Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


§ 2. Коннотацияның функционалдық типологиясы



Pdf көрінісі
бет100/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   119
Авакова фразеосемантика

§ 2. Коннотацияның функционалдық типологиясы
Коннотация ұғымы туралы лингвистикалық көп қырлы түсініктемелер 
аталмыш мәселенің күрделілігінің, сан қырлылығының куәсі. Енді конно-
тация классификацияларына тоқталып өтейік.

Л.А. Сергеева коннотацияның үш түрін бөліп көрсетеді: мазмұндық 
немесе сипаттамалық, экспрессивті-бағалағыштық және нормативтік
[Л.А. Сергеева, 1983; 116 б.].
1) Сипаттамалық коннотация таңбалаушы объект туралы бірден көзге 
көріне бермейтін, сөздің және фразеологизмнің тура мағынасынан туында-
майтын информация негізінде жасалады. Әдетте, бұл қасиеттер – сырттан 


195
Фразеологиялық коннотация
195
байқалмайды, белгілі атаумен алғаш танысқанда бірден көрінбейді, көзден 
таса, жасырын қалатын белгілер. Атаудың аталмыш қасиеттері біраз уақыт 
өткеннен кейін, оларды пайдалану, қолдану тәжірибесінен кейін көзге 
көріне бастайды. Уақыт пен тәжірибе әрқашан ақиқаттың, шындықтың 
көзі болғандықтан, атаулар туралы жиналған тұжырымдар мен олардың 
қасиеттері де табиғи болып табылатыны сөзсіз.
Мәселен, қоян сөзінің мағынасы «қорқақ» коннотациясының қасиетін 
сақтаса, арыстан – «жүректі, батыр», ит – «топас, қырсық, шыдамды», аю – 
«икемсіз» аңқау, күшті және т.б. қасиеттердің коннотациясы жинақталған. 
Бұндай коннотациялар жасырын сипатта болады. Олардың шығу төркінінде 
ассоциативті-бейнелік жатыр. Мысалы: Өй, нағыз қоян жүрек өзің едің ғой, 
бүгін тіпті батырсынып кетіпсің (Ә. Әлімжанов); – Бұқпадан адам сияқты 
тұтас жөнеліп едік, тап ауылға жақындағанда быт-шыт болғанымызға кім 
айыпты? – Е, ит біле ме? (Ғ. Мүсірепов); Аюдай бақырған шешесі де отыр-
са басқа, тұрса аяққа ұрып күн көрсетпейді (Б. Соқпақбаев); Арыстандай 
айбатты, Жолбарыстай жүректі (Ауыз әдебиеті) немесе ұйғыр тілінде 
У вақитта униң бешида меғизғақар едим. Мениң қолум техи мәжүзиләрни 
яритишқа ярайду (Х. Абдуллин); Мисали, мән һазир униң билән қирғин 
пичақ болсам, нимә утмақ болатти (Й. Таиров); Йоқ гәпләрни қилип, 
шунчилик махтиниду, һәтта қовурғилириң егилип кетиду (Уйғур авази) 
және т.б. Келтірілген мысалдар коннотацияның функционалдық немесе 
сипаттамалық қызметінің айғағы болып табылады.
2) Экспрессивті-бағалағыштық коннотация атаудың сапалық қасиет-
терін (экспрессия негізі болып табылатын) білдірген тұста сипаттамалық 
коннотациямен тығыз байланыста болады. (Мысалы: бір үзім нан, бір 
шымшым тұз, бір кесек ет, бидайдың дәніндей, иненің көзіндей немесе 
ұйғыр тілінде бир қәпәз, бир йоли, бир қошуқ, бир тал, бир тасқам, бир 
ташлиқ су, бир тийн, бир тутам және т.б.). Мұндай коннотация, әдетте, 
бағалағыштық семамен байланысты. Мәселен, ит байласа тұрғысыз, 
ине жұтқан бұралқы иттей, мысық пен иттей, ұйғыр тіліндегі ишт 
өлүми, ишттәк болмақ, ағидин ақ ишт кирип, көк ишт чиқмақ және т.б. 
фраземалардың құрамындағы ит семасы бұрынғы жасырын, потенциалды 
«шыдамды» деген мағынада көрініс беріп тұр.
Бұл семалар қосалқы, қосымша мағынаны қатар білдіре алады. Соны-
мен қатар кейбір семалар субъективтік себептермен бір тілдің өзінде бір 
біріне қарама-қарса мағынада жұмсалуы да мүмкін. Салыстырыңыз: ит 
жанды (шыдамды) немесе иттен жаралған (топас, түк көрмеген).
3) Нормативтік коннотация коммуникативтік қызметімен ерекшеленеді. 
Бұл – функционалдық стильдегі коннотация.
Л.А. Сергееваның коннотацияға жасаған классификациясы қандай 
да бір коннотация тәсілінің таңдап алынуы ол сырттан, күшпен болатын 
құбылыс емес, ең алдымен атаудың табиғатынан келіп шығатын, яғни 
заттың номинациясының ерекше сипатынан (сипаттамалық коннотация) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет