Дәріс 5, 6 - Мұнай мен мұнай өнімдерінің химиялық, элементтік, фракциялық және топтық құрамы
Дәріс жоспары:
-
Мұнайдың химиялық және элементтік құрамы
-
Мұнайдың фракциялық құрамы
-
Мұнайдың топтық құрамы
1. Барлық жанғыш қазбалар бес негізгі элементтерден тұрады – көміртек, сутегі, азот, оттегі және күкірт. Дегенмен жанғыш қазбалардағы олардың мөлшері әртүрлі. Элементтік құрамындағы, ал демек, топтық құрамындағы айырмашылық бастапқы өсімдік материалына және мұнайдың түзілу жағдайларына байланысты. Мұнайдың барлық компоненттері тұратын негізгі элементтер – көміртек пен сутегі. Сутегі мөлшері жағынан мұнай жанғыш қазбалар ішінде аралық орынды иемденеді және мына қатарға қарай артады:
Көмір мұнай табиғи газ.
Мұнайлардағы көміртек пен сутегі мөлшері анағұрлым тар аралықта тербеледі.
1кесте – Мұнайдың орташа элементтік құрамы
Элемент
|
Мөлшері, %
|
Көміртек (С)
|
85 - 87
|
Сутегі (Н)
|
11 – 15
|
Күкірт (S)
|
0,1 – 7,0
|
Оттегі (О)
|
1 – 2
|
Азот (N)
|
0,5 – 0,6
|
Барлық мұнайларда көміртек пен сутегімен қатар күкірт, оттегі және азот кездеседі. Осы элементтер қосындысы кейде 8 – 10% мас асады. Мұнайдағы азот 1,5% мас аспайды. Негізінен ол жоғары молекулалы, конденсацияланған (шайырлы) қосылыстар құрамына енеді. Сонымен қатар, жоғары шайырлы қосылыстар құрамына оттегі (0,1 - 2% мас) мен күкірттің біршама мөлшері енеді. Азот пен оттегіден айырмашылығы күкірттің басым мөлшері парафинді қатардың төмен молекулалы қосылыстарында шоғырланған.
Әртүрлі кен орындарында өндірілген мұнайлардың элементтік құрамы әртүрлі. Уақытқа қарай мұнайдың элементтік құрамы да өзгереді. Мұнайдың жасы артқан сайын ондағы оттегі, азот және күкірт мөлшері азаяды, көміртек пен сутегі мөлшері артады. Гетероэлементтердің ыршып шығуы қарапайым қосылыстар түрінде өтеді – CO2, H2O, H2S, NH3, S, N2.
Жоғарыда аталған элементтерден басқа мұнайларда азғана мөлшерде өте көптеген элементтер, соның ішінде Ca, Mg, Fe, Al, Si, Ge, V, Ni, Na, Bi және басқалар кездеседі. Осы элементтердің мөлшері пайыздың азғана үлестерімен өрнектеледі. Мысалы, мұнай өнімдерінде германий 0,15-0,19 г/т мөлшерде анықталған. Барлығы мұнайларда 50 астам элементтер табылды.
Мұнай сапасының маңызды көрсеткіші фракциялық құрамы болып табылады. Оны біртіндеп буландыру әдісін қолданып зертханада айдау арқылы анықтайды. Анықтау барысында біртіндеп көтерілетін температурада мұнайдан бір-бірінен қайнау шегімен ерекшеленетін бөліктер – фракциялар айдалады. Әрбір фракция қайнаудың басталу және аяқталу температураларымен сипатталады. Мұнайды өнеркәсіптік айдау бір ретті буландыру және одан әрі ректификаттау деп аталатын схемаларға негізделеді. 350 оС дейін қайнайтын фракцияларды атмосфералықтан шамалы жоғары қысымда алады, олар ашық дистилляттар (фракциялар) деп аталады. Фракцияларды оларды одан әрі қолдану бағытына қарай атайды. Негізінен атмофералық айдауда келесі ашық түсті дистилляттарды алады: 140 оС (қайнаудың басталуы) – бензиндік фракция, 140-180 оС – лигроиндық фракция (ауыр нафта), 140-220 оС (180-240 оС ) - керосиндік фракция, 180-350 оС (220-350 оС, 240-350 оС) – дизелдік фракция (жеңіл немесе атмосфералық газойль, солярлы дистиллят). 350 оС жоғарыда қайнайтын фракция ашық дистилляттарды алғаннан қалған қалдық болып табылады және мазут деп аталады. Мазутты вакуумда айдайды және одан әрі мұнайды өңдеу бағытына байланысты келесі фракцияларды алады: отындар алу үшін - 350-500 оС вакуумды газойль (дистиллят), >500 оС вакуумды қалдық (гудрон); майлар алу үшін - 300-400 оС (350-420 оС) жеңіл май фракциясы (трансформаторлық дистиллят), 400-450 оС (420-490 оС) орташа май фракциясы (машиналық дистиллят), 450-490 оС ауыр май фракциясы (цилиндрлік дистиллят), >490 оС гудрон. Мазут және одан алынған фракциялар – қара түсті.
Мұнай компоненттерінің негізгі массасы – бұл көмірсутектер. Мұнайда көмірсутектердің үш класы бар: парафинді (алкандар), нафтенді (циклоалканды), ароматты (арендер) және гибридті – парафин-нафтен-ароматты. Бастапқы мұнайларда (нативті) қанықпаған қосылыстар (алкендер) болмайды.
Парафинді көмірсутектер. Мұнай құрамына газ тәрізді (С1 – С4), сұйық (С5 – С15) және қатты (С16 – С60) парафиндер енуі мүмкін. Бұл көмірсутектердің құрылысы қалыпты. Мұнайдағы метан газ тәрізді күйде болады. Мұнай кен орындарындағы газдардың қысымының жоғарылауы салдарынан метан гомологтары С2-С4 мұнайда ерітінділер күйінде болады. Газ тәрізді алкандар С1 – С4 сумен қоспа қосылыстары деп аталатын қатты комплекстер түзеді.
Қалыпты жағдайда (Р = 0,1013 МПа және Т = 273 К) парафиндер сұйықтықтар болып табылады және бензиндік (С2-С10) пен керосиндік (С11 – С15) фракциялар құрамына енеді. Көміртек атомдары 16 асатын көмірсутектер қатты заттар болып табылады:
-
құрылысы қалыпты көмірсутектер С16 – С35 – парафиндер;
-
құрылысы изомерлі көмірсутектер С36 – изопарафиндер немесе церезиндер;
Церезиндер молекулалық массасы мен қайнау температурасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Химиялық қасиеттері жағынан церезиндер парафиндерге қарағанда аз инертті. Олар күкірт, азот және хлорсульфонды қышқылдармен оңай әрекеттеседі. Парафиндер, керісінше әртүрлі әрекеті күшті реагенттер мен тотықтырғыштар әсеріне өте тұрақты.
С16 және одан да жоғары парафиндер айдағанда мазутқа кетеді, ал церезиндер гудронда қалады. Мұнайда қатты парафиндер мөлшері көп емес, дегенмен 10% мас жетуі мүмкін.
Нафтенді көмірсутектер. Нафтенді (циклоалканды немесе полиметиленді) көмірсутектер геологиялық жасына қарай мұнайларда әрқилы тараған. Орташа есеппен мұнайда 25-75% мас дейін нафтендер болады.
Нафтендер мұнайларда моно-, би- және полициклді қосылыстар түрінде кездеседі. Қарапайым нафтендер – циклопропан, циклобутан және олардың гомологтары мұнайларда байқалмаған. Әсіресе мұнайдың бензиндік және керосиндік фракцияларында метилмен алмасқан циклопентандар мен циклогександар мөлшері жоғары. Полициклді конденсацияланған қосылыс-тар мұнайдың қайнауы жоғары фракцияларында кездеседі.
Нафтенді көмірсутектерді мұнайдың фракцияларына таралуы әртүрлі. Әдетте олардың мөлшері фракция ауырлаған сайын артады, және тек қайнауы жоғары май фракцияларында ғана төмендейді. Кейбір мұнайларда нафтендер фракцияларда біртегіс дерлік таралған.
Физикалық қасиеттері жағынан нафтендер парафинді және ароматты көмірсутектер арасында аралық орынды иемденеді. Химиялық қасиеттері жағынан олар парафиндерге ұқсас, мұны олардың молекулалық құрылысымен түсіндіруге болады.
Нафтендер майлы дистилляттардың технологиялық қасиеттеріне жағымды әсер етеді, өйткені жоғары қату температурасына ие және іс жүзінде температураға қатысты тұтқырлығын өзгертпейді.
Ароматты көмірсутектер. Арендер (құрамында бір немесе бірнеше соның ішінде конденсацияланған бензол сақиналары бар ароматты көмірсутектер) мұнайда келесі қатарда келтірілген:
-
бензол және оның гомологтары, СnH2n-6;
-
нафталин және оның гомологтары, CnH2n-12;
-
3, 4 және 5 конденсацияланған ядролардан тұратын күрделі конденсацияланған жүйелер.
-
Нафтенді және ароматты үзіктерден тұратын гибридті немесе аралас көмірсутектер.
Мұнайдың әрбір фракциясына өз ароматты көмірсутектері тән екендігі тәжірибе жүзінде айқындалған. Сонымен бірге, фракциялардың молекулалық массасы артқан сайын құрамындағы арендер мөлшері арта түседі; ароматты көмірсутектер конденсациялана түседі.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: мұнайдың химиялық және элементтік құрамы, фракциялық құрамы, топтық құрамы
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Мұнайдың элементтік құрамын сипаттаңыз
-
Мұнайдың топтық құрамы туралы не білесіз
-
Парафинді көмірсутектерді сипаттаңыз
-
Нафтенді көмірсутектерді баяндаңыз
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Г.К. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы.: Бастау, 2007. 14-21 б.
-
Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. Уфа: Гилем, 2002. С. 70-72.
Дәріс 7, 8 – Мұнай алкандары
Дәріс жоспары:
-
Алкандардың физикалық қасиеттері
-
Алкандардың химиялық қасиеттері
-
Мұнайдың газ тәріздес және сұйық алкандары
-
Қатты алкандар
-
Нафтенді көмірсутектер
Мұнай көбінесе алкандардан тұрады. Мұнайдағы алкандардың жалпы мөлшері 20-50%. Парафинді мұнайда алкандардың құрамы 60% және одан да жоғары, парафині аз мұнайда олардың мөлшері 1-2%. Егер алкандардың мұнай фракцияларына бөлінуін қарастыратын болсақ, барлық мұнайға жалпылама заңдылықтарды байқауға болады: фракцияның қайнау температурасы жоғарлаған сайын алкандардың мөлшері азаяды.
Мұнай фракцияларындағы алкандардың мөлшері (%)
Фракциялардың қайнау температуралары Тқ
|
Нафтенді - парафинді мұнай
|
60-95
|
50
|
95-122
|
43
|
122-150
|
42
|
150-200
|
24
|
200-250
|
11
|
250-300
|
0
|
300-350
|
0
|
350-400
|
0
|
Алкандар (парафиндер) – алифатты қаныққан көмірсутектер, жалпы формуласы . Молекулаларындағы көміртек атомы -гибридтену қалпында болады және бір бірімен тармақталмаған немесе тармақталған σ байланыстармен байланысқан.
Алкандардың тармақталған көміртек тізбегінен тұратындығын көрсету үшін, көбінесе н-алкандар деп белгіленеді. Көміртек атомдарының әртүрлі тізбек түзуге қабілеті алкандар қатарында құрылымдық изомерияның пайда болуына әкеледі. Алкандар қатарында көмірсутектердің молекулалық массалары артқан сайын олардың изомерлерінің саны артады.
Құрылымдылық изомерлердің айырмашылығы олардың физикалық қасиеттеріне байланысты. Атомдары тармақталған тізбекті көмірсутектер молекулалардың бір біріне тығызырақ жақындасып орналаспауына және сәйкесінше молекулааралық әсерлесудің аздығына байланысты тармақталған изомерлерге қарағанда едәуір төмен температурада қайнайды. Алкандардың молекулалық массалары артқан сайын олардың балқу және қайнау температуралары жоғарылайды.
Алкандардағы байланыстардың сипаттамасы
Байланыс
|
Байланыс энергиясы, кДж/моль
|
Байланыс ұзындығы, нм
|
Диполь моменті, D
|
C-C
|
348
|
0,154
|
0
|
C-H
|
414
|
0,110
|
0,40
|
Алкандарға C-C және C-H байланыстарын үзе жүретін барлық процестер тән.
C-C байланысын үзе жүретін реакцияларға алкандарды крекингілеу және көміртек қанқасын изомерлеу жатады. C-H байланыстарын үзе жүретін реакцияларға алкандарды сутексіздеу және сутек атомының орнын басу реакциялары жатады. C-C және C-H байланыстарының қатысуымен тотықтырғыштар қатысында алкандардың тотығу реакциялары жүреді.
Алкандарды крекингілеу – көміртек қанқасының ірі молекулаларын қыздырғанда және катализатор қатысында ыдырау реакциялары. Мысалы, гександы 450-700 0С крекингілеу мына сызбанұсқа бойынша жүреді:
C6H14 → C2H6 +C4H8
Бұл процестің жалпы түрі:
CnH2n+2 → CmH2m + CpH2p+2,
мұндағы m+p=n.
Алкандардың гомологтық қатарындағы мүшелер ортақ химиялық қасиеттер көрсетеді. Бұлар белсенділігі төмен заттар. Олардың қатысыумен жүретін реакцияларды екі типке: C-H байланысы мен C-C байланысы үзіліп жүретін реакцияларға бөледі.
Катализатор (әдетте алюмосиликаттар) қатысында 450 0С температурада және атмосфералық қысымда молекуланың үзілуімен бірге изомерлену реакциясы жүреді.
Алкандардың изомерленуі. Алкандар катализаторлар қатысында және қыздыру нәтижесінде изомерлену қабілетін көрсетеді. Мысалы 100 0С температурада алюминий хлориді қатысында н-бутан келесі изомерге ауысады:
Бензиннің құрамында тармақталған көмірсутектердің болуы оның сапасын арттырады.
Орын басу реакциясы.
Алкандарды сутексіздеу – қанықпаған көмірсутектер – алкендер және алкиндер алуға әкелетін кең таралған жоғары температуралы каталитикалық процестердің бірі:
CnH2n+2 → CnH2n + H2
CH3-CH3 → CH2=CH2 + H2
Көміртек атомдарының саны С6 және одан да көп алкандар сутексізденуге ұшырса, онда кейбір металдардың оксидтерінің қатысында олардың ароматты көмірсутектерге айнала алкандардың дегидрациклденуі болады.
Алкандардың тотығу реакциялары. Органикалық заттардың тотығуы оның құрамына оттекті енгізгенде және немесе сутек бөлінгенде жүзеге асады:
CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O + 880 кДж
C8H18 + 12,5O2 → 8CO2 + 9H2O + Q
Орташа температурада катализатор қатысында алкандардың біртіндеп тотығуы болады:
CH3 – CH2 – CH2 – CH3 + 3O2 → 2CH3COOH + 2H2O
Агретаттық күйіне байланысты парафиндер газ (C1-C4), сұйық (C5-C15) және C16 бастап 20 0С кристалданатын, суда аз еритін, қатты көмірсутектерге бөлінеді.
Газтәрізді көмірсутектер C1-C4 - метан, этан, пропан, бутан, изобутан және неопентан. Олардың барлығы табиғи, газконденсатты және мұнайға серіктес газдардың құрамына кіреді. Мұнай газдары шығу тегіне байланысты табиғи, мұнайға серіктес және жасанды болып бөлінеді. Газдардың құрамының бір бірінен айырмашылығы өте көп. Табиғи газдың негізгі компоненті метан болып табылады, оның массалық мөлшері 93-99%. Метанның табиғи газ құрамындағы мөлшері онша үлкен емес: этан 0,1 – ден 8,0%-ке дейін, пропан 0,1 – ден 3,0%-ке дейін, бутан және одан жоғары, пайыздық үлеспен беріледі. Метанның көбірек болуынан және С4-С5 көмірсутектерінің біраз мөлшерінің әсерінен көптеген табиғи газдарды құрғақ газдарға жатқызады.
Газконденсатты кен орындарындағы газдар метан гомологтарының мөлшерінің (пропаннан бастап) дереу артуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар сұйық көмірсутектердің біраз мөлшері де болады. Сондықтан да олар майлы газдар деп атайды. Осы газдардан ең жеңіл газ бензинін алады.
Мұнайдың сұйық алкандары C5-C15 қалыпты жағдайда сұйық күйінде болатын алкандар. Олар мұнайдың бензин және керосин фракцияларында болады және қалыпты немесе аз тармақталған құрылысты болады. Барлық мұнай үшін алкандардың фракцияларға белгілі бір заңдылықпен таралуы болады, онда мұнай фракциясының орташа молекулалық массасының артуымен олардағы алкандардың мөлшері азаяды. Мұнайда пентан, гексан және гептанның барлық изомерлері табылған. Октанның 18 изомер3нен 17, 35 нонан көмірсутектерінен 34 изомер бөлінген. Мұнайда сонымен бірге қалыпты құрылысты барлық алкандар, тіпті С36Н74-ке дейінгі гексатриаконтан табылып, бөлініп алынған.
Сұйық алкандар карбюратор, дизель және реактивті двигательдері отындарының құрамына кіреді. Әр отында олардың атқаратын функциясы және өзіне тән қасиеті болады. Бензиннің құрамындағы алкандардың детонацияға төзімділігі жоғары; дизель отынының алкандары оңай тұтанады; реактив отындары оңай тұтанумен қатар кристаллизациялану температурасы төмен болуы керек.
қатты алкандар 300 0С тан жоғары температурада қайнайтын фракцияда кездеседі. Оларға құрамында көміртек саны С16-дан жоғары көмірсутектер жатады. Гексадеканның C16H34 балқу температурасы – 180С, ал гептанның қайнау температурасы – 303 0С, балқу температурасы -21 0С. Жалпы формулалары CnH2n+2 мен сипатталатын көмірсутектердің молекулалық массалары артқан сайын балқу және қайнау температуралары біркелкі артады. Қатты парафиндер барлық мұнайда көбінесе көп мөлшерде дерлік болады. Парафинді мұнайда олардың мөлшері 10-20%-ға дейін артады. Парафинді мұнайлардың жоғары фракцияларында қатты алкандардың мөлшерлері 45-55% дейін жетеді. Жоғары фракциялардан қатты алкандарды еріткіштер қатысында кристалдау (депарафиндеу) арқылы алады. Гачты депарафиндеудің шикі өнімін тазалағаннан соң балқу температурасы 40-60 0С, тығыздығы 0,86-0,94 ақ түсті, қатты, жартылай мөлдір парафин алады. Осындай парафиннің орташа молекулалық массасы 500 а.б. жуық, ол өз кезіндегі тізбектегі көміртек атомы 30-40 болатын көмірсутектерге сәйкес келеді.
Құрамындағы парафиннің мөлшеріне байланысты жіктелуі бойынша мұнай парафинді (қатты парафиннің мөлшері 6%-дан жоғары), аз парафинді (1,5-6,0%) және парафинсіз (1,5% дейін). Парафиндер мұнайда еріген күйде немесе тілік және тілікті бау тәрізді өлшенген кристалдық түрде болады. Қатты метан көмірсутектерінің қайнау температурасына сәйкес мұнайды айдағанда оның негізгі массасы мазутта қалады, бірақ аз бөлігі керосин дистиллятында болады да оны қатты суытқанда анықталуы мүмкін. Мазутты айдағанда С17-С35 парафиндері май дистилляттарына түседі. Өте жоғары қайнайтын парафиндер С36-С53 гудронда қалып қояды. Одан да жоғары молекулалық және жоғары балқитын парафинді көмірсутектердің қоспасын церезиндер деп атайды. Мұнай церезиндері ұсақ ине тәрізді құрылымды және молекулалық массасы жоғары болады. Парафиндердің молекулалық массалары 500-ден төмен, ал церезиндердікі 500-ден 700-800-ге дейін, сондықтан да церезиндер гудронда болады. Парафиндер мен церезиндердің химиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар.
Мұнай көмірсутектерінің негізгі массасын құрайтын жалпы формуласы CnH2n (n>3) циклоалкандар нафтендер деп аталады. Циклоалкандар – көміртек көміртек байланысынан тұратын циклді қанқалы қаныққан көмірсутектер.
Мұнай циклоакандары құрамында циклогександы және циклопентанды сақиналары болатын моно, ди, три және полициклді көмірсутектерден тұрады, соның ішінде алты мүшелі сақиналы көмірсутектер көбірек болады. Маңызды өкілдері – циклопентан, циклогексан және олардың гомологтары.
|
|
|
|
|
циклопропан
|
циклобутан
|
циклопентан
|
циклогексан
|
циклогептан
|
Төменгі циклоалкандар – циклопропан, циклобутан және олардың гомологтары мұнай құрамынан анықталмаған. Термодинамикалық тұрақтылығының төмендігінен олардың мұнайда болуы екіталай. Циклдерінде алтыдан көп көміртек болатын көмірсутектер болуы мүмкін. Нафтендердің әртүрлілігі олардың изомерияға қабілетті болуынан.
C4H8 – ден бастап циклопарафиндерге сақинадағы көміртек атомдарының санына, орынбасарлардағы алкил радикалындағы көміртек атомдарының санымен, сонымен қатар сақинадағы орынбасар жағдайына байланысты құрылымдық изомерия тән.
Циклопропан мен циклобутан кәдімгі температурада газ күйінде, циклопентан мен циклооктан – сұйықтық, жоғары өкілдері – қатты заттар.
Циклоалкандардың сәйкес алкандарға қарағанда балқу, қайнау температурасы, тығыздығы жоғары. Құрамы бірдей болған жағдайда циклопарафиннің қайнау температурасы жоғары болған сайын циклдың өлшемі де үлкен болады. Циклоалкандар суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Қосылыс
|
tбалқу, 0C
|
Tқайнау, 0C
|
ρ420
|
циклопропан
|
-126,9
|
-33
|
0,6881
|
метилциклопропан
|
-177,2
|
0,7
|
0,69122
|
циклобутан
|
-80
|
13
|
0,7038
|
метилциклобутан
|
-149,3
|
36,8
|
0,6931
|
циклопентан
|
-94,4
|
49,3
|
0,7460
|
метилциклопентан
|
-142,2
|
71,9
|
0,7488
|
циклогексан
|
6,5
|
80,7
|
0,7781
|
1 қайнау температурасында, 2 20 0C
|
Химиялық қасиеттері бойынша циклопарафиндер парафиндерге ұқсас. Оларға орын басу реакциялары тән. Нафтендердің бірінші екі өкілі циклопропан мен циклобутан қасиеттері бойынша қанықпаған көмірсутектерге ұқсайды. Олар сақинаны үзе отырып галогендерді, сутекті, галогенсутектерді қосып алуға бейім:
Қарапайым циклоалкандар (C5-C7) өте тұрақты және химиялық реакцияларда үзуге бейім емес:
Мұнай өндірудің каталитикалық процестерінде жүретін алкил туынды нафтендерді циклдеу бициклді көмірсутектер түзілуімен қатар жүреді:
Бутилциклопентан 4-метилпентан индан
Мұнай құрамында көп мөлшерде алкил орын басқан цикландар – метилциклогексан, циклогексан, метилциклопентан, кейбір диметилді гомологтар болады. Сонымен бірге, циклопентан мен метилциклогептанның да болатындығы анықталған. Мұнай фракцияларындағы циклоалкандардың таралуы шамамен біркелкі. Мұнай өнімдерінің жеңіл фракцияларында негізінен циклопентан, циклогексан және метилциклопентан болады. Әртүрлі мұнайдың бензин және керосин фракцияларында құрамы C5-C12 болатын осы кластың 80-нен астам жеке өкілдері болатындығы анықталған. Фракциялардың қайнау температураларының артуымен бірге оларда молекулаларында циклі және орынбасарларының бүйір тізбегінің ұзындығы көп көмірсутектер саны артады. Ауыр фракцияларында C14 орынбасарларымен нафтендер пайда болады және одан жоғары изопреноидты құрылыс типі болады. Моноциклді нафтендер негізінен фракцияларда 3000С-қа дейін болады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: Алкандардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, мұнайдың газ тәріздес, сұйық және қатты алкандары, нафтендердің жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Алкандарға қандай физикалық қасиеттер тән?
-
Алкандар қандай химиялық қасиеттерді көрсетеді?
-
Мұнайдың газ тәріздес, сұйық және қатты алкандарының қасиеттері?
-
Мұнай құрамында қандай цикландар көп мөлшерде кездеседі?
-
Нафтердер мұнайға қандай әсер тигізеді?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Г.К. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы.: Бастау, 2007. 43-54 б., 54-60 б.
-
Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. Уфа: Гилем, 2002. С. 72-74, С. 74-76.
Достарыңызбен бөлісу: |