Периодты жүйедегі атомдық нөмірі



бет1/9
Дата13.03.2023
өлшемі318.38 Kb.
#470721
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курсавой НУрбек





1 Кіріспе


Уран — периодты жүйедегі атомдық нөмірі 92 болатын химиялық элемени. Атомдық массасы – 238.029, U болып белгіленеді, актиноидқа жатады.
Уранның физикалық қасиеттері. Ура́н – периодты жүйеде реттік нөмірі 92 химиялық элемент, атомдық массасы 238,029; U (лат Uranium) символымен белгіленеді, актиноидтар қатарына жатады. Уран – өте ауыр, ақ түсті жылтыр металл, сыртқы келбеті болатқа ұқсас. Таза күйінде болатқа қарағанда жұмсағырақ, созымды, иілгіш, шамалы парамагнитикалық қасиетке ие. Электрөткізгіштігі темір электрөткішгіштігіне жақын. Тығызыдығы 19,05 г/см3, балқу температурасы 1405,5°K, қайнау температурасы кипения 4018°K.
Уранның химиялық қасиеті. Уран – активті химиялық элемент. Ол инертті газдардан басқа барлық химиялық элементтермен әрекеттеседі. Кернеуліктер қатарында ол алюминий және берилий қасында тұрады.
Ауада уран оксидті пленкамен қапталады, ол оны кейінгі тотығудан қорғамайды. Ұнтақ тәрізді металл пирофорды. Компакты металл ауада қыздырғанда жанады. Уранның тотығуы нәтижесінде UO2 және U3Oтүзіледі.
Уран қайнап жатқан сумен және су буымен сутегі түзе әрекеттеседі, ол уранмен гидрит түзеді. Бұл уранды ядролық реакцияларда су әсерінен қорғауға мәжбүр кетеді. Қыздырғанда уран барлық галогендермен, нитрид түзе азотпен, карбид түзе көміртегімен, султьфид түзе күкіртпен және фосфид түзе фосформен әрекеттеседі.
Қышқылдарда еріткенде +3, +4 және +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Уран азот, тұз және күкірт қышөылдарында ериді. Органикалық қышқылдар металмен тек тұз қышқылының аз мөлшері қатысында әрекеттеседі. Сілтілер уранға әсер етпейді, бірақ сутегі пероксидінің сілтілік ерітінділері уранды перуранат түзе ерітеді.
Ерітіндідегі уран. Сулы ерітіндіде уран тотығу дәрежелері +3, +4, +5 және +6 иондарды түзеді. Уран иондары гидратталынған және гидролизделінген. Уран (ІІІ) ерітіндіде U3+ иондары түрінде болады. Ол тұрақсыз және сумен әрекеттеседі.
Уран (IV) ерітіндіде U4+ иондары түрінде болады. Оларды уран тетрагалогендерін еріткенде немесе U3+ тотығу нәтижесінде алады. U4+-иондары ерітіндіде тұрақсыз, бірақ өте гидролизденген және гидратталынған.
Құрамында U4+ бар ерітінділерге сәйкес реагенттер әсері нәтижесінде суда ерімейтін фторид, иодат, оксалат, пирофосфоат, гипофосфат, купферонат және гидроксид алынады.
Уран (VI) өзінің жоғары зарядына және салыстырмалы төмен ион радиусына байланысты U5+ жай ион түрінде бола алмай, ерітіндіде UO2+ уранил оксикатинын түзеді. Ол аз тұрақты, рН = 2,5 болғанда ғана тұрақты; рН жоғары мәндерінде гидролиз орын алады, төмен мәндерінде – диспропорционилеу орын алады.
Осыған қоса, UO2+ гидролизі орын алады. UO2OH . xH2O гидроксиді амфотерлі. U(VI) сулы емес ерітінділерде тұрақты.
Уран (VI) ерітіндіде судан оттегіні ығыстыру нәтижесінде уранил – UO22+ оксокатион түзеді, ол тотығу дәрежесі төмен уранның тотығу нәтижесінде түзіледі.
Уранның әлемдiк қорының 80 пайызы 9 ел үлесiне тиедi. Олар: Аустралия, Қазақстан, Канада, ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия және АҚШ. Атап өтерлiгi, уран өндiрiсiнде алғы шептегi үш мемлекеттiң бiрi - Канада мен Австралиядан кейiн тұрған Қазақстан. Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенiн айқындап бердi. Уран қоры Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiнде шоғырланған. Бүгiнде уран кенiшiнiң төрт торабы бар. Солтүстiк торапта Уанас, Шығыс Мыңқұдық, Ыңғай, Ақдала, оңтүстiк Ыңғай, Батыс Мыңқұдық, орталық Мыңқұдық және Буденовское кенiштерi орналасса, шығысында оңтүстiк Мойынқұм, оңтүстiк Мойынқұм-1, Төртқұдық, Қанжуған, оңтүстiк Мойынқұм-2, батыс торапта солтүстiк Қарамұрын, оңтүстiк Қарамұрын, Қарасан-1, Иiркөл және оңтүстiк торапта iрi «Заречное» кенiштерi бар. Рас, бұлардың кейбiрi уран өндiрумен қазiрдiң өзiнде айналысып жатса, құрылысы бiтпеген келесiлерi алдағы екi-үш жыл iшiнде өз жұмыстарын бастайды деп жоспарланып отыр.
Қазақстандағы уран кені Елімізде уранның 100 – ге жуық кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстан облысында орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. *Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан бүкіл ТМД елдерінің ішінде ең қуатты уран минералдық базасы бар ел қатарында. Қазақстан уран өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орында. Жылына 17800 тонна уран өндіріледі.
АППАҚ» ЖШС  - уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорын.
Компания «Мыңқұдық» кенорнының «Батыс» телімін игеру мақсатында 2005 жылы құрылған. Құрылу сәтінде оның жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болды. 2006 жылғы 6 шілдеде «АППАҚ» ЖШС қатысу үлесінің жаңа үлестірілуімен қайта тіркелді. «АППАҚ» ЖШС құру көрсетілген компаниялар арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет