінің қатынасын білдіреді. Адамның қоршаған ортасы мида бейнелене келіп, сезім затына айналатын объективтік қатынас пайда болады. Эмоция мен Сезімдерден адамның өз мінез-қүлқына, қылығына, пікіріне, әрекеттеріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы көрінеді.

Эмоция және сезім — бұл адамдардың айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Сезімдер - өте күрделі психикалық процссс. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартеыз рефлекетердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

1.Эмоция — адамның түрлі органикалық қажеттілігіне байланысты
туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері.

Ал сезімдер — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп даму процссінде болатын нәрсе (дос адамдардың сүйіспеншілігі).

2.Эмоцияда монерлі қозғалыс (ым-ишара) көбірек байқалады. Адамтек организм түрінде көрсете алады.

Ал сезімдерде мәнерлі қозғалыс жөнді байқалмайды, тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психикасының басты белгілерінің бірі.

3.Эмоция қызметін имби жүйесі мен (ми бағанының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (денедегі зат алмасу, температура, нерв орталығы) басқарады. Нерв орталығына зақым келсе, адам тойғанын білмейді.

Ал сезім ми қабығының жұмысынан өзгеріп отыруынан жақсы көрінуі мүмкін. 2-сигнал жүйесінің басқарушылық ролі зор. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді.

4. Эмоция жануарларда да кездеседі. Жануарлар психологиясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы.

Адамдар эмоциясы мен сезімі қоғамдық сипатта болады.

Эмоцияны сезімдердің психологиялық процестің нақты көрініс беретін түрі деуге болады.

Сезімдердің негізгі қасиеттері (сапасы)

Сезімдердің эмоциялық көріністерін оң эмоциялар (тамақ ішкенде, жақсы демалғанда, жақсы хабар естігенде) қуанышты, көтеріңкі көңіл, рахаттану сезімі туғанда, теріс эмоциялар (бір қажеттіліктерді орындаған кездегі кедергілер немесе мыс: жазушы өзінің өлеңдерін басқадан шыққанын көргісі келеді) деп бөледі.

Сонымен қатар тағы да 2 түрлі көрініс бар: ол екіұшты және анықталмаған (оңға да солға жатқызуға болмайтын) мыс: жолаушы шөлдеп су ішкісі келді, бірақ суда мұнай иісі бар. Екіұшты болатын сезімде (амбивалентті бір объектіге екі түрлі көзқарас болғанда, мыс: әрі жақсы көру, әрі қызғану).

Анықталмаған сезім тұрақты емес ол не оң, не теріс эмоциялық көрініске өтуі мүмкін. Мыс: жаңа адаммен танысқанда.

Сезімдердің негізгі 2 қызметі бар:

1) Реттеуші, 2) сигналдық.

Сезімдердің реттеушілік қасиеті - көңіл-күй тұрақтылығына, мінез-қүлқына бағыт беретіндер, кедергілерді жеңуге итермелейтіндер. Эмоция реттегіштігі — эмоция қозуды бәсеңдетеді.

Адамның эмоциясы мен Сезімдері мимика (бет олпеті) пантомимикалық ( бұлшық еттер қозғалысы) сияқты монді қимылдар жүзсге асады. Монді қимылдар сезімдер мен эмоциялардың экепрсссинтік жағын сигналдық қызметі арқылы жүзеге асырады. Дауыстың және мимика сигналдар әңгімелеекен адамдармен қарым-қатынастың белгілі түрін тудырады және бұл байланыс атмосферасын жасайды.

Сезімдердің тұрлері 3 топқа болінеді- мәральдық (адамгершілік), интелектік (танымдық), эететикалық және практикалық іс-әрекетке деген көзқарас, еңбек барысындағы табыстар (спорт, оқу, оқыту).

Сезімдер күшіне қарай-құмарлық және оуеетіктер болып екіге болінеді. Құмарлық-жағымды, жағымсыз құмарту тұрақсыз болса, ол оусетікке жатады.

Эмоциялық күйлер:

1) Көңіл күйі-адамның толғаныс тебірсністерін, әрекеттерін көрсететін біршама ұзақ эмоциялық күй. Эмоциялық күйлер өткінші және тұрақты көңіл күйлерге бөлінеді.

2) Аффекті күй- эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді.


Аффект-қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция (төтенше шиеленіскен жағдайда).

3) Стресс- күтпеген, шытырман жағдайда пайда болатын күй (зорлану), қауіп-қатер жағдайда, шапшаң шешімге келу жағдайда, қорқыныш жағдайда.

Әр түрлі эмоциялық жағдайларда қанағаттану, қайғы, толқу, жұрек соғысы өзгереді. Осыған сәйкес адамдардың сыртқы түрінде өзгерістер болады, көзінің жанары, беті нұрланады (мимика), бұлшық еттің жиырылып, сыртқы денесінің бейнесі өзгеруі (пантомимика), дауыс ырғағының өзгеруі (дыбыстық мимика) көрініс береді. Мүндай сыртқы өзгерістерді сезімдер экспрессиясы деп атайды. Сөздің осері өте үлкен. Адамның эмоциялық жағдайы тек сөздің мағынасымен ғана емес, оның интәнациясы, қалай айтылғанымен, тағы басқа мимикасынан көрінеді.

Фрустрация — тұрақты жағымсыз көңіл-күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық, сана мен әрекеттің бұзылуы негізінде күшті нерв - психикалық күй - өкіну, ызалану, жабырқау, айналадағыларға селсоқ қарау, өзін-өзі жазғыру түрінде болады. Адам үлкен күйзсліс үетінде ұзақ уақыт эмоциялық ерекшелікте және нерв жүйесінің типі көрінеді.

Эмоциялық ерекшелік эмоциялық қозғыштық, эмоциялық

албырттық, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, эмоциялық сергектік.

Эмоциялық реакциялардың индивидуалдық ерекшеліктері эмоциялық қозғыштығы мен тұрақтылықты салыстырғанда көрінеді:

а) күшті эмоция, қозғыштық күшті эмоция тұрақты сәйкес;


о) күшті эмоциялық қозғалыс, әлсіз эмоциялық тұрақты;

б) әлсіз эмоциялық қозғалыс, күшті эмоциялық тұрақты;

в) әлсіз эмоциялық қозғалыс, әлсіз эмоциялық тұрақтылық ұштасады.
Егер жеке эмоциялық сипаттарды адамдарға мінездеме беру негізіне алсақ, онда бұл белгілерге қарай мінез — эмоциялық (шапшаң эмоция), сентиментальдық (сезімге берілгіштік), албырттық (сліктегіштік) және салқын қандылық болып бөлінеді.

Сезімнің экспрессивтік одісін қолданудың екі жағы бар: эр түрлі экспрессивтік Сезімдерді түсіне білу, екіншіден, осындай экепрсссивтік тосілдерді пайдалана білу (не айтқаны ғана емес, қалай айтылғаны). Әдет-ғұрыптарға байланысты өзгерістері — мысалы адам айтқанда кейбіреулер дауыс көтермсйді, кейбіреулер үндемейді.

Адам Сезімдерінің адамның өзін-өзі тәрбиеленуінде, өзін-өзі түсінуінде үлкен ролі бар. Кей жағдайдағы сезім көріністері адамның өзі үшін ойламаған, тосыннан болған жағдай сияқты. Мысалы: біреудің қайғысына ортақтасудың орнына, «өзіңе де сол керек» деуі мүмкін, сгер бұзақы тиіссс оған қатты ашуланып, қарсы шығудың орнына қорқуы мүмкін. Немесе кейбірде өзінде жоқ деп ойлайтын адамның кейбір жақсы қасиеттері көрініс береді: қиындық кездессс оған берілмсй қарсы тұру деген сияқты. бұл жағдайларды адамның басынан кешірген қинаулары адамды сезімдік жағынан байытып, біршама өзгертеді. Еоған байланысты адам ендігі жерде осы бағытта өзін-өзі тәрбиелей алады. Егер де адамда теріс қылықтар бар болса, оны айналадағыларға кәрсетпеуге тырысады. Немесе өзі үшін өте құнды нәрселерді де елге көрсеткісі келмейді. Осылайша адам өзінің эмоциялық сферасын меңгеру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет