Авакова Р.А. Фразеосемантика
22
өмір сүру
кезеңіне, аймақтық ерекшеліктеріне бөлінуіне қатыссыз
зерттейді. Қазақ тілінің фра зео логиялық бірліктері туыс және туыс емес
(морфологиялық құрылым әр түрлі)
тілдермен салыстыра зерттеліп,
олардың жалпы заңдылықтары мен ұлт менталитетіне, оның мәдени даму-
ына орай ерекшеліктері айқындалды.
Қазақ тіл білімінде фраземаларды орыс тілі және европа тілдері
(ағылшын, неміс, француз), шығыс тілдері (қытай, корей) материалдары-
мен салғастыра зерттеген еңбектер саны аз емес. Бұл зерттеу лер лексика-
семантикалық, құрылымдық-морфологиялық,
өрістік және мағыналық
тақырыптарға топтастырулар негізінде жүзеге асуда.
Түркі тілдерінің фразеологиялық қоры жеке тілдерде біркелкі зерт-
телмеген және фраземалардың нысаны мен шеңбері туралы әлі толық
қалыптаса қойған пікірлер жоқ. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап
зерттеле бастаған түркі тілдерінің фразеологиясы
өз бастамасын Ресей
тіл білімінен алады. Бұл түсінікті де. Сондықтан да бағыттар мен фразе-
ология ілімін құрайтын концепциялар Ресей ғалымдарының пікірлерімен
ұштасып келеді.
Сонымен қатар көптеген елдегі саяси және экономикалық ахуалдарға
орай жеке түркі тілдерінің фразеологиялық зерттеулері орыс тілінде жазы-
лып, осы тілде қорғалған. Жоғарыда жүйелі түрде берілген библиографиялық
сілтемелер де осының айғағы. Кеңес дәуірінде бір-бірімен қоян-қолтық
аралас түбі бір түркі тілдес халықтар қазіргі кезде ондай байланыстар-
дан айырылған. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан
кейін жазылған еңбектер
мен зерттеулер біздің қолымызға түсе қоймайды. Сондықтан да түркі
ғалымдары еңбектерінің осы жылдарға дейінгі зерттеулері мен бағыттары
қамтылды.
Кейінгі кездері қолымызға тиген еңбектерге көңіл аударсақ, түркі
тілдес халықтардың фразеологиялық қорынан зерттелуі түркі халқының
тарихымен, этнографиясымен,
мәдениетімен, әдет-ғұрпымен байланы-
са, сабақтаса талданып жатқанына көз жеткізуге болады. Бұның себебі,
біріншіден, қазір әлем тіл білімінде лингвистика мен басқа пәндер негізінде
шектес ғылымдар – лингвистикалық мәдениеттану (лингвокультурология),
елтану, тіл философиясы, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, ней-
ролингвистика, қолданбалы тіл білімі, әлеуметтік тіл білімі т.б. әсері болса,
екіншіден, жеке түркі халықтары өз тәуелсіздігіне қолы жетіп, өз тарихы
мен дәстүріне мақтанышпен қарауынан да болуы керек.
Фразеологизмдердің негізгі қасиеттері – оны бөліп даруға келмейтіні
және идиомалығы мен тұрақтылығы.
Фразеологияның дамып, қалып-
тасуының осы бірінші кезеңінің негізгі мақсаты – фразеологияның ныса-
нын анықтау, сөз және сөз тіркестерінен ерекшелігін белгілеу.
Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде,
құры лымдық
және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде тану